Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Кассалық кіріс және шығыс ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі



бет8/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
3.Кассалық кіріс және шығыс ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі.

Мемлекеттік мекемелердің кассалары қолма-қол ақшаны қабылдауды бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған кіріс кассалық ордерлері бойынша, соңғылары мен кассирдің қолы қойылған, кассир мөрімен (мөртабанымен) расталған түбіртек беру арқылы жүргізеді.
Кассалардан қолма-қол ақшаны беру Нысандар альбомының КО-2 нысаны бойынша шығыс кассалық ордерлері КО-2 нысаны бойынша мақсатына сай жүргізіледі.
Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін мемлекеттік мекеменің басшысы кассирге қол қойдыра отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген) Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн анықтау ережесiмен таныстыруға міндетті, содан кейін кассирмен немесе оны алмастыратын тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
Жұмыс істейтіндердің саны аз, штатта кассирі жоқ мемлекеттік мекемелерде кассирдің міндеттерін мемлекеттік мекеме басшысының жазбаша өкімі бойынша, онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасаса отырып басқа қызметкер орындай алады.
Егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер ҚБШ бойынша, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша және ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ бойынша, нысаналы қаржыландыру ҚБШ бойынша ақшалай операциялар болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу кассалық кітапта Нысандар альбомының КО-4 немесе 440 нысаны бойынша жүргізіледі.

4.Касса кітабы, оның енгізілуі.


Әрбір кассалық ордер бойынша ақшаны алғаннан не бергеннен кейін, кассир дереу касса кітабына жазбалар жүргізеді. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир бір күндегі операциялардың қорытындысын санайды, келесі күнге қалған кассадағы ақшаның қалдығын шығарады және бухгалтерияға кассир есебі ретінде екінші жыртпалы бетті (бір күндегі касса кітабындағы жазбалардың көшірмесін) кіріс және шығыс құжаттарымен бірге, касса кітабындағы қолхат арқылы тапсырады. Кассир бір мезгілде кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын кассада нақты бар ақшамен салыстырады.
Кассалық кітаптың және Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша бюджет қаражаты бойынша жеке және демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен қаражат бойынша жеке мақсатына сай қолма-қол ақшаның, Нысандар альбомының 454 нысаны бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыруынан ақшаның пайдаланылуын бақылау кітапшаларының дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлғаға жүктеледі.
Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Дәріс 4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет