Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату
Туристік қызметтің маркетингілік зерттелінуінің маңызды бағыты болып оның бәсекелесу қабілеттілігін анықтау табылады. Осы кезде алынған нәтижелер келесі мәселелерді шешуде қолданыла алады:
өнімдерді жетілдіру және жаңарту қажеттігін негіздеуде;
бәсекелестік қабілеттің анық бір деңгейіндегі өнімдерді өткізудің мүмкіндікті көлемін бағалау;
туристік қызметті өткізу процестерін басқару;
нақты нарықта баға стратегиясын таңдау;
кәсіпорындарда және т.б. өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерін басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру.
Туристік қызметтің бәсекелесу қабілеттілігін анықтау, тәжірибе жүзінде, мәселенің ғылыми өңделуінің әлсіздігімен күрделенеді. Қызметтің бәсекелесу қабілеттілігі қазіргі экономикалық әдебиеттерде барынша жалпылама тұрғыдан қарастырылады және көбінесе бәсекелестік жағдайында осы көрсетілетін қызметтердің өткізілу мүмкіндігі ретінде анықталады. Мұндай анықтама қарастырылатын категорияның мәнін ашпайды, онсызда белгілі қызметтің өтімділігінің оның бәсекелестік қабілетіне тәуелділігін қайталайды. Бұл кезде, өзі мен басқа бәсекелес – қызметтер арасындағы сұранымды бөлуді шарттайтын нақты туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің мазмұны жоғалады.
Өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігі анықтамасына, оның барлық тұтынушылық және айырбастық қасиеттері көрсетілетін, өнімнің әмбебап сипаттамасы сияқты бағасы арқылы келу әрекеттері кездеседі. Жәнеде бәсекелестік қызметтің мұндай қасиеттерінің дамуы бағалар айырымында байқалуы керек, өйткені оны осы өнімдердің бір – біріне қатынасы бойынша бәсекелестік қабілеттілігі деп есептеледі.
Кейбіреулер «бәсекелестік қабілеттілігі» категориясының мәнін айқындау үшін, ол тұтынушылар көзқарасы арқылы қарастырылуы керек деген болжамалар айтады.
Нарық, қызметтердің өзара бәсекелесе отырып, тұтынушылар талабына сәйкестігіне салыстырулар мен тексерулерден өтетін және олардың осы талаптардан ауытқулары айқындалатын қоғамдық қатынастың саласын көрсетеді. Сатып алу кезінде әрбір дербес сатып алушы ұқсас өнімдер ішінен өзіне қажетті қызметті таңдау процесін жүзеге асырады және оның қажетсінуін мейлінше қанағаттандыратын өнімді ғана сатып алады.
Қоғам масштабында қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыруға арналған қызметтер арасында, бәсекелес қызметтермен салыстыру бойынша, ең толық сәйкес келетін қызмет мойындау табады. Оны жалпы тауарлық массадан осы сәйкестігі айрықшалайды, бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыздандырады, басқаша айтқанда, ол бәсекелестік қабілетті деп айтуға мүмкіндік береді.
Туристік қызметті таңдау кезінде тұтынушы оның өзі үшін маңызы бар ерекшеліктеріне ғана бағдарланады:
– бұл қызметтің сапасы мен пайдалылығын көрсететін параметрлер, өйткені оны таңдаудың маңызды шарты болып тұтынушы көңіл аударатын қасиеттері мен сипаттамаларының тура келуі табылады.
– бәсекелестік қабілетті анықтау үшін қызметтерді нақты қажетсінуге сәйкестік дәрежесі бойынша салыстыру ғана емес, сонымен қатар солармен байланысты тұтынушының шығыныныңда ескерілуі маңызды болып табылады. Бұл кезде ескеретін нәрсе: сатып алынған зат тек міндетті шартты белгілейді, қажетсінуді қанағаттандырудың бастапқы пункті. Қосынды жұмсалған шығындар екі бөлімнен тұрады: бір жолғы (туристік қызметтің сатылу бағасы) және ағымдағы (жеткен орынындағы жұмсалатын шығындар – экскурсиялар, қосымша тамақтану, көлік, көңіл көтеру және т.б.), жалпы бұл жұмсалған шығындардың жалпы сомасы тұтынушы үшін қажетсінуін қанағаттандыру бағасы ретінде алынады (тұтыну бағасы)6.
Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, келесідей қорытынды жасауға болады, бәсекелестік қабілеттілік туристік қызметтің кешенді көп аспектілі сипаттамасын көрсетеді, бұл қызметті нақты нарықта, анықталған кезеңде өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қажетсінуге сәйкестігі бойыншада, туристер жұмсаған шығын бойыншада ұқсас өнімдермен салыстырғанда нарықтағы оның басымдылығын анықтайды7.
Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі сипатталады:
- сапа көрсеткіштерімен (қызметтің пайдалы тиімділігін анықтайды);
- экономикалық көрсеткіштермен (тұтынушының бағасын анықтайды).
Бәсекелестік қабілеттіліктің нақты (нарықтық) бағасы тұтынушыларға туристік қызметті сатып алу – сату процесінде берілетінін айқын білу керек. Дегенмен, маркетингпен басқару процесінде туристік қызметтің әлуеттік, есептеме бәсекелестік қабілеттілігін бағалау маңыздылығы да кем емес. Осы соңғысы жаңа қызметтерді әзірлеу, қолданбалы қызметтерді жетілдіру қажеттігі туралы шешімдерді негіздеу, бағалық стратегия мен тактиканы қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Мына бір жағдайды тағы белгілеп кету керек, яғни бәсекелік артықшылықты ұстап қалу әрбір бәсекелес кәсіпорн үшін ерекшелік көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін барлық талданған кәсіпорындар үшін жоғары қатардағ артқшылықтарға бағытталуыну керек, яғни жаңа технологияларды, ноу-хауды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, өзінің қызметтерін жоғарылатуд енгізу керек. Соның негізгі бір аса маңызд саласы болып кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы болып тұрмыстық каналы мен бәсекелестердің сегменттері табылады. Маркетинг бойынша қызметтердің бар артқшылғын жетілдіру мақсатында пайда болған талаптарға ену үшін мүмкіндік көрсету, маркетингтік және қызметтік стратегияны өңдеу және бәсекелестеден бұрын оны енгізуді айқын көрсету керек. Бәсекелестер мен тұтынушылар туралы базаны құру керек, олар туралы ақпараттарды жүйелі жинай және талдай отырып маркетингтік стратегяны құруға мүмкіндік болады.
Бәсекелестерді оқып білу нарық бөлігі, «ой» бөлігі, «жүрек» бөлігі сияқты аса маңызды өзгерістердің дәрежесін талдауд талап етеді.
«Ой» бөлігі – мысалы белгілі бір нарықта қызмет ететін сол немесе басқа фрма туралы сұрағанда бірінші боып еске түсіретін тұтынушылар саны. Берілген көрсеткіш тұтнушылардың ой сезімінде фирманың қзмет көрсетуі сақталып қалғандығын көрсетеді.
«Жүрек» бөлігі – бұл тұтынушылардың қалауы мен қ ажеттіліктерін үкен дәрежеде қанағаттандыратын фирманың қызметін қалайтын тұтынушылар саны. Шетел фирмалары көбіне «жүрек» бөлігінің көлемін жарнамаға кеткен шығыдармен өлшейді. Берілген көрсеткіштің жағдайы «ой» бөлігінің динамкасының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұл көрсеткіштер стратегия мен маркетингтік саясатының дұрыс емес бағытталуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың өзгерісінің арасында өте күшті байланыс бар. «Ой» бөлігі мен «жүрек» бөлігінің төмендеуі нарық бөлігінің төмендеуіне әкеліп соғады жәе де керісінше.
Бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін күшті рычаг болып әдістерді іздеумен байланысты бәсекелік артықшылықты жеңу үшін бенчмаркетинг болып табылады, бұл ағылшын тілінен стандарт, бағыт, эталон деген мағынаны береді.
Оның мәні іздеумен бәсекелестерге қарағанда фирмаға тиімді жұмыс істеу үшін көмектесетін және бағыттаушы болатын оқып білу мен және кәсіпкерліктің аса күшті әдістерді қолданумен бекітіледі.Сонымен қатар, бенчмаркетинг – бұл бәсекеге қабілетті фирмалардың бизнес – үдерісін жетілдірудің өзіндік жағдайын іздеу, жеңу және үйрену әдісі. Бұл мәселемен жұмыс істейтін ғалмдар өте күшті болып табылатын фирманың қызметімен жұмысшы үдерісінің өзіндік тиімділігін салыстыу жүйелі үдерісі ретіде сипаттайды.