Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі


Сөйлем мүшелерін көрнекілік арқылы меңгерту



бет8/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20230418-WA0007

2.2. Сөйлем мүшелерін көрнекілік арқылы меңгерту



Оқушының білім деңгейін қысқа уақыт ішінде анықтау үшін бақылау диктантын алдым. Оқушылардың іскерлігінің сапасын, сондай-ақ, теориялық талдау, сыни ойлау біліктерін анықтау көрсеткішінің нәтижесі төмендегідей:
Барлығы: 26 оқушы
«9» - 5 =25% Үлгерім - 85%
«7» - 6 =30 % Білім сапасы- 55%
«6» - 6 = 30 % Орта ұпай- 3,4
«5» - 3 =15%

Бұл көрсеткіш оқушылардың білім сапасының, жалпы сынып үлгерімінің көңіл толарлықтай еместігін байқатты.
Сөйлем мүшелерінен оқушылардың берік те сапалы білім негіздерінің болуы оқушының алдағы уақыттағы бағдарламалық материалды еркін меңгеріп, қажетті іскерлік дағдының қалыптасуына жеңілдіктер жасайды.
№1 көрнекілік үлгісі.
Бұдан оқушылар бастауыш болатын сөздердің тұлғасымен танысады, сөзге сұрақты дұрыс қоя білуге үйренеді. Оқушының сөзге сұрақты дұрыс қоя білуге жаттығуы – келесі сөйлем мүшелерін меңгеруге, сөз құрамын ажырата білуге, сөз топтарын бір-бірінен жаңылыссыз айыра білуге негіз болмақ.

1
Бастауыштың сұрақтары, бастауыш болатын сөздердің тұлғасы.



сұрақтары

мысалдар

Сөз табы

Кім?
Не?
Кімдер?
Нелер?
Кімің?
Кімім?
Кіміңіз?
Кімі?
Нең?
Неңіз?
Несі?

Болат, әке, ағай
Су, машина, үйрек
Балалар, әжелер
Кітаптар, аттар
Әкең, әжең
Атам, бауырым
Әкеңіз, атаңыз
Атасы, баласы
Атың, кітабың
Атыңыз, үйіңіз
Аты, үйі



З
А
Т


Е
С
І
М

Кім? Кімдер? Қайсысы?

Мен, сен, сіз, ол, сендер, анау, мынасы

ЕСІМДІК

Нешеу? Нешесі? Қаншасы? Неше?

Екеу, екісі, төрті, он бесі, он шақтысы, үш, бес

САН ЕСІМ

Қандай?

Бұлтсыз, ашық

СЫН ЕСІМ



Бастауыштың дара және күрделі түрлерін түсіндіру үшін №2 көрнекілік қолданылады.
Осы көрнекілік үлгісінде басқа сөйлем мүшелерінің құрамына қарай дара және күрделі түрлеріне көрнекілік дайындауға болады.
Сабақтың бекіту кезеңінде мынадай тапсырмалар жазылған үлестірме қағазбен (карточкалармен) жұмыс істелінеді.
1-тапсырма. Сөйлемдегі негізгі ой иесін анықта, сұрақ қой.
2



Бастауыш құрылысына қарай




дара

күрделі

Абай ұзақ сөйледі.
Қорада аттар тұр.
Әкем жайлаудан келді.

Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Салт аттылар кеше кетті.


№3
Баяндауыш



сұрақтар

мысалдар

Сөз табы

Не істеді?
Не істемек?
Қайтті?
Не істепті?
Қайтеді?

Мұрат мәнерлеп өлең оқыды.
Ертең олар саяхатқа шықпақ.
Апасы бұған қуанып кетті.
Айша сабаққа дайындалып алыпты.
Тауда жел қатты соғады.



Е
Т
І
С
Т
І
К

Кім?
Не?

Қанат – үлгілі оқушы.
Байлықтың атасыеңбек.

ЗАТ ЕСІМ

Қандай?

Абайдың түсі құп-қу.

СЫН ЕСІМ

Қанша?

Балалардың саныон бес.

САН ЕСІМ

№4
Баяндауыш арқылы бастауышқа сұрақ қою тәсілдері



Мұрат оқыды. Кім оқыды? Дара баяндауыш


арқылы сұрақ
Жиналыс болмақ. Не болмақ? қою тәсілі
Зере қуанып кетті. Кім қуанып кетті? Күрделі баяндауыш
арқылы сұрақ
қою тәсілі
Гүлдер өсіп келеді. Нелер өсіп келеді?


1. Маған Марат қызық ертегі айт-ты.
2. Арықта су сылдырап ағып жатыр, т.б.
2-тапсырма. Сөйлемді бастауышпен толықтыр.

  1. ... тоқтаусыз жүріп келеді.

  2. Оның ... үшінші класта оқиды,

т.б.
3-тапсырма. Сөздер аралығына бастауышты орналастыр.

  1. Оларды үйге ертіп әкелдім.

  2. Өзен бойында шөп шауып жүр,

т.б.
4-тапсырма. Бастауышты құрамына қарай талда.
1. Абай Тәкежанға жалт қарады.
2. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романын жазды.
3. Жерлесіміз Төлеген Тоқтаров өшпес ерлік жасады, т.б.
5-тапсырма. Сөйлемдегі бастауыш қайсысы, сөйлемді аяқта.

  1. Кендебай аң аулауға ... .

  2. Құлынды ол үйіне ... .

Соңғы тапсырма баяндауышты өтуге дайындық болмақ.


№5
Күрделі етістіктерді дара етістікке айналдыру



Күрделі етістік

Дара мағынасы

Қуанып кетті
Дайындалып алыпты
Күліп жіберді
Құлап қала жаздап барып қалды
Жүгіре жөнелді

Қуанды
Дайындалды
Күлді
Құламады
Жүгірді

№6
Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің ерекшеліктері





  1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сөйлем құрауға негіз болады.

  2. Бастауыш пен баяндауышта берілген негізгі ойды тұрлаусыз мүшелер толықтырады, анықтайды, пысықтайды, кеңейте түседі.

  3. Тұрлаусыз мұшелер жеке тұрып жүйелі мағынаға ие бола алмайды.

Көрнекіліктен оқушылар баяндауыш болатын сөз табы негізінен етістік екенін біледі, оның сөйлемді аяқтап, тиянақтап тұратынын, дара және күрделі түрлерімен, зат есім, сын есім, сан есімдердің де баяндауыш қызметінде жұмсалатынын көреді, сұрақтарымен танысады. Көрнекіліктегі сөйлемдерді мысалға ала отырып, баяндауыш арқылы бастауышқа сұрақ қою тәсілі меңгертіледі.


Қалыпқа келтіру эксперименті
Мақсаты: инновациялық оқыту технологияларын пайдалану арқылы тұрлаулы мүшелерді жүйелі меңгерту.
Анықтау экспериментінде жіберілген кемшіліктерді, қателерді түзету үшін деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы қалыпқа келтіру экспериментін жүргізе отырып, жетістіктерді көрсету.

Қалыпқа келтіру экспериментінің нәтижесі төмендегідей:


«5» - 6= 30% Жалпы үлгерім - 95%
«4» - 8= 40 % Білім сапасы - 70%
«3» - 5= 25% Орта ұпай - 3,9
«2» - 1=5%



Бақылау эксперименті
Мақсаты:
Анықтау, қалыпқа келтіру эксперименттерінде байқалған кемшіліктерді ескере отырып, әр түрлі жұмыстар жүргізу арқылы жоғары үлгерімге қол жеткізу. Бақылау эксперименті барысында тест тапсырмасын алдым.
Оқушылармен қосымша сабақтар, тақырыпқа байланысты сыныптан тыс интеллектуалдық іс-шара өткіздім. Қорытындылай келе, олардан алған тест нәтижесі төмендегідей болды:

«5» - 7 - 35% Үлгерім-100%
«4» - 10 – 50 % Білім сапасы-85%
«3» - 3 – 15 % «2»- 0 Орта ұпай - 4,2
Білім сапасының көрсеткіші

Анықтау эксперименті - 55%
Қалыпқа келтіру эксперименті - 70%
Бақылау эксперименті - 85%
Қорытынды
Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсу – қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр. Қазір қазақ тілі пәні тереңдетіліп оқытылады. Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисінің оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаулы мүшелерді оқыта отырып, оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық жеткізуге машықтандырады. Қазақ тілі пәнін оқытуда сөйлем мүшелері тақырыбы – негізгі ауқымды тақырыптардың бірі болып саналады. Тілдің дыбыстық жақтары, сөз байлығымен бірге, ол сөздердің түр-тұрпаты, яғни тұлғалары мен түрлі-түрлі формалары болады. Мұндай формаларды сөздердің өзгерту, тіркесу және оларды сөйлем етіп құру тәсілдері мен жолдары деп атауға болады. Ондай тәсілдер мен формалардың жиынтығын тілдің грамматикалық құрылысы дейді. Грамматика екі салаға бөлінеді. Солардың ішінде сөйлем мүшелері синтаксис атты саланың зерттеу объектісі болып саналады. Синтаксис сөз тіркестерін, олардың байланысу жолдарын, сөйлем түрлерін, олардың жасалу жоларын зерттеумен шұғылданады. Дәлдеңкірей түссек, синтаксис сөздердің тіркесу жолдарын, олардың түрлерін, сөздердің байланысу тәсілдерін, сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жасалу жолдарын қарастырады.
Синтаксисті жетік білудің де маңызы айрықша. Оны білмейінше, айтылмақшы ойды дұрыс құрастыру, оны екінші біруге дәл жеткізу, сөзді мәнерлеп, майын тамыза сөйлеу, ойыңды әсерлі етіп айтып беру мүмкін емес.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 2001 жыл.
2
. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
3. Қасымова Т., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000 ж.
4. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.А., «Мектеп» 1998 ж.
5. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001 
6.Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. 2-том. Алматы, 2003 ж.
7. Оразбаева Ф., Сағидулла Г. Қазіргі қазақ тілі оқу құралы.
ЖШС « PRINT-S» А., 2005 ж.
8. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
9. «Ана тілі» 1996 ж.
10. Қазақ тілі мен әдебиеті, №3, 2011 жыл
11. Қазақ тілі мен әдебиеті, №5,2011 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет