Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі бет


ТАРАУ. «ЯССАУИ» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ МАРКЕТИНГІЛІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



бет5/15
Дата15.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дип.-«ЯССАУИ»-ТУРФИРМАСЫНЫҢ-МАРКЕТИНГТІК-ҚЫЗМЕТІ

ТАРАУ. «ЯССАУИ» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ МАРКЕТИНГІЛІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ




    1. «Яссауи» туристік фирмасының қызметін талдау және оның туристік қызмет көрсету нарығындағы орны

ЖШС «Яссауи» туризм компаниясы 1956 жылдан бері ірі фирмалар қатарындағылардың бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету рыногінде алғы шептерде орын алады. Біздің компаниямыз туризм саласында жұмыс істейтіндердің ішінде ең беделдісі және байырғысы. «Интурист» ВАҚ филиалының құқықтық мирасқоры бола отырып, БАЭ, Түркия, Қытай, Германия, Жапония, АҚШ, Франция, Швейцария және көптеген басқа дүниежүзі елдерінің туристік компанияларымен кеңейтілген іскерлік байланыстарды сақтап қалды. Байланыстарын кеңейту мақсатында, «Яссауи» Қазақстандық Туристік Ассоциацияның (ҚТА) Құрылтайшыларының бірі құқығында енді.


Көптеген жылдардан бері компания «Яссауи» Біріккен Араб Эмиратына, Түркияға, Таиландқа, Иорданияға ұшатын чартерлік сапардың иесі болып келеді.
Жоғары кәсіпқойлықты тәжірибелі мамандар штаты, көптеген жылдарға созылған ірі туроператорлармен серіктестік қатынастар, тек туристік мерзімде емес, күнтізбелі жылдың барлық бойлығында тапсырыскерлердің мәнді көлеміне сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «Яссауи» компаниясының туристерінің саны жылдан жылға өсуде, сонымен қатар нығыз іскерлік байланыстар кеңеюде.
Компанияның ең жақсы серіктестерінің бірі «Royal Park» (БАЭ) болып табылады. «Royal Park» компаниясымен біріге отырып, Бізге БАЭ сапар шегуге бірегей мүмкіндік ұсынады. Бізге, аңызға айналған, дүниежүзіне белгілі араб қонақжайлылығын және ашық көңілдігін көзбен көріп, сезінуімізге мүмкіндік береді.
Эмират туралы әсер – бұл жыл онекі ай күн күліп тұратын, ал жағалауында көк жасыл теңіз толқындап жатқан елдің кішіпейіл және қонақжайлы халқы туралы әсер, бұл жерде қазіргі аспанмен таласқан биік үйлер дәстүрлі араб кврталдары «бастакиямен», олардың өзгермейтін ішкі аулаларымен және «жел мұнараларымен» - ескі, бірақ қазіргі кондиционерлердің тиімді прототиптерімен көршілес орналасқан.
БАЭ – отелдер, дүниежүзінің ең жақсы отелдерімен теңеседі, ал мейрамханалары ең экзотикалық дәмдермен есіңізде қалады. Дегенмен, осымен бірмезгілде, бұл пикникке жайғасуға немесе кешкі мезгілдерде жұлдызды ашық аспан астында кәуәбке отыруға болатын, шөл даладағы құм төбелер мен оазистер елі.
БАЭ – бұл сатып алуды ұнатушылар үшін жұмақ, арабша «сук» деп аталатын, тар колоритті көшелердегі дәстүрлі базарларында немесе ультра сәнді сауда орталықтарында тауарлар молшылығы күтеді. Спорттық демалысты ұнатқандар үшін бұл жерде спорттың кез – келген түрімен айналысуға барынша кең мүмкіндіктер табылады, мейлі парус астында жүзсін, аквалангпен сүңгісін, су шаңғысын тепсін, теннис, атқа міну, садақ ату немесе тіпті коньки тепсін, барлығыда табылады.
Қарапайым заттардың табиғаты мен мәдениеті, дәстірі мен қазіргісі, әсерлілігі мен құпия ойы. Осының бәрі қолайлы жылы ауа райымен, жылы жұмсақ теңізбен және толық қауіпсіздікпен ұштаса отырып, шетелдікте, қазақстандықта туристердің көңілін өзіне аудартады.
«Яссауи” туристік фирмасы 1996 жылы Қатысушылар шешімінің негізінде ұйымдастырылды (кәсіпорынның жарғылық капиталына әрқайсысы 20 % салған, 5 құрылтайшылар).
Қызметкерлер штаты 23 адамнан тұрады.

Бас директор


Туризм бойынша Директор



бас бухгалтер
Кассир

әуе бөлімінің директоры

Аға
менеджерлер (2)

Сату бойынша Менеджерлер(8)

Әуе билеттерін сату бойынша операторлар (4)

Рұқсатнама-курьерлік және жарнама бөлімінің басшысы

Рұқсатнама-курьерлік бөлім (2)


Қызмет көрсетуші жұмыскерлер (1)



Сурет 1. «Яссауи” туристік фирмасы қызметкерлерінің штаты.

Ф ирма қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:


- Туризм, отелдерді, туристік базаларды, мотелдерді, экскурсия ұйымдастыру бойынша қызметті, жеке және істік сапарларғақызмет көрсетуді, мәдени, гастролдік, мейірімділік және басқа шараларға қатысу мен ұйымдастыруда, қызмет көрсетеді;
- Мамандардың туристік сапарлары мен іссапарларын ұйымдастыру;
- Таяу және алыс шетелдердегі халықаралық туристік қызметтерді жүзеге асыру;
- Әртүрлі елдердің әуе жолы компанияларының ішкі және шетелдік рейстерге әуе жолы билеттерін сату;
- Сауықтыру және демалыс үйлерінде жолдамаларды өткізу.
«Яссауи» Сіздің осы еліктіретін және таң қалдыратын елді өзіңізгн ашуыңызға көмектеседі. Біз сенімдіміз, Сіз бұл елде бір рет болсаңыз, сіздің жүрегіңіздің бір бөлігі өмір бойына осында қалатынына және қайта айналып соғарыңызға.
Біз Сізге өте кереміт демалыс, істік сапар, әртүрлі экскурсиялық бағдарламалар ұсынып, бизнес семинарлар мен басқада көптеген істерді ұйымдастырамыз.
БАЭ бағытындағы қызмет көрсету диапазоны өте кең:
- Ең жақсы отелдер
- Қолайлы бағалар
- Рұқсатнамалар
- Шоп - турлар
- Интернетте турларды резервте сақтау
- VIP сервис
- Экскурсиялық бағдарламалар.
Сонымен қатар, «Яссауи» туристердің алдында өзінің есігін қонақ жайлылықпен айқара ашып, Қазақстан бойынша есте қаларлық саяхат жасауға шақырады.
«Яссауи” фирмасы тапсырыскерлерді дүниежүзінің 30-дан астам елдеріне жіберуді жүзеге асырады және келесі бағыттар бойынша туроператор болып табылады: Чехия, Венгрия, Италия, Голландия, Франция, Австрия, Англия, Швейцария.
Сонымен қатар, «Яссауи” фирмасы дүниежүзінің кез – келген нүктесіне әуе жолдары билеттерін сату бойынша қызмет көрсетеді, 10-нан астам әуе компанияларының қызметін көрсетеді, оның ішінде: “Эйер Казахстан”, KLM және басқалары.
«Яссауи” фирмасы тапсырыскерлерді тартудың қосымша әдістерін қолданатын аз фирмалардың бірі: жеңілдіктердің икемді жүйесі бар (екінші рет келгендерге әр жолдамадан 3 % , үшінші рет келгендерге 5 %, одан арман қарай 7 %); әрбір тапсырыскерге жолдама алу кезінде жарнамалық өнімдерді беру (календарлар, буклеттер және т.б.).
Туристік рынок, ішкісі болсын, халықаралық болсын, - ең бәсекелесті рыноктардың бірі. Туристерді тарту үшін қатаң бәсекелестік күрес жүреді, жжеке елдер арасындада, елдің өзінің ішіндеде - региондар, қалалар, қонақ үйлер, қызмет көрсетуші кәсіпорындар және туристік фирмалар арасында. Қатал бәсекелестік жағдайында маркетингтің анық бағдарламасын әзірлеудің маңызы зор болады және оның нақты шараларын бірізді жүзеге асыру, рынокты зерттеуден бастап, турөнімді жасау мен оны рынокта жылжыту бойынша мақсатты бағытта әрекет жасауға дейін. Бұл жағдайларда, қазіргі маркетингтің маңызды бөлімдерінің бірі болатын, жарнамалық – ақпараттық жұмыс үлкен роль атқарады. Психология, социология, эстетика және басқа ғылымдар саласындағы жаңа табыстарды қолдана отырып, жарнама соңғы жылдары өте қуатты индустрияға айналды.
«Яссауи” фирмасындағы жарнамалық – ақпараттық қызмет екі деңгейде жүзеге асады:
- мемлекеттік макро деңгейде;
- коммерциялық құрылымдар, немесе микро деңгейде (қонақ үйлер, көлік компаниялары және т.б.)
Макро деңгейдегі жарнама мемлекеттік реттеу органдарымен жүргізіледі - министрліктермен, басқармалармен, комитеттермен. Бұл деңгейдегі негізгі мақсат:
- елдің тұтас немесе бір регионының қолайлы тұлғасын жасау және көрсету;
- әлуетті тапсырыскерді көптеген туристік бағыттардың ішінен өзінің саяхаттауы үшін тек осы елді немесе регионды таңдауына тарту.
Макро деңгейдегі жарнама қызметі негізінде бюджеттік қаражатпен жүргізіледі.
Микро деңгейдегі жарнаманың негізгі мақсаты, немесе коммерциялық жарнаманың – сатып алушыны рынокта ұсынылатын ұқсас өнімдер массасынан, нақты өнімді сатып алуға тарту.
Туризмдегі жарнамалық қызмет, оның ішінде қазақстандық, қатаң реттеледі. Мемлекет туристік фирмалар жарнамасына ерекше талап қояды. Туристік фирмаларға жарнамалық жарияламаларда көрсетілген, баяндалған ақпараттардың сенімділігі үшін жауапкершілік артылады. Өнім туралы ақпарат нақты және объективті болуы қажет. Соңғы талап өте маңызды, өйткені көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстандада, тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң қабылданған. Сондықтан жарнамада көрсетілген ақпараттың нақты көрсетілетін қызметтен айырмашылығы болған жағдайда, турист фирмадан сәйкес өтемді талап етуге, ал төленбеген жағдайда сотқа беруге құқығы бар.
Жарнамалық бағдарламаны әзірлеудегі бірінші қадам – жарнаманың мақсатының қойылымы. Жарнамалық мақсат – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде, белгілі бір мақсатты аудиторияға қатысты орындалатын, анықталған коммуникациялық міндет. Өткізілімді кеңейтуге әзірленетін жарнаманың мақсаты – мақсатты рыноктағы жаңа қызметтер мен маркалар туралы біліктілік жасау.
«Яссауи” фирмасында жарнама бюджетін есептеу келесідей түрде жүргізіледі:
Жарнама мақсатын анықтап алып, фирма жарнамалық бюджет орнықтырады. Бюджетті құрастыру кезінде кейбір факторлар ескерілуі керек: туристік өнімнің өмірлік циклінің сатысы – жаңа тауарлар жарнамаға жұмсалатын көп қаражатты керек етеді, тұтынушыға түсінікті болуын және одан қайтымды реакцияны алу үшін. Кемелдік сатысына көтерілген тауарлар сату көлемімен салыстырғанда жарнамаға аз қаражат талап етеді; рыноктық үлес – үлкен рыноктық үлеспен қызмет үшін, әдетте, үлкен жарнамалық шығындар қажет болады. Рынокты жеңіп алу немесе бәсекелес рыногінің үлесін жеңіп алу бар рыноктық үлесті қолдауға қарағанда үлкен жарнамалық бюджетті талап етеді; бәсекелестік және бөгеуілдер – көптеген бәсекелестер мен күшті жарнамалық қолдау бар рынокта сауда маркасы көбірек жарнамалануы керек, ол рыноктың жарнамалық шуының ішінен естілуі керек; жарнамалану жиілігі - бұл сол сияқты жарнама бюджетімен анықталады, сауда маркасы туралы жарнамалық жариялама қаншалықты көп қайталанса, соншалықты бюджет жоғары; тауардың саралануы - өз тобындағы басқа қызметтермен барынша ұқсас қызметтер үшін, күшті жарнама ерекшеленуге көмектесуі және оны дараландыруы керек, егер оның ерекшелігі бәсекелес тауарлардан маңызды болса, жарнама осы ерекшеліктерді тұтынушыға жеткізуі керек.
Бәсекелестердің шығыны деңгейінен шыға отырып – бәсекелестер деңгейімен шығынды салыстыру. Компаниялар бәсекелестер жарнамасын бақылайды немесе саладағы шығын деңгейі бойынша мәліметтерді жарияламалардан алады немесе сауда ассоциацияларынан, содан соң сала бойынша орташа шамадан шыға отырып өздерінің бюджеттерін орнықтырады. Бұл әдістің пайдасына екі аргумент бар: бәсекелестер бюджеттері саланың ұжымдық ойын білдіреді және бәсекелестердің салыстырмалы шығындары жарнамалық соғысты болдырмауға мүмкіндік береді. Бірақ, өкінішке орай, бұл екі аргумент сенімсіздеу. Жылжытылуға компания қанша қаражат жұмсауы керек екенін бәсекелес жақсы біледі деп есептеуге ешқандай негіз жоқ. Компаниялар әртүрлі, жәнеде әрқайсысының жарнама мен тауардың жылжытылуында өздерінің ерекше қажетсінулері бар.
Жарнамалық бағдарламамен көзделетін мақсаттар мен міндеттерден шыға отырып – бюджеттің жылжытылу бағдарламасының мәселелері мен мақсаттарына сәйкестігін анықтау әдісімен оны орнықтыру барынша қисынды. Бюджетті анықтамас бұрын, маркетингілік бойынша мамандар өзіндік мақсаттарды, осы мақсаттарға жету үшін орындалуы қажет міндеттерді анықтауы қажет және оларды орындауға жұмсалған шығынды бағалауы қажет. Осы шығындардың барлық сомасы – жылжытылуға ұсынылатын бюджет болып табылады. Бұлда орындалуы қиын әдіс, өйткені анықталған мақсаттарға қол жеткізуге қандай міндеттер әкелетінін алдын ала анықтау өте күрделі. Әдіс жылжытылуға тіленетін бюджетті орнықтыруға мүмкіндік береді.
Өнімнің өздік құнына жатқызылған, жарнамаға кеткен нақты шығындардың жалпы шамасы қызмет көрсетуді өткізуден түскен ақша көлеміне тәуелді және нормативтерден аспауы керек. Өзінің қызметін туристік қызмет көрсету аясында жүргізетін ұйым, жарнамаға шекті саналған шығын сомасын 3 есеге көтереді .
Біздің қызметтеріміз 140000 тұтынушылардан тұратын рынокқа ұнай алады. Мақсаты - 98000 тұтынушыларды қамту (140000 х 70%). Орта тұтынушы жарнамамен және әрекеттің біржарым күшімен 24 байланыста болатын болса, онда сатып алынатын байланыстың есепті саны 3,528 млн. құрайды (98000 х 24 х 1,5).
Жарнаманы тарату құралдары туралы шешімдер.
Жарнамалық жарияламаны мақсатты аудиторияға дейін жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын таңдаудағы басты қадамдар:
- қамту, жиілік және ықпал ету дәрежесін таңдау;
- ақпарат құралдарының басты түрлерін таңдау;
- ақпаратты тарату құралдарының нақты түрлерін таңдау;
- ақпарат құралдарында жайғасу уақытын таңдау.
Туристік өнім жарнамасының ерекшелігі сонда, теледидар бойынша ол ондай әрекетті емес. Ол газеттерде, журналдарда және радио бойынша тиімдірек және дәстүрлі жүреді. Сондықтан ақпаратты таратудың негізгі каналы ретінде баспасөздегі жарнама таңдалған. Журналдардағы жарнама келесілермен шартталады:
- сенімділік пен беделділік;
- қалпына келтірудің жоғары сапасы;
- тіршілік ұзақтығы;
- қайтара оқушыларының мәнді саны;
- оқушылар арасындағы жақсы “өтімділік”;
- жоғары демографиялық және географиялық селективтік.
Жарнама құны 1000 адамға есептелген. Жарнаманы нақты тасымалдаушыларды таңдау.
1 кестеден көреміз, ақпарат тарату тұрғысынан қарағанда, қазіргі кезеңде рынокта бізді қызықтыратын келесі журналдар: «Туризм и отдых», газеттер «Караван плюс» және «Эконом» келтірілген. Маркетингілік зерттеулер көмегімен оқушылар шеңбері анықталған және пайдасыз аудиторияны ескерумен – бір бөлімі қарастырылатын фирманың мақсатты рыногі болып табылмайды – әлуетті мақсатты рынокты анықтадық. Мысалы, “Туризм и отдых” журналының 85000 оқушылары бар, олардың 60 % пайдасыз аудитория және 40 % (34000 адам) мақсатты аудитория. 1/2 беттегі жарнама бағасы 13568 тенге. Сондықтан жарнама құны 399 тенгені құрайды (13568 : 34000 х 1000 =399 тенге) 1000 оқушыға. Келтірілген басқа журналдар үшінде осындай есептеулер жүргізіледі (1 кесте).
Кесте 1
Жарнама құнын есептеу



Атауы

Тираж

Мақсатты нарық,%





Әлуетті мақсатты рынок,
адам

Жарнама құны (1/2 бағана),
тенге

Айынашығу жиілігі, рет

Жарнама құны, 1000 адамға, тенге

Туризм и отдых

85000

40 %

34000

13568

2

399

Караван плюс

85000

54 %

45000

7200

4

160

Эконом

10000

40 %

34000

6950

2

204

Хабарландырулар мөлшері газеттің бір бетінің 1/2 таңдайды, өйткені бұл байқалатын мөлшер, 40 % оқиды.


Барлығы, айына орта шамамен жарнама құны 256354 тенгені құрайды.
Негізгі жарнамаға қосымша басылым жарнамасын қолдану: календарлар мен буклеттер – үлкен тиражбен шығарылады және фирманың тапсырыскерлері арасында тегін таратылады, көрмелер мен жәрмеңкелерге келушілерге таратылады.
Ай сайын есептеп тұру қажетті:
Жалпы пайда, тенгемен:
Од = V х Ц - С х n ,
V – жарнама бойынша сатып алынған қызметтер саны,
Ц – қызмет бірлігінің құны,
С – бір жарияламаның құны,
n - жариялама саны.
Сонымен қатар «Яссауи” фирмасында, жарнама бюджетін негіздеу үшін келесідей көрсеткіштерді есептейді.
Дебиторлық берешек айналымдылығы:
;
мұндағы - дебиторлық берешек айналымдылығы коэффициенті (айналым саны);
- турларды өткізуден түскен ақша (мың тенге);
- дебиторлық берешектің орташа шамасы (тенге).
Дебиторлық берешекті өтеу кезеңі:
;
мұндағы - дебиторлық берешекті өтеу ұзақтығы (күндер);
- есеп беру кезеңі (күндер);
- дебиторлық берешек айналымдылығы коэффициенті (айналым саны).
Дебиторлық берешекті басқарудың бірқатар жалпы ұсыныстары бар:
– тапсырыскерлермен есептесу күйін бақылауды орнықтыру;
– бір немесе бірнеше ірі тапсырыскерлермен төленбеу тәуекелдігін төмендету мақсатында мүмкіндігінше тапсырыскерлер шеңберін кеңейту керек;
– дебиторлық және несиегерлік берешектер қатынасын қадағалау, өйткені дебиторлық берешектің едәуір жоғарылауы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді және қосымша қымбат тұратын қаржыландыру көзін тартуды керек ету қаупі туады;
– ұзақ мерзімді төлем кезінде жеңілдіктерді ұсынуды қолдану.
Фирманың іскерлік белсенділігі, бәрінен бұрын, ресурстарды қарқынды қолдану, олардың айналымдылық кезеңімен, кезеңдегі шығындар мен алынған пайдалар көрсеткіштерімен сипатталады. Пайдалылықтың негізгі көрсеткіштерін қарастырамыз:
1. Активтер пайдалылығы (мүлік) - кәсіпорын активке салынған әрбір тенгеден қандай пайда алатынын көрсетеді;
;
мұндағы - активтер (мүлік) пайдалылығы;
- кәсіпорын қарамағында қалатын пайда (таза пайда);
- активтердің орташа шамасы (баланс валютасы).
2. Меншікті капитал пайдалылығы:
- пайданың меншікті капиталға қатынасын көрсетеді;
;
мұндағы - меншікті капитал пайдалылығы;
- кәсіпорын қарамағында қалатын пайда
(таза пайда);
- меншікті капиталдың орташа шамасы.
Капитал пайдалылығы мен сату көрсеткіштерін талдау, талдау жүргізілген кезеңде фирма қызметі тиімділігінің нашарлағанын көрсетеді.
Сату пайдалылығын ұсынылатын қызметтерге бағаны жоғарылату жолымен немесе оларды өткізу кезіндегі шығынды төмендету жолымен арттыруға болады. Дегенмен бұл әдістер қысқа мерзімді кезеңде тиімді және ұзақ мерзімді келешекке сенімділігі жеткіліксіз. Фирманың қаржы жағдайын беріктендіру мақсатына жауап беретін ең бірізді саясаты, қажеттілігі әуе тасымалдау рыногіндегі сұраныммен анықталған, өндіріс пен қызметті өткізуді арттырудан тұрады.
Бұл көрсеткіштердің бәрі ай сайын немесе тоқсан сайын есептеліп тұрады және нәтижелеріне байланысты жарнамалық қызмет түзетіледі.
Бұл жарнамалық компания сатудың қандай деңгейіне келтіретінін қазір анықтау қиын. Жарнамадан өзге, сату деңгейі көптеген факторларға тәуелді: тауар ерекшелігіне, оның бағасына, елдегі экономикалық жағдайға және т.б.
Көздер бойынша тапсырыстардың бөлінуі.
Турфирманың әрбір бөлімшесі үшін нақты міндеттер белгіленген, бірақ туристік бызнес әр түрлі форс – мажорлық жағдайлаға жиі тап болғандықтан, туфирманың қызметкелері басқа да функцялард атқара біліп, еліміздің заңдарын қажетті көлемде білуі керек.
Туристік ағым бұл туристердің елге үздіксіз ағып келуі ьолып табылады. Туристік ағым көлемін сипаттайтын көрсеткіштерге мыналар жатады: туристердің жалпы саны, туристік күндер саны, бір туристің елде болуының орташа ұзақтығы.
Туристік күндер саны келесі формула бойынша анықталады:
Д=Ч*t
Мұндағы:
Д – туристік күндер саны, адам/күн;
Ч – туристер саны, адам;
t – бір туристің берілген аймақта болуының орташа ұзақтығы.
Келесі кестеде «Яссауи» турфирмасының 2004-2005 жылдар аралығындағы туристерге қызмет көрсету құрылымы берілген.
Кесте 2
«Яссауи» турфрмасының 2004-2005 жылдар аралығындағы туристерге қызмет көрсету құрылымы

Елдер

Қызмет көрсетілген туристер саны, адам

Үлес салмағы, %

Туристік күндер саны, күн

Үлес салмағы,
%

АҚШ

23

0,15

234

0,23

Канада

20

0,13

184

0,18

Франция

80

0,52

670

0,67

Германия

120

0,79

1020

1,02

Швеция

45

0,3

414

0,41

Туркия

2550

16,7

18063

18,03

БАЭ

3215

21,1

28650

28,61

Бельгия

46

0,3

476

0,48

Испания

125

0,83

1314

1,31

Англия

64

0,43

566

0,58

Канар аралдары

80

0,52

944

0,95

Египет

31

0,2

332

0,33

Греция

42

0,28

470

0,47

Голландия

28

0,19

196

0,2

Италия

236

1,55

1929

1,94

Үндістан

570

3,74

485

0,48

Қытай

7890

51,7

43395

43,3

Жапония

86

0,57

812

0,81

Барлығы:

15251

100

100154

100

Туристік ағым - құбылмалы құбылыс. Туристік ағымның құбылмалылығын сипаттау үшін құбылмылылық коэфициенті қолданылады. «Яссау» турфирмасы үшін туристік ағмның құбылмалылық коэффициентін келесі формула бойынша табуға болады:


Кқ =Д max/Дoa * 100%
Мұндағы:
Кқ – туристік ағымның құбылмалылық коэффциенті;
Дmax – бір айдағы максималды туристік ағымдық туристік күндер саны, адам/күн;
Доа – орташа айлық туристік күндер саны.
Орташа айлық туристер күндер саны жылдық туристік күндер санын 12 айға бөлу арқылы анықталады:
Доа=Джылдық / 12,
«Яссауи» турфирмасы бойынша орташа айлық туристік күндер саны келесіге тең:
11128/12=927,3
Ал туристік ағымның құбылмалылық коэффициенті «Яссауи» турфирмасы үшін келесідей:
1125/927,3*100%=121%
Бұл коэффициент маусымдық фактордың туристік ағым құбылмалылығына өте үлкен әсер тпейтідігін көрсетеді. Бұл турфирманың туристік қызметтер ассортиментінде шоп-туризмнің үлестік салмағының жоғары болуымен түсіндіріледі.
Құрылған уақытынан бері «Яссауи» турфирмасы 329 ұйымдасқан топтарды қабылдап, 1354 индвдуалды туристерді қаблдаған. Негізінен турфирма шығатын туризммен айналысады, ал ішкі туризмнің үлес салмағы өте аз.
Кесте 2 көрініп тұрғандай, Қытай -51,7, БАЭ-21,1, Түркия – 16,7 елдерінен келген туристерді қаблдау бойынша қызмет көсетудің үлес салмағы ең жоғары, сонымен қоса туристік күнмен туристерге қызмет көрсету көрсеткіштері әртүрлі, мысалы, Қытай бойынша туристік күндердің үлес салмағы 43,3%, бұл туристердің Қытайда болу ұзақығының төмен болуымен түсіндіріледі. Қытайда орташа болу ұзақтығы турфирма бойынша 5,5 күнге тең. Ал БАЭ мен Түркия бойынша бұл көрсеткіш 8,9 күн және 7,1 күнге тең. Мұндай айырмашылықтар туристік сапардадың құрылымына байланысты.
«Яссауи» турфирмасының қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіші болып айналыс шғындары табылады. Туризмде турды қалптастыруға кеткен шығындар айналыс шығындары деп аталады.
Турфирманың айналс шығындары келесідей негізгі көрсеткіштермен сипатталады:
- айналыс шығындарының абсолюттік сомасы;
- турфирманың айналыс шығындарының деңгейі;
- шығын қайтарылымдылығының деңгейі;
- айналыс шығындарының рентабельділік деңгейі.
Айналыс шығындарын талдау турфирманың бухгалтерлік және статистикалық қорытындылары және ағымдағы есеп беру материалдары негізінде жүргізіледі.
Турфирманың қаржылық қорытындысы оның шығындарды төмендетуіне байланысты болады. «Яссауи» турфмасының осындай мүмкіндіктерінің қандай екендігін көру үшін, жылдар бойынша айналыс шығындарының құрылымы мен құрамын қарастыру қажет .
Кесте 3
«Яссауи» турфирмасының айналыс шығындарының құрылымы



Айналыс шығындары

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқу, тенге

Сомасы, тенге

Табыстағы үлесі, %

Сомасы, тенге

Табыстағы үлесі, %

1

2

3

4

5

6

Басқа ұйымдардың қызметтері

431704

4,46

468295

4,7

36591

Автокөлікті жалға алу

97500

1,0

101630

1,02

4130

1

2

3

4

5

6

Еңбек ақы

6115200

63,2

6165076

62,1

49876

Амортизацялық аударымдар

37660

0,39

38080

0,38

420

Банктік қызмет көрсету бойынша шығындар

76896

0,8

81684

0,82

4788

Жалға алу

840000

8,7

842000

8,5

2000

Кеңсе шығындары

48110

0,5

50260

0,5

2150

Коммуналды шығындар

211100

2,2

241225

2,4

30125

Барлығы

7858170

81,2

7988250

80,5

130080

Табыс (ҚҚС - есептемегенде)

9675580




9925733




250153

«Яссауи» турфрмасы бойынша 70% жуық шығындар «Еңбекақы» бабына келеді. Бұл турфирма қзметкерлерінің орташа айлық еңбекақысының жоғары болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, турфирма виза мен төл құжаттарды рәсімдеу бойынша қосымша қызметтер көрсетіп, айналыс шығындарын арттырып, бірақ туристік қызметтер ассортиментін кеңейтеді.


Кестеден көрініп тұрғандай, барлық баптар бойынша өсу динамикасы байқалған. Бұл қызметкерлердің еңбекақсының жоғарылауымен байланысты, сонымен қоса, сатылған туристік жолдамалар санының өсуі есебінен болған. Өз кезегінде бұл басқа ұймдардың, яғни визалық, қонақүй және экскурсондық қызметтерге кеткен шығындардың өсуіне әкеп соқты. Сонымен қоса, жалға алу көлемі де өсті.
Егер туристік қызметтер көлемі мен айналыс шығындарының өсу қарқынын салыстырар болсақ, шығындардың 1,8%, ал туристік қызметтер көлемінің 2,6% артқанын көреміз. Бұл 2004 жылы шығындарды жоғарылатудың тиімсіздігін дәлелдейді.
Айналыс шығндарының сомасының туристік қызметтер көлеміне қатынасы айналыс шығынлары деңгейін береді. Бұл көрсеткіш турфирманың сапалық көрсеткіштерінің негізгісі болып табылады және туристік қызметтердің жалпы құнындағы айналыс шығндарының үлесін көрсетеді.
«Яссауи» турфирмасы үшін айналс шығындарының деңгейі:
2004 жылы 7858/9676*100%=81,2%
2005 жылы 7988/9926*100%=80,5%
«Яссауи» турфирмасы бойынша көрсеткен туристік қзметтер көлеміндегі айналыс шығындарының үлес салмағының артқаны байқалады. Бұл көрсеткіш турфирма үшін қауіпті. Кәсіпорын үшін шығындарды бақылап оларды минималды көлемге дейін азайту қажет. Бұл – пайданы арттруға қажетті ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың бірден бір көзі болып табылады.
Айналмалы шығындар, банктік қызмет көрсету бойынша шығындардың артуы ең алдымен, турлард ұйымдастыру, маршруттар бағдарламасын құрумен, оларды тәжірибеден өткізу және турларды өткізудің артуымен байланысты.
2005 жылғы материалды шығындардың үлес салмағы 2004 жылмен салстырғанда 19,2%- тен 18,0%-ке дейін азайған. Бұл – байланыс пен жарнама қызметінің байланыстың арзан түріне – Интернетті қолданумен байланысты.
Төмендегі кестеде (кесте 4) «Яссауи» турфирмасының 2004-2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау берілген.

Кесте 4
«Яссауи» турфирмасының қаржылық көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын талдау





Көсрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

2004 жылға қатысты %-пен

1

Табыс (ҚҚС- ты есептемегенде)

9676

9926

102,6

2

Айналыс шығындары

7858

7988

101,7

3

Өнімді өткізуден түскен табыс

269

349

129,7

4

Басқалай өткізуден түскен табыс

79,8

85,3

106,9

5

Өткізуден тыс операцялардан түскен табыс пен шығындар сальдосы

146,9

149,1

101,5

6

Барлығы

496

583

117,7

7

Табыс (ҚҚС – ты есептемегенде )

347

408

117,7

Кестеден көрініп тұрғандай, қарастырылып отырған кезеңде «Яссауи» турфирмасы 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы көрсетілетін қызмет көлемін 250 мың теңгеге немесе 2,6 % арттырған. Ал шығндардың 1,7 %-ке артуына байланысты, пайда көлемі 17,7 %-ке өскен. Өткізуден тыс операциялардан түскен табыс артық құрал-жабдқтарды, сонң ішінде туристік құрылғылар мен материалдқ құндылықтарды сату арқаснда өскен.
Турфирманың жнтық табысының қалыптасуның негізі болып туристік қызметтен түскен табыс табылады, сондқтан табысты басқару үрдісінде оған үлкен рөл беріледі. Соңғы қаржылық қорытындыға өткізуден тс операциялардан түскен табыс пен шығынар (бағалы қағаздар бойынша дивидендттер, валюта курсының өзгерулері) әсер етеді.
Турфирманң қаржылық қорытндысының өзгеруі төрт фактордың өззгеруіне байланысты:

  • көрсетілген қызмет көлемі;

  • көрсетілген қзмет құрылымы;

  • айналыс шығындарының өзгеруі;

  • қызмет бағасының өзгеруі.

Қаржылық қорытындының жоғарыда айтылған факторлар есебінен өзгеруі
келесідей байланыстар арқылы анықталады:

  1. Қаржылқ қортындының көрсетілген қызмет көлемінің (ΔРр1) өзгеруіне байлансты өзгеруін мна фомула арқылы анықтаймыз:

ΔРр1=Ро(К2-1),
Мұндағы
Ро- базисті қаржылық қорытынды;
К2- қызмет көрсету көлемінің толық шығындар бойынша өсу коэффициенті
(К2=S1/S2).
Бұл көрсеткішті «Яссауи» турфирмасы бойынша есептейік:
К2=9676:7858=1,231,
ΔРр1=347(1,231-1) =80,2

  1. Қаржлық қорытындының көрсетілген қызмет шығындарының 1 теңгеге өзгеруі салдарынан өзгеруі келесі формула бойынша анықталады:

ΔРр3= (S1/ -So/QPo)Po,
Мұндағы
Qpo- базисті кезеңде көрсетілген қызмет көлемі;
QP1- есепті кезеңде көрсетілген қызмет көлемі;
So – базисті кезеңдегі көрсетілген қызмет шығындары;
S1 – есепті кезеңдегі көрсетілген қызмет шығындары.
«Яссауи» турфирмасы бойынша бұл көрсеткіш 2004-2005 жылдар үшін:
ΔРр3=(7988:9926-7858:9676)347=34,7 мың теңге
3. Қаржылық қорытындының өткізу құрылымының өзгеруі есебінен өзгеруін төмендегі формула бойынша анықтаймыз:
ΔРр2= Ро(К1-К2),
К1- есепті кезеңдегі баға бойынша өткізу көлемінің өсу коэффциенті (К1= QP1/ Qpo).
Осы есептеулерді «Яссауи» турфирмас бойынша есептеп табамыз:
К1=9926:9676=1,026,
ΔРр2=347(1,026-1,231) =-71мың теңге
Қаржылық қызметті факторлық талдау қортытындысы кесте 5 көрсетілген:
Кесте 5
«Яссауи» турфирмасынң пайдасын факторлқ талдау қорытындысы

Көрсетілген қызмет көлеміне байланысты қаржылық қорытындының өзгеруі

2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда, мың теңге

Қаржылық қорытындының өзгеруі

+426,36

Соның ішінде :
Көрсетілген қызмет көлемінің өзгеруі есебінен
өткізу құрылымының өзгеруі есебінен
өткізу шығындарның 1 теңгеге өзгеруі есебінен

+80,2
-71,0

+34,7


2005 жылғы жағымды қаржылық қорытынды көрсетілген қызмет


шығындарының 1 теңгеге төмендуі есебінен болған, осының салдарынан табыс 34,7 мың теңгеге артқан және өткізу көлемінің 80,2 мың теңгеге артуы мен өткізу құрылымының 71 мың теңгеге төмендеуі есебінен болған.
Яғни, «Яссауи» турфирмасына қаржылық қорытынды көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік беретін қызметтер нарығын зерттеу бойынша маркетинг саясатын қалыптастырып, тиімді қызметтер үлесін арттыру керек.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – қаржы көлемі мен құрылмының өзгеру тнденцияларын және олардың қаржылық тұрақтылық пен қаржыны пайдалану тиімділігіне әсерін анықтау. Талдаудың бұл кезеңінде қаржы құрылымымен анықталатын турфирманың қаржылық тұрақтылығы қарастырылады.
Мұндай талдауды жүргізу барысында төмендегідей көрсеткіштер есептелінеді:
Автономия коэффициенті кәсіпорынның заемдық көздерден тәуелсіздігін, кәсіпорынның жалпы қаржы құрамндағы өзіндік қаржының үлесін көрсетеді:
22305:23515=0,95
2005 жылы бұл көрсеткіш >0,5 нормасында 0,95 – ке тең болған. Бұл турфирманың тиімді және тәуелсіз қызметін көрсетеді.
0,05 – ке тең заемдық және өзіндік қаржының қатынасын көрсететін коэффициент «Яссауи» турфирмасында өзіндік қаржы үлесінің көбірек екендігін көрсетеді және төмендегі жолмен есептелінеді:
1210:22305=0,05
Маневрлік коэффициенті кәсіпорынның өзіндік қаржысының қандай бөлігі мобильді түрде екендігін көрсетеді. Тиімді көлемі >0,5. Бұл коэффициентті «Яссауи» фирмасы үшін анықтаймыз:
(22305-99):22305=0,99
«Яссауи» турфирмасы бойынша бұл көрсеткіш 0,99 – ге тең және ол нарықтық экономика жағдайында турфирманың тиімді маневрлігін көрсетеді.
Банкроттық коэффициенті баланс активі сомасындағы өзіндік айналмалы қаржының үлес салмағын көрсетеді және төмендегі жолмен анықталады:
(520+1320-780):23515=0,05
0,05 - ке тең бұл коэффициент турфирманың нарықтағы тұрақты жағдайын және өз нишасының бар екендігін көрсетеді.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалауда кәсіпорын иелігіндегі қаржыны қолдану рентабельділігі улкен мәнге ие. Негізгі қорлар рентабельділігі көрсеткіші пайланың жылдық сомасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы арқылы анықталады.
Қор қайтарымдылығы капитал бірлігіне келетін туристік қызметтер көлемін сипаттайды және туристік қызметтер көлемінің негізгі қорлар құнына қатынасы арқылы анықталады. Қор қайтарымдылығы коэффициентін есептейік. Бұл көрсеткіш туристік қызметтер көлемінің бірлігін өткізуге қажетті капиталдың орташа көлемін сипаттайды және негізгі қорлар құнының туристік қызметтер көлеміне қатынас арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш 1 теңгеге туристік қызметтер көлемінде негізгі қордың қандай көлемі қатынасы көрсетеді (кесте 6).
Кесте 6



Көрсеткіштер

2004жыл

2005 жыл

1.

Табыс (ҚҚС-ты есептемегенде), мың теңге

9676

9926

2.

Айналыс шығындары, мың теңге

7858

7988

3.

Таза табыс, мың теңге

347

408

4.

Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге

335

392

5.

Негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы коэффициенті (1 жол/4 жол)

28,9

25,3

6.

Негізгі қорлардың қор сыйымдылығы коэффициенті (4 жол/1 жол)

0,03

0,04

7.

Негізгі қор бойынша рентабельділік коэффициенті (3 жол/ 4 жол)*100%

103,6

104,2

8.

Рентабельділік деңгейі (3 жол/ 2 жол)*100%

4,4

5,1

Кестеде көрсетілген көрсеткіштердің өзгеру динамикасы фирманың капиталды қаншалқты тиімді қолданғандығын бағалауға мүмкіндік береді. Қор қайтарымдылығы көрсеткіштерінің өсу динамикасы біркелкі болып келген. Бұл негізгі қорларды тиімді қолданудың дәлелі. Сонымен қатар, негізгі қорлар рентабельділігі көрсеткішінің төмендеуі байқалады.


Турфирманың шаруашылық көрсеткіші – оның табыс деңгейі. Турфирманың табысы 3 негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін қаржылық база болып табылады:
- турфирманың шаруашылық қызметін жүргізумен байланысты шығындарды өтеу;
- табыстың бір бөлігі әр түрлі салықтарды төлеуге кетеді;
- табыстың белгілі бір бөлігі пайданың қалыптасу көзі болып табылады.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, 2005 жылы «Яссауи» турфирмасының қаржылық жағдайы жақсарады деп болжауға болады. Жаңа туристік өнімді өткізуден түскен табстың өсуіне және турфирманың қаржылық жағдайының тұрақтануына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет