Екінші тәсіл бойынша инновация − инновациялық қызметтің түпкілікті нәтижесі болып табылады. Бұл ұстанымды жақтаушылар Р.А. Фатхутдинов, А.Л. Суворова, Д.И. Кокурин, Титов А.Б., Шабанова М.М., Д.В. Соколов. Үшінші тәсіл инновацияны сапалы өзгеріс процесі ретінде қарастырады, бұл көзқарасты ұстанушылар – Ф.Ф. Бездудный, Г.А. Смирнова, О.Д. Нечаева, Б. Твисс, олардың пікірінше, «инновация – бұл жүйенің сапалы жаңа жағдайын және оның тиімділігін арттыруға бағытталған элементтер арасындағы байланыстарды қалыптастыру процесі» [5-7].
Төртінші тәсіл бойынша инновация процесс және нәтиже деп қарастырылады. О.К. Абрамов, А.В. Костин и Г.Г. Азгальдов, В.В. Лапшов сияқты ғалымдар инновацияны нәтиже мен процестің бірлігі ретінде қарастырады [8]. Біздің ойымызша, бұл тәсіл дәйекті болып табылады, өйткені кез-келген қызмет әр түрлі іс-шаралар мен әрекеттерден тұратын процесс және ол белгілі бір нәтиже береді.
Американдық экономист және социолог П. Друкердің еңбектерінде инновациялар нақты ойластырылған басқарушылық шешімдердің объектісі ретінде сипатталған. Ғалымның пайымдауынша басқару теориясы тұрғысынан инновациялар сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне қатысты болатын жүйенің адаптивті реакциясы, сондай-ақ, ішкі ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру құралы болып табылады [3, б. 13; 4, б. 13; 9].
Аталған ғалымдардың еңбектері инновациялар туралы ақпаратты жинау, өңдеу мен талдау жөніндегі бірқатар халықаралық стандарттардың пайда болуына негіз болды. Инновация статистикасы жинақталған және олардың зерттеу әдістемесі берілген алғашқы құжат «Фраскати» нұсқаулығы болды. Оны 1963 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы Италияның Фраскати қаласында қабылдады. Бұл нұсқаулықта инновация ұғымы жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде нарыққа шығарылған тауарлар, сонымен қатар, нарықта қолданылатын, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде жүзеге асырылатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Фраскати нұсқаулығында іргелі зерттеулер, қолданбалы зерттеулер және эксперименттік даму сияқты ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері қамтылған, оның соңғы басылымы 1993 жылы халықаралық стандартқа айналды. Фраскати нұсқаулығын әзірлеушілердің бірі – ұлттық инновациялық жүйе теориясының негізін қалаушы К. Фримен болды [10].
1992 жылы Норвегияда Осло нұсқаулығының алғашқы басылымы шығарылды, бүгінде оның төрт басылымы жарияланған. Осло нұсқаулығының 2005 жылғы үшінші басылымында инновация дегеніміз – жаңа немесе жетілдірілген өнімді (тауарды және қызметті) немесе үдерісті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік тәжірибеде жұмыс орындарын ұйымдастыруда немесе сыртқы байланыстарда жаңа ұйымдастыру әдісін енгізу деп анықтама берілген және инновация 4 түрге бөліп қарастырылған: өнім инновациясы, процестік инновация, маркетингтік инновация және ұйымдастыру инновациясы.
2018 жылы жарияланған Осло нұсқаулығының төртінші басылымына сәйкес инновация – бұл жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үдеріс, ол алдыңғы өнімдерден немесе үдерістерден айтарлықтай ерекшеленетін әлеуетті пайдаланушыларға берілген өнім немесе пайдалануға енгізілген үдеріс. Осло нұсқаулығының төртінші басылымының ерекшелігі – жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы және олардың жаңа бизнес-модельдерге әсері, білімге негізделген капитал маңызының артуы, инновациялық үдерістер мен олардың экономикалық салдарын түсінудегі прогресс сияқты негізгі үрдіс ескерілген. Сонымен қатар, инновациялардың түрлері ықшамдалып, өнімдік инновация және бизнес процестер инновациясы деп 2-ге бөліп қарастырылған [11].
Туристік саладағы инновацияларды зерттеу 1980 жылдары инновациялық мәселелерді зерттеудің жеке саласы ретінде пайда болды және 2000-шы жылдары әлемдік туристік сала мұнай-химия, машина жасау өнеркәсібінен кейінгі маңыздылығы бойынша үшінші және қызмет көрсету саласында бірінші орында болуына байланысты бұл саладағы инновациялар ғылыми қоғамдастықтың басты назарында болды [12]. Бұл саладағы инновациялар туралы алғашқы ескертпелердің бірі − Қызметтер саудасы туралы Бас келісім (GATS) ережесінде қамтылған. Құжатта туристік саладағы инновациялық қызметтің үш бағыты көрсетілген, оларға ұйымдастырушылық инновация, маркетингтік инновация, өнім инновациясы жатады [13].
Л.Р. Маклашинаның айтуынша, туристік саладағы инновациялар − бұл ғылым, техника, IT-технологиялар жетістіктерін, басқару мен маркетинг салаларындағы озық тәжірибелерді қолдана отырып, жаңа туристік маршруттар мен жобаларды әзірлеу болып табылады. Оларды қолданысқа енгізу халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, кірістерінің өсуін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге, елдің және облыстардың туристік беделін жақсартуға мүмкіндік береді [14]. М.М. Зуева туристік саладағы инновацияға туристік ағындарды ұлғайтуға, жеке сұранысты қанағаттандыруға және одан асып түсетін ұсыныс жасауға бағытталған туристік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттер деңгейінде жоспарланған, мақсатты, басқарылатын өзгерістер мен жаңалықтар деп анықтама берді [15]. Л.Н. Давыденко туристік саладағы инновациялардың әдіснамалық негіздерін зерттеп, инновацияның әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі айрықша сипаттамаларын бөліп көрсетті[12, с. 60-64] (1-кесте).
Кесте 1 − Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде инновацияның айрықша сипаттамалары
Белгілер
|
Сипаттама
|
Зерттеушілер
|
1
|
2
|
3
|
Радикалдылық
|
Ескірген жүйемен салыстырғанда инновациялық жүйе жұмысының сапалы жаңа деңгейі
|
Й. Шумпетер
|
Игерілуі
|
Сапалы жаңа нәтиже алу үшін инновацияларды енгізу және игеру қажеттілігі
|
Циклдік
|
Инновация даму процесінде өмірлік циклдің 4 кезеңінен өтеді
|
Б. Санто
|
Процестілік
|
Жүйенің жұмыс істеуінің сапалы жаңа тәсілін құру
|
|
1-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
|
процесі
|
|
Табыстылық
|
Еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ерекше сипаттамалары бар өнім шығару арқылы қосымша пайда алу
|
П. Друкер
|
Нарықтық сұраныс
|
Нарықта бәсекелестік артықшылыққа ие болу мүмкіндігі
|
М. Портер
|
Бірқатар жетістіктердің жинақталуына негізделген
|
Инновация бір ғана технологиялық серпіліске емес, аздаған жақсартулар мен жетістіктерді жинақтауға негізделген.
|
|
Даму трендтерінің өркениеттілігі
|
Өркениеттік өзгерістер (адамзаттың жеміс-жидек жинау мен аңшылықтан аграрлық, индустриялық, постиндустриалдық кезеңге, ал 21 ғасырда білім экономикасына көшуі) инновациялық технологиялар арқылы тұрақты даму тенденцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
|
Э. Тоффлер,
Х. Тоффлер,
А. Кинг,
Б. Шнайдер,
В. Поскробко, Р. Тиборовски
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [12, с. 62]
|
Авторлардың пікірімен толық келісуге болады, себебі, туристік саладағы инновациялар біртіндеп дамуға әкелетін және кері байланыс процесін қамтамасыз ететін шағын қадамдар тізбегі арқылы жүзеге асырылады. Бір инновация міндетті түрде екінші инновацияның туындауына себепкер болады және бүкіл саланың жағдайына әсер етеді [14, с. 179; 16]. Туристік саладағы инновацияларды кешенді игерудің үрдістері мен заңдылықтарын зерттеу, оң нәтижелерді жоспарлау және оларды басқару − инновациялардың типологиясымен тікелей байланысты күрделі әдістемелік мәселе болып табылады. Біз Е.В. Яковенко мен Е.А. Лапаның ғылыми еңбектерінде туристік сала бойынша қарастырылған инновация типологиясын зерделедік. Бұл типология жаңалықтың дәрежесі мен ауқымы, қолдану жиілігі және инновацияны жүзеге асыру қарқыны сияқты бірқатар репрезентативті өлшемдерді қамтиды және инновацияны әзірлеу, енгізу және қолдану нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, интегралды тиімділік алуға болатыны анықталған, сонымен қатар, нәтижелер төмен, орташа және жоғары деңгей көрсеткіштерімен сипатталады [17-18].
A.M. Hjalager де туристік саладағы инновацияның типологиясын ұсынды [19]. Ғалым Абернати-Кларк моделін туризм саласына бейімдеп, оны Transilience map деп атады. Transilience map компаниялардың қолданыстағы ресурстарына инновацияның әсер ету мүмкіндігін көрсетеді, инновацияларды енгізу және дамыту − кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктеріне оларды сақтау немесе жою түрінде тікелей әсер етеді. Бұл модель компанияның ағымдағы стратегиясын талдауға, болашақ стратегияны жоспарлауға және сала үшін маңызды ұйымдастырушылық өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Ә, Б, В қосымшаларында туристік саладағы инновациялардың жіктемесі және оларға қысқаша сипаттама берілген [13, с. 98; 17, с. 105; 18, с. 18; 19, р. 465; 20-25].
Саланың инновациялық дамуы – басқарудың ішкі жүйесін жетілдірумен байланысты сапалы өзгерістерге негізделеді. А. Николаев инновациялық даму – бұл инновациялық процесс қана емес, сонымен қатар, инновациялық әлеуетті дамыту деп есептейді. Инновациялық даму процесінің 2 негізгі құрамдас бөлігі бар − инновациялық жобаларды жүзеге асыру және инновациялық әлеуетті дамыту (1-сурет).
Сурет 1 − Инновациялық даму схемасы
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [26]
А. Николаев инновациялық дамуды жалпы нәтижеге әсер ететін жүзеге асырылған инновациялар тізбегі ретінде қарастырады, оған менеджмент, маркетинг, қызметкерлерді оқыту, қаржы, сату және т.б. кіреді. Сонымен қатар ғалым, инновациялық тоқыраудың басты себептерінің бірі – қоғамның инновациялық мәдениетінің болмауы деп атайды [26]. Инновациялық даму экономикалық көрсеткіштермен тікелей байланысты, мысалы, О.В. Никулинаның ғылыми көзқарасы бойынша инновациялық даму – бұл экономикалық көрсеткіштердің абсолютті және салыстырмалы өзгеруімен, өсуімен сипатталатын ғылыми жетістіктерді жүзеге асыру болып табылады және кәсіпорынның ғылыми, өндірістік, экономикалық, коммерциялық, қаржылық, маркетингтік, басқару қызметіне инновацияларды енгізудің мақсатты үздіксіз процесі [27].
С.А. Рахимованың пайымдауынша, инновациялық даму инновациялық процесті басқару арқылы мүмкін болады және ол бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді ұйымдастыру бойынша шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығын құрайды. Инновациялық дамудың басты нәтижесі – жоспарлау, инновациялық саясатты қалыптастыру, инновациялық стратегияны жүзеге асыру және инновациялық әлеуетті пайдалану арқылы нарықта сұранысқа ие жаңа өнімді алу болып табылады. Инновациялық процестің барлық элементтері мен кезеңдерін іске асыру мүмкіндіктерін бақылау, инновациялық инфрақұрылыммен өзара іс-қимылды ұйымдастыру – бұл инновациялық даму деңгейін болжауға және бақылауға мүмкіндік береді [28].
Инновациялық дамуды кәсіпорынның, саланың басқару жүйесінде жеке тізбекті бөлуді талап ететін басқару объектісі ретінде қарастырған А.В. Сухоруковтың ғылыми көзқарасы тұрғысынан, инновациялық даму кәсіпорынның немесе саланың экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік тиімділігін арттыратын көрсеткіштермен сипатталады [29]. Жоғарыда келтірілген теориялық көзқарастардың негізінде туристік саланың инновациялық даму сипатын ашатын анықтамаларды қарастыру қажеттілігі туындап отыр, мәселен, В.П. Баранчеев бойынша инновациялық дамудың мәні − басқарылатын объектінің әр түрлі бағыттағы даму мақсаттарына жету үшін инновациялық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану болып табылады, мақсаты − кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін күшейту, оған табысты инновациялық жобалар портфелі есебінен қол жеткізуге болады [30]. С.В. Валеева туристік саланың инновациялық дамуы – бұл жаңалығымен ерекшеленетін және саланың дамуында оң өзгерістерге әкелетін жүйелі іс-шаралар деп қарастырады [31]. Автор аталған саланың инновациялық дамуының ерекшелігі – көптеген салалар мен процестерді қамтуында деп тұжырымдайды. Бұл ғылыми көзқарастар зерттеу мәселесінің бір ғана аспектісін қарастырады.
Л.Р. Маклашина туристік саланың инновациялық дамуын азаматтар, тұтынушылар, мемлекеттік басқару органдары, туристік фирмалар мен туристік индустрия кәсіпорындары қатысатын күрделі процесс ретінде қарастырады [14]. Осындай ұқсас ғылыми көзқарасты A.M. Hialager мен D.G. Omerzel ұстанады, олар туристік саланың инновациялық қызметінің тиімділігіне тұтынушылармен, бәсекелестермен, зерттеу ұйымдарымен, компаниялармен және туристік сала субъектілерімен ынтымақтастық және нетворкинг оң әсер етеді деп санайды [19, р. 469; 20, р. 8; 32].
И.Н. Ветров туристік саладағы инновациялық менеджменттің негізгі кемшіліктерін анықтады. Ол, бір жағынан туристік кәсіпорындардың инновациялық қызмет процесін толық қабылдамауын, екінші жағынан инновациялық қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындарға мемлекеттің қолдаудың аз екендігін атап өтті [33]. Кез келген саланың инновациялық дамуы үшін оны дұрыс басқара білу қажет. Инновациялық дамуды басқару бойынша С.С. Елецкаяның ғылыми көзқарасы келесідей: инновациялық дамуды басқару – инновациялық қызметті стратегиялық, тактикалық және жедел басқару тұрғысынан жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басқару механизмін қалыптастырумен байланысты [34]. Е.И. Пискунның пікірінше, инновациялық дамуды басқару – бұл стратегиялық және тактикалық мақсаттарды дамытуға және белгісіздік пен сыртқы ортаның әсерін тегістеу үшін жүйеге әсер етудің векторлары мен бағыттарын анықтауға негізделген процесс болып табылады [35]. Р. Батталов, инновациялық дамуды басқару — бұл басқару органдарының ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік инновациялардың дамуын мақсат қоюға, болжауға, жоспарлауға бағытталған қызметі деп анықтайды [36]. Л.Ю. Ананьева инновациялық дамуды басқару – тез өзгеретін жағдайлар мен сыртқы орта факторларына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі құзыреттерін әзірлеу және түрлендіру арқылы инновациялық өнімдерді, технологиялар мен процестерді құру саласындағы күш-жігерді біріктіру бағыттарын анықтауға арналған деп есептейді [37].
И.В. Роздольская инновациялық дамуды басқару – бұл ұйымның өміршеңдігі мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және оған жаңа сапа беретін өзгерістерді енгізу процесіне мақсатты әсер ету деп мәлімдейді [38]. Ғалымның ғылыми көзқарасы Реймер В. анықтамасында тереңірек қарастырылған, автор инновациялық дамуды басқару – бұл сандық және сапалық өзгерістер енгізу стратегиясы мен тактикасын іске асыру аясында басқарылатын ішкі жүйенің мақсатты әсерін қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы деп қарастырады. Автор басқару объектісі ретінде барлық деңгейдегі инновациялық жүйелер, инновациялық процестер мен олардың жеке элементтері, инновациялық қызмет және оның субъектілері, инновацияларға сұраныс пен олардың ұсынысы, инновациялық жобалар және т.б. бола алады деп тұжырымдайды [34, с. 28].
А.Б. Курловтың пікірінше, инновациялық дамуды басқару – жеке субъектілердің инновациялық үдеріс шеңберіндегі күш-жігерін біріктіруге және инновациялық қызметті тартымды етуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ғалым инновацияларды басқаруда тек сызықтық байланыстарға негізделген менеджменттің директивті әдістерін қолдануға жол бермеу керек, себебі, инновацияларды енгізу нәтижелері арасында кері байланыс жоғалады деп тұжырымдайды. Оған қоса, А.Б. Курлов инновациялық процестерді басқару мен стратегиялық шешімдер әзірлеудегі басымдық билік органдарына емес, сарапшыларға берілуі тиіс деп санайды [34, с. 29]. Инновациялық дамуды және оның ресурстық қамтамасыз етілуін басқарудың заманауи жүйесі келесі функционалды элементтерді қамтуы тиіс (2-сурет).
Сурет 2 – Инновациялық даму мен оның ресурстық қамтамасыз етілуін басқарудың заманауи жүйесінің функционалды элементтері
Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [34, с. 29]
Осылайша, саланың инновациялық дамуын басқару – бұл инновациялық әлеуетті ұтымды пайдалану арқылы экономикалық өсуге бағытталған инновациялық қызметті жүйелі басқару болып табылады. Инновациялық әлеуетке материалдық, еңбек, қаржы, ақпараттық ресурстар сипатындағы инновациялық капитал жатады [39-53]. Туристік сала экономиканың басқа салаларынан өзіне тән бірқатар ерекшеліктерімен дараланады. Біріншіден, туристік сала материалдық емес сипатымен, қызметтер мен тұтынудың өзара байланыстылығымен, ақпарат қарқындылығымен, адам факторының маңыздылығымен және ұйымдастырушылық факторлардың шешуші рөл атқаратындығымен ерекшеленеді. Екіншіден, бұл саладағы инновацияларды басқарудың дәстүрлі менеджменттен айырмашылығы – ол тұрақсыз ішкі және сыртқы жағдайлармен, белгісіздік және тәуекелдің жоғары деңгейімен байланысты[54-65].
С.С. Гвоздиков бойынша туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың негізгі мақсаттарына инновациялық басқаруды ұтымды ұйымдастыру, қаржылық және экономикалық, әлеуметтік қиындықтарды жеңу, бос уақытты өткізудің инновациялық формаларын ұйымдастыру, инновацияларды құру, туристік салаға инновациялық қызмет түрлерін енгізу жатады [66]. А. Каденюк пікірінше, туристік саланың инновациялық дамуын басқару бойынша негізгі міндеттер – инновациялық саясатты және оны іске асыру механизмдерін әзірлеу, инновациялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру, жоспарлар мен бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және оларды орындау, инновациялық қызметті басқарудың құрылымын құру, инновацияларды әзірлеу процестерін ұйымдастыруды жоспарлау, инновациялық процесс кезеңдерінің орындалуын бақылау, инновациялық бағдарламаларды ұйымдастыру және олардың дамуын жеделдету болып табылады [67].
Д.А. Рубан туристік саланың инновациялық дамуын басқару – өнімдер мен қызметтерге қатысты инновацияларды басқаруды, туризм мен рекреацияның инновациялық нысандарын дамытуды, аймақтық, ұлттық немесе халықаралық деңгейлерде өтетін инновациялық процестерге қатысуды қамтиды деп тұжырымдайды [68]. Т.В. Сысоева туристік саланың инновациялық дамуын басқаруда макро және микро деңгейлердегі инновациялық процестерді ынталандыру мен инновациялық менеджмент механизмін қалыптастыру керек деп есептейді [65, с.33]. ДТҰ анықтамасына сәйкес туристік саланың инновациялық дамуын басқару – бұл үкіметтердің, ғылыми ортаның, корпорациялардың, шағын және орта кәсіпорындардың, іскерлік серіктестерді қолдайтын стартаптардың, инвесторлардың және басқа да мүдделі тараптардың бірлескен іс-қимылдарын білдіреді. Туристік саланың экожүйесінде инновацияларды ілгерілету – барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығын қажет етеді. Мысалы, академиялық орта «ақылды бағыттар» мен туристік саладағы тұрақты инновациялар үшін модельдер әзірлеп, үкіметке, ШОБ және стартаптарға білім береді және бизнес-серіктестерге қолдау көрсетеді. Корпорациялар жаңа технологияларды әзірлеп, инновациялар туралы ішкі хабардарлықты арттырады, технологиялық көзқарасты жүзеге асырады және ашық инновацияға инвестиция салады. Стартаптар мен ШОБ туристік саладағы технологияларды әзірлейді және енгізеді, саяхатшылардың қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтап, қанағаттандырады және инновациялық туристік шешімдер табады. Инвесторлар тұрақты жобаларға инвестиция салады. Бизнес-серіктестер құндылықтар тізбегіне тікелей немесе жанама әсер ететін стартаптарды қолдайды [69].
Бірқатар ғалымдар, біріншіден, туристік саланың инновациялық дамуын басқарудағы басты мәселе – ұйымдардың зерттеу қабілеті мен R&D&I-ға деген ұмтылысын анықтау және технологиялық мүмкіндіктерін пайдалану деп санайды. Екіншіден, туристік саланың инновациялық дамуын басқару бойынша эмпирикалық зерттеулердің аздығы осы саладағы тиісті инновациялық стратегиялар мен саясатты әзірлеуге айтарлықтай кедергі келтіреді. Алайда, дәл осы мәселе саланың ұзақ мерзімді өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Оның басты себебі, туристік саладағы инновациялардың тиімділігін өлшеу және бағалау қиын, өйткені, бастапқы және қайталама деректер инновациялық үдерістің барлық өзекті аспектілерін қамтымайды, салалық статистика ауқымды эмпирикалық талдаулар жүргізу үшін сапалы деп айтуға келмейді, сол себепті, туристік саладағы инновацияны өлшеуді R&D&I көрсеткіштеріне, патенттік ақпаратқа немесе басқа да өлшемдерге негіздеу бірқатар қиындықтар туғызады. Үшіншіден, туристік кәсіпорындар үздіксіз білімді дамытуға, патент алуға қаржылай ресурстар бөлмейді, олар өнертабыстарға қарағанда ұйымдастырушылық және маркетингтік инновацияларға назар аударады, туристік кәсіпорындарда R&D&I бөлімдері немесе инновациялық қызметті жүзеге асыруға арналған басқа да ресурстар сирек кездеседі [19, р. 473; 20, р. 5; 32, р. 753; 70-73].
Жоғарыда атап өтілген мәселелер «туристік саладағы инновациялық даму», «туристік саланың инновациялық дамуын басқару» терминдері мен тақырыпқа сай элементтер арасындағы байланысты зерделеуді қажет етеді (3-сурет).
Сурет 3 − Туристік саланың инновациялық даму тұжырымдамасы
Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [19, р. 473; 20, р. 5; 32, р. 753; 70-73]
3-суреттен көрініп тұрғандай, туристік саланың инновациялық дамуы инновациялық процеспен тікелей байланысты, оның инновациялық даму тұжырымдамасын осы салаға бейімделген CDMdis (Crepon, Duguet и Mairesse) моделі негізінде қарастырамыз. Модельге сәйкес туристік сала субъектілерінің инновациялық қызметі екі кезеңді процесс ретінде сипатталады және инновациялық белсенділікті ынталандыратын факторларды қамтиды. Бұл туристік саланың инновациялық дамуын басқарудағы негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді [72, р. 159] (4-сурет).
Сурет 4 – Туристік саладағы инновациялық процеске әсер ететін факторлардың тұжырымдамалық негізі
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [72, р. 159]
Бұл тұжырымға сәйкес бірінші кезең компанияның инновациялық процеске қатысу туралы шешіміне қатысты, бұл – ұйымды инновациялық қызметті жүзеге асыруға немесе оны инвестициялау туралы шешім қабылдауға әкеледі. Инновациялық қызметпен айналысу туралы шешім қабылдауға институционалдық факторлар әсер етеді. Инновацияларды енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейінгі кезең ұйымның инновациялық процеске тартылуымен сипатталады, оған жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен процестерді, басқару немесе операциялық жүйелерді зерттеу және дамыту кіреді. Инновациялық қызметтен қажетті нәтиже алу үшін ұйым ақпараттық технологиялар, адами капитал және т.б. сияқты тиісті инновациялық ресурстарға инвестиция салуы тиіс. Ұйымның мақсаттарына байланысты инновациялық қызметтің нәтижесі – жаңа туристік өнім немесе қызмет, компанияның тиімділігін арттыратын жаңа процесс, жаңа немесе жетілдірілген ұйымдастырушылық, басқарушылық, маркетингтік әдістер болуы мүмкін.
Инновациялық процесс басталмай тұрып, инновацияны немесе инновациялық қызметті ынталандыратын факторларды анықтау қажет. Инновациялық қызметті жүзеге асыруда «кіру ресурсы» ретінде нетворкинг, коллаборация, білім және адами капитал, технологиялық құзыреттілік, R&D&I, компанияның көлемі, меншік құрылымы, бәсекелестік дәрежесі, қоршаған орта, туристік саладағы саясат қарастырылады.
Жоғарыда келтірілген модель ұйымның жеткізушілер, тұтынушылар, бәсекелестер және зерттеу ұйымдары сияқты әр түрлі мүдделі тараптармен өзара ынтымақтасу арқылы өз инновацияларын жылжыта алатындығын білдіреді. Мысалы, жеткізушілермен бірлесе отырып, фирмалар ықтимал проблемаларды оңай анықтай алады, сол арқылы жаңа өнімдердің дамуын жеделдетіп, нарық талаптарына тез жауап береді, ал, тұтынушылар нарық мүмкіндіктерін анықтауға көмектессе, бәсекелестермен ынтымақтастық туралы келісім технологиялық білімді желі арқылы алмасуға мүмкіндік береді, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық инновациялар үлесіне шаққанда оң нәтиже алуға және зерттеулер есебінен инновацияның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
CDMdis моделі жаңа идеяларды генерациялайтын және инновациялық қызметті жүзеге асыратын адами капиталға бағытталған. Қызметкерлердің ауысуының жоғары коэффициенті – кадрлық проблемаларға, жаңа кадрларды даярлаудың жеткіліксіздігіне, компанияның білімін қорғауға, технологиялық білім мен оқуға, инновацияны ілгерілетуге және жүзеге асыруға деген мотивацияның болмауына қауіп төндіреді. Шетелдік авторлардың басым бөлігі нетворкинг пен адами фактордың қосындысы – туристік саладағы тиімді инновациялық саясаттың қуатты негізі бола алатынын ерекше атап өтеді және оның бір мысалы − Силикон алқабы [19, р. 470]. Қарастырылып отырған модельде технологиялар мен технологиялық құзыреттілік туристік саладағы өзгерістердің драйвері болып табылады, оған ішкі және сыртқы үйлестіру, коммуникация, электрондық маркетинг және қызметтерді онлайн сату жатады.
Сонымен қатар, бұл модельде туристік саладағы инновациялық процесті тежейтін институционалдық факторлар қамтылған, оған инновацияларды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жоқтығын жатқызуға болады. Мысалы, аталған салада туристік технологияларды әзірлеуге және оларды әлемдік нарықта жылжытуға мамандандырылған венчурлық кәсіпорындар кең таралмаған. Туристік сала R&D&I-ға инвестиция салудан гөрі, компаниядан тыс технологияны сатып алуға бейім.
Саланың инновациялық дамуында ұйымның меншік құрылымы мен көлемі маңызды рөл атқарады. Ірі кәсіпорындардың инновацияға бейімділігі жоғары, алайда, туристік нарықта шағын бизнес түрі басым. Сондықтан тәуекелді қабылдамау, өзгерістерге қарсы тұру, инновацияға уақыттың болмауы және оның маңыздылығын жете түсінбеу, ресурстардың шектеулігі сияқты мәселелер саланың инновациялық тұрғыдан дамуын тежейді. Шағын туристік фирмаларда ресурстардың жетіспеушілігі оның несиеге қол жетімділігінің болмауымен, қысқа мерзімділігімен және жоғары пайыздық мөлшерлемесімен сипатталады. Сәйкесінше, бұл өздігінен инновацияны құруға немесе оларды коммерциялық құрылымдардан сатып алуға мүмкіндік бермейді.
Осылайша, фирмалардың қаржылық мүмкіндіктері инновациялық процесте шешуші рөл атқарады және үлкен қаржы жұмсалымы мен инвестицияларды қажет етеді [73, р. 159]. Туристік фирмаларды инновациялық процеске тартуға ынталандыру үшін сыртқы қаржыландыру қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады. Бұл саладағы инновацияларды қолдаудың неғұрлым тиімді қаржыландыру көзіне мемлекеттік қаржыландыруды жатқызуға болады.
Модель авторлары қоршаған орта факторларын сыртқы және ішкі факторларға бөліп қарастырады. Мәселен, динамикалық сыртқы орта фирмаларды нарықтағы бәсекелестік позициясын сақтау немесе жақсарту мақсатында инновациялық ойлау мен бизнеске итермелейді. Сыртқы факторда нарықтағы бәсекелестік инновацияны жандандыруға әкеледі, бұл тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сұранысқа жауап беруде икемділікті арттыруға көмектеседі. Ішкі ортаға байланыс, әртараптандыру, өзгеруге ашықтық пен ресурстарды, компанияның корпоративтік мәдениетін жатқызуға болады. Туристік саланың инновациялық дамуына өзге де факторлар әсер етеді [74] (Қосымша Г).
Инновациялық үдеріс аясындағы барлық іс-шараларды инновациялық қызмет қамтиды. Біріншіден, инновациялық қызмет жаңа идеялар мен ғылыми білімді, технологиялар мен өнім түрлерін экономиканың әр түрлі салаларына енгізуге бағытталған [25, с. 230]. Екіншіден, инновациялық қызмет – бұл инновацияларға алып келетін технологиялық, ғылыми, коммерциялық, ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені.
Үшіншіден, инновациялық қызмет туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін пайдалануға және коммерцияландыруға бағытталған. Инновациялық қызметтің дамуы – экономикалық тиімділіктің өсуі мен бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді. Туристік саладағы инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын туристік өнім, субъект, объект, ұйымдастырушылар және қатысушылар тұрғысынан қарастырайық (2-кесте).
Кесте 2 – Туристік саладағы инновациялық қызметтің бағыттары
Бағыты
|
Сипаттамасы
|
1
|
2
|
Турөнім
|
a) туристік өнімнің жаңа түрлерін шығару; ә) дәстүрлі туристік өнімге жаңа қасиеттері бар қызметтерді енгізу; б) дәстүрлі туристік өнімдерді өндіруді ұйымдастырудағы өзгерістер және т.б.; в) жаңа туристік маршруттарды енгізу; г) жаңа технологияларды қолдану; ғ) жаңа туристік ресурстарды пайдалану; д) бизнес-процесті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері мен әдісте- рін қолдану; е) жаңа бағыттар мен жаңа өткізу нарықтарын ашу және т.б.
|
Субъект
|
a) есепке алу мен есептіліктің қазіргі заманғы нысандарын енгізу; ә) инновациялар мен ынтымақтастықты ынталандыру арқылы туризм мен маркетингті қолдау; б) елдің тартымды бейнесін қалыптастыру; в) инно-
|
2-кестенің жалғасы
1
|
2
|
|
вациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға мемлекеттің тікелей қатысуы; e) ірі инновациялық орталықтар құру; г) туризм саласындағы ҒЗТКЖ қолдау; ғ) венчурлік инновациялық қорлар құру; д) технополистер, технопарктер желісін құру және т.б.; е) туризм саласындағы кешенді ғылыми зерттеулер; ж) сала субъектілерінің зияткерлік әлеуетін басқару жүйесін жетілдіру; и) ақпарат алмасуға жәрдемдесу, дамыған және дамушы елдер арасындағы дағдылар мен технологиялар және т.б.
|
Объект
|
a) инновациялық өнімдер мен қызметтерді өндіру; ә) инновациялық өнімдер мен қызметтерді өндіру кезінде бұрын пайдаланылмаған жаңа туристік ресурстарды пайдалану; б) кадрларды олардың зияткерлік әлеуетін жүзеге асыру мен жаңарту, қызмет көрсету процесін технологиялық пысықтау үшін оқыту; в) жаңа әзірлемелер мен технологияларды пайдалану және т.б.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |