Поливалентті протеаз ингибитор жалпы және жергілікті протеазды тежейтін поливалентті протеаз ингибиторларын қолдану , бұл зақымдалған қан тамыр аймағында тығыз фибрин ұйындысының түзілуімен сипатталынады .
Деструктивті туберкулезбен ауыратын науқастарды қайталамалы ӨҚК де гемостатикалық ем күре тамырға емдік физилогиялық ерітінділер 300 – 500 мл 10 % кальции хлориді 5 мл және 12,5 - 25 мг гидрокортизон 1 – 2 рет тәулігіне тамшы түрінде беру жақсы нәтиже көрсетеді .
Аспирациялық пневмонияның алдын алу үшін бұл қоспаға 300000 – 500000 Б пеницилин немесе кең спектрлі басқа да антибиотиктер қосады . Жергілікті өкпе ішілік гемостаз үшін бронхоскоп арқылы бірінші бронхоальвеоларлы лаваж жасалады . ( физиологиялық ерітінді 100 мл + 10 % кальции хлорлы 2 мл + гидрокортизон 12,5 мг ) Гемостатикалық препараттарды қолдану қанның ұю жүйесінің өзгерістеріне байланысты . ӨҚКдің бастапқы сатысында кальции иондары бұзылмаған , сондықтан кальции препараттарын енгізу аз әсер етеді . Ұзақ созылатын диапедезді қан кетулерде 2 – апта бойы К витаминін енгізу жақсы нәтиже береді . Тромбоцитарлы массаны қанда тромбоциттер саны кенеттен төмендегенде құйады .