Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Басқа активтер мен міндеттемелер жіктелуі



бет30/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
3.Басқа активтер мен міндеттемелер жіктелуі.
Болашақ кезеңдердің шығыстарына мынадай шығындар жатады: маусымды салаларда өндіріске дайындық жұмыстары бойынша; жаңа өндірістерді, цехтарды, агрегаттарды және кәсіпорындарды игеру бойынша (іске қосу шығыстары), жерлерді қалпына келтіру бойынша; өндірісті ұйымдастырғанда немесе кеңейткенде жұмысшыларды жаппай біржолғы жинау бойынша; ғылыми әдебиетке, газеттерге, журналдарға жылдық жазылу сомасы; келесі есеп кезеңі үшін төленген жалдау төлемі (аванспен); алдын-ала төленіп қойған сақтандыру төлемдерінің сомасы және басқа шығыстар.
Есептеу қағидатына сәйкес кірістер есепке алу жазбаларында көрсетіледі және кірістерді алуға байланысты ақша қаражатының немесе өзге активтердің түсу шамасына қарамай, олар жататын сол кезеңдердің есептілігіне қосылады.


4.Өзге активтер мен міндеттемелер бойынша операцияларды есепке алу тәртібі.
Мемлекеттік мекеменің өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алуы үшін мынадай шоттар арналған:
1410 «Берілген қысқа мерзiмдi аванстар»;
1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары»;
1430 «Өзге қысқа мерзiмдi активтер»;
2810 «Өзге ұзақ мерзiмдi активтер»;
3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар»;
3420 «Өзге қысқа мерзiмдi міндеттемелері»;
4310 «Алдағы кезеңдердің кірістері»;
4320 «Өзге ұзақ мерзiмдi міндеттемелері».
Аванстық төлем тәртібінде өнім берушілермен және мердігерлермен, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды есепке алу қаражатты тараптармен келісілген мерзімде және мөлшерде дүркін-дүркін аудару жолымен жүзеге асырылады. Осы шотта мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін орындаушыларға екінші деңгейдегі банктердегі орындаушының шотына тапсырыс берушінің бюджеттік қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылатын аванстар ескеріледі.
Өнім беруші мен сатып алушы, мердігер мен тапсырыс беруші ай сайынғы негізде іс жүзінде алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің негізінде өз есептерінің жағдайын нақтылайды және шартта немесе келісімде келісілген тәртіппен қайта есептеу мен тиісті төлемді жүргізеді.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шотының дебеті бойынша Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» бөлімі шоттарының кредитімен корреспонденцияда берілген аванстардың сомасы көрсетіледі. 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шотының кредиті бойынша 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебетімен корреспонденциялауда берілген аванстар сомасы көрсетіледі.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ақылы қызметтерден аванстардың түсімі 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шотының дебеті және 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бұрын алынған авансты есепке алу 3410 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Аванстың қолданылмаған сомасын қайтару 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» бөлімі шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Талап арыздың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімі өтіп кеткеннен кейін алынған аванстар бойынша талап етілмейтін кредиторлық берешекті есептен шығару 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Болашақ кезеңдердің шығыстары туындаған кезде (мысалы, мерзімді баспаға жылдық жазылуға төлем, аванспен төленген жалдау төлемі) бухгалтерлік есепте мынадай тізбекпен беріледі: 1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотының дебеті және 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредиті.
Болашақ кезеңдерге аванстық төленген шығыстар есепті кезеңнің шығыстары деп тани отырып, жүйелі түрде бөлуге жатады. Ағымдағы кезеңге (айға, тоқсанға) жататын төлемдер сомасы 1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотының кредитінен 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетіне есептен шығарылады.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Есепті кезеңдердің арасындағы кірістердің ара жігін ажырату мемлекеттік мекеменің қаржы қызметінің қорытындыларын нақты анықтау және объективті қаржылық есептілік жасау үшін қажет.
Ағымдағы кезеңге (ай, тоқсан) жататын төлемдердің сомасы 4310 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шотының дебетінен Шоттар жоспарының кірістерін есепке алудың тиісті шотының кредитіне есептен шығарылады.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар», 1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» және 3410 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» (тамақ өнімдеріне аванстарды қоспағанда) шоттары бойынша есеп айырысулардың талдама есебі әр өнім беруші үшін ай ішіндегі операцияларды көрсету үшін қажет жолдар саны берілетін Нысандар альбомының 408-нысанды жинақтау ведомосінде (7-мемориалды ордер) жүргізіледі. Жинақтау ведомосінде жазбалар операциялар жасалғанына қарай әрбір құжат (шот) бойынша жүргізіледі.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Өнім беруші төлемді мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның кодына қайтарған жағдайда, «Басты-журнал» кітабына жазбалар осы соманы ескерусіз жүргізіледі. Болашақ кезеңнің кірістері мен шығыстарының талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында және Нысандар альбомының 460 нысанды және 461 нысанды Шығыстардың әртүрі (тобы) бойынша болашақ кезеңдердің шығыстары мен кірістерін есепке алу ведомостерінде жүргізіледі.
- ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет