У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру


Білімді қуған жақсылар Аз да болса көппен тең



бет10/36
Дата23.11.2022
өлшемі1 Mb.
#51934
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36

Білімді қуған жақсылар

Аз да болса көппен тең


Жақсысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса
Өртеніп кеткен шөппен тең, - деп философиялық ой-топшылауын жасайды.
Ақтамберді адам бойындағы асыл, жақсы қасиеттерді өлеңдерінің өзегі еткен. Ақын нақылдарының ішінде талай адамгершілік ақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірибесінен қорытқан тұспалдар көп.
XVIII ғ. әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға – Бұқар жырау. Жыраудың толғаулары негізінен этикалық нақыл-өсиеттен құралған. Мысалы:
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене,
Қамшылатып жүгірген
Шабан емей немене,
Сұрағанда бермеген
Сараң емей немене [133]– деп толғайды Бұқар. Жырау толғауларының басым көпшілігін құрайтын насихат түріндегі толғауларында адамгершілік мәселелері – адамды ізгілікке, бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке бағдар жасауына мүмкіндік туғызады.
Келесі ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілі – Шал ақын. Шал біршама діндар адам болған. Алайда Шал этикасында тәңірінің, діннің алатын орны шамалы-ақ. Ақынның түсінігіндегі жақсылық пен жамандық, рахым мен зұлымдық құдай атымен байланыса бермейді. Шал ақын моралі діни мораль емес, адамгершілік моралі.

Жақсыны алыс, жаманды жақын деме


Жақсы атансаң біреудің хақын жеме,
Жақсымын деп момынның малын жесе,
Жаман адам сол болар, мақұл деме [134].
Бұл жерде зұлымдыққа жол бермеу, жамандықты бетке айту әр адамның парызы дейді ақын. Бәрі адамға байланысты деп ұғады Шал ақын. Сондықтан ол өз шығармаларында жақсылық қайдан шығады, жақсы адам дегеніміз кімдер, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген мәселенің төңірегінде біраз сөз қозғайды. Уағыз түрінде жазылған өлеңдер, таза ақыл беру, үлгі айту тұрғысынан келетін шумақтар ақын шығармашылығында баршылық. Осылай Шал ақын жақсының шапағатын, жаманның кесапатын зерделеп, кейінгіге өнеге боларлық өсиет сөз қалдырған. Бабалар өлең өсиеттері арқылы дүние бөліктерін философиялық мәселе деңгейіне көтеріп, оған психологиялық түсінік береді. Олар дүние құбылыстарын тек түсіндіріп қана қоймай, сол процестердің адам өміріне тікелей байланысын ашады. Осы байланыстарды заң дәрежесіне көтеріп, оны этикалық салауатқа, мінез-құлық нормасына айналдырып отырады. Жалпы халықтық педагогика құралдарын, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, ақын-жыраулардың, ғұлама-ғалымдардың тағылымды мұраларын зерттеу олардың болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің мол екендігіне қол жеткіздік.
Қорыта айтқанда, XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақындар этика, мораль мәселелерін жоғары бағалай білген. Халықтың дүниетанымын, адамның мінез-құлық, табиғи ерекшеліктерін, моральдық қағидаларын бейнелейтін ақын-жырау туындылары аз сөзге көп мағына сыйғызған нақты ой тереңдігімен ойға қалдырады. Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы жыраулар өлеңдерінің өзекті арқауы болған. Олардың этикалық нақыл-өсиет сөздері болашақ мұғалімдерді әдептілік, парыздылық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге тигізетін әсері мол.
Ұлттық қасиеттерімізді болашақ мұғалім бойына сіңіру қоғам игілігі үшін де маңызды. Халықтық педагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады.
«Адамға өткен дәуір бәрі – сабақ» дегендей, бабалар тәжірибесінен сұрыпталған ой-пікірлер кейінгі ұрпаққа аса қымбат. Олар болашақ мұғалімді қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзін-өзі жетілдіре беруге т.б. кәсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелеуге бағытталған.
Ата-бабаларымыз сөзге, оның мағынасына терең мән берген. Сондықтан, халықтың өзімен бірге жасасып, өмір сынынан екшеленіп өткен, ата-бабадан мирас болған халық педагогикасы құралдары арқылы ғана болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыра аламыз деп ой қорыта келе төмендегідей кестені ұсынуды жөн көрдік.

5 – кесте Халықтық педагогика – болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру құралы










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет