Туралы тоғыз мақала жазды


С З СОҢЫ немесе  з тілімізге  зіміз ие



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата20.01.2017
өлшемі12,51 Mb.
#2307
1   2   3   4   5   6   7

С З СОҢЫ

немесе  з тілімізге  зіміз ие 

болуымыз қажет

С

з соңында мемлекеттік мәртебеге ие 



болған туған тіліміздің тұғырлы болуы 

үшін отбасы да, білім жүйесі де, билік 

органдары да, бүкіл қоғам болып ана тілімізге 

қамқорлық жасауы қажет дегіміз келеді. Бұл 

үшін ең бірінші ұлттық рухымыз бен намысы-

мызды к терудің жолдарын ойластыру керек. 

Бұл бүгінгі күні отбасында тәрбие жұмысының, 

білім жүйесінің мазмұнын  з ұлтымыздың ежелгі 

құндылықтарымен байыта түсіп, қазіргі замана 

ұсынған жаңа идеяларды  з тарихи және ұлттық 

ерекшеліктерімізді ескере отырып қабылдау 

қажет етеді. Білімнің функционалдық қызметін 

арттыруда оның жалпы к лемін ұлғайтудың 

есебінен емес, балаларымыздың ойлана білу 

қабілетіне, логикалық жүйесінің дамуына ерек-

ше к ңіл б лген ж н. Ұлылық жүйелі ойлана 

білуден бастау алатынын ескерген абзал.  зімнің 

жоғары оқу орнындағы к п жыл байқағаным – 

ұл-қыздарымыздың ойлана білу  нерінің тым 

т мендігі. Бұл – олардың толымды азамат болып 

қалыптасуындағы басты кедергі.

Қазақстаннан  зге кез келген  ркениетті 

елдің азаматтары  з елінің мемлекеттік тілінде 

с йлейді. Ал біз осыдан ширек ғасырдай уақыт 

бұрын Тәуелсіздікке қол жеткізсек те, тіл саяса-

тында к ңіл к ншітерліктей нәтиже жоқтың қасы. 

Алаш арысы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық рухсыз 

ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды 

к рген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық 

рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың  зі ұлт 

азаттығы мен тәуелсіздігі аясында  сіп дамиды, 

жеміс береді» деген екен. Шынында да, ұлттық рух 

тамаша қасиеттерге ие етумен бірге  з ұлтыңды 

шынайы тануға,  з халқыңның алдындағы  з 

борышыңды жоғары сезіне түсуге к мектеседі. 

Ал мемлекеттік тіл – ұлттың  зіндік санасын 

қалыптастыратын бірден-бір құдіретті күші екенін 

ескергеніміз ж н. 

Тілімізге мән бермеу – еліміздің тағдырына 

мән бермеу. Тілінен айрылған елдің  зі де бірте-

бірте жойылатынын әрбір қазақ түсінгені дұрыс 

болар еді. Кезінде екі тілде білім беруді дұрыс 

ұйымдастыра алмай, ана тіліміздің үстемдігін 

қамтамасыз етпей, оны екінші қатарға шығарған 

болатынбыз. Енді балабақшадан үйретіліп жатқан 

қос тілдің үстемдігін ана тіліміз к тере алар ма 

екен. К пшілікті ойлантып жатқан осы мәселе. 

йткені қай уақытта да үстем тіл жергілікті тілді 

жұтып отырады. Мұны Ресей аймағындағы, 

 Америка жеріндегі байырғы халықтардың тағдыры 

талай дәлелдеді. 

Сондықтан с з соңында айтарым, жақсылықты 

к ктен де, жерден де іздемейік. Ұлттық рухымыз-

ды қамшылай, ұлттық намысымызды оята оты-

рып,  з тілімізге  зіміз ие болайық. Тіл – біздің 

жанымыз, бүгініміз де ертеңіміз. Осыны жете 

ойлансақ жақсы болар еді, ағайын!

ТӘУЕЛСІЗДІК 

және қазіргі қазақ тілі


АНА ТІЛІ

5

№47 (1357) 



24 – 30 қараша 

2016 жыл


ЕЛОРДАДА ФИЛИАЛЫ 

АШЫЛДЫ


Тәрбие тал бесіктен...

Астана қаласында «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина 

орталығының филиалы ашылды. Салтанатты шараға Астана 

қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік 

Байжүнісов, Халықаралық Түркі Академиясының профессоры 

діл Ахметов, қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есім,     ҚР 

Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай, Кардиология 

орталығының директоры Серік Ақшолақов, Мемлекеттік 

сыйлықтың иегері, ақын Несіпбек Айтұлы қатысты. 

«Жас-Ай» медицина орталығының негізін қалаған, 

медицина ғылымының докторы, профессор, академик, 

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Халықаралық «Сократ» 

атындағы Орденнің иегері Жасан Зекейұлы  з с зінде 

орталық ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту екенін атап 

тті. «Бұл орталықтың ұлт денсаулығын жақсартуға үлес қосу 

мақсатында ашылуы да ұжымым мен менің ғана емес, сондай-

ақ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған бүкіл қазақ 

елінің бізге деген сенімі мен қолдауының арқасы дер едім» деді 

Жасан Зекейұлы. 

Шара аясында қонақтар Халықаралық «Алаш» әдеби 

сыйлығының иегері Жанат Ахмадидің «Тектіліктің тегеуріні» 

атты романы, «Жас-Ай» медицина орталығының «Медиа» 

баспас з қызметі құрастырған «Ізгіліктің ізі бар...» атты 

жинағы тарту етіліп, медициналық ортақтың жұмысы таны-

стырылды. Айта кетейік, мұнда 15 маман қызмет етуде.

Б.РЫСБЕРГЕН

К

еліскен уақыттан екі-үш ми-



нуттай ерте келсем, ашық алаң-

ның к леңкелеу жа ғындағы 

столға Смекең мен қазақтан шыққан 

тұңғыш спорт шебері Шоқыр Б лтекұлы 

жайғасыпты. Амандасып болған соң тап-

сырыс беріп, әңгімелесіп отырмыз. Та-

нысатын ағам қашан т бе к рсетер екен, 

– деп жан-жағыма жалтақтап, қайта-қайта 

қарап қоямын.

– Шоқа, мынау Жүсіп деген жігіт. 

«Лениншіл жас» газетінің қызметкері. 

Біраздан Алматыда тұрады. Сізге інішек 

болып келеді, – деді бір кезде Семкең. 

Мен іштей «Смекеңнің ағаң дегені Шоқаң 

екен-ау. Бұл кісіні бұрыннан танимын ғой» 

– деп таңдандым да қойдым.

Шоқыр Б лтекұлын біреулер Маң-

ғыстаудан, біреулер Түрікмен стан нан 

деп айтып жүретін. Осы жағын анықтап 

алудың мүмкіндігі туған соң:

– Ағасы, қай жерде туып  стіңіз, – 

дедім.


– Жүсіп, менің  скен жерлеріме тоқ-

талсақ, ол бір-екі күндік әңгіме. Туған 

жерім Гурьев облысының Маңғыстау 

ауданындағы Сарықауақ деген шағын 

ауыл.  ке-шешеден ерте қалып, аз-маз 

оқыдым, – деді де қайтадан ойға шомды. 

Қанша іштартып суыртпақтатсам да бұдан 

әрі әңгімелесуге зауқы соқпай отырғанын 

байқадым да, «тағы бір реті болар» деген 

ниетпен ағамызды мазалаған жоқпын.

Түстенгеннен кейін стадионның 

оңтүстік бетіндегі «Спорт» газеті редак-

циясына келдік. Шоқаң к п кідірген 

жоқ. Сәлден соң үйге барамын деп кетуге 

ыңғайланғанда Смекең:

– Машина шақыртайын, апарып сал-

сын, – дегенде Шоқаң:

– Рахмет, әуреленбе Сматбек.  зім ба-

рамын, – деп қош айтысып шығып кетті.

Смекең маған:

– К рдің ғой ағаңды.  те қа рапайым. 

Мәй м ңкелеп с йлеп, қандай лауазым 

иесіне де жағым паз дануды білмейді. Атақ-

даңққа, мақтау с зге, шен-шекпенге 

қызыққан емес. Ондайға мән бермейді де. 

ТҰЛҒА

ҚАЗАҚ

ҚАЗАҚ

боксының атасы

боксының атасы

Алпыс сегізінші - мешін жылының 

шілде айы болатын. «Лениншіл жас» 

газеті редакциясында жұмыс істеп 

жүрген кезім. Іссапардағы әріптесім 

Өмірзақ Жолымбетов тен нөмірге 

салатын хабар күтіп отырған сәтім 

еді. Кенеттен алдымдағы қара 

телефон шыр ете қалды. Көтерсем 

республикалық «Спорт» газетінің 

редакторы Сматбек Төребеков екен. 

Сәкеңнің кейде ойдағы-қырдағыны 

сұрап, ұзақ амандасатын әдеті бар-

ды. Бұл жолы да біраз аман-саулық 

сұрасып, шер тарқатқан соң:

– Жүсіп пайғамбар (Кейде мені 

 солай атайтын. Ж.Х.) сүйінші. Сүйінші 

бересің бе?

– Аға, әуелі айтсаңызшы? Не үшін?

– Жо-о-оқ, сүйінші бересің бе, 

бермейсің бе?

– Мақұл, ағаның-ақ айтқаны бол-

сын, беремін.

– Ай, айналып кетейін ақылың 

бар ғой. Сен ертең түсте «Спорт» 

кафесіне кел. Сол жерде бір ағаңмен 

таныстырамын. Ал сүйіншің бар 

болғаны түскі ас.

– Аға, айтсаңызшы құпиялап 

отырған бейтаныс жаныңыз кім? 

Қай дан  келді?

– Айтпаймын. Жаңағы келіскен уә-

деңде тұр. Оңай құтыласың, қу бала. 

Кез дескенше сау бол, – деп трубканы 

қоя салды.

– Бұл кім болды екен? Өз ағала-

рымның ешқайсысы Смекеңді таны-

майды. Әрі келсе ең әуелі менімен 

хабарласады ғой. Не болса да Алма-

ты қаласында тұратын зиялылардың 

бірі шығар деген ойға тоқтап сабама 

түстім. 

Қазақстан Республикасының еңбек 

сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді.

Шоқаң  зінің  те қарапайымды-

лығына қарамастан ұлтжанды патриот

үлкен жүректі азамат еді. «Айтқаныма 

к несің, айдағаныма жүресің» заманының 

зінде ешкімнен қаймықпай, толқынға 

қарсы жүзді. «Қазағым, қазағым» деп, құр 

даңғаза айғайға салмай-ақ, қандастары 

үшін қолымен от к сеуге даяр жан екенін 

талай рет дәлелдеді. 

Шоқаңның тектілігі мен адамгер-

шілігін,  з ісінің шебері екендігін баға-

лап, құрметтеген зиялы қауым  кіл дері 

де баршылық. Соның айғағы ретінде 

қазақ әдебиетінің негізін салу шы лар-

дың бірі Б.Майлин, халық қаһар ма ны 

Б.Момышұлы, белгілі сазгерлер М.Т ле-

баев, Б.Байқадамов, Н.Тілендиев, қазақ 

теат ры мен кино сының жұлдыз дары 

Ш.Айманов, Е. мірзақов,  . мірзақо ва, 

К.Кенжетаев сынды арыстармен сый лас-

тықта болғанын атап  ту парыз. Бұған қоса 

танымал жазушылары мыз Б.Соқпақбаев, 

С.Бердіқұлов,  С.Бақбер генов термен  де 

сәлемі дұрыс еді. Аталмыш аза маттардың 

алтын мен мысты ажырата білетін жан-

дар екеніне ешкімнің күмәні бол маса 

керек. Демек, Шоқыр Б лтекұлы да сол 

асылдардың қатарында тұр деген с з.

Шоқыр Абай атындағы опера және 

балет театрында суретші бола жүріп, қазақ 

би  нерінің жұлдызы Нұрсұлу Тапалова-

мен танысып, 1954 жылы үйленіп, отау 

тігеді.  нер иелерінің отбасында Ақсұлу 

мен Ақтоты есімді қыздар  сіп жетілді. 

Жиендері Санжар мен Бауыржан болса, 

халық арасындағы «тұңғыштар жұбы» 

атанған атасы мен әжесін мақтан етеді. 

Бұлай аталу себебі – Шоқыр қазақтан 

шыққан тұңғыш боксшы болса, Нұрсұлу 

тұңғыш балет бишісі.

«Сабақты ине – сәтімен» деген бар 

емес пе? 2006-шы- ит жылының мамыр 

айында Шоқыр Б лтекұлының кіндік қаны 

тамған ауылда болып, Маңғыстау жақтағы 

ағайындарымен кездесуге мүмкіндік 

туды. Жергілікті мектептің суретшісі, 

әрі кезінде бокспен айналысқан ұстаз 

Сәттіғали Шәдібаев Б лтекұлының ең 

жақын туыстарының бірі болып шықты. 

Бірақ ол боксшы атасын к рмепті. К ңілге 

медет тұтқанымыз,  мір бойы Шоқыр жай-

лы баспас зде жарияланған мақалалардың 

түп-түгел тігулі тұрғандығы болды. 

Белгілі боксшы арамызда жүрсе, биыл 

100 жасқа толар еді. Бірақ Жаратқан Иеміз 

әркімге санаулы ғұмыр береді емес пе? 

С йтіп, қазақ спорты саласындағы айту-

лы тұлға Шоқыр Б лтекұлы 1994 жылы 

жарық дүниемен қоштасты. Т рт жылдан 

кейін жұбайы Нұрсұлу қайтыс болды. Екеуі 

де Алматыдағы Кеңсай зиратына қатар 

жерленген болатын. Кезінде еліміздің 

спорты мен  нерінің дамуына  лшеусіз 

үлес қосқан жандардың бейіті он жылдан 

астам уақыт жұпыны күйде жатты. Мұндай 

келеңсіздік мерзімдік баспас з беттерінде 

к теріліп, ел құлағына жетті. Жайсыз ха-

барды естіген бойда маңғыстаулық бокс 

бапкері Марат Жақиев дереу іске кірісті. 

Ол жанұшыра жүріп, демеушілерді де 

тапты. «Жұмыла к терілген жүк жеңіл» 

демекші, дереу бейіт тұрғызылып, мәрмәр 

тастан белгі қойылды. 

Ендігі бір жүзеге аспай тұрғаны, 

Шоқыр Б лтекұлының атындағы спорт 

мектебінің, спорт кешенінің болмай 

тұрғандығы. Сонымен қатар к шенің аты 

беріліп, таңдаулы боксшыларға атаулы 

стипендия тағайындалса да артық емес. 

Бұл айтылғандар тек Маңғыстау облысы 

т ңірегінде шектелмей, еліміздің  зге 

аймақтарында да қолдау тапса, нұр үстіне 

нұр болар еді. 



 Жүсіп ХИСЫМОВ,

Қазақстан Журналистер 

одағы сыйлығының лауреаты,

Құрметті спорт қайраткері

АСТАНА 


Сен дұрыс істедің, о кісі үсті-үстіне сұрақ 

қойып, мазалағанды жақтырмайды. 1950 

жылдан бері бірге жүрген шәкірті менімен 

де, ағыл-тегіл әңгімелесе бермейді. 

Айға жуық соңы нан қалмай жүріп, бір 

мақалалық деректі әрең аламын.

Бокс әлеміндегі даңқы күндей күркіре-

ген ағамызбен алғашқы дәмдес болуымыз 

осылай  тті. Енді қазақ боксының атасы 

Б лтекұлын к рген жерде с зге тартып, 

бірер сұрақтан беріп дерек жинау тәсіліне 

к штім. Бірақ онымен де тындырғаным 

шамалы еді.

Тоқсан бірінші – қой жылы Қа зақ-

стан  Республи ка сының  еңбек  сіңірген 

жаттықтырушысы Серік  бденәлиевтің 

бокстан Ел құрама сының бас бапкері 

болғанын естігенде, әрбір с зі шыңырау 

түбінде жатқан ағамыз ерекше толқып, 

қуанып, әдеттегі тұйықтық бұлтын сәл-пәл 

ыдыратып, шешіле сырласты.

–  мір бойғы темірқазығым – біреудің 

ала жібін аттамау, адалдық пен тәртіптің 

құлы болу. Қолғап киген бар шәкірттерімді 

баулығанда «олай ұр, былай ұр» деумен 

шектелген емеспін. Қолымнан келгенінше 

саналарын сәулелендіріп, ізгілік ша-

рапатымен де сусындатып, бойларына 

сына жазылады. Аптасына үш рет жаттығу, 

Шоқыр үшін ешқандай қиындық туғызған 

жоқ.

Бес айдан кейін жаңадан үйренген-



дер арасында жарыс ұйымдасты ры лады. 

Шоқыр үш қарсыласпен шығып, бәрінде 

де айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Жас талапкердің аяқ алысын байқаған 

бапкер, енді оны үшінші және екінші раз-

ряды бар спортшылармен шайқастырып 

к рді. Мұнда да қазақ жігітінің тегеуріні 

мықты екендігі байқалды. Иван Конс-

тантиновичтің шәкірттері Киев, Львов, 

Харьков қалаларындағы жоғары оқу орын-

дары студенттерімен к птеген жолдастық 

кездесулер  ткізді. Соның бәрінде де 

Шоқыр Б лтекұлы жеңіске жетіп, ұстаз 

мерейін  сіре түсті. Шеберлігі күн санап 

сіп келе жатқан шәкіртінің оқуын бітірер 

сәті жақындаған сайын Ивановтан маза 

кете бастады. Бірде кезекті жаттығудан соң 

Шоқырды жеке шақырып алып:

–   С а л ғ а н   с у р е т т е р і ң д і   М а т в е й 

 Никифорович Петренко мақтады. Ол 

талабы  те жоғары ұстаз. Осы айтулы 

әріптесімнің  зің ж ніндегі пікіріне 

қуанып қалдым. Рингтегі шәкірттерімнің 

арасында сенен асқан спортшы жоқ екенін 

– Апа, не болды? – дегенде, әйелдер 

жарыса аптыққан күйі:

– Мына пісте шағып бара жатқан екі 

жігіт қаймағымды ішіп, ақшасын т лемей 

кетті, – деді.

Шоқыр оларға дереу барып ақшасын 

т леңдер деген бойда, ұзындау сары қол 

жұмсауға ыңғайлана берді. «Шегінгені 

қ о ш қ а р д ы ң   ж а қ с ы л ы қ п е н   т ы н б а й -

ды» демекші, қас қағым сәтте не бола-

рын сезген Шоқыр иектің астынан сақ 

еткізді. Ұзынтұра мұрттай ұшып, картоп 

толтырылған қапшықтың үстіне гүрс етті. 

Екіншісі қол жұмсап үлгерді. Бірақ жалт 

бұрылған Шоқыр соққы дарытпай, мұны 

да шықшыттан бір соғып, кескен теректей 

болып жатқан досының үстіне сұлатты.

Осының алдында ғана одырайып 

жүрген базар «еркелері» бейшара күйде 

орындарынан тұра сала ақшаларын т леп, 

таланған күшіктей мүсәпірсіп қақпадан 

шығып бара жатты. Шоқырдың айна-

ласына бала-шаға, маңайдағы сатушы-

лар тауарларын тастай салып, топырла-

сып жиналып қалыпты. Бәлендей алып 

бара жатқан ерекшелігі жоқ жігіттің, 

еңгезердей екі дәуді шыбын құрлы к рмей 

жапырғанына елдің бәрі аң-таң. Туғалы 

еместігін кесіп айтты.  йтсе де  зіне 

деген сенімі мол Шоқыр алға тартқан 

үміттің жетегімен, жаттығуды үдете түсті. 

рі әріптестерімен ақырындап қол ғап 

түйістіріп қоюды да естен шы ғар ған жоқ. 

Бірақ жан алысып, жан берісіп шайқасқа 

түсу сәті ертелеу сияқты.

Ол жылдары Қазақстанда Одақтық 

жарыстарға қатысатындай дәрежедегі 

спортшылар тапшы еді. Сондықтан да 

кейбір сорпа бетіне шығатындар бірде 

«Динамо», бірде «Спартак» ерікті спорт 

қоғамдарының жарыстарына қатыса 

б е р е т і н .   Ш о қ ы р   а т а л ғ а н   е к і   с п о р т 

тереңірек сіңіруге тырыстым. Олардың 

әрқайсысын тәрбиелеуге бар қуатымды, 

ынта-жігерімді, алтын уақытымды сарп ет-

кен жанмын. Оған ешқашан  кінбеймін де. 

Осындай қағидаларды зердесіне мықтап 

тоқығандардың бірі,  зімнен тәрбие алған 

тұңғыш спорт шебері Серік  бденәлиев. 

Шәкірттерімнің ішінен Ескендір Хасанов-

тан кейін құрама тізгінін ұстаған Серікке 

ризамын. Тағы бірдеңені сұрағың келіп 

отыр-ау, – дей келіп, ерекше толғаныспен 

мір жолы жайлы біраз әңгімеледі.

Шоқыр тоғыз жасында қазіргі Форт-

Шевченко қаласында мектеп табалды ры-

ғынан аттапты. Бес-алты шақырымдай 

жерден қатынап оқығанына қарамастан, 

үлгі лілер қатарынан к рінеді. Ол соны-

мен қатар, сурет салуға деген ерекше 

икемдігін танытқан. Қазанның түп күйесін 

пайдаланып жартасқа қайықшыларды, 

қаламмен кластастарын, құм үстіне 

жануар лар суреттерін айнытпай салады. 

Жас баланың осындай талантын байқаған 

мұғалімдер, оған суретшілер даярлайтын 

арнаулы оқу орнына бару ж нінде кеңес 

береді. Ұстаздар ақылымен Ш. Б лтекұлы 

1932 жылы Баку қаласындағы суретшілер 

училищесіне түседі. Училищені тәмам дауға 

екі айдай қалғанда Мәскеуден Петров 

 деген ұстаз келеді. Ол математика маманы

әрі боксшы екен. Жаңа  нер Шоқырға бір-

ден ұнайды. Бірақ оқуды аяқтағалы жат қан 

балаларды секцияға қатыстырмай қойған.

Қазақтың қаршадай баласы салған 

суреттер, ұстаздар к ңілінен  шы ғып 

жүрді. Олар таңдаулы үш шәкіртке 

 ше берліктерін ұштай түсу үшін, оқуларын 

Мәскеу немесе Киев қалаларының бірінде 

жалғастыру ж нінде ұсыныс жасайды. Сол 

таңдаулылардың қатарына іліккен Шоқыр 

Киевті қалады.

Украина астанасына келіп к р кемсурет 

институтына орналасты. Бакудегі жоғары 

бағалары мен комиссияға тапсырған 

суреттері қабылдаушылар к ңілінен 

шықты. Ол алғаш сабаққа барған күннен 

бастап, бокс бапкерін іздеді. Ақыры 

осындағы бапкер И.Ивановтың секция-

к ріп жүрсің. Киевте тағы екі-үш жылдай 

еңбек етіп, рингтегі шеберлігіңді ұштай 

түссең дұрыс болмай ма? – деді.

– Сіздерден үйренгенім к п-ақ. 

здеріңізге әрқашанда қарыздармын. Бо-

йымдағы бар  нерім үлкен бұл қы ныста. 

Сол байлықты қазақ балала ры ның бойына 

дарыту арманым, – деді.

– Жарайды, саған  кпем жоқ. Боксқа 

зіңнен әлдеқайда бұрын келген жігіттердің 

талайын жолда қалдырып, менің еңбегімді 

де елге паш еттің. Жаңағы айтқандай 

ізгілікті арманың болса, іске сәт, бірақ 

бізді ұмытпа, – деп аса мейірімділікпен 

шәкіртінің арқасынан қақты. 

Маңғыстаулық жас жігітке Баку де, 

Киев те жасыл қала ретінде к рінген бо-

латын. Украина астанасындағы к здің 

жауын алатын гүлзарлар ерекше әсер бер-

ген еді. Ал Алматы жасыл желегі жағынан 

аталмыш қалалардың екеуінен де асып 

түсті. Аспанмен таласқан зәулім теректер, 

к ше бойы  сіп тұрған алма, алмұрт,  рік, 

шие ағаштары. Қаласаң үзіп ал да жей бер. 

Тура ертегілер еліндегідей. Арықтардағы 

м лдіреп аққан бұлақ суының үні, бей-

не бір арулардың жанға нәр құятын 

күлкілеріне ұқсас. Бәрі-бәрі жігіт к ңілін 

самғау биікке к теріп, арманның тәтті 

нәрімен сусындатты. 

Сол кездегі қала халқының жиналып 

қымыз ішіп, әңгіме-дүкен құрып, к ңіл 

к теретін орыны жергілікті базарлар еді. 

Біреулер барын бұлдап сатқанына қуанса, 

екіншілері қажетін тапқанына, әрі оны 

арзанға алғанына мәз. С йтіп, сатушы да, 

алушы да бір-біріне деген ризашылықпен 

қол алысып жатқаны. Сырттай қараған 

кісіге бұл бір, адамдар арасындағы қарым- 

қатынастың ғажайып к рінісі.

Шоқыр да бұрын-соңды к рмеген 

құбы лыс тарды тамашалап, базар аралап 

жүрген болатын. Кенеттен бейжай к  рі-

ністі тіліп  ткендей, шаң-шұң бола қалды.

– К мектесіңдер, ақшамды т лемей 

барады, – деп жан ұшырған әйел дауы-

сы шықты. Жанайқайды құлағы шалған 

Шоқыр жүгіріп келіп:

бері мұндай ғажапты к рмеген қауым, 

бейтаныс жігіттің қолының аруағы бар ма 

деп тамсанады. 

Базардағы оқиға ауыздан-ауызға 

тарап, бокс бапкері Владимир Беля-

ниннің құлағына жетеді. Ол ел арасындағы 

алыпқашпа с зді жұрт не демейдіге жоры-

май, таусоғарды кездестіру мақсатында 

базар жаға лайды. Ақыры Шоқырмен 

табысып, танысады. Белянин Санкт-

Петербург бокс мектебінің түлегі болса, 

Шоқыр Киевтен. С йтіп, олар бірден 

тонның ішкі бауындай болып, Алматыда 

бокс мектебінің іргетасын қалай бастайды.

Шоқыр жаңа әріптесінен бес жас 

кіші болып шықты. Белянин үш жыл-

дан бері педагогтік жұмысқа ауысқан 

екен. Шоқыр болса әзірге қол «қышуын» 

қандырмаған, мейлінше жас спортшы. 

Сондықтан да жаттықтырушылықпен 

қатар, рингте де  нер к рсетті. Бірақ мұнда 

оған қарсы тұрар жан табылмады. Салмағы 

63 келі болғандығына қарамастан, жаттығу 

кезінде  зінен әлдеқайда ауыр боксшы-

лармен қолғап түйістірді.

Қырық бірінші – жылан жылының 

күзінде Санкт-Петербург қаласында 

боксшылар жарысы  туге тиіс еді. Нева 

жағалауындағы  бәсекеге  алматы    лық 

былғары қолғап шеберлері де даярлан-

ды. Олардың арасында Ш.Б лтекұлы,   

 А.Линник,     С. убәкіров,  Д.Баймұратов, 

    В.Пугачев  бар  болатын.  Бірақ  маусым 

айында неміс фашистерінің соғыс  ртін 

тұтатуына байланысты, бұл жоспар жүзеге 

асқан жоқ. Боксшылар рингті тастап, 

майданға аттанды. Шоқаңның айтуына 

қарағанда сол соғыста,  зіне таныс бес 

боксшы мерт болыпты.

1943 жылы оқ пен  рттің ортасы-

нан екінші дәрежелі мүгедек болып 

оралған Шоқыр, суретшілікпен қатар, 

жаттықтырушылықпен де айналысты. 

Жастарды үйрете жүріп,  зі де ептеп 

жаттығады. Бар мақсаты ринг т ріне 

спортшы ретінде шығып, ел намысын 

қорғау болатын. Ал дәрігерлер болса, 

екі-үш жылсыз мүлдем айығу мүмкін 

қоғамының туы астында да сынға түсті. 

1944 жылы «Спартак», ал 1947 жылы 

«Динамо» ерікті спорт қоғамы орталық 

кеңесінің біріншіліктерінде күміс жүлдегер 

атанды. Сонымен қатар 1945-1947 жылда-

ры қатарынан үш рет Қазақстан чемпио-

натында құрмет тұғырының ең биік саты-

сына к терілді. 1947 жылы қазақ жастары 

арасынан ең бірінші болып КСРО спорт 

шебері деген күміс значокты иемденді.

Б лтекұлы спортшылық сапта жүріп 223 

рет рингке к теріліп, 199 рет жеңіске жетті. 

Осыншама  шай қас тың  жүзден  астамын 

майданнан жарақаттанып келгеннен кейін 

т кізіпті. Ол 1947 жылдың күзінде бокс 

қолғабын шегеге іліп, біржола бапкер лікке 

бет бұрды. Шоқаңның шәкірті Мақмұт 

Омаров алғаш рет КСРО чемпионатында 

(1947 жылы) құрмет тұғырының үшінші 

сатысына к те рілді. Қазақстандықтар бұл 

жолы коман далық есепте алтыншы орынға 

шықты.


Д а ң қ т ы   б о к с ш ы н ы ң   б а п к е р л і к 

қадамына ел сүйсінді. Талантты жастар 

томағасын сыпырған қырандай, бұрын 

алынбаған биіктерге самғап, жанкүйерлер 

қауымын қуанышқа б леді. А.Үсенов, 

Е. Хасанов, ағайынды Омаровтар 1948-

1956 жылдар аралығында бірнеше рет 

Орта Азия мен Қазақстанның чемпионы 

атанды. Мақсот Омаров 1957 жылғы 

КСРО чемпионатында қола, 1959 жылғы 

КСРО Халықтарының ХІ спартакиада-

сында күміс алқа тақты. Бұлардан басқа 

М.Хайрутдинов, Н.Титов, ағайынды 

     Г.Р.  Рехерт,  А.Кадетов,  К.Қалдыбеков, 

С. бденәлиев, Х.Ахметов, Х.Нұрсейітов, 

К.Нәдірқұлов, Е.Сұлтанбаев сынды 

шәкірттері бокс  нерін сүйетін қауымға 

жақсы таныс. Ұстаз жолын кәсіп еткендер-

мен қатар, белгілі сазгер, Қазақстанның 

Х а л ы қ   Қ а һ а р м а н ы ,   Х а л ы қ   а р т и с і 

Н.Тілендиев, қоғам қайраткері, академик 

А.Құлыбаев, журналшы С.Т ребеков сын-

ды елге танымал азаматтар да Шоқырға 

шәкірт болған. 1964 жылы бапкерлік 

саласындағы жетістіктері үшін қазақ 

боксының пионері Ш.Б лтекұлына 

БІЛІМ КӨКЖИЕГІ

ДЕНСАУЛЫҚ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет