Тутаева айгерим айтбаевна



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
 
 
 



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
АІЖ асқазан ішек жолы 
БҒМ Білім және ғылым министрлігі
 
БӨД бронхөкпелік дисплазия 
БЦСА балалардың церебральді сал ауруы 
ҒЗЖ ғылыми зерттеу жұмысы 
ҒТА ғылыми техникалық ақпараттық ұлттық орталығы
 
ДДҰ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 
ЖҚЖ жүрек қантамыр жүйесі 
ЖРВИ жедел респираторлы вирусты инфекция 
ЗШЖ зәр шығару жүесі 
КТ компьютерлік томография 
ҚР Қазақстан Республикасы 
ЛШО ликворошунттаушы операция 
МРТ магнитті-резонансты томография 
НСГ нейросонография 
НЭК некротикалық энтероколит 
ОДКБ Областық клиникалық балалар ауруханасы 
ОҚО Оңтүстік Қазақстан облысы 
ОНЖ орталық нерв жүйесі 
ОПАБ Облыстық патологоанатомиялық бюро 
ӨЖЖ өкпені жасанды желдендіру
ПВЛ перивентрикулярлы лейкомаляция
РДС респираторлы дистресс синдромы 
ТАЖ тыныс алу жүйесі 
УДЗ ультрадыбысты зерттеу 
ХҚТУ Халықаралық қазақ-турік университеті 
ЭКГ электрокардиограмма 
SD ағыл. standart deviation – стандартты ауытқу
SPSS ағыл. Statistical Package for the Social Sciences
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеу 
жұмысының 
өзектілігі.
Қазақстан 
Республикасындағы 
демографиялық көрсеткіштің жоғары болуы, шала туылған балаларға 
әлеуметтік және медициналық көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар 
аударуды талап етеді. Реанимациялық және неонатологиялық іс-шаралардың 
жоғары жетістіктері шала туылған нәрестелер өлімінің едәуір төмендеуіне алып 
келді. Өмір сүруге қабілетті нәрестелерді бағалаудың Халықаралық стандарты 
бойынша (жүктілік мерзімі 22 аптадан асқан, салмағы 500 г. жоғары және 
жүрек қызметінің болуы) және балалар арасында аурушаңдық пен 
мүгедектіктің өсуі шала туылған балаларға емдеу іс шараларын дұрыс 
жүргізуді ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр [1-4]. 
Аурушаңдық пен өлім–жітім көрсеткіштерінің жиілігі бойынша шала 
туылған балалар жоғары қауіп тобына жататындықтан, назардағы басты нысан 
болып отыр [5-8]. Еліміздегі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту 
үшін, шала туылған балаларға дер кезінде және сапалы түрде емдік – алдын алу 
шараларын жүргізу маңызды [9-12]. 
Шала туылған балаларда мүгедектік, ауыр соматикалық аурулар мен 
орталық нерв жүйесі патологияларының даму қаупі жоғары [13-15]. 
Перинатальді кезеңде дамитын бұзылыстар мен патологиялар балалар арасында 
жиі анықталатын болғандықтан, өмірлерінің ерте кезеңдерінде жүргізілетін 
тәжірибелік және ғылыми жаңалықтарға ерекше мән беріледі [16-20]. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған нәресте мәселесінің 
өзектілігі мен басымдылығы пренатальді кезеңде өткізілетін анықтау 
әдістерінің дәрігерлік тәжірибеге енуіне және медико-генетикалық қызметтің 
дамуына байланысты болып отыр [21; 22]. Шала туылған нәрестелерде 
асқынулардың алғашқы белгілері дамымай тұрғанда мамандандырылған 
хирургиялық ауруханаға ауыстыру, ақауды ерте мерзімде анықтап, 
операциялық жолмен қалпына келтіру көп септігін тигізеді [23-25]. 
Қазіргі заманда неонатальді онтогенез ағымының сын ерекшеліктері 
әлеуметтік, биологиялық және экологиялық әсерлердің қолайсыздығымен 
қосарланып отыр [26-29]. Ана денсаулығының ауыр жағдайы, жүктілік пен 
босанудың патологиялық ағымы, нәрестелердегі даму ақауы шала туылған 
баланың ағзасына теріс әсер етіп, қолайсыз себептерден өмір сүруге қабілетсіз 
етеді [30-32]. 
Шала туылған балаларда ерте неонатальді кезеңде қауіпті жағдайлардың 
дамуын және мидың зақымдануын тоқтату мүмкін емес, себебі бұл үрдістердің 
пайда болуы барлық ағзалар мен жүйелердің (тыныс алу, жүрек қантамыр, 
жүйке жүйесі) толық дамымауына тікелей байланысты [33-35]. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың барлық 
ағзалары мен жүйелерінің толық дамып жетілмеуіне нерв және бронхөкпе 
жүйесі жағынан болатын аурулар, асқазан ішек жолдарының дисфункциясы, 
гемодинамиканың тұрақсыздығы, зат алмасу үрдісінің бұзылыстарына 
бейімділік (рахит, аллергия), ферментопатиялар, бактериальді – вирусты 



инфекцияларға жоғары сезімталдық, сенсорлы дамудың тежелуі мен бұзылысы 
қосарланады [36-39]. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың өліміне 
алып келетін негізгі себептеріне ауыр даму ақаулары, қарыншаішілік қан 
құйылудың 
ми 
паренхимасына 
жарылуы, 
перивентрикулярлы 
лейкомаляцияның дамуымен жүретін орталық нерв жүйесінің ауыр 
перинатальді зақымдануы, мидың кистозды трансформациясы, неонатальді 
сепсис және пневмония жатады [40; 41]. 
Туа пайда болған даму ақауы бар шала туылған балаларға емдеу жүргізу 
барысында жаңа технологияларды, реанимациялық құралдарды қолдану, 
микрохирургиялық араласулар, оттегі беруді бақылау, өкпені қосымша 
желдендіру нәрестелердің тірі қалу көрсеткішін жоғарылатқанымен, 
соматикалық және неврологиялық бұзылыстары бар балалар санының артуына 
алып келді. Кездесетін асқынулардың көп болуынан тірі қалған 40% 
нәрестелерде балалардың церебральді сал ауруы, гидроцефалия, ақыл – ойдың 
кідіруі, құрысу жағдайлары, мінез–құлықтың бұзылысы, есту мен көру 
ағзаларының зақымданулары болды [42-45]. 
Шала туылған балаларды емдеуге заманауи әдістерді қолдану нәтижесінде 
бронхөкпелік дисплазия, қарыншаішілік қан құйылу, перивентрикулярлы 
лейкомаляцияның 
кистозды 
түрі, 
некротикалық 
энтероколит, 
шала 
туылғандардың ретинопатиясымен нейросенсорлы кереңдік аурулары сияқты 
неврологиялық асқынулардың дамуы мүмкін. Сондықтан, шала туылған 
балалардың күтіміне бағытталған іс–шараларды жақсартуға, патологиялық 
тітіркендіруді азайтуға, бұзылыстарды дер кезінде анықтауға және қалпына 
келтіруге ерекше көңіл бөлуді талап етеді [46-53]. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың жалпы 
жағдайының ауырлығы, соматикалық және неврологиялық асқынуларға 
байланысты аурухана жағдайында емдеу нәтижелігін бағалау қиынға соғады 
[54; 5, с.21; 6, c.302; 55-59]. Сондықтан неонатальді педиатрияның маңызды 
сұрақтарының бірі, зақымданудың айқын соматикалық және неврологиялық 
клиникалық белгілерін анықтау мен шала туылған балалардың жағдайын 
бағалау. 
Туа пайда болған даму ақаулары бар балаларды емдеу нәтижелігі көптеген 
әсерлерге байланысты, олардың ішінде ерекше маңыздыларына: патологиялық 
үрдістің ағымы, бала ағзасының конституциональді ерекшеліктері, қосарланып 
келетін аурулардың болуы, хирургиялық емнің тиімділігі мен соматикалық 
және неврологиялық асқынулар жатады [60; 61]. Бірақ, шала туылған балаларға 
аурухана жағдайында өткізілетін қажетті тексеру шаралардың көлемімен 
оперативті тәсілдің басталу мерзімі жайлы бірыңғай пікір жоқ. Қазіргі таңда, 
туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларда неврологиялық 
және соматикалық асқынулардың дамуын дер кезінде реттеуге байланысты 
және тиімді тексеру жүргізудің мәселелері әдебиеттерде аз келтірілген. 
Ғылыми зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
Министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бағдарламасы 



аясында 02.03. 2012 жылғы №820, 04.02.2013 жылғы №46 және 04.02.2014 
жылғы №352 келісім шарты бойынша, «Орталық нерв жүйесінің туа пайда 
болатын даму ақауларын ерте анықтаудың және хирургиялық емдеудің 
жолдарын жетілдіру» атты тақырыпта өткізілді. ҚР ҒТА Ұлттық орталығында 
№ 0112 РК 00155 тіркелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет