У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



бет26/36
Дата23.11.2022
өлшемі1 Mb.
#51934
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Семинар сабақ
Тақырыбы: Халық педагогикасындағы тәрбие негіздері
Жоспар.
1. Ұлттық мінез-құлықтың өзіне тән қасиеттері, ережелері.
2. Діни қағидалардың адамгершілік тәрбиесіндегі мәні.
3. Имандылық – ұлттық тәрбиеміздің ұйтқысы.
4. Парыз, борыш, міндет, ар, ұждан туралы халық түсінігі, жазылмаған ережелер.
5. Қазақ халқының мұғалімдерге қоятын негізгі моральдық талаптары.
Реферат тақырыптары:
1 Қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлері негізінде мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру.
2. Ұлы ғұламалардың, ойшылдардың, ақын-жыраулардың, ағартушы-демократтардың психологиялық және педагогикалық мұралары.
3. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі халықтың педагогикалық көзқарастарындағы тәрбиенің мақсаттары.
4. Қазақ халқының балаға деген сүйіспеншілігі және ынтасы.
5. Қазақтың дәстүрлі көркемөнер шығармашылығы құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру.
Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру арнайы курс арқылы өзінің жалғасын тапты. «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы», атты арнайы курс бағдарламасын жасадық. Бағдарлама педагогикалық мамандар дайындайтын барлық жоғары оқу орындарына арналған.
Арнайы курстың міндеттері:

  • халық педагогикасы құралдарының болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін ашу;

  • ұлттық төл педагогикамызды педагогикалық деонтологиямен сабақтастыру.

Арнайы курс бағдарламасы 45 сағатқа арналған, оның 15 сағаты лекциялар, 15 сағаты семинарлар, 15 сағаты студенттердің өздік жұмысы.
Арнайы курсты студенттер жетінші семестрде, оқу-тәрбиелік практикаға кетер алдында оқиды.

Арнайы курстың мақсаты болашақ мұғалімдерге халықтық педагогика құралдарындағы педагогикалық деонтологияға арқау болар бағалы ой-пікірлерді меңгерту, болашақ мұғалімдерді даярлаудағы негізгі құралдардың бірі екендігін таныту, осы алған білімдерін шәкірт тәрбиелеуде басшылыққа алуын, білім беру ісінде орынды қолдану іскерлігін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет