1.2 Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі Қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның жетілдіруінің экономикалық және коммерциялық жағдайы сияқты эстетикалық, техникалық, сапалық мінездеме бойынша тұтынушылардың нақты талаптарына қызмет көрсетудің нарықтық жағдайға сәйкес келетіндігін көрсететін көпфункцоналды сипаттағы экономикалық категория. Оны қызмет көрсетудің кешенді тұтынушылық және құнық сипаттағы нарықтағы анықтаушы жетістік деп көрсетуге болады. Кез келген қызметтің бәсекеге қабілеттілігі оның аналогымен салыстыру нәтижесінде анықтауға болады. Нақты қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыу дәрежесі бойынша бәсекелес қызметтен берілген қызметтің айымашылығын көрсете отырып, ол қатысты көрсеткіш болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауын ISO 9000 және 14000 сериясының талаптарымен сәйкес жүйелі істеу керек, оны мақсатты «сапа жібінің» барлық этабында орындау керек: оны жобалау мен өңдеу, оны өндіру мен жетілдіру.
Негізгі параметрлеі болып өнімнің бәсекеге қабілеттілігі анықталатын нормативті, техникалық және экономикалық табылады. Қабылдан әдіс бойынша біріншіден, нормативті топтың параметрлері бағаланады: өнімнің патенттік тазалығы, стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкес болу. Сәйкес болмаған жағдайда нормативті көрсеткіштедің біреуіне (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтық, өзара ауыпалылық және т.б.) бекітілген талаптармен, нақты нарықта қызмет ететін, келесі бәсекеге қабілеттілікті бағалау мақсатт емес болып келеді.
Туристік қызметтің әлуетті бәсекелестік қабілеттілігін бағалау бірқатар кезеңдерден тұрады1.
1 кезең. Туристік қызметке қойылатын талаптарды қалыптастыру және бағалауға жататын бірлік көрсеткіштер тізімін анықтау.
Туристік қызметке қойылатын талаптар тұтынушыларды маркетингілік зерттеу негізінде анықталады. Бағалау үшін қажетті және жеткілікті көрсеткіштер тізімін негіздеу үшін, туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі нақты нарыққа және тұтынушылардың қатаң анықталған тобының талаптарымен тығыз байланысты екенін ескеру өте маңызды (нарықтық саралар). Сондықтан, ол сатып алушы үшін мәнді қызығушылық тудыратын ғана көрсеткіштермен шартталады (сонымен қатар оның қажетсінулерін қанағаттануын қамтамасыз ететін). Көрсетілген шектер сыртында қалатын, туристік қызметтің көрсеткіштері, бәсекелестік қабілеттілігін бағалау кезінде нақты жағдайларда оған қатынассыз ретінде қарастырылмауы керек.
Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің көрсеткіштері сыныптамалы және бағаланатын болып бөлінеді. Біріншілері көрсетілетін қызметтің қандай түріне жататынын көрсетеді, тұтынушылар тобын анықтайды және бағаланатын өнімнің топтарын қалыптастыру үшін бәсекелестік қабілеттілігін бағалаудың бастапқы кезеңдерінде қолданылады.
Бағалаушы көрсеткіштер, туристік қызметтің сапасын анықтайтын қасиеттерді сипаттайды. Бағалау кезіндегі орындайтын ролі бойынша, бәсекелестік қабілеттілікті екі топқа бөледі:
- туристік қызмет қанағаттандыратын, міндетті талаптардың орындалуын тексеру үшін қолданылатындар;
- қандайда бір сипаттамаларымен тұтынушыларды қанағаттандыру дәрежесі бойынша, рынокта бәсекелесетін өнімдерді салыстыру үшін қолданылатындар.
Көрсеткіштердің бұл топтары әзірше орнықтырылған атауға ие емес. Оларды реттемелеушілер мен салыстырмалылар деп атау ұсынылады2.
Бәсекелестік қабілеттілікті бағалау кезінде, өнімді нақты нарықта өткізудің принципиалды мүмкіншілігін шарттайтын реттемелеуші көрсеткіштерге ерекше көңіл аудару керек. ГОСТ Р 50690-2002. «Туристтік қызметтер. Жалпы талаптар» сәйкес, туристік қызметтердің барлық түрлері үшін міндетті болып келесі талаптар табылады: тіршілік пен денсаулық қауіпсіздігі; туристер мен экскурсанттар мүлігінің сақталуы; қоршаған ортаны қорғау. Егер, осы талаптарды анықтайтын, ұсынылған көрсеткіштердің ең болмаса біреуі нормаға сәйкес келмесе, онда бәсекелестік қабілеттілікті ары қарай бағалануы тиімсіз.
Салыстырмалы көрсеткіштер келесідей топтарға бөлінеді:
– тұтастық – қызметтің аяқталымдылығы және оның туристердің белгілі бір қажетсінулерін қанағаттандыру қабілеттілігі;
– негіздік – туристердің қажетсінуіне негізделген, талаптарға сай, саяхаттау мақсатымен шартталған барлық қызметтердің турдың тақырыбына сәйкестігі; қызметтердің барлық түрлерінің бір деңгейге немесе қызмет көрсету сыныбына сәйкестігі;
– атаулы сипаттылық – туристік қызметтің тұтынушылардың анықталған сарасындағы бағыттылығы;
– пайдалылық – қызметтің бір немесе бірнеше мақсаттарға қызмет ету қабілеттілігі (мысалы, демалыс пен таным);
– айқындылық – қызметтің ерекшеліктері, оның бағыттылығы туристергеде, кәсіпорын қызметкерлерінеде түсінікті болуы қажет;
– икемділік – қызметтің қабілеттілігі мен қызмет көрсету жүйесінің тұтынушының дербес сұранысына лайықтануы және туристерге қызмет көрсететін қызметкерлі ауыстыруды қабылдамауы;
– сенімділік – қзметтіңің және жарнаманың мазмұнының сәйкестігі, кәсіпорынның өнімді келісім шарттарына сәйкес жеткізу қабілеттілігі3.
Көрсетілген көрсеткіштер маңызы бойынша туристік қызметтің техникалық жағын сипаттайды. Сонымен бір кезде, туризмнің ерекшелігі болып тұтынушымен туристік қызметке берілетін бағаға ықпал ететін шарт табылады. Бұл, бәрінен бұрын, тапсырыскердің көңіл күйімен анықталатын субъективтілік. Баға туристік қызметті көрсету процесін анықтайтын, салыстырмалы көрсеткіштер негізінде қалыптасатын, гуманитарлық технологияның әсер етуімен пайда болады4 (функционалдық сапа):
– жауапты реакция (қызметкерлердің сатып алушыларға олардың проблемаларын шешуде көмек көрсету тілегін және ұмтылысын сипаттайды);
– құзыреттілік (қызметкерлер қызметті кәсіпқойлықпен көрсету үшін қажетті, қандай дағдылар мен білімдерді, қандай шамада білетінімен анықтайды);
– сыпайылық (қызметкерлердің өзінің тапсырыскерлеріне қаншалықты ұнамды, кішіпейілді және ықыластылығын көрсетеді);
– материалдық қоршау (қызметтердің көзге көрінетін компонентін сипаттайды: интерьер, қызметкерлердің сыртқы түрі және т.б.);
– коммуникациялар (кәсіпорындағы ақпараттық жүйенінің қамтамасыздануын анықтайды)5.
2 кезең. Бәсекелестік қабілеттілігінің бірлік көрсеткішінің маңыздылығын (салмағын) анықтайды.
Бәсекелестік қабілеттілікті анықтайтын көрсеткіштер тізімі салыстырмалы тұрақты. Сонымен қатар, олардың маңыздылығы рыноктағы жағдайларға тәуелді өзгереді. Ол үшін көрсеткіштер иерархиясы орнықтырылады. Бірінші шепке тұтынушылар үшін ең үлкен маңызы бар көрсеткіштер шығарылады. Салмақтылық коэффициенттерін есептеу, тұтынушыларды маркетингілік зерттеулер нәтижесінде алынған деректерді ескере отырып, эксперттік әдіспен жүзеге асырылады.
3 кезең. Ұқсастар тобын қалыптастыру және салыстыру үшін базалық өнімді таңдау.
Ұқсастар тобына енгізілетін туристік өнімдер сыныпталу көрсеткіштерінің бірдей мәндерімен сипатталуы және нарықтың бір сарасына жатқызылуы керек. Ұқсастар топтарынан салыстыруға арналған базалық қызмет таңдалады (мысалы, нақты нарықта үлкен көлемдерде тұрақты түрде өткізіліп жүрген бәсекелестік қызмет).
4 кезең. Бағаланатын және базалық қызметтер көрсеткіштерінің мәндерін анықтау.
Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін анықтайтын көптеген көрсеткіштер, қағида бойынша, табиғи физикалық шамалары болмайды, ал сапалық баяндаулармен сипатталады. Сондықтан бәсекелестік қабілеттіліктің салыстырмалы көрсеткіштері эксперттік бағалар негізінде шартты сандық бағалармен көрсетіледі – баллдармен.
5 кезең. Бағаланатын және базалық қызметтер көрсеткіштерінің бірлік салыстырылуы.
Бұл кезеңде, бірінші кезекте, бағаланатын және базалық қызметтердің бәсекелестік қабілеттіктерінің салыстырмалы көрсеткіштерінің бірізді салыстырылуы жүзеге асырылады.
6 кезең. Бағаланатын қзметтің бәсекелестік қабілеттілігінің кешендік көрсеткішінің анықталуы.
Бағаланатын қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің кешендік көрсеткіші салыстырмалы және экономикалық көрсеткіштердің топтама индекстері негізінде анықталады.
7 кезең. Бағаланатын қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі туралы қорытынды.
Бәсекелестік қабілеттілікті жоғарылатудың оптималды бағытын анықтау нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі бар қызметтерді енгізумен байланысты мүмкіндікті залалдарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін бағалау нәтижелері тапсырыскерлерді тарту үшін оны жайғастыруға оптималды тәсілдемені анықтауға және нарықтың анықталған сарасының қажетсінуін қанағаттандыруға қызмет етеді.