Кезең
Мазмұны
Өдіс-тәсілдер
1
Әңгіменің мазмүны н мең-
герту.
— Алдын ала берілген сүрақтар
бойынш а қысқа, түж ы ры мды
мазмүндату.
— М үгалімнің толықтыруы.
— С үрақ-жауап.
2
Мәтінмен ж үмы с. Табигат
көріністері, қоргансы здар
үйі, жолаушылар портреті.
Арқалық тауы, Күш ікбай
кезеңі, авторлык баяндау,
Ғазиза монологы.
— Түсіндірмелі оқу.
— Үжымдық жүмы с.
— Мәнерлеп оқу.
— Кітаппен жүмыс.
— Мүгалім әңгімесі.
— С үрақ-жауап.
3
Әдеби талдау. Мүғалім тү-
сінігі. Қорытынды.
— Проблемалық сүрак, пробле-
малық әңгіме-лекция.
— Үжымдық жүмыс.
— Шагын пікірлесу (соңгы сурақ
бойыніиа) .
Сабақ кіріспесінде әңгіме оқиғасының өмірде болғанын
Т.Ж үртбаевтың “Бесігіңді түзе” эссесінен қысқа ғана үзінді
оқи отырып, айта кетуге болады.
“ЕҢЛІК-КЕБЕК” ТРАГЕДИЯСЫ (IV АКТ) (8-сынып)
М.Әуезов өзінің драмалық шығармаларымен де туған
халқы ны ң әдебиетін әлемдік биікке көтерді. А лғаш қы
“Еңлік-Кебегінен” бастап, трагедия жанрында мәңгі өшпес
драмалық туындылар қалдырды.
Орыстың үлы актері Станиславский драмалық шығар-
малар сахнада ғана өмір сүретіндіктен, кітапта оның өліп
жататынын айтқан екен. Шынында да, осы пікір драмалык
шығарманың өзіндік ерекшелігін даусыз айғақтайтындай.
5 8
Драмалық шыгармалардың өзіндік табиғатын жете түсінетін
білікті үстаз гана оны оқытудың тиімді жолдарын таба
алады. Әуезов драмаларының басты ерекшеліктері: оқиға
қалыңдыгы, оқиға ауырлығы, ж анталасқан тартыс пен
шайқаса қарпысу, найзагайдай ойнаған характерлер, шақпақ
тастай ж арқылдаған диалогтер, түпсіз терең, әрі кейіпкер
характерін паш ететін монологтарында деп айтар едік.
Әсіресе, халқының фольклоры, бай ауыз әдебиеті, даладағы
билер “соғысы”, әдет-салт, әділетсіздік пен әділет, тағылық
пен махаббат, т.б. тартыстары ширақтығымен, терендігімен
оқырманын да, корерменін де баурап алады.
Әуезов трагедияларын, тіпті комедиялық туындыларын
да селқос оқу мүмкін емес. Ж алпы мектепте драмалық
ш ығармаларды оқыту өте күрделі. Ең алдымен, әңгіме,
өлеңдердей емес, драманы оқушылар өз еркімен, сүйіп оқи
бермейді. Оның себебі, бір жағынан, күрделілігінде жатса,
ек ін ш і ж ағы н ан , оқу б ағд ар л ам асы н д а өте аз оры н
алатындығында.
“Еңлік—Кебекті” оқыту алдындағы оқушы қызығушылы-
ғын ояту барысында мүғалімнің “Абай ж олы ” эпопеясының
“Абай аға” бөліміндегі Абайдың жастарды Еңлік-Кебек
жатқан молаға алып баруын, мола басындағы тебіренген
сөзін оқып беруіне болады. Сабақтың кіріспесінде Еңлік-
Кебек оқиғасының өмірде болғанын, оны Ш әкәрім ақынның
да ж ы рлаған ы н айтып, М .Әуезовтің осы драм асы ны ң
ж азылуы мен алғаш рет Әйгерім отауында қойғанынан
мәлімет берген дүрыс. Сондай-ақ, трагедияның алғаш қы
актілеріндегі оқигалармен таныстырып, түжырымды түрде
қысқаша әңгімелеу де артық емес. Егер қолда бар болса,
трагедияның өтілгелі отырған актісін күйтабақтан тыңдатуға
немесе жоғары сынып оқушыларының көмегімен алдын ала
дайындаған көріністі тамаш алатуға болады. Мүғалімнің
мәнерлеп оқуы, түсіндірмелі оқу да бүл сабақта белсенді
әдіс болып табылады. М үғалім алдын ала оқыту үш ін
төмендегідей мазмүндағы тапсырма бере алады:
1. Бесінші суретте қатысатын кейіпкерлерді, олардың
іс-әрекетін есте үстауға талаптану.
2. Еңлік пен Кебектің елден хабар күтуі. Олар қандай
хабар күткен еді?
3. Ж әуетай әкелген суық хабар сипаты, оның Кебекке
әсері. Кебек ашуының түпкі сыры.
4. Есен мен Кебектің айқасы. Есен Кебекті неге іздеп
келіп сайысқа түседі?
5 9
5. Еспембет пен оның айналасындағылардың сөздеріне
назар аудару. Олар Еңлік пен Кебекке неге шүйлігеді?
6. Кебектің айыптауш ылар алдындағы монологы мен
Еңлік өтініш інің мәніне назар аудару. Еңліктің үш
өтінші.
7. Ж апал мен Абыз диалогін қайталап оқыңдар. Ол
диалогтің терең мәніне үңілуге талаптаныңдар.
8. Егер осы бесінші суретті сахналау керек болса,
кімнің рөлін ойнар едіңдер? Себебін ойлаңдар. Өзіңе қай
кейіпкер үнады? Кімдер жирендірді?
Ескерту. Үзіндіні алғаш қы сабақтан кейін, үйде екінші
рет оқуға қайталап беру керек. Сол кезде түсінбеген сөздерді
белгілеп келуді тапсыруға болады.
Кіріспеден кейін осы сүрақтар айналасында әңгімелесу
өткізіледі. Әңгімелесуді түсіндірмелі оқумен байланыстыра
отырып, мүғалім әр кейіпкер сөзінің мәнін түсіндіреді.
Ш ығармадағы негізгі тартысқа оқушы назарын аударады.
Бірінш і тартыс — Кебек пен өзі сенген елі, яғни Тобықты
билеушілерінің арасы екенін, екінші тартыс — Кебек — Есен
арасы, үшінші тартыс Еспембет бастаған қанішерлер мен
Еңлік — Кебек махаббаты арасындағы тартыс, төртінші
тартыс — дала тағылары мен халық қамқоры, махаббаттың,
бейкүнә жастардың Қызыр бабадай қорғаушысы қарт баба
Нысан Абыз, халық үлы, қарапайым еңбек адамы Ж апал
аралары ндағы тартыс екенін түсіндіру қаж ет. М үғалім
түсінігі, пікірі трагедиядан нақты мысалдар оқу арқылы
өрбіп отыруы керек. Монолог, диалогтерге ерекше көңіл бөле
отырып, м үғалім олардың ең негізгілерін оқу арқы лы
түсіндіреді. Әсіресе, осы IV актының бесінші суретіндегі
Кебек монологының маңызы бөлек. Елден тағдырларын
шешетін хабар тосып отырған Кебек: “Не деп келер? Не
десер?! Екінің бірі: Я үл атаны п, ел табам, я қаніш ер
болаттың қайратын сарапқа салып өлтіремін! Өлісем” —
дейді. Осы жердегі Кебек сөзінің мөніне үңілейік. “Я үл
атанып, ел табам” деуінде қаншама үміт, қаншама сенім
жатыр. Тек сенім мен үміт емес, қобалжу, белгісіздік, күдік
те атойлап түр. Неге “үл атанып, ел табам” дейді? Осы сөздің
мәні неде? Басына іс түспей түрғанда, Кебек тобықтының
қалқаны болды, үлы болды? Сол ел енді “тентек” Кебектің
бір ісін кешер ме, ара түсер ме, әлде өлімге оп-оңай қия
салмақ па? Үлым десе, ел кешер, онда Кебек елін табар, елі
6 0
Кебекті табар. Егер осы сөзді мәнерлеп кана оқи салса, оның
терең мәні ашылмас еді. Бүдан ӘуеЗовтей сөз алыбының
шығармасын, әсіресе, драмалык ш ығармаларын оқытудың
күрделілігі, қиындығы байқалады. Әуезовтің тілі — күрделі
тіл. Әр сөзі шешендік толғамдарға, пәлсапалық ойларға
қүры лған . Б ү гін гі б ал ал ар бір оқы ғаннан оны түсіне
қоймайды, сол себептен де мүғалім ең алдымен мәтінді
түсіндіруге ерекше көңіл бөлуі қаж ет. Біз бір ғана мысал
арқы лы Әуезов тілінің қы р-сы ры н үғынудың оқуш ы ға
қанш алықты қиынға түсетінін аңғартуға талаптандық, ал
ондай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. Қайталап
айтсақ, мүғалім ең алдымен көркем мәтінді толық меңгертуді
басты мақсаты етіп алуы керек. Бірінші сағатта мүғалім
мәтінді меңгертуге көп күш жүмсаса, екінші сағатта оны
талдауға кіріседі.
Талдау мақсатында алдын-ала мынадай тапсырмалар
беруге болады (уйге):
Б ірінш і топқа Кебектің іс-әрекеті, сөйлеу тілінен
мысалдар тапқызу, сол арқылы оған ауызш а мінездеме
беру.
Екінші топқа Еңлік;
Үшінпіі топқа Есен;
Төртінші топқа Еспембеттер образдарын беру.
Ал бүкіл сынып оқуш ы лары на Абыз бен Ж апалды ң
диалогтерін ж аттап әрі мән-мағынасын түсініп келуге
тапсыру. Сабақ барысында мүғалім оқушылардың жауабын
тыңдай отырып, талдауды жалғастырады, үжымдық жүмыс
арқы лы жазуш ыны ң шеберлігі, тіл көркемдігін таныту
айналасында еңбектенеді.
Ү ж ымдық жүмыс:
а)
Жүптың екі оқушысына мынадай тапсырма беріледі:
Бірінші оқушыга: Абыздың сөйлеу тілінен шешендік
оралым, терең ойға қүрылған сөздерді табу. Мүмкінді-
гінше түсінік беруге әзірлену.
Екінші оцушыга: Кебек сөзінен отты, уытты, шешен,
тапқыр сөздерді табу, мәнін түсіндіру.
ә) Бүкіл сынып оқушыларына өз тілектері, еріктеріне
қ ар ай өзі таңдап ал ған кей іп кер лер т іл і бойынш а
осындай мазмүндағы сөздерді табу тапсырылады.
Ж үптық және жалпы сыныптық тапсырмаларды талдап
болғаннан кейін, мүғалім трагедиядағы жазушы шеберлігіне
тоқталып, оны нақты мысалдар арқылы дәлелдейді IV актідегі
61
монологтардың тереңдігіне, диалогтердің найзағайдай өткір-
лігіне, кейіпкер тілдерінің пәлсапалық мәніне (әсіресеАбыз
тілі) тоқталады. Қорытындыда немесе алғашкы кіріспенің
озінде-ақ трагедия жанры, монолог, диалог, тартыс, акт,
сурет туралы түсінік беру, әдеби-теориялық үғымдарды
қалыптастыру жүзеге асуы керек. Сабақ барысында рөлге
бөліп мәнерлеп оқу, көрініс көрсету сияқты тәжірибеде
бүрыннан кеңінен пайдаланылып ж үрген тәсілдермен қоса
(оқушы қабілетін дамыту мақсатындагы), шағын әдеби
пікірталасын өткізу арқылы қиялдаулары мен ойлануларына
да кеңінен жол ашуға болады. Пікірталас сүрақтары мынандай
болуы мүмкін:
1. Еңлік пен Кебектің еш әрекетсіз ж ау қолына оп-
оңай түсіп, аж алға мойынсүнуына қалай қарайсыңдар?
Өзің олардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2. Еңлік пен Кебектей махаббаты үшін қүрбан болар
жастар қазір бар деп ойлайсыңдар ма?
3. Қай кейіпкер өздеріңе үнайды, несімен үнайды?
Сыныптан тыс оқуға “Еңлік—Кебекті” түтастай үсынуға
болады.
6 2
ОҚУШ Ы ЛАРДЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ, АУЫ ЗШ А
ЖӘНЕ Ж А ЗБАШ А ТІЛДІ ДАМЫТУ Ш ЕБЕРЛІГШ Е
БАУЛУ
“Өнер алды — қызыл тіл”, — дейді халқымыз. Мектепте
берілетін бүкіл білім мен тәрбие, ең алдымен, сөз арқылы
ж үзеге асырылады. Сондықтан да оқуш ы ларды ң тілін
дамыту — тек әдебиетші, тілшілердің ғана емес, барлық пән
мүғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына
қойылатын бірыңғай талап. Оқушы еңбегін ғылыми түрде
үйымдастырып, осы мәселеге ерекше назар аударып жатқан
м ектептерде “Өнер алды — қы зы л т іл ” немесе басқа
тақырыптарда жасалған стендтерді кездестіруге болады.
Олар, бір жағынан, оқуш ыларға көмекші-нүсқау қызметін
атқарса, екінші жағьшан, бүкіл мектеп үжымының назарын
басты арнаға, келелі мәселеге аударады.
Ү лгі: “Өнер алды — қызыл тіл».
— Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сүлу да ойлы сөйлеуге
үйренейік.
— Әдемі, әдеби сөйлеудің қайнар бүлағы — кітап. Олай
болса, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге
назар аудар, есіңе үста, өзіңнің сөзіңде пайдалан.
— Әдемі сөйлеудің қайнар бүлағы халы қ тілінде.
а) Шешендік, ақыл-нақылға негізделген даналық сездерге
назар аудар. Ол үшін жыраулар толғаулары, терме жырлар,
ауыз әдебиеті үлгілерін коп оқы.
ә) М ақал-м әтелдерді сөздік қоры ңа қосып, оларды
үтымды пайдалануға тырыс.
б) Ш ешендік қоржынын жаса. Бүл қоржыныңа әрлі-
нәрлі сездерді жинап, жазба жүмыстарыңа пайдалануға
тырыс.
“Көп сөз — комір, аз сөз — алтын”. Мәдениетті, әдемі
сөйлеу үшін, коп сойлеу міндетті емес. Қай жерде болсын,
айтарынды қысқа айтуға тырыс. Сөйлемдерің шүбалаңқы,
6 3
ш аш ыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы —
қыстырма сөздерді, ж ергілікті жерлерге ғана пайдаланатын
сөздерді пайдаланбау, “әй, ей” деп, тындаушыны да мазалай
беру әбестік болады. Сөйлеу мәдениеті деген — ең алдымен
әдепсіз, коргенсіз создерді қолданбау. Осыған абай бол.
Екіншіден, айғайлап, дабырлап, екіленіп сойлеме. Пікір
таластырып тұрсаң да, сабырлы, басыңқы сөйлеуге тырыс.
Басқаны толық тында, сөзін бөле берме. Өзің де айтарыңды
ж инақы етіп жеткіз.
Өрине, бүл нүсқауды оқып, балалардың барлығы әдемі
сөйлеп кетеді деген үғым тумаса керек. Тіл дамыту —
әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды
с ал а с ы . Ол ж ү й е л і тү р д е ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ б ағы т т а
ж үргізіледі. Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы
сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу
к е р ек деп ү қ п а у к ер ек. Ж о ға р ы д а ай ты л ған д ай , тіл
дамытуға мүғалім әдебиет пәнінің әр сағатында сыныптан
тыс жүмыстарда үнемі көңіл аударып отырады. Өдебиет
саб ағы н д ағы тіл д ам ы ту о қ ы т ы л ы п ж а т қ а н к ө ркем
шығарма, оның көркем тілін меңгерту негізінде жүзеге асуы
керек. Оқушылардың көркем тілін дамытуда әдебиет пәнін
басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы зор. Тіл
мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілді жетілдіруде
қ азақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мүғалім тіл
дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір мақсатқа, бір
бағытқа жүмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға
арнайы сағаттар беріледі әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан
көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мүғалім оқу-
шылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жүмыстар
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |