Түсінігі. Негізгі сұрақтары


ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды.  Адамдардың  өмірі  мен



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата07.01.2017
өлшемі0,75 Mb.
#1379
1   2   3   4   5   6   7   8

ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды.  Адамдардың  өмірі  мен 

денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды 

адамдардың 

жасыруы 

заңға 

сәйкес 

жауапкершілікке 

әкеп 

соғады". Осының  нәтижесінде  республика  азаматтарының  өмірі  мен 

денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  мемлекеттің 

міндеті  ретінде  бекітілген.  Сонымен  бірге  республиканың  әрбір  азаматына 

табиғатты  сақтау  мен  оның  байлықтарына  ұқыптылықпен  карау  міндет 

болып  табылады.  Адамның  қолайлы  қоршаған  ортаға  құқығы  әр  түрлі 

заңдарда  бекітілген.  Бүгінгі  күні  адамның  қолайлы  қоршаған  табиғи  ортаға 

құқығы мынадай мәселелерді қамтиды: 

 



халықаралық  және  ұлттық  стандарттарға  сай  келетін  салауатты 

қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері; 

 

экологиялық 



қауіпсіздікке 

байланысты 

шешімді 

дайындауға, 

талқылауға  және  қабылдауға  қатысу,  қоршаған  табиғи  ортаның  жай-күйі 

туралы тиісті ақпараттар алу

 

қоршаған  ортаның  ластануы  нәтижесінен  адам  денсаулығына 



келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы. 

Осы  орайда  адам  құқықтарының  оның  міндеттерінен  бөлінбейтіндігін  атап 

кеткен  жөн.  Бұл  дегеніміз:  адам  қолайлы  қоршаған  табиғи  ортаға  деген 

құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін 

жасауға міндетті дегенді білдіреді. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының (БҰҰ)  атынан Әлемдік  қауымдастық қоршаған 

ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе 

жатқан  қажеттіліктерін  қанағаттандыруды  қамтамасыз  ететін  Тұрақты 

(орнықты) 

даму 


тұжырымдамасын 

әзірледі. 

Бұл тұжырымдама —

 қоғам мен табиғаттың өзара  әрекетін  көрсететін  қазіргі  заманға  сай, 

неғұрлым  кең  тараған  және  қолдау  тапқан  тұжырымдамалардың  бірі. БҰҰ 

Бас  хатшысының бастамасымен  1984  жылы  қоршаған  ортаны  қорғау  және 

дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды. 

 



1996  жылы Қазақстан  Республикасының экологиялық  қауіпсіздігі 

тұжырымдамасы 

қабылданды. 

Бұл 


құжатта 

экологиялық 

қауіпсіздік "қоршаған  ортаға  шамадан  тыс  антропогендік  әсер  ету 


салдарынан,  сондай-ақ  дүлей  апаттардың,  өнеркәсіптік  кездейсоқ 

оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен 

мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады. 

 



1997  жылы  15  шілдеде  қабылданған: "Қоршаған  ортаны  қорғау 

туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. 

Бұл  заң  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтың  мүддесі  үшін  қоршаған  ортаны 

қорғаудың құқықтық, экономикалық  және әлеуметтік  негіздерін  анықтайды, 

сонымен  қатар  ол  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге,  адамның 

шаруашылық  және  өзге  қызметінің  табиғи  экологиялық  жүйеге  зиянды 

әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді 

пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. 

 



1997  жылы  15  шілдеде  "Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 

туралы Қазақстан 

Республикасынын 

Заңы 


қабылданды. 

Қазақстанда қорықтар мен қорықшалардысақтау  бұл  заңды  қабылдаудың 

мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың 

мынадай  түрлері  белгіленді: мемлекеттік  табиғи  қорықтар, мемлекеттік 

ұлттық  табиғи  саябақтар,  мемлекеттік  табиғат  ескерткіштері,  мемлекеттік 

қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б. 

 

1997  жылы  18  наурызда  "Экологиялық  сараптама  туралы"  ҚР  Заңы 



қабылданды.  Бүгінгі  күнде  экологиялық  сараптаманың  оң  қорытындысы 

болмайынша  қандай  да  бір  шаруашылық  қызметті  жүзеге  асыруға  рұқсат 

етілмейді. 

 



1993  жылы  21  қазанда  қабылданған  "Жануарлар  әлемін  қорғау,  өсіру 

және  пайдалану  туралы"  ҚР  Заңының  маңызы  зор.  Жануарлар  әлемі 

мемлекеттің  меншігіне  жатады.  Елді  мекендердің  құрылыстарын  салғанда, 

өсімдіктерді  қорғау  үшін  химиялық  дәрілерді  қолданған  кезде,  өндірістік 

процесстерді  жүзеге  асырған  кезде,  табиғат  апаттары  кезінде,  жабайы 

андардың қоныс аудару және олардың  тіршілік ету ортасын өзгерту  кезінде 

осы  заң  бойынша  белгілі  бір  талаптар  қойылады.  Мұның  бәрі  орындалуы 

керек.  Аң,  балық  аулау  үшін  арнайы  тәртіппен  пайдалану  квотасы  мен 

шектері белгіленеді. 

Қазақстанда  табиғатты  қорғау  қызметін  реттейтін  арнайы  кодекстер  бар. 

Олар:  2003  жылы  20  маусымда  қабылданған  "Жер  кодексі",  2003  жылы  9 

шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман 

кодексі", 

 



2002  жылы  11  наурызда  "Атмосфералық  ауаны  қорғау  туралы"  ҚР 

Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны 

үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді. 

Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан 

астам  зиянды  заттар  шығарылады.  Қазақстан  1992  жылғы  Рио-де-Жанейро 

Декларациясында  6-қағидасымен  бөліп  көрсетілген  экологиясы  неғұрлым 

нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған. 

Сонымен,  қоршаған  ортаны  корғау  мен  адамның  өмір  сүруі  үшін  қолайлы 

жағдай  туғызу  —  демократиялық  мемлекеттің  басты  мақсаты  болып 

табылады.  Осыған  байланысты  мемлекет  өз  органдарын  кешенді 



экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды 

жүзеге  асыруға  міндеттейді.  Әрбір  адамның  салауатты  қоршаған  ортаға 

құқығы  бар,  сонымен  бірге  әрбір  адам  табиғатты  аялауы  керек,  қоршаған 

ортаны 


ластамауы 

қажет. 


1992 

жылы 


БҰҰ-ның 

КонференциясындаБразилияда қоршаған 

орта 

және 


оны 

дамыту 


жөнінде Рио-де-Жанейро 

Декларациясы қабылданды. 

Қазақстан 

осы 


декларацияға  қосылды.  Қазақстанда  қоршаған  ортаны  қорғауға  байланысты 

бірнеше  заң  актілері  қабылданды,  олардың  мақсаты  —  еліміздің  табиғат 

байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 10. Қазақстан өсімдіктері мен жануарлар әлемін қорғау.  

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Қазақстан флорасы мен фаунасына сипаттама 

2.

 



Өсімдіктер мен жануарлар қорларын қорғаудағы іс – шаралар  

3.

 



Қазақстандағы қазбалық флора –фаунаның әралуандығы 

  

Қазақстан  өсімдіктері  жамылғысының  қалыптаса  бастауы  аумағының 



негізгі  бөлігін  су  басып  жатқан  кезден,  бор  дәуірінің  аяғы  мен  палеоген 

дәуірінің  бас  кезінен  басталады.  Палеогенде  бүкіл Тұран  ойпатын теңіз 

басып  жатқан.  Ол  Торғай  бұғазы  арқылы  Батыс  Сібір  теңізімен  жалғасқан. 

Теңіз Қазақстанға қараған  құрлықты  екіге  бөлген.  Торғай  бұғазынан 

шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында,  негізінен  жалпақ  жапырақтылары 

мен  мәңгі  жасыл  қылқан  жапырақты  өсімдік  түрлері  (ангара  флорасы) 

тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем 

үстірті)  мәңгі  жасыл  субтропиктік  түрлер  (полтава  флорасы)  дамыған. 

Неогенде  Торғай  бұғазының  суы  тартылып,  құрғағаннан  кейін  екі  жағы 

қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне 

дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның 

нәтижесінде  Қазақстанда  торғай  флорасы  деп  аталатын  өсімдік  түрлері 

қалыптасқан.  Оған  платан,  грек  жаңғағы,  емен,  шамшат,  терек,  т.б.  жатады. 

Теңіздің  шегініп,  құрлық  көлемінің  ұлғаюы  арта  бастаған  кезден  (палеоген 

дәуірден)  бастап, Иран арқылы Африка флорасы  кірген.  Олардың  ішінде 

эфемерлі  өсімдіктер,  жоңышқа,  қараған  бұталары  мен  ағаштардың  кейбір 

түрлері болған. 

     Палеоген  дәуірінің  алғашқы  жартысында  жазық  ойпаңдарды  теңіз  басып 

жатқан  тұста,  оның  жағалауындағы  қыраттар  мен  тауларға  субтропиктік 

жалпақ  жапырақты  ормандар  тараған.  Палеоген  дәуірінің  екінші 

жартысында,  теңіз  суы  тартылып,  құрғап,  орнына  осы  күнгі  ірілі-  ұсақты 

көлдер пайда болған. 

     Неоген дәуірінде климат суып, таулы  аудандарды  мұз басқан кезде жылу 

сүйгіш  өсімдіктер  жойылып  кетіп,  қазіргі  орман  типтері  қалыптасқан,  грек 

жаңғағы,  өрік,  алма  сияқты  өсімдіктер  сақталып  калған.  Сібір  жақтан 

ауысып,  арктикалық,  альпілік  өсімдіктер  тараған.  Қазақстанның  осы  күнгі 

өсімдіктер  жамылғысы  осылай  біртіндеп  ұзақ  кезеңді  басынан  өткізіп 

қалыптасқан.  Қазіргі  өсімдіктердің  қалыптасуына  жергілікті  өсімдіктер  мен 

қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен. 

      Өсімдігі  жағынан  бай  өлке  Қазақстанның  таулы  аймақтары  болып 

саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай 

флорасы  сақталған.  Онда  палеоген  дәуірінен  қалған грек  жаңгағы,  платан, 

бадам,  түркістан  үйеңкісі,  алмұрт және  т.б.  түрлері  кездеседі.Сырдария-

Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 

түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-

Шаньның,  Алтайдың,  Жетісу  Алатауының  тау  беткейлерінде  қылқан 

жапырақты  ормандар  таралған.  Олардашыршалардан,  май  қарағай,  бал 


қарағай,  самырсын  түрлері өседі.  Биік  таулы  белдеу  шымды-шалғынды, 

бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала 

зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, 

бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау 

алды  жазықтары  шөлге  ұқсайды.  Оларда  эфемерлер  мен  эфемер  тәріздес 

өсімдіктер  (қияқөлең,  қоңырбас,  көкнәр,  қызғалдақ және  т.б.)  кең  тараған. 

Аласа  таулы  белдеулер  теректі,  қайыңды,  жабайы  ағашты,  алма,  өрікті, 

доланалы ормандардан тұрады. 

      Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км- ге созылып жатқан Қазақстанның 

кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда 

(Сарыесік 

Атырау, Мойынқұм, 

Бетпақдала, 

т.б.) сексеуіл, 

өзендер 

бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі. 

     Қазақстанда  өсімдік  дүниесінің  303  түрі  Қызыл  кітапқа  енген  және  оның 

сақталуына  мемлекеттік  қорықтар  қамқорлық  жасайды.  Өйткені  шөп  қоры 

мал  жайылымы  есебінде  бағалы,  ал  орман  өндіріс  үшін  керекті  материал 

болып саналады. 

      Қазақстан  дүние  жүзі  бойынша  орманы  аз  елдердің  қатарына  жатады. 

Бүкіл  аумағының  11,4  млн  гектар  жерін  (4,2%)  ғана  ормандар  алып  жатыр. 

Ол  табиғатты  тазартуда,  топырақты  эрозийдан  сақтап,  оның  тамырын 

бекітуде,  егіндік-шабындық  жерлерді  қорғау  мен  құм  көшкіндерін  бөгеуде 

аса  маңызды  рөл  атқарады.  Ауаны  шаң-тозаңнан  тазартып,  аңызақ  желден, 

құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы. 

       Қазақстандағы  қазіргі  өсімдіктер  түрлері қылқанжапырақты  ормандар, 

ұсақ  жапырақты  орман-тоғайлар,  бұталы  тоғайлар,  даланың  бұталы 

өсімдіктері,  сексеуіл,  шөлдің  бұталы  өсімдіктері,  дала  өсімдіктері, 

субтропиктік  өсімдіктер,  шалғындар,  тақырлар,  шөлдің  бір  жылдық 

өсімдіктері болып  бөлінеді.  Оларға  геоботаникалық  жағынан  Еуразияның 

қылқан  жапырақты  орманы  (Оңтүстік  Алтай), Еуропа,  Сібірдің  орманды 

даласы  (Солтүстік  Қазақстан), Еуразия даласы  ( Еділ- Жайық,  Мұғалжар-

Торғай,  Есіл-Нұра,  Қарағанды, Ұлытау- Сарысу,  Жайсан  бойы),  Азияның 

шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.  

      Қазақстанда  өсімдіктердің  15  мыңдай  түрі  бар.  Оның  2  мыңнан  астамы 

балдырлар,  5  мыңдайы  –  саңырауқұлақтар,  600-ге  жуығы  –  қыналар,  500-ге 

жуығы  мүк  тәрізділер  және  6  мыңнан  астамы  –  жоғары  сатыдағы  түтікті 

өсімдіктер.  Қазақстан  микрофлорасының  (саңырауқұлақтар)  құрамындағы 

түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 

түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 

500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-

ге  жуық  түрден  тұрады.  Оның  ішіндегі  730  түр  тек  Қазақстанда  өсетін  – 

эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, 

рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, 

тобылғыгүл, 

птеригостемон, 

пастернаковник, 

тоғайя, 

недзвецкия, 

шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа 

топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңт. Балқаш өңірі 

мен  Бұрынтауда  жоғ.  ордовиктік  қатпарлардан  табылған.  Олар  плаун 


тәрізділерге  жататын  Akdalophyton  caradockі  пен  қырықбуынға  жататын  – 

Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. 

     Республикамыздың  қазіргі  флорасы  эоцендік  субтропиктік  (36  –  58  млн. 

жыл  бұрын),  олигоцендік  орманды-мезофильдік  (26  –  35  млн.  жыл), 

неогендік  ежелгі  жерортатеңіздік  таулы-ксерофиттік,  субтропиктік-

ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. 

жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. 

Өсімдіктердің  Қазақстан  жерінде  таралуы,  түрлер  мен  эндемиктердің 

топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың 

осыншама  бай  өсімдіктер  дүниесі  түрлердің  биол.,  экол.,  эвол. 

ерекшеліктеріне  байланысты  әр  түрлібірлестіктер  мен  қауымдастықтарда 

жүйеленген.  

        Қазақстанның  жазық  бөлігі  орманды  далалық,  дала,  шөлейт  және  шөл 

белдемдеріне  (аймақтарға)  ажыратылады.  Орманды  далалық  аймақ  – 

республика  жер  аумағының  2,04%-ын  алып  жатыр,  54Әс.е-тен  жоғары 

Көкшетау  мен  Петропавл  қ-ларының  маңында  орналасқан.  Орман  түзуші 

түрлер:  жылауық  қайың,  талдың  бірнеше  түрлері,  бұталардан:  итмұрын, 

тобылғы,  далалық  шие,  т.б.  бар.  Бұл  белдемнің  шалғындық  және  далалық 

телімдерінде  алуан  түрлі  шөптесін  өсімдіктер  мен  астық  тұқымдас  шөптер 

басымдылық  ететін  қауымдастықтар  таралған.  Бұл  аймақ  2  белдемге 

бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр 

ормандық  топырақта  қайыңды-теректі,  теректі  ормандар,  ал  қара  топырақта 

шалғынды-далалық  экожүйелер  орналасқан;  2)  қоңыржай  құрғақ  шоқталған 

орманды  дала  белдемі  –  қайыңды-теректі  шоқ  ормандар  мен  қара 

топырақтағы  алуан-түрлі  және  астық  тұқымдасты  шөптесін  өсімдікті 

далалық экожүйелер таралған. 

      Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 

млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-

Тарбағатай  тау  бөктері)  2500  км-ге  созылып  жатыр.  Далалық  флораның 

құрамында  2000-нан  астам  түр  бар  деп  шамаланады.  Оның  175-і  – 

эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, 

қарағай,  аласа  бадам.  Далалық  аймақ  3  белдемге  бөлінеді:  1)  қоңыржай-

құрғақ  және  құрғақ  дала;  кәдімгі  және  оңт.  қара  топырақтағы  алуан  түрлі 

шөптесін  –  бозды  белдем;  2)  қоңыржай-құрғақ  және  жылы-құрғақ  белдем–

күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала; 3) 

шөлейт  құрғақ,  қоңыржай  ыстық  белдем  –  ашық  қара  қоңыр  топырақтағы 

жусанды-бозды дала. 

      Шөлді  аймақ  –  жалпы  аум.  124,6  млн.  га.  Өзіне  тән  өсімдік  жамылғысы 

алуан  түрлі,  2500  –  2800  түр  бар,  олардың  ішінде  200  –  215  түрі  – 

эндемиктер.  Шөлді  аймақ  5  белдемге  ажыратылады:  1)  солтүстік  далалы 

жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн. га., немесе еліміздің 

жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай 

бұталы  (боз,  еркекшөпті-жусанды)  шөлдер  мен  құмдақ-бұталы  (жүзгін-раң-

шағыржусан-еркекшөпті)  шөлдер  тарайды;  2)  орталық  (солтүстік  тұрандық) 

өте  құрғақ,  ыстық  шөлдер  –  аум.  51,2  млн.  га,  немесе  республика  жерінің 


18,9%-ын  алып  жатыр.  Бұл  жерлерде  жартылай  бұталы  (жусанды, 

бұйырғынды,  изенді),  сексеуілді,  бұталы  (қоянжын-жүзгінді)  өсімдік 

жамылғысы  дамыған;  3)  оңтүстіктегі  өте  құрғақ,  ыстық  шөлдер  –  аум.  30,3 

млн.  га,  немесе  Қазақстанның  11,1%-ын  алып  жатыр.  Бұл  жерлерге 

эфемероидты  –  жартылай  бұталы  (сұр-жусанды,  эфемерлі),  ал  дөң  және 

тізбектелген  аллювийлі  –  эолды  құмдарда  бұталы-сексеуілді-эфемероидты 

(сексеуіл-қоянжын-жүзгінді)  өсімдік  жамылғылары  тән;  4)  тау  етегіндегі 

құрғақ,  өте  ыстық  шөлдер  –  аум.  3,2  млн.  га  немесе  Қазақстанның  1,2%-ы. 

Негізінен  эфемероидты  ірі  шөптесін-жартылай  бұталы  өсімдіктер  өседі;  5) 

тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 

4,3%-ын  алып  жатыр.  Эфермероидты-псаммофиттік  бұталы  өсімдік 

жамылғысы тән. 

      Қазақстанның  таулы  экожүйелерінің  аум.  18,6  млн.  га,  яғни  республика 

жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік 

таулар  ғана.  Таулы  экожүйелердің  флорасын  3400  –  3600  түр  құрайды  деп 

шамаланады.  Оның  ішінде  540  –  570  түр  эндемик  болып  табылады.  Тек 

Қаратаудың  флорасында  165  –  170  эндемик  түрлер  бар.  Олардың  ішінде, 

шыршалы  (шренктік  шырша,  сібірлік  шырша);  май  қарағайлы,  самырсынды 

(сібірлік  самырсын,  сібірлік  майқарағай);  қылқан  жапырақты  ормандарды; 

алмалы  (Сиверс  алмасы,  қырғыз  алмасы),  өрікті  (кәдімгі  өрік),  қайыңды-

теректі  (түкті  қайың,  көк  терек)  –  жапырақты  ағаш  ормандарды  атап  өтуге 

болады.  Таулы  экожүйелерде  итмұрын  мен  бөріқарақаттың  (зеректің), 

аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. 

Қазақстанның  табиғи  флорасы  –  пайдалы  өсімдіктердің  қайнар  көзі.  Мұнда 

жем-шөптік  өсімдіктердің  700-ден  астам  түрі,  дәрілік  өсімдіктердің  400-ге 

жуық,  әсемдік-безендірушілік  700  –  800,  ширнелік  (300-ден  астам),  эфир-

майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар. 

Жануарлар  дүниесінің  дамуы  жағынан  Қазақстан  палеоарктикалық-

зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы 

мен  қалыптасуы  өсімдік  жамылғысының  даму  тарихымен  ұқсас.  Палеоген 

дәуірінде  Қазақстанды  тропиктік  және  субтропиктік  жануарлар  мекендеген. 

Олар Үндістан және  Африка  жануарларының  түрлерімен  ұқсас  болған.  Ал 

мұз  басу  дәуірінде  жылы  климатқа  бейім  жануарлардың  кей  түрлері 

қырылып,  біразы  жылы  жаққа  қоныс  аударған.  Олардың  кейбір  түрлері 

Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  таулы  аймақта  (Жетісу  Алатауы, Іле 

Алатауы,  Ұзынқара  (Кетпен)  жотасы)  сақталып  қалып,  мұз  басу  дәуірінен 

кейін  қайтадан  дамып  өскен. Қарақұйрық,  жолбарыс,  қабан,  марал,  бұғы, 

аққұтан,  қызылқұтан сияқты  жануарлар  түрлері  осы  топқа  жатады. 

Мұз  басу  дәуірінде  Қазақстанға  материктің  солтүстігінен  суыққа  төзімді 

жануарлар  ауысқан.  Олардың  кейбір  түрлері  таулы  аудандарда  әлі  де 

сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін 

Қазақстанға Орталық  Азия жануарлары  мен  құстары  өткен.  Оларға 

құр, тоқылдақ,  самыр-  құс,  ор  қоян жатады.  Кейін  олар  дала  және  шөл 

зоналарына ауысқан. 



      Қазақстан  жерінде  сүтқоректілердің  180,  құстың  500,  бауырымен 

жорғалаушылардың  52,  қос  мекенділердің  12,  балықтың  104-ке  жуық  түрі 

бар.  Омыртқасыз  жәндіктер  шаян  тәрізділер,  ұлулар,  құрттар,  т.б.)  бұдан  да 

көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. 

       Қазақстанның  солтүстігіндегі  орманды  дала  белдемінде бұлан, елік, ақ 

қоян,  сұр  тышқан,  су  егеуқұйрығы,  орман  тышқаны,  бұлдырық,  ақ  кекілік, 

көл  айдындарын  су  құстары  – аққу, қаз,  үйрек,  шағала,  тарғақ, 

қасқалдақмекендеген.  Еділ  өз.  жағалауынан  Алтай  тауы  бөктеріне  дейінгі 

астық  тұқымдас  шөп  пен  жусан,  бетеге  өскен  далалық  белдемде  суыр,  дала 

алақоржыны,  сүйірбас  сұр  тышқан,  кәдімгі  сұр  тышқан,  дала  тышқаны, 

саршұнақ,  ал  құстан  – дуадақ, безгелдек, жылқышы,  сұңқар, бозторғайлар, 

қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ 

бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады. 

        Едәуір  бөлігін  Жайық  өз-нің  аңғарындағы  орман  алып  жатқан  далалық 

белдемнің  батыс  бөлігін  бұлан,  елік  жайлаған,  мұнда  еур.  қара 

күзен, жұпартышқан,  орман  сусары  да  кездеседі.  Бұдан  200  жыл  бұрын 

түгелдей  жойылуға  жақын  қалған  құндыз  қайта  пайда  бола  бастады. 

Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, 

т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық 

белдемнің  шығысында  суыр,  дала  тышқаны,  дала  шақылдағы,  ақ  қоян, 

сілеусін,  елік,  арқар  мекендеген.  Өсімдік  жамылғысы  әркелкі  шөлейт 

белдемде  саршұнақтар  мен  қосаяқтың,  құм  тышқаны  мен  қоянның  бірнеше 

түрі  кездеседі.  Мұнда  ақ  бөкен  де,  сондай-ақ  20  ғ-дың  40  – 50  жылдарында 

қарақұйрық  та  көптеп  кездесетін.  Бұл  белдемде  құстан  дуадақ,  шіл, 

қылқұйрық,  бозторғай,  т.б.  бар.  Қыста  қар  тоқтап,  көктемде  қар  суы 

жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт 

арқары  жұтаң  өсімдіктермен  қоректеніп,  ащы  суды  қанағат  етеді.  Үстіртте 

ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі. 

       Сазды  және  қиыршық  тасты  шөл  дала  жануарларынан  Қазақстаннан 

басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. 

Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нің солт. жағалауындағы кейбір аудандарда, 

Алакөл  және  Зайсан  қазаншұңқырында  ғана  бар.  Солт.  Балқаш  маңындағы 

бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше 

жануар.  Мұнда  құстан  шіл,  қылқұйрық,  тырна,  жек  дуадақ  кездеседі.  Оңт. 

Балқаш  құмында  осы  араға  ғана  тән  сексеуіл  жорға  торғайы,  шөл  дала 

жапалағы  тіршілік  етеді.  Құмайтты  шөлде  бірқатар  кесіртке  (жұмырбас, 

ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала 

тасбақасы  тараған.  Республиканың  қиыр  оңт-ндегі  кейбір  жерлерде  келес 

сақталып  қалған.  Өзен-көл  аңғарларындағы  орман-тоғайларда  елік,  жабайы 

шошқа,  құм  қояны,  қырғауыл,  т.б.  кездеседі.  Балқаш,  Сасықкөл,  т.б. 

көлдердің  жағалауындағы  қалың  қамыс  арасында  бірқазан,  жалбағай,  ақ 

құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, 

Қазақстанның  “Қызыл  кітабына”  енгізілген  реликт  шағала  қоныстайды. 

Қазақстанның  шығысы  мен  оңт-н  қоршап  жатқан  таулардың  жануарлар 

дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, 


құдыр,  сібір  таутекесі,  арқар,  алтай  көртышқаны,  қоңыр  аю,  бұлғын,  құну, 

күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі. 

Зайсан  қазаншұңқырынан  оңт-ке  қарай  созылып  жатқан  тауларда  [Сауыр, 

Тарбағатай,  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауы]  марал,  елік,  арқар,  сібір  таутекесі, 

қоңыр  аю,  сілеусін,  барыс,  ұзынқұйрық  саршұнақ  мекендейді.  Жетісу 

(Жоңғар),  Іле  Алатауы  мен  Талас  Алатауында  көкшіл  суырдың  орнына 

қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. 

Қазақстанның  оңт.-шығыс  тауларында  жыртқыш  құстардан  қозықұмай, 

тазқара, бүркіт тіршілік етеді. 

        Кең  байтақ  Қазақстан  жерін  мекендеген  жабайы  жануарлардың 

тәжірибелік  маңызы  бар:  олардың  кейбіреулері  (ақ  бөкен,  марал,  жабайы 

шошқа,  ондатр,  суыр)  ауланады,  екінші  біреулері  –  өсімдік  пен  жануар 

зиянкестері  (саршұнақ,  тышқан,  т.б.)  мал  мен  адам  ауруларын  таратады. 

Кемірушілер  жазық  және  таулы  жерлерде  оба  ауруын,  тышқан  тәрізді, 

кемірушілер  туляремия,  лептоспироз,  қуқызба  ауруларын  таратады. 

Қансорғыш  кенелер  аталған  аурулардың  кең  етек  алуына  себепкер  болып, 

малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады. 

         Жануарлар түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар жағдайларға байланысты, 

олардың  аралығында,  ең  алдымен,  жердің  аса  кең  аумақта  игерілуі,  осыған 

орай жер суару, не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. 

дақылдар  егу  нәтижесінде  жер  бедерінің  өзгеруі  сияқты  жағдайларды  атап 

көрсету керек. Мұның нәтижесінде соңғы 150 – 200 жыл ішінде республика 

бойынша  керқұлан  (Пржевальский  жылқысы),  қабылан,  тұран  жолбарысы, 

тоғай  бұғысы  сияқты  түрлері  жойылып  кетті.  Көптеген  аса  бағалы  аң 

түрлерінің  азайғандығы  соншалық,  тіпті  оларға  жойылу  қаупі  төнген. 

Бұлардың  қатарына  қарақұйрық,  үстірт  арқары,  арқар,  Мензбир  суыры, 

ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың ішінде дуадақ, безгелдек, 

жорға  дуадақ,  қоқиқаз,  орақтұмсық,  жылан  жегіш  қыран,  бүркіт,  балықшы, 

кезқұйрықты  субүркіт  саны  тым  азайып  кетті.  Олардың  бәрі Қазақстанның 

“Қызыл кітабына” енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабының” 3-

басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрі, құстың 56 түрі, бауырымен 

жорғалаушылардың  10  түрі,  қосмекенділердің  3  түрі,  балықтың  16  түрі 

енгізілді.  Қорықтарда  көптеген  сирек  кездесетін  жануар  түрлері  мемл. 

қорғауға  алынды  (қ. Ақсу-Жабағылы  қорығы,  Барсакелмес  қорығы, 

Қорғалжын  қорығы,  Наурызым  қорығы,  Марқакөл  қорығы,  Үстірт 

қорығы). Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның 

кең  байтақ  жерінде  бұрын  да  көптеген  жануарлар  мекендеген.  Мұнда  бір 

кезде  құрып  кеткен  омыртқалылардың  200-ден  астам  түрі,  көне  дәуірдегі 

теңіз  жайылмасында  тіршілік  еткен  бауырымен  жорғалаушылардың, 

балықтардың,  омыртқасыз  жәндіктердің,  мәселен,  ұлулардың  бірнеше 

жүздеген түрі табылды. 

      Орманды 

даланың 

сүтқоректілері 

қатарына қоян, 

ақкіс,елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда  да  жиі  кездеседі.  Құстардан құр, 

шіл кең  тараған,  қайыңды  ормандарды бөктергі,  ителгі сияқты  жыртқыш 


кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда қарғаның түрлері, былдырық бар. Орман 

ішіндежылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. 

      Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. 

Олардың  біразы  күндіз  терең  қазылған  інде  жатып,  түнде  жемін  аулауға 

шығады.  Күндіз  жүретін  аңдар  тым  ерте  және  кешкі  мезгілде  ғана  далада 

болады.  Күндіз  көлеңкеде,  бұта  түбінде  жатады.  Шөл  хайуандары  жүйрік 

келеді,  алыс  жерлерден  су  ішіп  қайтады,  құстары  да  қонбай,  алысқа  самғап 

ұша  алады.  Көбі  шөлге  шыдамды  келеді.  Олар  (суыр,  құм  тышқандары, 

торғайдың кей тцрлері) ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат 

тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы 

ыстықта  ұйықтайтын  да  жануарлар  бар. Сарышұнақ осылай  тіршілік  етеді. 

Олар  маусым  айынан  бастап  жазғы  ұйқыға  кетеді. Дала  тасбақасы ұйқыны 

одан да ертерек бастайды. 

       Шөлдің  де  түрлері  көп.  Олар  құмды,  ұсақ  тасты,  тақырлы-сорлы  болып 

келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне қарай бейімделе 

дамыған.  Құмды  шөл  далаларда  әр  түрлі  бұталы  өсімдіктердің,  сексеуілдің, 

ақ  гүлді  қарағанның  өсуіне  байланысты,  соларды  қорек  ететін  хайуандар 

мекендейді. Ала  жертесер,  сарышұнақтың,  құм  тышқандарыныңкей 

түрлері, кірпі, 

құм 


қояны, 

кұстардан сексеуіл 

жорға 

торғайы кездеседі. Жылан, кесіртке сиякты жорғалаушылар шөлді далаларда 



көп.  Құстар  сексеуіл  бұтақтарына  ұя  салады,  олардың  ішінде дала  бүркіті, 

бөктергі, аққұйрық сауысқан бар. 

       Даланың  аңдары  бір  зонадан  бір  зонаға  ауысып,  кейде  сол  жерлерді 

мекендеп қалады. Жайық өзені бойы мен Каспий маңы ойпатында Еуропадан 

ауысқан орман  сусары,  тоғай  барысы,  Үстіртте  оңтүстік  және  батыс 

облыстарға  тән үстірт  қойы  (үстірт  муфлоны),  сілеусін және  т.б.  жануар 

түрлері ұшырасады. 

      Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай 

аймақтар  қатарына  Алтай,  Жетісу  Алатауы,  Тянь-Шань  және  Сарыарқаның 

аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. 

Негізінен,  оларда  солтүстіктен  және  оңтүстіктен,  Жерорта  теңізінен, 

Қытайдан  ауып  келген  аңдар  көбірек  кездеседі.  Таулы  аудандардың  жалпақ 

жапырақты,  қылқан  жапырақты  ағаштарынан  қорек  алатын,  грек  жаңғағын 

шағатын, пісте,  бадам жемістерін  жейтін  аңдар  (тиін,  орман  тышқаны, 

саңырау  құр,  қарабауыр  шіл,  үкі,  қаршыға,  тоқылдақтың кей  түрлері,  т.б.) 

мол. Бұлардан  басқа Алтайда қоңыр  аю,  тундра құры, may ұлары кездеседі. 

Жерорта  теңізінен  ауысып,  Алтайға  жетпей,  Тянь-Шань,  Тарбағатай 

(Барқытбел)  шекарасынан  өтпей  қалған  құстар  қатарына гималай  ұларын, 

байғызды атауға  болады.  Жетісу  Алатауы, Күнгей  Алатауы бойын бұғы, 

сілеусін,  шиқылдақ  торғай,  шақылдақ  тышқан,  шымшық,  Батыс  Тянь-

Шаньды ұзын  құйрық  тышқан,  жайра,  көк  қарға,  суықторғай,  шыбыншы 

торғай,  ақтамақ  бұлбұл мекендейді.  Бұлардан  басқа  Орталық  Тянь-

Шаньда алтай 

суыры, 


имектұмсық 

балықшы, 

қызыл 

мойын 


бұлбұл ұшырасады.  Іле  Алатауының  төменгі  шөлмен  ұласып  жатқан 

зонасынан  бастап,  суармалы  егістігі  бойында,  одан  жоғарғы  альпі 



шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де 

өзіндік  ерекшеліктері  бар. Алма,  өрік,  долана,  шетен және  т.б.  бұталы 

жемістер  алқабында  кеміргіштер  мен  кұстардың  ірі  түрлері  қоныстанған.          

Шыршалы  орманда бұғы,  сілеусін,  елік, альпі  шалғынында таутеке,  барыс, 

арқар кездеседі.  Құстардың  да  әр  түрі  ұшырасады.Қазақстанның  көлді 

аймақтарын,  тоғайлы,  бұталы  жерлерін  мекендейтін  жануарлар  түрі  де  әр 

алуан.  Оларда  құстар  ұя  салады.  Тоғай  ішінде  бүркіт  тұқымдас қарақұс, 

бөктергі,  ұзын  құлақты  жапалақ,  сұр  шымшық кездеседі.  Қырларда дала 

мысығы,  Сырдария  бойының  тоғайларында шиебөрі,  тоғай  бұғысы жүреді. 

Өзенді  алқаптар  мен  бұталы  жерлерде қабан,  елік,  ақкіс мекендейді.  Өзен-

көлдер бойы құсқа бай, теңіздер мен су қоймаларында балық түрлері де мол. 

Аралда балықтың 40, Каспийде 50 түрі және итбалық мекендейді. 

       Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың 

ішінде  зияндылары  да  аз  емес.  Шегіртке  егін  мен  шабындық  шөптерді 

жейді. Қарақұрт,  бүйі,  шаян,  жылан,  кененің түрлері  адам  өміріне  қауіп 

туғызады. Көбелек  құрттары ағаштар  мен  жеміс-жидекті  сорады.  Ағашты, 

сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады. 

       Қазақстанның  жануарлар  дүниесін  қорғау,  олардың  адам  өміріне,  халық 

шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып 

табылады.  Жануарлардың  сирек  және  құрып  кетуге  таяу  аз  түрі 

«Қазақстанның 

Қызыл 


кітабына» 

енгізіліп, 

ерекше 

қорғауға 



омыртқалылардың  125  түрі,  омыртқасыздардың  96  түрі  алынған.  Олардың 

ішінде  сүткоректілерден  (қарақұйрық,  арқар,  қабылан,  қар  барысы,  тянъ-

шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура 

және  қызғылт  бірқазан,  қара  және  ақләйлек,  тоқылдақ  аққу,  дала  бүркіті, 

дуадақ,  қырғауыл,  ұлар және  т.б.),  жорғалаушылар,  қосмекенділер  мен 

балықтың  бірнеше  түрлері  бар.  Елімізде  бұрын  көп  болған  кұлан, 

қарақұйрық,  ақбөкен  сияқты  аңдардың  санын  қалпына  келтіру,  сырттан 

әкелінген  жануарларды  жерсіндіру  бағытында  да  жұмыстар  жүргізілуде. 

Өзен  бойларында ондатр,  Алтай  тауларында қара  күзен мен балғын,  Каспий 

жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған.  

     Қызыл  кітап-  сирек  кездесетін  түрлердің  санының  қазіргі  жай-  күйін 

көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара 

жатқан  түрлердің  тізіміне  енгізілген  жабайы  омыртқалылардың  87  түрінің 

және  өсімдіктердік  303  түрінің  қазіргі  таралуы,  санының  жай-  күйі, 

биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. 

     Қызыл  кітапқа  ресми  енгізілген  өсімдіктердің  16  түрі  Батыс  Алтай 

мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника 

бағының  ғылыми  қызметкері  б.ғ.к.  Ю.А.  Котуховтың  жұмысының 

нәтижесінде  сирек,  осалдау  және  жойылып  бара  жатқан  түр  мәртебесіндегі 

тағы да 50 түр анықталды. 

     Адамдар  мыңдаған  жылдар  бойы  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесін 

пайдаланып  келді  және  де  өзінің  жан-  жақты  тіршілігінде  жануарлар  мен 

өсімдіктердің  пайдалы  қорын  қолданып  ғана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге 

табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер 



етті.  Табиғатқа  антропогенді  ықпал  етудің  әсерінен  жер  бетінде  өсімдіктер 

мен  жануарлардың  кейбір  түрлерінің  жойылу  процесі  басталды. 

Ғылыми-  техникалық  прогресс  адамдардың  қолына  табиғат  әлеміне  әсер 

ететін  күшті  құралдар  берді.  Бұл  құралдар  қаншалықты  пайдалы  болса, 

соншалықты  зиянды.  Адамдар  көбінесе  кейде  түсінбей,  кейде  салақтықтан 

табиғатты  қалпына  келтіру  үшін  ұзақ  уақыт  қажет  болатынын  ойламастан, 

оған  қалай  болса  солай  қарайды.  Сыңсыған  орманның  орнындағы  жанған 

түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу 

кезінде  ластанған  өзендер.  Осының  бәрі  сирек  кездесетін  көптеген  бағалы 

аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. 

       Табиғатта  пайда  болған  әрбір  түр  өзінші  бірегей  және  ешқашан 

қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. 

Және  де  бұл  жоғалту  қауымдастықтың  бүтінділігі  мен  табиғаттағы  жалпы 

тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты 

қорғау  мәселесі  дүниежүзілік  мәселеге  айналып  отыр.  Бұл  мәселе  бүкіл 

әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет