Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі


Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілерін таныту



бет7/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20230418-WA0007

2. 1. Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілерін таныту
Тұрлаулы мүшелер бастауыштан бастап оқытылады. Бастауыш сөйлем мүшесі ретінде ұғынуға оңай тәрізді, сөйлемнің ішінен де тез – ақ тауып алатын сияқты сезіледі. Шын мәнінде сөйлеудегі жіберілетін логикалық қателер, ұғымдағы түсініксіздік, жазудағы стильдік қателер мен тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы бастауышты анық айыра алмаудан туындап жатады. Оқушыларды сөйлемнен бастауышты жалаң сыртқы белгісіне қарай, яғни кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігіне қарай ажыратып қоймай, ішкі белгісіне, яғни не жайында сөйлесіп тұрғанына қарай алуға машықтандыру керек. Мысалы, жеті атасын білмеген жетесіз. Мұнда жеті атасын білмеген адам жайында сөз болып тұр. Осы сөйлемде былайша қате талдау кездесіп жатады: бастауыш (кім?) - білмеген, баяндауыш (кім?) – жетім, толықтауыш (нені білмеген?) – жеті атасын. Дұрыс емес, бұл жерде білмеген сөзі тек көмекшілік қана қызмет атқарып, жеті атасын білмеген дейтін күрделі бастауыштың құрамына еніп тұр. Ойдың иесі – жеті атасын білмегендік.
Мен, сен – екеуіміз барамыз деген тәрізді сөйлемде де бастауыш біреу емес, үш сөз, (мен, сен, екеуіміз). Осындай мысалдарға да көбірек көңіл бөлініп, бастауыштар дара, күрделі, үйірлі, бірыңғай бастауыштар болатындығы ескерітіледі.
Бастауыш жайында түсінік бергенде, оның дара, күрделі, бірыңғай түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда, оқушыларға бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты көзделеді. Оқушыларға сөйлем мүшесі жайында білім берілгенде, қандай мүшенің дара, күрделі, бірыңғай мүше деп аталатыны түсіндіріледі. Сондықтан да оқушыларға бастауыштың дара, күрделі, бірыңғай түрлерінің анықтамасын білу онша қиынға соқпайды. Ал, шын мәнінде, оқушылардың түсінуіне қиындау тиетін - күрделі бастауыштың жасалу жолдары. Мұғалім күрделі бастауыштың жасалу жолдарын оқушыларға саналы түсіндіру үшін кестені тақтаға іліп, әр сөйлемдегі бастауыштың құрамын және олардың сөз таптарынан жасалғанын айтуды талап еткен жөн:

Күрделі бастауыш. 

Жасалу жолдары.

Ертең канал қазу жұмысы басталады. Үй – іші ұзақ жым-жырт болды. Егіннің үштен екісі жиналды.
Менің айтып отырғаным – ақыл. 
Еңбек еткен ер атанады.
Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.
Дене шынықтыру денсаулық үшін өте пайдалы.

Тәуелдік жалғаулы күрделі сөздер.
Ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есім.
Сан есім.
Көсемше мен есімше.
Зат есім мен есімше.
Сан есім мен сын есім.

Есім мен тұйық етістік.



Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады жаңа материалды өздігінен іздене отырып білуіне қозғау салады.
Мұғалімнің жетекші сұрауларына сүйеніп, оқушылар - Келгендер үй ішімен баяу амандасты - сөйлеміндегі келгендер сөзі дара бастауыш, ал кестедегі - Ертең канал қазу жұмысы басталады - сөйлемінде канал қазу жұмысы күрделі бастауыш екенін айта алады. Мұнан кейін мұғалім бір сөзден жасалған бастауыштың дара бастауыш деп, ал екі я онан көп сөзден жасалған басатуыштың күрделі бастауыш деп аталатынын ескертіп, күрделі бастауыштың жасалу жолын төмендегі жүйемен түсіндіруі керек:
Тәуелдік жалғауы сөз тіркесі (негізгі зат есімге немесе көмекші зат есімге тіркесіп, бір ұғымды білдіретін сөздер)
Күрделі сын есім, күрделі сан есім, қос сөздер.
Тұйық етістікке, есімшеге, сын есімге тіркескен есім сөздер.
Есімшеге тіркескен көсемше.
Қай сөздің қай сөзбен тіркесіп барып күрделі бастауыш жасайтыны оның (күрделі бастауыштың) өзіндік белгілері болып саналады. Тіліміздегі бірыңғай бастауыштарды оқушыларға таныту үшін Мына жемістер – алма, алмұрт, шие, жүзім және өрік Алматыда өседі тәрізді бір сөйлемді тақтаға я дәптерге жазып, осы сөйлемдегі не? Сұрауына жауап болып тұрған алма, алмұрт, шие, жүзім, өрік сөздерді бірыңғай бастауыштар екенін сол себепті олардың арасына тиісті белгісі қойылып жазылғанын, жемістер – жалпылауыш сөз екенін, алайда ол да бірыңғай мүшелер сияқты сөйлемде бастауыштың қызметін атқаратынын айтудың өзі жеткілікті. Оның себебі, бірыңғай мүшеден хабары бар оқушыға мұнан көп айтылса, ол жалықтырып жібереді. Оқушыларға мынадай жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқан дұрыс: текстен дара, күрделі бастауыштарды табу, күрделі бастауыштардың қалай жасалып тұрғанын айту; берілген сөздерді бастауыш етіп сөйлем құрау, ол сөйлемде бастауыш қалай жасалғанын айту, қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айту, күрделі бастауышты сөйлемді дара етіп, керісінше, дара бастауышты етіп, күрделі бастауышты сөйлем етіп қарастыру; текстен бірыңғай дара бастауышты сөйлемді теріп жазу, берілген жаттығудан бірыңғай күрделі бастауышты сөйлемдерді теріп жазу, берілген жаттығудан бірыңғай күрделі бастауышты сөйлемдердің тыныс белгісін қойып жазу, ойдан жалпылауыш сөзі бар бірыңғай бастауышты сөйлемдерді мысалға келтіру. Сонымен, жоғарыда баяндалған жүйемен, санамалап берілген жұмыстарды орындата отырып, оқушыларға бастауышты берік білдіруге болады. Бастауышты сөйлемнің ішінен іздегенде, оқушы алдымен зат есімді іздейді. Бастауыш зат есімнен болмай, басқа сөз таптары ойдың иесі болған жағдайларда қателесушілік болады. Сондықтан бастауыш болатын сөз таптарын санамалап тұрып түгендеу қажет. Затталған сан есімнен, сын есімнен, есімшеден, тұйық етстіктен, есімдіктен, үстеуден болған түрлеріне мұғалім қосымша мысалдарды тақтаға іліп, бастауыштардың қай сөз таптарынан болып тұрғандығын оқушыларға тапқызатын, зерттеу бағытындағы оқуды ұйымдастыру қажет. Бұдан кейін оқулықта берілген жаттығуларды оқушыларға орындату қиынға соқпайды.
Бастауыштан соң қойылатын сызықша жөніндегі мұғалімнің түсінігі төмендегідей мазмұнда болуы жеткілікті:
Тілімізде бір сыпыра бастауыштар сөйлемде интонациямен басқа сөйлем мүшелерінен оқшауланып, бөлініп айтылады. Жазғанда мұндай бастауыштардан соң сызықша қойылады. Мұның себебі, ондай бастауыштарды айтқанда интонациямен, жазғанда сызықшамен өзінен кейінгі сөйлем мүшесінен ажыратып көрсетпесе, біріншіден, олардың кейбірі анықтауышқа айналып кетеді де, сөйлемде айтылуға, білдірілуге тиісті ол бұрмаланады, екіншіден, қандай бастауышты ерекше интонациямен оқуды оқушылар аңғара алмайды, үшіншіден, тыңдаушы мен оқушы ондай сөйлемдегі ойдың иесін таба алмай, сөйлемнің не жайында айтылып, жазылып отырғанын білмейді. Осындай кіріспе әңгімеден кейін мұғалім мына сияқты таблица арқылы былайша түсіндіреді.

Бастауыштан соң қойылатын сызықша:



Мысалдар

Сызықша қойылады

Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық.
Жақсы – ісімен жақсы.
Алты жерде алты – отыз алты.
Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді.
Біздің міндетіміз – Отанға адал еңбек ету.
Әрбір мерекеге тарту әзірлеу– ауыл адамдарының дәстүрі.
Көрмес – түйені де көрмес.

Жіктік жалғауынсыз зат есім.
Сын есім - сын есім
Сан есім - сан есім
Сілтеу есімдігі Анықтауыш
Зат есім Тұйық етістік
Тұйық етістік Зат есім
Есімше - есімше
Білген – білгенін айтады. Есімше Есімше не есім сөз.

Кестедегі Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзі бастауыш, ол көтеріңкі интонациямен айтылған, жазғанда, соңынан сызықша қойылған. Бұл сөйлемде интонация неге қасиет сөзіне түскен? Мұның себебі, мынада: біріншіден, автор тыңдаушының назарын қасиет сөзіне аударғысы келген, екіншіден, бұл сөйлемнің баяндауышы атау септіктегі зат есімнен жасалған. Егер осы сөйлемдегі атау тұлғадағы зат есімнің орнына етістіктен жасалған баяндауышты қойып, сөйлемді өзгертіп, Құнаштың бойында талай – талай жақсы қасиет бар деп айтсақ, сөйлемдегі ой екпіні талай – талай сөзіне түседі де, ол сөз көтеріңкі интонациямен айтылады. Мұндай жағдайда қасиет сөзін көтеріңкі интонациямен айтудың қажеті болмайды. Сондықтан да жазғанда онан соң сызықша қойылмайды.


Олай болса, Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзін интонациямен айтуға атау тұлғадағы зат есімнен жасалған баяндауыштың ықпалы тиіп тұр. Осылайша бастауыш зат есім орнына қолданылған, яғни заттанған сөз таптарынан жасалып, баяндауыш атау септіктегі зат есімнен немесе зат есім орнына жұмсалған сөз таптарынан жасалса, ол сөйлемдердегі бастауыштар көтеріңкі интонациямен айтылатынын, жазғанда, соңынан сызықша қойылатынын таблицадағы 2, 3, 5, 6, 7 – сөйлемдердегі тілдік фактілерден аңғаруға болады. Бастауышқа интонация түсірмей айтқанда қызметін ауыстыратын, яғни анықтауышқа айналып кететінін таблицадағы Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді, Білген – білгенін айтады сөйлемдерін талдау арқылы байқатылады.1 
Осылайша тілдік фактілердін негізінде бастауыштан кейін сызықша қойылатынын танытқаннан кейін, мынадай ережені есте сақтауды оқушылардан талап еткен жөн:
Сөйлемнің баяндауышы атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім орнына қолданылған басқа сөз таптарынан жасалғанда, сол сияқты сөз таптарынан болған бастауыштар ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтылады, жазғанда, олардың соңынан сызықша қойылады.
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, сан есім, есімшеден болған бастауыштарды өздерінен кейінгі сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтамыз да, жазғанда, соңынан
Осы екі ережені жақсы білген оқушылар бастауыштан кейін сызықша қойып жаза алатын болады. Ал оқулықта берілген басқа ережелерді оқып танысқаны да жеткілікті, оларды жаттауды талап етудің керегі жоқ. Жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқанда, оқушылар назарын оқулықта берілген әр ережеге байланысты сөйлемдерді дұрыс оқуға, дұрыс жазуға аударған жөн. Өйткені практикалық жұмыстарды көбірек орындау арқылы оқушылар бойында бастауыштың тыныс белгісін дұрыс жаза алатын дағдылар қалыптасады.
Оқушыларға берік дағды беру үшін төмендегідей жұмыстарды орындаудың көмегі зор.
*Мәтіндегі сөйлемдерді дұрыс оқу, жазуға бастауыштан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
*Бастауышты да, баяндауышты да атау тұлғадағы зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен тұйық етістіктен жасалған сөйлемдерді мысалға келтіру, тиісті жеріне сызықша қойып жазу.
*Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, есімшеден жасалған бастауышы бар сөйлемдерді дұрыс оқу, тыныс белгісін қойып жазу. 
*Бастауышты заттанған сөз таптары, баяндауышы зат есімнен болған, керісінше, бастауышы зат есімнен, баяндауышы заттанған сөз таптарынан жасалған сөйлемдердің бастауыштарынан соң қою.
*Бастауыштан соң сызықша қойылатын сөйлемдерді сызбамен көрсету.
*Сөйлемдерді түсіндіріп жазу.
*Қима қағаздарда берілген сөйлемдердегі бастауыштардан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратындықтан, баяндауышты сөйлемнен табу қиынға түспейді. Тек кейде оқушылар инверсияланып, сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі бұзылған өлең мәтінінде баяндауышты жолды іздеп шатасады. Сондықтан баяндауышпен жұмыс істегенде осыған көбірек назар аудару керек. Мысалы, 
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырған жердің жүзі, - деген өлең жолдарындағы баяндауыш, өлеңді ойша қалыпты сөйлемге айналдырып, баяндауышқа сұрақ қою арқылы тапқызылады. Сонымен бастауыш сөйлемде айтылған ойдың иесі болса, баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтап, аяқтап тыңдаушы мен оқушыға түсінікті етіп тұрады. Баяндауышты өтер алдында оқушыларға оның сөйлемдегі қызметі жайында түсінік берілу керек. 
Сонан кейін мына кестені пайдалана отырып, баяндауыштың өзіндік белгілерін, анықтамасын танытқан дұрыс. 



мысалдары

Баяндауыш болатын сөз таптары

Асқарға Бүркітбай Ботагөз жайлы айтты.
Ердің сыншысы – елі.
Мектебіміз биік, кең, таза.
Біз – төртеуміз.
Әбілханның ағасы сонда.
Біздің баратын ауылымыз әлі ілгері.

Етістік
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Үстеу


Осы кестедегі әр сөйлем арқылы баяндауыштардың тұлғасын, сұрауларын, қай сөз тартарынан болатынын оқушыларға дедуктивті – индуктивті тәсілдермен танытып, баяндауыш жөнінде мынадай ой қорытындысын шығару керек:


Баяндауыш сөйлемдегі ойды аяқтайды, тиянақтайды.
баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді де, не істейді? Не болды? Не етеді? Қайтеді? Кім? не? Деген сұрақтарға жауап болады.
Баяндауыш атау, жатыс септіктегі етістіктердің және көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулы есім сөздерден және есімдіктерден, атау, жатыс септігіндегі мезгіл, мекен үстеулерден жасалады.
Баяндауышта дара, күрделі және бірыңғай болып келеді.
Баяндауыштың негізгі белгісін таяныш етіп, оған мынадай анықтама беру лайық:
Сөйлемдегі ойды тиянақтайтын, аяқтайтын мүшені баяндауыш дейміз.
Оқушылар баяндауыштан алған теориялық білімді берік есте сақтау үшін, мынадай дағдыларды бойларына қалыптастыру шарт: кез келген етістікті сөйлемнің баяндауышы етіп айта да, жаза да алу; атау тұлғадағы бастауышпен шатастырмау; олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін білу; бір тұлғадағы сөздердің бірде бастауыш, бірде баяндауыш қызметін атқарып тұрғанын дәлелдей білу; жатыс септіктегі баяндауышты сол тұлғадағы сөйлемнің басқа мүшелерінен ажырату; қандай жағдайда мезгіл, мекен үстеулерінің баяндауыш болатынын айту, баяндауыштың анықтамасын және өзіндк белгілерін өз сөзімен түсіндіру т.б. Есте болатын бір нәрсе, оқушылар етістіктен болған баяндауышты төменгі сыныптан бастап-ақ жақсы білетіндіктен, оны сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмайды. Ал атау, жатыс тұлғадағы есім баяндауыштарды және үстеуден болған баяндауышты солармен тұлғалас сөйлем мүшелерімен шатастыру практикада жиі кездеседі. Мұның өзі – оқушылардың баяндауыштың өзіндік белгілерін жете білмеуінен және жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының аз орындалуынан орын алған кемшілік. Осындай кемшілікті жою үшін, оқушыларға жаттығу, дағдыландыру жұмысын көбірек орындату керек және баяндауыштың өзіндік белгісін кейбір оқушы білмесе, соны үнемі түсіндіріп, есіне салып отырған жөн.
Бастауыш сияқты баяндауыш та құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Дара баяндауыш бір ғана сөзден жасалады да, күрделі баяндауыш бірнеше сөзден жасалады. Мұны оқушылар төменгі сыныптан біледі, сондықтан кейбіреулері қандай баяндауыш күрделі болатынын өздері-ақ айтып береді.
Ендігі қиындық – қандай тұлғадағы сөздер мен сөз таптарының күрделі баяндауыш деп аталатынын оқушылардың есте сақтауы. Оны білдіру үшін мына кестені пайдалану керек:

Күрделі баяндауыш

Күрделі баяндауыштардың жасалу жолдары.

Машина баяу жүріп келе жатыр.
Ол музыканы, ән – күйді жақсы көретін адам еді.
Келе жатқандар үшеу екен. 
Осы – Тереңсайдың тұсы.
Біздің сыныптағы үздіктер он үш. Кореяның жер көлемі – 220 мың шаршы километр.
Оның көңілінің алалығы жоқ еді.
Ол келуге тиіс екен.

Біз оқуға бел байладық.





Күрделі етістік.
Есім сөздер мен көмекші етістіктер.

Ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі.


Күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер.
Жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі.
Тұрақты сөз тіркестері (идиома)

Оқушылар кестені қарап шығып, сол кестедегі машина бояу жүріп келе жатыр сөйлеміндегі күрделі баяндауыш – жүріп келе жатыр деген күрделі етістіктен; екінші, үшінші сөйлемдерде адам еді, үшеу екен күрделі баяндауыштары есім сөздер мен көмекші етістіктерден; төртінші сөйлемде Тереңсайдың тұсы күрделі баяндауышы ілік септіктегі зат есім мен көмекші есім тіркесінен; бесінші сөйлемдегі он үш күрделі баяндауышы күрделі сан есімнен; алтыншы сөйлемдегі 220 мың шаршы километр баяндауышы есім мен шама, мөлшерді білдіретін сөздер тіркесінен; жетінші, сегізінші сөйлемдердегі жоқ еді, тиіс екен баяндауыштары жоқ, тиіс сөздері мен көмекші етістіктер тіркесінен; соңғы тоғызыншы сөйлемдегі бел байладық баяндауышы тұрақты сөз тіркесінен жасалғанын айтады. Әрине, мұның бәрін айту бір ғана оқушыдан талап етілмейді. Ондай жұмысты бүкіл сынып орындауға тиіс.


Мұнан соң оқушыларға оқулықтағы күрделі баяндауыш жайындағы түсінікті оқытып, онда күрделі баяндауыштың неше түрлі жолмен жасалатыны жайында айтылғанын сұрайды. Ең соңында мұғалім кесте мен оқулықта берілген күрделі баяндауыштың жасалу жолдарын топтап, ықшамдап айтады, оқушылардың жауабын толықтырады: оқулықтағы бір жаттығуды ауызша, екінші бір жаттығуды жазбаша орындату; күрделі етістіктен жасалған баяндауышы бар сөйлем ойлату; көмекші етістік пен есімнен жасалған баяндауышы бар сөйлемді мысалға келтіру; күрделі есімдерден жасалған баяндауышы бар сөйлемдер топтастыру; өлшем, мөлшер атаулары тіркесінен жасалған баяндауышы бар сөйлемдер ойлату; идиомалардан жасалған күрделі баяндауышы бар сөйлемдерді мысалға келтіру; карточкамен жұмыс істеу; күрделі бастауышы бар сөйлемдерді күрделі баяндауышы бар сөйлемдерге, керісінше, күрделі баяндауышы бар сөйлемдерді күрделі бастауышы бар сөйлемдерге айналдыру (оған мына тәрізді сөйлемдерді ұсыну лайық: Осы - біздің ауылдың тұсы. Қосынды – жетпіс бес, қосылғыштар қай сан? Он бес шақырым жаяуға аз дол емес. Адам деген – ардақты ат.) т.с.с. Осындай жұмыстар арқылы күрделі баяндауышты оқушыларға саналы меңгертіп алғаннан кейін, баяндауыш та сөйлемнің басқа мүшелері сияқты сөйлемде бірыңғайланып келетінін оқушыларға бір-екі мысалдарды талдай отырып түсіндірген жөн. Мәселен, Егіс мәдениетін әрі өсірем, әрі кеңейтем деген сөйлемдегі өсірем, кеңейтем баяндауыштары әрі шылаумен өзара байланысып келген. Бұл сияқты жұмымтарды орындату арқылы оқушыларға, біріншіден, баяндауыштың да бірыңғай болатынын аңғартсақ, екіншіден, бірыңғай баяндауышты орынды қолдануға үйретеміз; үшіншіден, бірыңғай мүшелерді дұрыс оқуға, тыныс белгісін дұрыс қойып жазуға төселдіре түсеміз.
Сөйлем мүшелерін оқытып талдатуда оқушылармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізудің маңызы зор. Оқушылардың өздерінің бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, қосымша тың түсінік беруді бір мезетте қамту керек. Сөйлем мүшесіне талдау жұмысы нәтижелі болу үшін оқушының сөйлем мүшелері (оның ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыштар), синтаксистік ұғымдар мен анықтамалардан терең білімі болуы керек. Сөйлем мүшесіне талдау дегеніміз - сөйлем құрамындағы сөздердің басқа сөздермен байланыс, қатынас ыңғайына қарай синтаксистік қызметтерін анықтау. Сөздің немесе сөздер тізбегінің синтаксистік қызметін айқындау әр сөйлем мүшесіне тән сұрақтарды сол сөйлемдегі сөздерге қою арқылы жүзеге асырылады, дегенмен сұрақ қоюдың өз жөні бар. Сұрақ сөзге морфологиялық талдаудағыдай сөйлемде тұрған орнынан жекелеп алып қойылмайды, сөйлемде тұрған орнында, басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қатынасы ыңғайында қойылады. Сөйлемдегі мүшелер мына ыңғайда байланысып тұрады:
* Бастауыш – Баяндауыш /Б – б/;
* Толықтауыш – Баяндауыш /Т – б/;
* Пысықтауыш – Баяндауыш /П – б/;
*Анықтауыш – зат есімнен болған кез-келген мүшені (ол зат есім сөйлемде жеке сөйлем мүшесі де, күрделі мүшенің құрамындағы сөз болуы да мүмкін) анықтап тұрғандықтан, көбінесе бастауыштың алдында тұрады /А - Б/.
Сондықтан сөздердің синтаксистік қызметін айқындау әр мүшенің сұрағын онымен байланысып тұрған мүше қызметіндегі сөзбен бірге айту арқылы ғана жүзеге асырылады.
Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсеңділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсаттарында пайдаланылатындықтан, олар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту төмендегідей үш негізгі бағытта іске асырылады:
- қызығушылығын арттыру (біліктілігін кеңейту, өзіне тапсырма қоя білу);
- ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
- шығармашылық ізденуін дамыту.
Мұндай тапсырмалардың мақсаты төрт түрлі болып келеді:
- оқушыларды машықтандыру, сергіту;
- оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психикалық механизмдерін дамыту (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
- іздену тапсырмаларын орындату арқылы оларды өз беттерімен жұмыс жасай білулеріне дағдыландыру;
- оқушыларға белгілі түсініктен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында шығармашылық тапсырмалар орындату.
Бұл кезеңде репродуктивті тапсырмалар беріледі. Оқушы әрбір сауалды өте ұқыптылықпен тыңдап, оған айқын, тез жауап беруі қажет. Мұнда пәнаралық байланыс міндетті түрде пайдаланылады.
Сөйлемдегі негізгі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден басқа синтаксистік бірліктер: бірыңғай мүшелер, жалпылауыш сөздер, айқындауыш мүшелер де осы тәртіппен құрамы мен жасалу жолына қарай талданып отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет