Жанышталған шницель
Жамбас сан бөлігінен қалыңдығы 1,5-2см сыбаға кесектері түрінде дайындалады. Алынған жұмсақты жаншиды, сіңірлерін кеседі де тұз, бұрыш сеуіп, льезонда ылғалдайды, кепкен нан аунатпасында аунатады, белгілі-бір форма береді.
Кавказша кәуап
Арқа-бел және жамбас-сан бөліктерінен массасы 30-40г текшеше формада кесектерге туралады.
Турам ет (рагу)
Қой, шошқа төстік етінен, массасы 30-40г, текшеше формадағы сүйекті кесектер түрінде дайындалады. Әр сыбағаға 3-4 данадан келеді.
Палау
Жауырын бөлігінен, төстік еттен текшеше формалы, массасы 15-20г болатын кесектер дайындайды. Әр сыбағаға 6-8данадан ұсынылады.
Кеспек ет
Жауырын және шошқаның мойын бөліктерінен, текшеше формасында, массасы 20-30г, құрамындағы май 20%-тан аспайтын кесектер.
Қуырдақтық ет
Арқа-бел, жамбас-сан бөліктерінен, томарша формада, массасы 10-15г болатын кесектер.
Достарыңызбен бөлісу: |