Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы



бет9/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

5.Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы.

1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.
Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi: 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының дебетi және 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi. Елшiлiктер жүргiзген аударымдар 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының тиiстi қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» және 1410 «Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар» қосалқы шоттарының дебетi және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер ескеріледі.
Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ түскен сомаға 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты дебеттеледі және 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» қосалқы шоты кредиттеледі.
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін өнім берушілерге демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ-дан қаражат аудару кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес пайдаланылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан алынатын ақшаның түсімі мен жұмсалуы ескеріледі.
Ақылы қызметтер ҚБШ-ға түскен сома 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазылады.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақылы қызметтер ҚБШ-дан төленген сома және мемлекеттік мекеменің кассасына алынған және кіріске жазылған қолма-қол ақша сома көрсетіледі. Бұл ретте 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3270 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі.
Бюджет кірісіне ақылы қызметтер ҚБШ-дан аударылған сома 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шоттарының дебетіне жатқызылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет