Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі


Бастауыш пен баяндауыштың жасалуы



бет4/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20230418-WA0007

1.2. Бастауыш пен баяндауыштың жасалуы
Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш – субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер а р н а у л ы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық . Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас – қимыл иесі, бастауыш, ағаш – қимылдың объектісі, толықтауыш. Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі – ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызметі атқаруға бейімділігінде: Жарас- арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш – арнаулы толықтауыш болатын сөз.
Зат есімдердің ол айырмашылығы қазақ тілінде кісі, кісі емес деген ұғыммен байланысты. Ол айырмашылықты зат есімдерге қойылатын екі түрлі сұрақтан да аңғаруға болады. Жалпы алғанд, к і м? деген сұрақты қоюға болатын зат есімдер – арнаулы бастауыштар, н е? сұрағын қоюға болатын зат есімдер – арнаулы толықтауыштар.
Сонымен қатар кейбір жанды – жансыз заттарға ғана тән іс-әрекет, қимыл, күй болуы мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбұл сайрады, сиыр мөңіреді,жауын жауды, жел уілдеді. Осындай сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі зат есімдер баяндауыштар арқылы айтылған хабардың бірден – бір арнаулы иелері болып тұрады. Бірақ олардың мұндай әрекеті тар көлемдегі тіркестер арқылы ғана айтылады. Сондықтан мұндай сөздер бастауыш болып көп жұмсалмайды.
Осылардай, зат есімдердің бастауыш болу қабілеті бірдей болмағанмен, олардың бастауыштық тұлғасы бәріне бірдей. Ол – атау септігі.
Атау септігіндегі зат есімдер ж е к е ш е, к ө п ш е және т ә у е л д і тұлғада бастауыш болуына мысалдар:
Лиза Рахметке бұрылды (С.Ерубаев). Кештетіп Қожаш үйіне келді (С.Көбеев).
Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары – зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар - ж і к т е у, с і л т е у, және к і м? н е? деген сұрау есімдіктері. Бұлардың ішінде әсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемнің жақтық мағыналарын түрлендіруші сөздер болып табылады.
Заттың с ы н д ы қ, с а н д ы қ, қ и м ы л д ы қ сапасын білдіретін сөздер де сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субстантивтеніп (заттанып) айтылады.
Заттың сындық сапасын білдіретін с ы н е с і м д е р, ойды ықшамды етіп сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдермен қатарласып тұрмай – ақ , дара күйінде бастауыш және толықтауыш та болуы мүмкін. Ондайда сын есімдердің сапалық мағынасы жойылып кетпей, олар әрі заттық, әрі сындық мағынада жұмсалады. Сонда сын есімдер әдетте қандай заттардың сындық сапасы болып жұмсалатын болса, сондай заттардың бастауыштық қызметін атқарып тұрады. Терең – көбінесе судың, теңіздің, көлдің, өзеннің сыны болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде Терең батырады (мақал) десек, алдымен «Терең су батырады» деп түсінеміз.Жүйрік – бұрыннан аттың сыны болып, орныққан. Бұл күнде поезд, машина туралы да жүйрік деп атауға болғанмен, Жүйрік тоқтығынбілдірмес (мақал) дегенде, оны алдымен «жүйрік ат» деп ұғамыз.
Заттардың ондай сындық сапасы синтаксистік қызметте бір ғана конкретті заттың орнына жұмсалмай, жалпылық мағынада, біртектес көп заттың орнына жұмсалады. Тек сын есімдерден болған жер, су аттары мен басқа жалқы есімдер ғана даралық мағынада жұмсалады. Ондайда олар орнықты заттық мағынаға ие болып, зат есім қатарына қосылады.
Соңғыларды қоспағанда, қазақ тіліндегі субстантивтеніп бастауыш болатын сын есімдер көбінесе кісі туралы айтылған сөздер болады:
Кілең сұлулар бірыңғай отыр (С.Мұқанов). Жақсы – ісімен жақсы. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар (Абай).
Субстантивтеніп бастауыш болатын сын есімде, әсіресе, аз сөзбен көп мағына беруді керек ететін мақал – мәтелді сөйлемдерде жиі ұшырайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет