Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі


Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны



бет3/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20230418-WA0007

Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны (Ғ.Мұстафин). Тас түсіріп тұрсам, мына біреулер жанжал шығарып тұрғаны (Қ.Әбдіқадыров). Біз суды осы Мырзашөлге жеткізуіміз керек. (С.Мұқанов). Мен Гүлжаһанмен әлі жөнді әңгімелескенім жоқ (Ә.Әбішев).
Баяндауыш туралы сөз қозғамастан бұрын оның сөйлемде атқарар жүгін айқындап алған жөн. Бұл – аса күрделі де маңызды мәселе. Мәселеге осы тұрғыдан келу зерттеу объектісінің қаншалықты маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, тіл білімінде әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселе төңірегінде теориялық нақты тұжырым жасауға жетелейді.
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. Сондықтан да біраз ережелерді келтіріп, сонан кейін оны талдап көрейік. Х.Басымов: «баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді – дейді.
І.Бәйтенов а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе тістіктен кейін тұрған сөзді «баяндауыш» - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді «баяндауыш» дейміз; б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз «баяндауыш» болады, - деп талдайды. С.Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойдытиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіпайтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз, дейді. М.Балақаев: бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі десе, Х.Арғынов: баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді, - деген тұжырым айтады, Р.Әміров: Предикативтілік іс - әрекетті, сапаны білдіретін сөйлеммүшесін айтамыз десе, М.Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі – деп қорытады.Ал, Ә.Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін ілдіреді, - дейді. Сол сияқты кейбір түркітанушы – ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік: Н.А.Кононов: баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі; А.Жапаров: сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл - әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі – деген тұжырым жасаған. Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады. Біз енді осы ережелердегі көтерілген мәселелер, олардың қайсысына өзіндік пікір айтуға болатынына назар аударалық:
Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарттар барын көрейік:

  1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;

  2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы;

  3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді: а) ісін, қимылын, ә) оған қоса жайын,күйін, заттық, сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс - әрекетті сапасын; в) қасиетін; г) амалын; д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін, т.б.

  4. Баяндауыштың бастауышпен жақ , жекеше, көпше түрде үйлесуі;

  5. Предикативтілік білдіруі;

  6. Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;

  7. Сөйлемнің бас мүшесі екендігі;

Баяндауыш астауышқа бағынышты бола отырып, оның әр түрлі қасиетін көрсететіндігі туралы пікір әр қилы. Соның бәрін жинақтай келгенде, баяндауыш бастауыштың жоғарыдағыдай қасиетін көрсетеді деп білеміз.
Әрине, баяндауыштың бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір бастауыштың әр түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.
Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс - әрекетін, жайын, күйін, амалын, т.б. білдіреді. Түптеп келгенде, осылардың бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Осылардың ішінде етістік баяндауышқа тікелей қатысты, яғни етістіктен болған баяндауыш туралы « ісін, қимылын, іс-әрекетін» деген сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын сияқты сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге келеміз.Баяндауыш ережесіне жайын, күйін, т.б. сөздерді қолдану мағыналық та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін, т.б. білдіреді дейтін де сөздерді кездестіреміз. Әрине, зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына байланысты.
Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұлғаларда келуіне байланысты олар әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным – алтын бесігім.(«Социалистік қазақстан») дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, ал колхозшылар – Бірлік колхозында. («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік қасиетке ие болып отыр.Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыштар бастауыштар заттық қасиетін білдіреді дей келіп, оның енді өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байланысты да, іштей қандай-қандай мағыналарда қолданылуы екінші дәрежелі мәселе демекпіз.Мәселен: Ол – студент,ол – Асан дегенде оның кім екенін, Мынау – қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіруі, т.б. олардың баяндауыш болу кезіндегі, біріншіден, ол сөздердің семантикасына да байланысты. Зат есімдердегі осы сияқты өзгеріс, шындап келгенде, әр түрлі заттану процесінде сын есім, сан есім, есімше де болатыны айқын.
Сонымен, баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс - әрекетін, кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, қасиеттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет