Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі



бет5/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
4.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі.
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті оның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бухгалтерлік қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен есептілікті мекеме басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маман жүзеге асырады.
Орталықтандырылған есепке алу бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына осы мемлекеттік мекемелер басшыларының келісімімен орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде қаржы есептілігін ұсынады.
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.
Істерді тапсырушы бас бухгалтердің (бұдан әрі - тапсырушы) және істерді қабылдаушы қызметкердің (бұдан әрі - қабылдаушы) істерді тапсыруы және қабылдауы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта бухгалтерлік қызмет істерінің қабылдау-тапсыру мерзімі, бірақ екі аптадан аспауы тиіс; тапсырушы мен қабылдаушының еңбекақы төлеу тәртібі көрсетіледі. Бұйрықта сондай-ақ істерді қабылдау-тапсыру кезеңінде қол қою құқығы кімге берілетіні көрсетіледі, бұл ретте қабылдаушы тұлғаның қол қою құқығын рәсімдегенге дейін құжаттарға қабылдаушының бақылауымен істерді тапсырушы қол қоятыны келісілуі тиіс.
Істерді тапсыру процесінде осы мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есептің жағдайы және есеп мәліметтерінің дұрыстығы анықталады, бұл ретте істерді қабылдаушы мен тапсырушының жауапкершілігін шектейтін істерді қабылдау-тапсыру актісі жасалады (онда басшының бұйрығына сәйкес комиссия құрамы, бухгалтерлік тіркелімдердің атауы мен саны есептілік: қаржылық, бюджеттік, салықтық және статистикалық, активтердің, міндеттемелердің, таза активтердің/капиталдың сомасы мен атауы көрсетіледі).
Бухгалтерлік қызмет істерін тапсыру соңғы ұсынылған баланстың негізінде жүргізіледі. Қабылдап алу-беру актісінде істерді беруді жүзеге асыру күні көрсетілуі тиіс.
Істерді қабылдау және тапсырудың басында істерді қабылдау-тапсыру кезіндегі кассаның (қолда бар ақша қаражатының сақталуына тиісті жағдайлар қамтамасыз етілген бе, кассада сақталатын басқа құндылықтар бойынша жағдай және олардың бухгалтерлік жазбаларға сәйкестілігі, чек кітапшаларының, қолданылмаған чектер нөмірлерінің болуы) жағдайы тексеріледі. Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын тексеру актісіне (онда ерекшеліктер бойынша ақша қаражатының қалдық сомасы, соңғы шығыс және кіріс ордерлерінің нөмірлері мен күні көрсетіледі) бухгалтерлік қызмет істерін тапсырушы және қабылдаушы адам, сондай-ақ кассир не кассалық операцияның жүргізілуіне жауап беретін тұлға қол қояды.
Істерді қабылдау және тапсыру кезінде ақшалай есептің, есептеу операцияларын есептеу жағдайы, есептеу баптары балансының жағдайы (дебиторлық және кредиторлық берешектің нақтылығы, осыған кінәлі тұлғалардың көрсетілуімен өндіріп алуға болмайтын берешектің болуы, өзара есептесудің салыстыру актісінің болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің қаржы есептілігінің жасалуы (есеп тәртібінің сақталуы, ұсынылатын есептің сапасы) тексеріледі.
Бұдан басқа қабылдап алу-беру актісінде:
бухгалтерлік қызметте есепті ұйымдастырудың жағдайы (штат, оның жинақталуы, міндеттердің бөлінуі, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп пен есептілік бойынша нұсқаулық материалдардың болуы, бухгалтерлік кітаптармен, есеп пен есептілік бланкілерімен қамтамасыз етілуі), есеп жүйесінің қалыптасуы;
есептің, бухгалтерлік есептіліктің алғашқы құжаттамасының жағдайы;
есеп пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті іс-шаралар;
құжаттардың ресімделуінің және сақталуының дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексеруді аяқтау бойынша жасалған қабылдап алу-беру актісіне істерге қабылдаушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Қабылдап алу-беру актісінің қандай-да бір ережелерімен қабылдаушы келіспеген жағдайда, ол оған қол қойғанда тиісті дәлелденген ескертулерді көрсетуге етуі тиіс. Қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады, оның біреуі істі тапсырушы тұлғада қалады.
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме осы Ережеге сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлік нысаны бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет