Жазғаныңмаған ұнады. Айтқаным түсінікті ме? Оныңкелер - келмесі белгісіз. Басқаайтарымжоқ . Субстантивтеніп бастауыш болатын сөз тобының бірі – с а н е с і м . Есептік сандар бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас мағынасында жұмсалады:
25 үшке тең бөлінбейді. Оннан төртті алсаң, алты қалады. 25маған тағы қайтып келді (Жамбыл).
Жинақтау, реттік сандар ол қызметте көбінесе кісі туралы айтылған есім болады:Төр бөлмеден шыққан үшеу деұзын столға ұзақ отырып, қалды. Үшеуміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік (Ә.Әбішев). Үшінші кім? Алтыншы алға түсті. Жинақтау, есептік сан есімдер ІІІ жақтық тәуелдік жалғауда көбінесе бөлшектеу, кейде жинақтау мағынада бастауыш болады:
Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастықтың екеуі қонақ шынтағында. Ерлі байлы екі адам бірі оны, бірі мұны істеп, екеуі де қонақ жабдығында жүр(Ғ.Мұстафин). Механизм бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс, бірі теріс болса, сол бір тоқсан тоғызды бөгейді. (Ғ.Мұстафин). Жалпы алғанда, субстантивтенген бастауыштар мақалды – мәтелді сөйлемдерде көбірек кездеседі де, сйлем арқылы айтылатын ойды ықшамды етуде үлкен қызмет атқарады.
Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара,керек сөздерін сен малға қара, мысыққа ойын керекдегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды.
Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер – етістіктер. Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты болу керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты. Жападан жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзінен-өзі шық, түс десе,сырттан тыңдаған кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, - етістік мағынасындағы шық, түс пе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады. Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді.ал Мені шақырған кім?дегенде: - Мен десе,осы айтып отырғаның рас па? дегенде: - Рас десе, олар толық мағыналы баяндауыш болар еді.
Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай – ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылу керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында тұруы болады. Жамал отызда. Ол тәртіпті. Сапар – доктор,т.б. Етістіктің кел, ал, бер, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында, жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер тұрған орнына қарай баяндауыш бола береді дедік. Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде бастауышсыз да жұмсалады, бастауышпен орын ауысып та айтылады: Кел, балалар, оқылық (Ы.Алтынсарин). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл).
Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынасы екі түрлі болып келетіндері: тұр,отыр,жатыр,жүр.Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та, ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін.
Б а я н д а у ы ш т а р д ы ң н е г і з г і т ү р л е р і.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты – басты негізгі екі салаға бөлінеді:
1. Е т і с т і к б а я н д а у ы ш т а р: 2. Е с і м б а я н д а у ы ш т а р.
Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар д а р а к ү р д е л і және ол екі түрі аралас айтылған қ ұ р а м а болуы мүмкін.
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі –баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдерді баяндауыштарының дені –етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр ( Ғ.Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде-ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе береді.
Етістіктердің сөйдемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы:
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Абай). Амантайдың жүрегі аттай тулады... Ол түтіннің исі жерге жоламайды (С.Мұқанов) Қазақ тілінде де әлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізгі қызметі – қимыл процесінің құбылмалы нәзік реңктерін білдіру.
Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бірталайы көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кеде төрт я бес етістікті болып та келеді.
Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен басқалары – түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп бара жатыр едім деген бесеуі біріне бірі ұласқан бір істің жайын хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр. Екінші сөйлемде бес етістік бар. Оның алдыңғы екеуі ( сүрініп кетіп) пысықтауыш қызметінде де, соңғылары ( жығылып қала жаздадым) баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Соңғы үш етістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді.
К ү р д е л і б а я н д а у ы ш қ ұ р а м ы н д а ғ ы е т і с т і к т е р д і ң қ ы з м е т і . Көмекші етістіктер жоғарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың ш а қ т ы қ, т ұ р п а т т ы қ (в и д т і к), м о д а л ь д ы қ , т.б. мағынасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі. Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші қызметте жұмсала берілмейді, олардың біріне – бірі үйлес келетін, бірін – бірі толықтыратын, кейде біріне екіншісінің мағынасына қарсы келетін етістіктерден құралып, синтаксистік бірлік жасалады.
2. Тұрлаулы мүшелер-сөйлем құрауға негіз болатын предикативтік бірлік. Тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрауда атқаратын рөлі туралы ғалымдар арасындағы пікірталас бас мүшелерінің тығыз граматикалық байланысынан туындаса керек. Бастауыш-сөйлемдегі ұйымдастырушы бас мүшенің бірі, оған баяндаушы граматикалық тұлғасы жағынан тәуелді. Алайда баяндауыштың қолданылуындағы дербестік, сөйлемдегі ойды тиянақтау мүмкіндігі-баяндауыш мүшенің сөйлемдегі доминанттық рөлін айқындайды.
Түркологияда, соның ішінде қазақ тілінде бас мүшелерді зерттеу мәселесіне ғалымдардың әр түрлі аспектіде келуі аталған мүшелердің граматикалық сипатын ашуға мүмкіндік жасайды. Бас мүшелерге анықтыма беруде, олардың граматикалық тұлғаларын анықтауда төмендегідей ерекшеліктерді басты назарда ұстаған жөн:
1.Қандайда болмасын тілдік категорияға берілетін анықтама логикалық емес, граматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Сондықтан бастауышқа анықтама беруде оның тек ой иесі екендігін көрсету-граматикалық бастауыштың табиғатын таныта алмайды. Анықтамада оның тұлғасы егер өзге мүшелермен синтаксистік байланысы қамтылу керек.
2.Сондай-ақ анықтамада синтаксистік қызмет атқарып тұрған сөздің симитикасы емес, осы категорияға ортақ граматикалық белгілері негіз болуы керек. Баяндауышқа тән граматикалық белгісі біріншіден, сөйлемдегі ойды тиянақтауы болса, екіншіден, белгілі бір жақ тұлғасында тұруы.
3.Граматикалық бастауыштың тұлғасы – атау септігі. Тек атау тұлғадағы сөз ғана баяндауыштың предикаттық қатынасқа түсе. Сөйлем құрай алады.
4.Атау тұлғадағы бастауыш дегеніміз – атау септігінің формасында тұрып, субстанттық мәнде жұмсалып, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.
5.Логикалық бастауыш – граматикалық бастауыш секілді сөйлемде айтылған ойдың иесі. Айырмашылығы – тұлғасында. Граматикалық бастауыш атау септігінде тұрса, логикалық бастауыш ілік, барыс септік тұлғаларында тұрады.
6.Сөйлемдегі баяндауыштың негізгі граматикалық тұлғасы-жіктік жалғаулары. Жіктік жалғауы өзі жалғанған сөздің тиянақтылық сипатына ықпал ете отырып, оны бастауышпен жақ жағынан қиыстыра байланыстырады.
Сөйтіп, тұрлаулы мүшелердің граматикалық тұлғасы дегеніміз, кейбір оқулықтар мен граматикаларда, жеке зерттеулерде көрсетіліп жүргендей, осы қызметті атқарып тұрған сөздің сыртқы морфологиялық құрылымы емес, сол сөзді аталған позицияға түсіріп тұрған арнайы морфологиялық көрсеткіш. Ол тұлға бастауышта атау септігі, баяндауышта жіктік жалғаулары.