Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет7/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
2.Кассадағы қолма-қол ақша.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чекі бойынша қолма-қол ақша алу кезінде мынадай жазба жүргізіледі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті, 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының кредиті.
Есепке қолма-қол ақша қаражатын беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті, 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті.
Кінәлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті бойынша және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жетіспеушілікті өтеуге мемлекеттік мекеменің кассасына соманың түсуі 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған артық сомасы бюджет кірісі болып табылады және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі, бір уақытта 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі, 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты кредиттеледі. Бюджетке ақша қаражатын аудару 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуды іске асыру рұқсат етілетін шығыстар мен лимиттердің экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің тізбесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен анықталған.
Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын толықтыру сомасына 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» немесе 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
Ағымдағы шоттан кассалық операцияларды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган (есеп беретін тұлға) алған ақшаның сомасына 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебеті және 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Кассаға енгізілген ақшаның сомасына: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» дебеті және 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» кредиті жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет