Өзбек ұлттық ғылыми комиссиясы 1918 жылы Түрік секциясының құрамында жұмыс істеген өзбек ғылыми комиссиясы мемлекеттік ғылыми кеңес құрамында дербес жұмыс жасай бастады. 1919 жылы узбек тілінің еребкшеліктері мен орфогрфиясы, терминологиясы, әдебиеті туралы көлемді зерттеулер жүргізіп ғылыми талдау жүргізіліп, бірнеше кітаптар жарық көрді. Атап айтсақ, геометрия, орфоргафия сұрақтары, педагогика оқулығы, өзбек әліппесі, Түркістан географиясы, алгебра, жаратылыс тарихы.
Комиссия материалдық қиындықтарға қарамастан мемлекеттік ғылыми комиссиясының съездін өткізіп МЭК профессоры Жамшид А.Э. профессоры Е.Д.Поливановалармен ғылыми пікір алмасып узбек орфографиясы тақырыбында үлкен ғылыми талдау баяндамалары жасалды.
Қазақ ғылыми комиссиясы 1921 жылы мемлекеттік ғылыми кеңесінің құрамында дербес жұмыс жасай бастаған комиссия 1918 жылы Түрік секциясында жұмыс жасаған еді. Қазақ ғылыми комиссиясының басты міндеті ғылыми оқулықтар мен көркем әдебиеттерді саралап, талдап жарыққа шығару еді. Комиссия жұмысын Х.Досмұхамедов басқарған жазу көптен шығарыла бастады. Қазақ ғылыми комиссиясының өзбек комиссиясына қарағанда мұнда білімді, ғылыми тұрғыдан талдауды тереңнен түсінетін білімді интеленция өкілдері жұмыс жасады.
Аталған мәселе комиссия жұмысын тығырыққа тіреді. Х.Досмұхамедов, Ә.Диваев сынды комиссия қызметкерлері қиындықтарға қарамастан ғылыми комиссияның алдына қонылған міндетті 6 айда орындап шықты.
Қазақ ғылыми комиссиясының күш салуымен жазыққа шыққан еңбектері атап өтетін болсақ олар мыналар.
1921 жылы А.Байтұрсыновтың «Қазақ әліппесі», «Қазақ грамматикасы», «Ана тілін оқытудың методологиялық құралы».
М.Дулатовтың «Қазақ хрестоматиясы», «Арифметикадан көмекші құрал».
И.Тоқтыбаевтың «бастауыш география», «Түркістан географиясы».
Х.Досмұхамедовтың «Табиғаттану», «Зоология»
Ғалымжановтың «Қабырға кальендары»
Ә.Диваевтің жеті бөлімнен тұратын «Қазақ батырлары»
1923 жылы Қазақ ғылым комиссиясы Ә.Дибаевтің «Қазақ халқы әдебиетінің хрестоматиясы», «Абайдың таңдаулы өлеңдері»
С.Қожановтың «Арифметика»
Х.Досмұхамедовтың «Адам анатомиясы мен физиологиясы»
Османовтың «Қазақ тілінің сөздіктері»
М.Жұмабаевтің «Қазақ тілінің таңдаулы теориясы» сынды еңбектерін жарыққа алып шығуды көп жұмыстарын атқарды.
Комиссия алдындағы екінші мәселе этнографиялық материалдарды талдап ғылыми айналымға енізу болытын осы мақсатпен Ә. Диваев көптеген жұмыстар атқарып «Жетісу жазбалары» ғылыми мақаласы «Ғылым және Ағарту» журналына жарияланды.