Өкпеден қан кеткен науқастардың айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру принциптері Көпшілік жағдайда ӨҚК концервативті емдің әсерінен өкпедегі қан кетудің баяулауы байқалады. Қан кету көлемін бақылай отырып, лабороториялық көрсеткіштерді—гемоглобин, эритроцит, гемотокрит көлемін анықтап отыру қажет.
Айналымдағы қан көлемінің 10-15% жоғалуы және нормоволемия кезінде қан плазмасын коллоидты және кристолоидты ерітінділер құю қажет.
Айналымдағы қан көлемінің 20-30% жоғалуымен сипатталатын гиповолемия кезінде эритроцитарлы масса(қан кету көлемі 30-50%), плазма (10-20%) және коллоидты ерітінділер құюмен сипатталады.
Егер айналымдағы қан көлемінің 35-50% жоғалтумен және қан аздықпен сипатталынса, трансфузия көлемі эритроцитарлы масса 40-50%, плазма 15-20% , полиэлектролитті, глюкозалы ерітінділер және метоболикалық ацидоздың корректорларын құюмен толықтырылады.
Негізгі орынбасушы ем және олардың мөлшері:
Эритроцитарлы масса 150мл-ден 4-6 трансфузия, күн ара;
Тромбоцитарлы масса 125 мл 1 күн үзіліспен 6 – 8 трансфузия , тромбоцитопения 50 *10 9/ л болғанға дейін құю .
Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың ӨҚК тоқтатудың коллапсотерапевтикалық тәсілдері . Ертеде кең көлемде қолданған ӨҚК де жасанды пневмоторакспен пневмоперитенеум қазіргі кезде консервативті еммен нәтиже болмауы және бронх артерияларының трахеобронхоскопты санациясы және эндоваскулярлы эмболизациясының нәтижесі болмағанда қолданылады . Жиі өкпе төменгі үлестік деструктивті туберкулезбен сипатталынған ӨҚК де пневоперитенеум гемостатикалық әсер көрсетеді . Бұл мақсатпен құрсақ қуысына 800 – 1200 мл ауа жіберіледі .