Туған жер өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық. Туған жердің қадірін Шетте жүрсең білерсің. Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті



бет2/4
Дата07.04.2023
өлшемі27,62 Kb.
#80349
1   2   3   4
ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ

85. Денсаулық – зор байлық


86. Шынықсаң шымыр боларсың.
87. Бірінші байлық-денсаулық
88. Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.

ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
89. Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
90. Көздің тазалығын кірпік сақтаса, 
Жүректің тазалығын ұят сақтайды. 

91. Тазалық – денсаулықтың кепілі.



АРМАН-МАҚСАТ ТУРАЛЫ
92. Арман — адамға қанат.
93. Ақылы жоқтың — арманы жоқ.
94. Арманымен — ер сұлу,
Орманымен — жер сұлу.
95. Әділдік мақсатқа жеткізеді.
БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ

96. Ғылым - теңіз, білім - қайық.


97. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар

98. Өнер — ағып жатқан бұлақ,


Ғылым — жанып тұрған шырақ.
ӘДЕТ-ҒҰРЫП ТУРАЛЫ
99. Дәстүрі жараспағанның
Дәм-тұзы жараспайды. 

100. Салтын білмеген сауапты түсінбейді.


101. Дәстүрдің озығы бар
Дәурені өткен тозығы бар.


АБЫРОЙ, АР-НАМЫС ТУРАЛЫ
102. Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.
103. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.

104. Жігітке абыройдан айырылғанша,


Жанынан айырылған артық.
ҰЯТ ТУРАЛЫ
105. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

105. Қазаннан қақпақ кетсе,


Иттен ұят кетеді.
106. Ұят кімде болса, иман сонда.

ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ
107. Жақсы - жаныңа жолдас,
Жаман - малыңа жолдас.

108. Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

109.Жақсы көргенін мақтап жүрер,


Жаман көргенін даттап жүрер.

110. Жақсының аты өлмейді


Ғалымның хаты өлмейді

111.Жамандықты көп қуған


Бір бәлеге жолығар,
Жақсылықты көп қуған
Бақ-дәулетке жолығар.
ДОСТЫҚ
112. Дос басыңа қарайды,
Дұшпан аяғыңа қарайды.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.

113.Күлме досыңа,


Келер басыңа

114.Досы көпті жау алмайды


Ақылы көпті дау алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет