Туберкулезбен ауырєан науќастардаєы ґкпелік ќан кету


Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың ӨҚКде қолданылатын полирадикалды және хирургиялық тәсілдер



бет8/9
Дата27.09.2023
өлшемі44,52 Kb.
#110622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың ӨҚКде қолданылатын полирадикалды және хирургиялық тәсілдер .
Қазіргі кезде ӨҚК-де хирургиялық, эндоскопиялық және эндоваскулярлық тәсілдер арқылы науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге болады . Сондықтан да ӨҚК мен сипатталынатын өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда комплекстік емдік шараларға тек фтизиатор – терепевт маманы ғана емес, анестезиолог , хирург және эндоскопист ат салысуы қажет .
ӨҚК де консервативті емнен нәтиже байқалмаса наркозбен емдік мақсатта трахеобронхоскопия , өкпеден қан кету көзі анықталмаса дипгностикалық мақсатта трахеобронхоскопия қолданылады . Сонымен қатар айналымдағы қан көлемінің кенеттен төмендеуімен сипатталынатын тыныс жетіспеушілігі кезінде және қан ұйындыларымен бронхтың бітелуіне күдік туса трахеобронхоскопия бронх өткізгіштігін қалпына келтіретін емдік тәсіл болып табылады .
Өкпеден қан кетіп жатқан өкпе бронхысынан бронхоскоп арқылы қан ұйындыларын ашады .Бұл өз кезегінде науқасты гиперкапния мен ацидозды азайту үлкен гипервентиляция жасауға мүмкіндік береді . ӨҚК қан кетіп жатқан негізгі бронхқа бронхоскопиялық түтік енгізіледі . Егер ӨҚК аз көлемде болса гемостаз зақымдалған үстіне сегментті әр түрлі гемостатикалық ерітінділермен жуумен ғана шектеледі . Бұл үшін полиэтиленді катетр және шпатель түтікпен қосылған аспирациялық аппарат сегементарлы не үлестік бронхқа енгізіледі .Егер ӨҚК сегментарлы орналасқан болса , сегментарлы бронх қуысын бітейтін фибробронхоскоп қолданылады . Катетр не фибробронхоскоп арқылы гемостатикалық ерітінділер енгізіледі :
А) салқын физиологиялық ерітінді 40 - 60 мл
Б) 5 % аминокапрон қышқылы 40 – 80 мл
В) 1% фенокрил 1 0- 15 мл
Г) физиологиялық ерітінді 100 мл + гидрокортизон 1 мл + 10% кальций хлориді 3 – 4 мл .
Гемостатикалық бронхиалды лаваж консерватиыті емнен нәтиже болмай , ұзақ уақыт қан түкіру және ӨҚК мен сипатталынатын науқастарға , ӨҚК нің асқынулары өкпеге радикалды хирургиялық ота жасаудың операциялық ота жасаудың операция алды және операция кейінгі кезеңде қолданылады .Массивті және жылдам қан кетуде айналымдағы қан көлемін 30 –40 % ға азайғанда , поролонды стерильді губкамен бас бронхты сегментарлы және бөліктік бронхты бітеу үшін жедел трахеобронхоскопия жасалады . Поролонды обтуратор көлемін бітелетін бронх қуысынан диаметрі 2,5 – 3 рет болуы қажет .
Бронх артериясын сан артериясы арқылы катетеризациялау арнайы ренгеноскопиялық кабинетте жүргізіледі . Аррозивті бронх артериясын анықтау үшін контрастты зат енгізеді , содан соң оны қан ұйындыларымен спангостан тифлонды велюрмен бітейді . ӨҚК де бронх артериясын иммобилизациялау мына жағдайда көрсетіледі: яғни екі жақты өкпе туберкулезімен, фиброзды ошақты өзгерістерде операция жасау мүмкін болмағанда . Туберкулезді процестің таралуына байланысты радикалды және полиативті операциялар : сегментоэктомия , лобэктомия , пневмоэктомия , торокопластика , өкпе артериясына байлау жүргізіледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет