Өзін – өзі тексеру сұрақтары:
1.
Қазақстан жануарларының таралу заңдылығы
2.
Қазақстан жануарларының алуан түрлілігі
3.
Қазақстан жануарлар классификациясы
4.
Қызыл Кітапқа енген жануарлар түрлері және оларға сипаттама
Дәріс 11. Ерекше қорғалатын аймақтары.
Негізгі сұрақтары:
1.
Қатаң түрде қорғалатын табиғи - ғылыми резерваттар
2.
Ұлттық парктер оның
3.
Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары
4.
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
5.
Қорғалатын ландшафтылар
6.
Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар
7.
Антропогендік резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған
нысандарды қорғау)
8.
Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта
пайдаланатын аумақтар
9.
Биосфералық резерваттар
10.
Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі бір
аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет
тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар
табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған
кезеңде түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық
және биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи
территориялық ұйымдардың маңызы зор .
Қазақстан
Республикасының
«Ерекше
қорғалатын
табиғи
территориялар туралы» Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау
режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей
түрлерге бөлінеді: мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық
табиғи парктер, табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық
парктер және басқалар. ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті
және республикалық маңызы бар деп бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда
республикалық деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10
ұлттық табиғи парк, 26 табиғи ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ,
3 мемлекеттік зоологиялық парк бар.
Ал, енді ЕҚТТ-ның негізгі түсініктеріне тоқталайық.
Қорық – аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа
пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су
кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді
бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға арналған,
арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорықтың негізгі міндеті–табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді),
осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру,
табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен
зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды.
Қорық–қорғалатын аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау
жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы
хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар
анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен
өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықта
табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қорықтарда ғылыми
зерттеу жұмыстары жылдар бойы жүргізіледі. Табиғаттың қорғалатын бұл
аймағы – ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында
бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық байланыстарды
сақтайды/3/. Қорықтар–табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайқалған
шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем
қалпында сақталуы тиіс. Біздің елімізде қорықтарды ұйымдастыру ісінің
негізі өзінің арнасын 1921 жылы 16қыркүйекте В.И.Ленин қол қойған
«Ескерткіштерді, бау–бақшаны және парктерді қорғау» туралы деректен
алды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар.
Олар : Ақсу –Жабағлы, Алматы, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым,
Үстірт, Алакөл, Батыс Алтай және Қаратау қорығы.
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер
нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде
пайдаланатын аумақ. Ол мемлекеттік табиғи қорының бір немесе бірнеше
нысандарын
сақтауға
және
толықтыруға
арналады.
Қорықша
территориясында шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде ғана жүргізіледі.
Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес,
оның тек бір бөлігі ғана қорғалады. Қорықшалар қорғалатын нысандарының
құндылығына қарай жергілікті және республикалық мәндегі болып бөлінеді.
Мысалы, зоологиялық қорықша– Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың
сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау мақсатында
ұйымдастырылған арнайы аумақтар. Бұл аумақтар шаруашылыққа
пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ең алғаш
ұйымдастырылған зоологиялық қорықша–Андасай қорықшасы. Елімізде
республикалық мәні бар 44 зоологиялық қорықшалар бар.
Ботаникалық қорықша–Қазақстанда өсетін өсімдіктердің және бағалы
түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық
деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар. Бұларда
шаруашылыққа пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады.
Ботаникалық қорықшаның сипатына байланысты бұнда орман кесудің
барлық түрлеріне (санитарлықтан басқа), мал бағу, шөп ору сияқты адамның
шаруашылық іс-әрекетіне жол берілмейді. Республикамызда жалпы көлемі
217 мың гектар болатын 16 ботаникалық қорықша бар.
Геологиялық қорықшалар–сирек және ерекше геологиялық құрлымды
жер
бедерінің
формалары
бар
ландшафтар
территориясында
ұйымдастырылады. Олардың қатарына флора мен фауна қалдықтарының
қоры шоғырланған жерлер, үңгірлер, экзотикалық рельеф формаларының
учаскілері
жатады.
Геологиялық
қорықшалар
территориясында
қорғаудағы обьектер тұтастығын жоятын қазба және құрлыс жұмыстарын
жүргізуге тыйым салынады.
Үлкен маңызы бар қорықша–ландшафты қорықшалар. Бұларда барлық
табиғи комплекстің қорғалуы қарастырылған. Бұл қорықшаларда
шаруашылық іс – әрекеттің кей түрлері жүргізілуі мүмкін (шөп шабу, мал
бағу). Қорықшаның бұл түрі Қазақстанда айтарлықтай кең тараған.
Табиғи парктер дегеніміз –құрамына адамның іс- әрекеті нәтижесінде
аз бұзылған комплекстер, эстетикалық бағалығымен және рекреациялық
пайдалануда жарамдылығымен ерекшеленетін типтік және табиғи
ландшафтының айтарлықтай бөлігі кіретін, ерекше қорғалатын табиғи
территориялардың категориясы. Қорғалатын нысанлары жергілікті мәнге
ие. Республикалық мәнге ие болатын табиғи парктер ұлттық парктер
қатарына қосылып ұлттық табиғи парктер деп аталады .
Ұлттық табиғи парктер деп – ЕҚТТ категориясын және аз бұзылған
табиғи комплекстер мен экологиялық, ғылыми, рекреациялық құндылығы
бар табиғи, тарихи-мәдени обьектерді айтамыз. Ұлттық табиғи парктер
негізінен рекреациялық мақсатта, әсіресе, аз уақытты демалыс пен танымдық
туризмде пайдалану қатаң бақыланады. Қорғау режимі – құрастырылған,
дифференциональды болып келеді. Қазақстанда ұлттық табиғи парктер мен
табиғи парктердің дамуы тек соңғы 10 жылдықта басталды. Бірінші ұлттық
парк 1986 жылы құрылды. Қазіргі кезде 7 ұлттық табиғи парк бар: Алтын –
Емел, Баянауыл, Бурабай, Қарқаралы, Қатон- Қарағай, Көкшетау, Іле –
Алатау.
«2005-2006 жылдары тағы 2 ұлттық парк «Жоңғар» (567,4 мың га)
және «Көлсай көлі» (161,7 мың га) сияқты ұлттық парктер құрылады» деген
болжам бар. Елдегі ерекше қорғалатын территориялардың бұл түрі негізінен
елдің шығысы мен оңтүстік–шығысындағы таулы аудандарда және
Орталық пен Солтүстік Қазақстанның таулы–орманды экожүйелерінде
шоғырланған.
Табиғи ескерткіштер дегеніміз – өзінің ғылыми, мәдени, экологиялы –
эстетикалық, ғылыми–танымдық қасиетімен ерекшеленетін тірі емес
табиғаттан пайда болған жеке табиғи обьектілер. Олар әрқашанда мемлекет
қорғауында болады. Табиғи ескерткіштерге белгілі бір аймақтағы сирек
кездесетін ағаштардың, бұталардың түрлері мен топтар, құрып бара жатқан
өсімдіктердің жеке учаскілері, үңгірлер, сарқырамалар, жер асты суларының
минералды көздері және тағы басқалар жатады. Барлық табиғи ескерткіштер
экотуризм обьектісі болып табылады. Сондай-ақ «Табиғи ескерткіштер»
категориясына экотуризмде үлкен қызығушылық тудыратын экзотикалық
тау беткейлерін және табиғат апат процесстері мен құбылыстарының
салдарын жатқызуға болады. Мысалы: Есік, Кіші және Үлкен Алматы
өзендеріндегі селдің салдары .
Мемлекеттік зоологиялық парк-жануарлар дүниесін молықтыруға,
қорғауға және пайдалануға арналған,табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу
мекемелері мәртебесі бар және өңірлер бойынша сараланғанқорғау
режиміндегіерекше қорғалатын аумақ.
Мемлекеттік зоологиялық парктерге әдетте елді мекендердің жерінен
белгіленген тәртіппен тұрақты пайдалануға жер учаскілері беріледі.
Мемлекеттік зоологиялық парктерде оның міндеттерін орындаумен
байланысты емес және оларда ұсталатын жануарлардың жойылуына әкеліп
соғуы мүмкін кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Зоологиялық парктер
Отандық және дүниежүзілік фаунадағы жануарлар коллекциясын
қалыптастырыда және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік
зоологиялық парктер белгіленген тәртіп бойынша жануарлармен импорттық
және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық саладағы басқа
мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады.Бұнда сондай-ақ, мал дәрігерлік
және зоотехникалық қызмет, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген
жануарларға арналған питомниктер құрылады.
Мемлекеттік
ботаникалық
бақ-өсімдіктер
дүниесін
қорғауға,
молықтыруға және пайдалануға арналған,табиғат қорғау және ғылыми-
зерттеу мекемелері мәртебесі бар және өңірлер бойынша сараланғанқорғау
режиміндегіерекше қорғалатын аумақ.
Мемлекеттік ботаникалық бақтардың жергілікті және республикалық
маңызы болуы мүмкін. Мемлекеттік ботаникалық бақтарға тұрақты
пайдалану үшін белгіленген тәртіппен жер учаскілері беріледі. Мемлекеттік
ботаникалар мынадай:
1) экспозициялық- өсімдіктерді егуге және оларды келушілерге көрсетуге
арналған;
2) ғылыми – ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған;
3) қорықтық – табиғи өсімдіктердің бірегей, типтік және сирек кездесетін
топтарын сақтауға арналған;
4) қоғамдық – келушілерге қызмет көрсетуге арналған;
5) әкімшілік және өндірістік шаруашылық өңірлерге бөлінеді.
Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың міндеттерін орындау мен
байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылуына әкеліп
соғуы мүмкін кез келген іс-әректке тыйым салынады.Мемлекеттік
ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзлік флораның табиғи және
мәдени өсімдіктер коллекциясын қалыптастырады және олардың сақталуын
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ботаникалық бақтар өсімдіктерімен
импорттық және экспорттық операцияларды жүргізуді, оларды ботаникалық
басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ботаникалық
бақтарда коллекциялық және эксперименттік учаскелер, гербарийлер,
питомниктер және тұқым қорлары құрылады. Мемлекеттік ботаникалық
бақтарды пайдалану ерекшеліктері: 1)мемлекеттік ботаникалық бақтар
белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оку мақсатында
пайдаланылады. 2) мемлекеттік ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер
табиғи флораның бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген
түрлерін және жерсіндірілген дақылды өсімдіктерді қолдан өсіру, тұқымын
сұрыптау және көбейту саласында жүргізіледі.
Мемлекеттік дендрологиялық парк–табиғат қорғау мекемесінің
мәртебесі бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және
пайдалануға арналған өңірлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі
ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік дендрологиялық парктер
мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты тәртіппен және нақ сондай шарттар
мен ғылыми, мәдени, ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
Теңіз айдынын қоса алғанда, дағдылы өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі, әсіресе су құстары мекендейтін жер ретінде пайдаланылатын табиғи
және жасанды су қоймалары халықаралық маңызы бар сулы-батпақты
алқаптар болып табылады. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты
алқаптарға мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік заказниктер кіреді
не халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын жеке табиғи аумақтар
ретінде бөлінеді. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға
негізінен су құстары мекендейтін жерді қорғау мен қалпына келтіруді
қамтамасыз ететін қорық және заказник режимдері немесе шаруашылық
қызметтің реттеленетін режимі белгіленеді. Халықаралық маңызы бар сулы-
батпақты алқапты қорғау мен пайдалану ерекшеліктері ол туралы осы
мәселелер бойынша қолданылып жүрген халықаралық келісімдер ескеріле
отырып бекітілген жеке ережемен белгіленіледі.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше
құнды су қоймаларына ерекше қорғалатын құқықтық режиміндегі арнаулы
нысаналы мақсаттағы немесе шаруашылық қызмет режимімен реттелетін су
қоймалары жатады. Шаруашылық тұрғыдан ерекше құнды су қоймалары,
шекаралық сулар, табиғи шипалы факторлары мен рекреациялық қасиеттері
бар су қоймалары, ұзақ мерзімді перспективадағы ғылыми зерттеулер
обьектілері болып табылатын су қоймалары, ықтимал сел қаупін төндіретін
су қоймалары ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан
ерекше құнды су қоймалары болып табылады.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды
су қоймалары жергілікті және республикалық маңызы бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар санаттарына жатады. Ерекше мемлекеттік
маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын
пайдалануға беруге ішінара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы
мүмкін.
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау
тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз
байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің
әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың
бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың
ықпалы
онша
байқала
коймаған
экожүйелердің
біраз
бөлігін
табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар
антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін
қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің
жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік
табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар,
корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша
дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы
көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на
тең.
Қазақстанда ерекше
қорғалатын
табиғи
аумақтар
туралы
заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және
табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
Ерекше
қорғалатын
табиғи
аумақтардың
соңғы
кезде
ұйымдастырылып
жүрген
түріне
—
биосфералық
қорықтар
жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды
аймақтардың
табиғатын
қорғау
және
сақтап
қалу
мақсатында
ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде
жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған
экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын
өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың
аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп,
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық
биосфералық
қорық
ұйымдастырылған
Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық
мәртебесі берілген.
Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс
Алтай қорықтары
таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы
қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында
орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала,
т.б. қорғауға алынған.
Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі —
мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына
жатады.
Қорық
аумағында
ешқандай
шаруашылық
жұмыстары
жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі.
Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми
зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік
табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей
катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді
қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады.
Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп
бөлінеді.
Далалы
аймақта
ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары
шөлді
аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл
қорықта 1953 жылы
Түрікменстаннан
әкелініп
құлан
жерсіндірілді.
Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын
қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте
Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.
Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат
қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу
жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ
ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті
жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау
жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.
Елімізде
соңғы
жылдары Шарын (2004
ж.), Сайрам-Өгем (2006
ж.)
және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы,
Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.
Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы
барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен
жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады.
Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық
және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл
мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат
корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық
жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.
Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор
жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке
түрлері, үңгірлер,сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың
ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық
мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы",
"Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы
қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи
Достарыңызбен бөлісу: |