“ҚОРҒАНСЫ ЗДЫ Ң КҮНІ” (7-сы ны п)
Қ о р ған сы зд ар тағд ы р ы н су реттей тін ж азу ш ы н ы ң
алғаш қы ш ығармаларының бірі — “Қорғансыздың күні».
Әңгімеде дала тағдыры — А қан мен Қалтайдың қара жер
көтере алмайтын жауыздығы, панасынан айырылған үш
сорлы әйелдің ауыр тағдыры, ағайындар, туыстар арасын-
дағы аш көзділік пен тасбауы рлы қ, даладағы ж үгенсіз
кеткен жуандардың әлсіздерге істеп жүрген сүмдықтары
шынайы қалпымен ба5щцалады. Өмір шындығьщан алынған
осы шығарманы оқыту, онымен жасөркендерді таныстыру-
дың ең басты мақсаты — жауыздық, тасбауырлық, қорқау-
лықтан сақтандыру, адам деген атқа лайық емес істерден
жирендіру болуы керек. Сондай-ақ жазушыньщ суреткерлік
шеберлігін таныту, тіл көркемдігімен таныстыру әңгіменің
өзіндік ерекшелігін саралау да негізгі мақсаттардың бірі.
Автор әңгімеде қорғансы з Ғазиза тағды ры н баяндай,
қорғансыздардың өзекті мәселелерін көтере отьфьш, әңгіменің
шарықтау шегінде оларды жанын сала қорғайды. Әңгімеде
автор сырт баяндаушы, әңгімелеуші ғана емес (бір цараганда
солай көрінеді), дала жауыздарын айыптаушы, қаралаушы,
5 5
әділ төреш і биігінде де көрінетін сиякты. Оған дәлел —
әңгіменің ең соңғы беттері. “Менде ж азы қ жоқ, ментазамын”
— деген ашық тазалықтың белгісі, балалық жүзінде қайғы-
қасіреттен сейілген ж ас баланың аж ар ы бар”, — деген
сипаттаулар — Ғазизаның сәбилік, періштелік тазалығын
араш алау, оқырманға еш күнәсыздығын дәлелдеуі іспеттес.
Енді әңгіменің озіндік ерекшелігіне тоқталайық.
Әңгімені, сырт қарағанда, бір-біріне онша қатысы жоқтай
бірнеше бөлімдер қүрайды.
I.
А рқалы қ өңірінің табиғаты, ел жайы.
II.
Күшікбай батырдың тарихы, арлы өлімі.
III. Ақан мен Қалтай, олардың қорғансыздар үйіне келуі.
IV. Кемггірдің зары, ағайындар, ел билеупгілер озбырлығын
әңгімелеу.
V.
Шөп қора ішіндегі айуандық.
VI. Ғазизаның жоғалуы. Аналар зары.
VII. Ғазизаның әке қабірі басында үсіп өлуі.
Н егізгі оқиға үш інш і бөлімнен басталаты н сияқты.
Дегенмен әңгімеге үңіліп қарайықш ы . Күшікбай кезеңінің
тарихын баяндағанда, Күшікбайдың өлгелі жатса да, намыс,
ар үш ін атқа қонып, нағыз ерлерш е өлуін әлсіз сәбиге,
жетімдерге жауыздық жасаған А қан мен Қалтай істеріне
қарсы қойып, “Қайсысы — адам, ер, қайсысы — адам жауызы,
тағысы?” деген негізгі сүрақты тастайтын сияқты. Олай
болса, К үш ікбай тарихы тегін алы нбаған. Сондай-ақ,
кем пірдің зары ндағы Ы см ағүл, Дүйсендер — даланың
дүниеқоңыз, ашкөз қасқырлары болып әңгімеленсе, Ақан
мен Қалтай олардан да қорқау. Бір сәттілік нәжіс сезім үшін
олар мүсылман қауымы естіп-білмеген жауыздық жасайды.
Ж ас гүлді таптап, бір ошақтың күлін көкке үшырады.
Дала жауыздығы әр сипатга екен. Ағайын туыс арасындағы
ж оқ мейірім сырт адамда қайдан болсын?! Ел билеушісі
А қан осындай болғанда, қатардағы дан нені сүрайсың?
Осындай сүрақтар әңгіме негізінен суырылып шығып,
оқырманға еріксіз қойылып, ойлантатындай. Тіпті Арқалық
өңірінде, әсіресе Күшікбай кезеңінде үзілмей соғып түратын
долы боран, адам қиянаты мен жауыздығының шет-шегі жоқ
деген ж асы ры н ойды сыбырлап түрғандай ма, қалай?!
Бәлкім, соның дәлелі ретінде Ғазиза (өмірін) өлімін берген
шығар?!
Міне, әңгімені оқытқанда, мүғалім оның негізінде жатқан
осындай иірімдерін ескеріп, әдіс-тәсілдердің тиімді дегендерін
сүрыптап алуы керек.
5 6
Үйге алдын-ала оқуға бергенде, әңгіменің жалпы мазмүнын
меңгерту мақсат етіледі, жоспар ж асап келу тапсырылады.
Ж аңа сабақтың кіріспесінде мүғалім төмендегідей шолу
сүрақтар арқы лы әңгіме мазмүнын қысқа, түжырымды
түрде ғана айтуды талап етеді:
1. А қан мырза мен Қалтай туралы әңгімелеңдер.
2. Күшікбай кезеңінің тарихы туралы не айтылған?
3. Ж үдеу үй, оның түрғындары қалай суреттелінген?
4. Кемпір әңгімесінің негізгі желісін, кейуананың мүң-
зарын әңгімелеп беріңдер.
5. Шөп қорадағы айуандық, Ғазизаның мүң-зары.
6. Ғазизаның қазасы.
А лғаш қы сабақтарда сүрақ-ж ауап арқылы әңгіменің
негізгі м азм үны н м еңгерту ойласты ры лады . Одан соң
А р қ ал ы қ тауыны ң суреті, А қан мен Қ алтай портреті,
қорғансыздар үйі, оның іш індегі ж андар сипаттамасы,
Ғ ази зан ы ң зо р л ы қ т а н к е й ін г і іш к і м ү ң -за р ы , ө л ім і
баяндалатын жерлердің негізгі дегендерін оқып, түсіндіріп,
оқушылардың әңгіме мазмүнын одан әрі меңгеруі жалғас-
тырылады. Әрине, мәтін оқуға оқушылар қатысып отырады.
Мәтінге ж уы қ әңгімелету, Ғазиза монологын мәнерлеп
оқыту сияқты мәтінмен жүмыс істелінеді. Келесі сағатта
мүғалім проблемалық сүрақтар қоя отырып, проблемалық
баяндау арқылы әңгімені талдау жүмысын жүргізеді. Үйге
ол үшін алдын ала мынадай сүрақ-тапсырмалар беріледі:
1. Табиғат көрінісін қайталап оқып шығыңдар. Жазушы
тіліне назар аударыңдар. Қалай ойлайсыңдар, табиғат
көрінісінің әңгімедегі адамдар тағдырына қатысы бар ма?
2. Күшікбай батыр туралы аңызды еске түсіріңдер.
Оның әңгіменің негізгі оқиғасы, айтар ойына қатысы бар
ма?
3. Кемпірдің зары арқылы жазуш ы не айтпақ болған?
Ондағы тасбауыр ағайын, туыстар жайлы не айтар едіндер?
4. Қалтай мен Ақанның портреттеріне назар аударьпідар.
Портреттері олардың кім екеніне ж ауап бере ала ма?
5. Ж азуш ының негізгі кейіпкерлеріне деген сезімін
әңгімеден сезе алдыңдар ба? Сезсеңцер, дәлелдеңдер.
6. Әңгімедегі қорғансыздар кімдер? Қорлауш ылар
кімдер? Қорғансыздарды автор қорғай ма? Қорлаушыларға
қалай қарайды?
7. Әңгімедегі айтылар ең негізгі ой қай оқиғадан баста-
лады?
5 7
О куш ы ларға берілген бүл сүрактар мүғалім әңгіме-
лекциясының жоспары, бағыты болып келеді.
Т алкы лау кезінде мүғалім ең алдымен оқуш ыларды
тыңдайды. Ол үшін кей сүрақтар бойынша ж үпты қ жүмыс
жүргізіп отырған тиімді болмақ. Себебі, сабақты талқылауға
бүкіл үж ы м ны ң каты суы н үйымдастырады, екіншіден,
олардың ойлануына, бір-бірін толықтыруына уақыт береді,
өз беттерім ен ж а у а п б ерулерін е ж етел ей д і. Ж ү п ты қ
жүмыстарды бірінші, төртінші, бесіштті сүрақтарды талқылау
кезінде ж үргізуге болады. Соңғы сүрақ бойынша шағын
пікірлесу өткізу де тиімді. Сонымен, бүл әңгімені оқытуды
үш кезеңге бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |