У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



бет34/36
Дата23.11.2022
өлшемі1 Mb.
#51934
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Әйгерим: Мен мұғалім болуды жасымнан армандадым. Осы оқу орнына түскеннен кейін мұғалімдік қызметтің әсемдігін, тіпті оның музыка сияқты адамның ішкі сезіміне әсер ететіндігін түсіндім. Әрине, мұны түсінбеген кейбір адамдар өздерінің сөздері мен іс-әрекеттері арқылы балалардың обалына қалады. Менің бәрінен жасаған қорытындым қайткен күнде де мұғалім болу.
Арнұр: Менің ойымша ұстаздық дарындылық туғаннан пайда болмайды, ол – адамның ізденуінің, өзін-өзі белгілі бір бағытта жетілдіруінің нәтижесі. Дарындылық әсіресе ұстаздық еңбекке тән. Ұстаздық дарындылықты тәрбиелеуде ұлттық талап-тілектер артық болмайды.
Студенттердің пікірі, ой-толғамдары олардың бұл тақырыпты меңгеру барысында көптеген мәселелерге терең бойлағандарын, өз мамандықтарына деген қызығушылығын, оны қалыптастыруда халық педагогикасының орны ерекше екендігін дұрыс түсінгендігін көрсетті.
Қалыптастыру эксперименті барысында біз «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың үлгілері» арнайы курсты меңгерту мақсатында ұйымдастырылатын практикалық сабақтарда «шығармашылық тесті» әдістемені қолданамыз. Мақсаты: қалыптастыру кезеңінде білімді, іскерлікті тексеру, берілген тапсырмаларға жауап беруін анықтау.



  1. Сөйлемді аяқта.

Мысалы: «Деонтологиялық даярлық ...», «Педагогикалық деонтология ұстанымдары...», «Халық педагогикасы құралдары...», «Деонтологиялық тәлім-тәрбие...»

  1. Түсіп қалған сөзді жаз.

Студенттерден көп нүктенің орнына бір сөзді жазуы сұралады.
Мысалы: «Ұстаздың кәсіптік парызға негізделген мінез-құлқы туралы ғылым...» (студенттер көп нүктенің орнына «педагогикалық деонтология» сөзін жазу керек); «Тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі ...» (халықтық педагогика); «Зерттеу объектісі мораль болып табылатын ғылым...» (этика).
Сөз сөйлемнің ортасында да басында да түсіп қалуы мүмкін. «... қоғамдық сана формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқарса, ... ұғымы адамдардың іс-қимылынан, әрекеттерінен танылады». Студенттер сөйлемнің басында «мораль» сөзін, сөйлемнің ортасында «адамгершілік» сөзін жазулары қажет.

  1. Сұрақтарға жауап бер.

«Салт-дәстүр, әдет-ғұрып дегеніміз не?», «Этнопедагогика нені зерттейді?», «Педагогикалық деонтология ұстанымдарын атаңыз?», «Педагогикалық деонтология талаптарын білесіз бе?», «Мұғалімнің іс-әрекетін, рухани дүниесін танытатын «обал», «сауап», «күнә», «парыз», «борыш», т.б. қасиеттерінің қалыптасуы туралы не айта алар едіңіз?», «Қазақ халқының мінез-құлыққа қойған талап-тілектерін атаңыз?». Шығармашылық тестінің тиімді жағы сол, студенттердің шығармашылық қабілетін көрсете білулеріне жол ашады. Шығармашылық тест студенттердің халық педагогикасы туралы білім деңгейлерін анықтауға жол ашады.
Келесі кезекте «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» атты арнайы курсты студенттерге меңгерту алдын-ала жазылған тақырыптық жоспар бойынша жүзеге асты.
Мақсаты: арнайы курстың мақсат-міндетін, мазмұнын, құрал, форма, әдіс-тәсілдерін, тақырыптық, пәнаралық байланысын анықтау.
Объектісі: арнайы курстың студенттердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктері.
Жұмысқа қажетті нұсқаулар:
1. «Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығы» арнайы курсын педагог маман даярлайтын жоғары оқу орнының (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) оқу жоспарына енгізу.
2. Арнайы курс бағдарлама мазмұнының болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптарға сай болуын ескерту.
3. Арнайы курс бағдарлама мазмұнының өзара байланысын, тәрбиелік мүмкіндігін анықтау.
4. Арнайы курсты меңгерту нәтижесінде студенттердің халық педагогикасына деген қызығушылығын арттыру.
5. Арнайы курсты меңгерту барысында төмендегі компоненттердің қалыптасуын қадағалау: теориялық білім деңгейін тереңдету, танымдық әрекеттің белсенділігін арттыру, шығармашылық белсенділік қабілетін, сөйлеу дағдысын дамыту.
6. Студенттердің ой-тұжырымдамаларын анықтап, қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет