Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтаруы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір шарттар басталған кезде аудару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша қозғалысы ескеріледі.
Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да ақшаның түсуі 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жеке не заңды тұлғаларға ақша қаражатын қайтарған не тиісті республикалық не жергілікті бюджеттерге ақшаны беру кезінде 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының кредиті және 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті бойынша жазылады.
Бұдан басқа 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында түзеу мекемелерiнiң сотталғандары орындаған жұмыстар үшiн түскен ақша көрсетiледi.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 1044 қосалқы шотында «жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотында Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару туралы заңнамаға сәйкес жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері мен шығыстары ескеріледі.
Ақшалай қаражаттың түсімі жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотының дебеті бойынша және 6080 «Айырбасталмаған операциялардан өзге шығыстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Ескерту. Ереже 55-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1045 «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ» қосалқы шотында бюджет қаражатын есептеу және оларды ерекше шығыстарды өткізуге пайдалану (нысаналы қаржыландыру шоты) ескеріледі.