Тутаева айгерим айтбаевна



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Бронхөкпелік дисплазия -
шала туылған балалардың өкпесіне жасанды 
желдендіру жасаудың, оттегінің жоғары концентрациясының нәтижесінде әлсіз 
дамыған 
өкпе 
мен 
бронхтардың 
зақымдануының 
негізінде 
тахипноэ, диспноэ, гипоксемияның дамуымен, тұрақты бронхобструкциялық 
және рентгенологиялық бұзылыстармен сипатталатын ауру. 
Гестациялық мерзім

бұл аналық жасушаның аталық жасушамен 
ұрықтанғаннан бастап, туылғанға дейін созылатын кезең. Адамдарда бұл кезең 
14 күндік ауытқумен (38-42 апта) жүретін 40 аптаны құрайды. 
Интранатальді кезең
– босану үрдісі басталғаннан, нәресте дүниеге 
келгенге дейінгі мерзім. 
Қауіп факторы
– сырқат даму мүмкіндігін арттыратын факторлардың бірі. 
Неонатальді кезең – 
нәрестенің туылған кезінде басталып, толық 28 күн 
болғанда аяқталатын мерзім. Ерте неонатальді кезең (туылғанынан бастап 6 күн 
23 сағат 59 мин. жалғасады) және кеш неонатальді кезеңдерге (7 күн – 27 күн 23 
сағат 59 мин аралығында )бөлінеді. 
Орташа арифметикалық мән
– орталық тенденцияның кең таралған 
шамасы, мәндердің санына бөлінген барлық мәндердің қосындысы. 
Перивентрикулярлы лейкомаляция
балалардағы ми жарты 
шарларының ақ затының зақымдануы. Жаңа туылған нәрестелердің ақ заттың 
перивентрикулярлы аймағында коагуляциялық некроз ошағының пайда 
болуымен сипатталады. 
Полиағзалы жетіспеушілік

ағзаның ауыр бейспецификалық 
стресс-
реакциясы, көптеген жедел аурулар мен жарақаттардың терминальді сатысында 
дамитын бірнеше қызметтік жүйенің жетіспеушілігі. 
р мәні – 
алынған нәтиже абсолютті кездейсоқ екенін көрсетеді. р мәні 1 – 
ден (нәтиже нақты кездейсоқ) 0–ге (нәтиже кездейсоқ емес) дейін өзгеруі 
мүмкін. р – мәні алдын – ала анықталған альфа– қатенің деңгейіне тең немесе 
кіші болуы айырмашылықтың статистикалық мәнділігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет