Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Аласапыран оқиғаларға толы, қарама- қайшылықтарға, болашаққа деген мол тынысты құшыныстарға толы , асау ағыстар жиынтығына айналған ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде түркі халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан АКСР-ғы маңызды этносты құрайтын қазақ халқының сауаттылығын, білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарды зерделеу. Сонымен қатар білім, ғбылым жолындағы жасалған жұмыстарының халықтардың әлеуметтік - саяси өміріндегі алатын орны мен даму жолын (тетігін) ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсет отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау - зерттеу ғылыми жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі: 1918 жылдан 1924 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Ғылыми жұмысын жазу барыс ында Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағатының Өзбекстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған іс - құжаттары, осы уақытқа дейінгі ғылыми айналымға тартылмай келген баспас өз материалдары, осы тақырыпқа байлансыты әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрапталынып алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Нақты деректер неізінде Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелеріне қатысты материалдар негізінде қазіргі заман талабына сай және тарихи шындық пен объенктивті тұрғыдан жан-жақты талданып көрсетілуі. Зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
- Деректердің ғылыми айналымға таратылуы негізінде Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері дәйекті түрде баяндалады.
- Түркістан АКСР қазақ халқының ұлттық оқу жүйесін қалыптастыруға жасалған әректі, Жоғарғы оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары, мектептік білім беру жүйесін жасау жолындағы әрекеттері айтылады.
- Ғылыми орталықтардың дамуы, ғылым саласындағы алғашқы баспалдақтар және оны гүлдендірудің жолдары мен ғылыми орталықтарды ң қоғамға берген жемісі жақында баяндалады.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Зерттеу жұмысының методологиясы, объективтілік тарихтық, жүйелелік және даму сияқты ғылыми танымға негізделген. Сондай-ақ Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелерін мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі Жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.