Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет11/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
тұтыкпа

Бірінші кезең

Үндемеу режимі 4-6 күн жүргізіледі. Логопед (топта-тәрбиеші) балаларға сөйлемеу керектігін түсіндіреді,балалар .лкендердің талаптарын орындайтын сөздік емес амалдар ойлап табады, әр түрлі сөйлемейтін ойындармен қамтамасыз етеді, үндемеу кезеңінде балалармен серуендеу жолын ойластырады.

Сабақ оқытатын сипатта болады: логопед немесе тәрбиеші балалармен сурет көреді, ертегі айтып береді, музыкалық балалар шығармасын тыңдайды, яғни балаларды логопедтің талаптарын тыңдап, оны орындауға, бірақ сөйлемеуге үйретеді. Логопед ол топта тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлер үндемеу режимі кезінде сыбырлап сөйлейді.

Үндемеу режимін сақтау әсіресе ойын барысында, серуендеп жүргенде және үйде ұиын болады. Мұнда сөйлемей отырып ойнайтын дидактикалық ойындар, мазайкалар ойнайтын, құрастырып ойнайтын ойындар өткізуге болады.

Бұл кезеңде логопед балаларда сөйлеудің дыбыс мәдениетін түзету арқылы дыбыстауды түзете бастайды: естіп қабылдауы мен естіп есте сақтауын, көріп қабылдауы мен көріп есте сақтауын, кеңістікте бейімделуін дамытады, еліктеушілігін, жалпы және қол моторикасын түзетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет