У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру



бет33/36
Дата23.11.2022
өлшемі1 Mb.
#51934
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Үйрету, ақыл-кеңес беру. Ұстаз-тәрбиешілерге ата-бабаларымыз «Тоқытпасаң оқытпа» деп тура айтқан. Мұғалімнің ең басты қасиеті – ұғындыра білуі, өз ойын оқушыға дәл жеткізе білуі, дұрыс келелі талап қоя білуінде. «Үйрет, талап ет, қояр талаптарың шектен шықпауға тиіс яғни ақылмен әділ, талап ет», - деп халқымыз ескертіп отырған.. Оқушыға қойылатын талап, оның дамуындағы ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді болса ғана тәлім-тәрбие нәтижелі болмақ.
Тәрбие ісіндегі мықты тұтқа – шәкіртті сыйлай білу. Аталар сөзімен айтсақ «сыйға-сый, сыраға бал». Демек оқушының жанын сезініп жақсы көру және олардың жеке басындағы кемшіліктер мен олқылықтарды кеңдікпен кешіре білу табысқа бастайтын, адалдықпен шындыққа жетелейтін жол екенін болашақ мұғалім есте сақтауы қажет.
Қолдау, ынталандыру, қызықтыра білу. Ұстаздық еңбек жолындағы алғашқы қадам шәкірттің оқуға деген ынтасына мән беру, шәкіртті қызықтыра білуден басталады. Халықтық педагогикада, баланың қандай-да бір ұнамды қылығын, жағымды мінезін, тындырған ісін мадақтап, қолдап, бағалау жайына да ерекше көңіл бөлінген. «Өркенің өссін», «Бәрекелді», «Азамат бол», «Көп жаса», «Бар бол», «Жарайсың», «Нағыз жігіт екенсің» деген ризашылық көңіл-күй лебіздерін білдіру арқылы баланы әрқашан жақсы істерге ынталандырып отырған. Әсіресе төмен сыныптың оқушылары өзіне ыстық ықылас, ізгі ниет көрсеткенді жақсы көреді. Осыны ескерген халық баланың жас ерекшеліктеріне қарай мақтап-мадақтаудың жақсы үлгілерін қалыптастырып, оларды баламен қарым-қатынасты орната білген. Сонымен қатар, ата-бабамыз «Баланы бұзғың келсе мақта» немесе «Артық мақтау тергеуден жаман» деп артық мақтау баланының мінезіне кері әсерін тигізерін де қадап айтқан. Болашақ мұғалімнің жұмыс нәтижесі: шәкірттің өзін еркін сезінуімен, сабаққа қызығушылығымен, білімімен, адамгершілік қарым-қатынасымен; мәдениеттілігімен бағаланады. Ал мұғалімге қажетті қасиеттер: балаға деген сүйіспеншілік, жылылық, адалдық, шәкіртті шабыттандыра білуі, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі, т.б. Сондықтан болашақ мұғалімнің міндеті, деонтологиялық әрекеті – оқушының денсаулығына, жансаулығына зиян келтірмей жан-жақты дамуына жәрдемдесу деп ой түйіндейміз.
Халық педагогикасының педагогикалық деонтологияға негіз болар осындай әдіс-тәсілдерінің мән-маңызы тақырып мазмұнында кеңінен ашылып көрсетілуі керек.
Оқытудың диалогты формасын студенттер 2-курста «Сөйлеу мәдениеті» пәні сабағында меңгерді. Студенттер кездесуге шақырылған Алматы қаласы «Көкіл» мектебінің ұстаздарының (А.Райымбергенов, Ұ.Байбосынова) қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы болашақ мұғалімдердің педагогикалық деонтология талабына сай тұлғалық қасиеттерін дамыту, мұғалім мамандар дайындайтын жоғары оқу орны бағдарламалары мазмұнына ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін ендіру қажеттігі туралы айтқан пікір-көзқарастарын жақсы қабылдап, олармен өткен лекция-диалогты өте жақсы бағалады.
Дәстүрлі емес лекция түрін яғни интегративтивтік сабақ біз «Этнопедагогика» сабағындағы «Адамгершілік тәрбие» тақырыбында қолдандық. Сабаққа философия пәнінің оқытушысы (ф.ғ.к., доцент Г. Ахметова), психология және педагогика кафедрасының оқытушысы (п.ғ.к., доцент Галиева Б. Х.), этнография пәнінің оқытушысы (аға оқытушы Балажанова Қ. М), педагог шақырылды. Бинарлық лекцияда қаралған сұрақтар:
1. Моральдық-этикалық нормалардық жиынтығын құрайтын адамгершілік тәрбиенің мазмұны.
2. Мораль, этика, адамгершілік, адамгершілікке тәрбиелеу ұғымдарының арақатынасы.
3. Ұлттық тәлім-тәрбиенің педагогикалық деонтологияға арқау болар негізгі бағыттары, тәжірибелік қорытындылары.
4. Халық түсінігіндегі моральдық-этикалық ұғымдар, қазақ халқының абырой, намыс дәстүрлерінің ерекшелігі.
Сабақты философ маман бастады. Мораль, этика, адамгершілік, ұғымдарын теориялық және практикалық тұрғыда талдады. Олардың философия ғылымының зерттеу нысанасы екендігіне тоқталып, олардың қоғамдағы сана мен іс-әрекет арасындағы орнын қарастырды. Адамгершіліктің адамдардың қандай болуын қарастыратын, анықтайтын қалыптар мен қағидаларын таныстыра келе, өз ойын болашақ мұғалімді адамгершілікке тәрбиелеуде шығыс ғұламаларының (Абай, Шәкәрім, т.б.) ой-пікірлері мен көзқарастарына мысалға ала отырып қорытындылады. Екінші сөзді этнограф маман алды. Ол өз пәнінің алға қойған мақсаты мен міндеттеріне және атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің болашақ мамандарды тәрбиелеудегі маңызы, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиедегі алатын орны туралы салиқалы түрде баяндады.
Психолог маман «ұлт психологиясы – ұлттық тәлім-тәрбиенің өзегі», - деген қанатты сөзден бастады. Ол өз сөзін ұлттық тәлім-тәрбие жүйесінде жүргізілген шараларға теориялық және практикалық тұрғыдан даярлығы бар, жаңа тұрпатты маман тұлғасын қалыптастыру қажеттігін айта келе, мынадай негізгі міндеттерге тоқталды: болашақ мамандардың қазақ этносына тән психологиялық ерекшеліктері жайлы ұғым-түсініктерін қалыптастыру, студенттерді халқымыздың бұрынғы және қазіргі ұлттық мінез бітістері мен тұлғалық қасиеттеріне талдау жасау. Лектор ұлттық намыс, адамдық абырой, шыншылдық – ұлттық тәрбиенің басты белгілері екендігін айта келіп, адамгершілік, имандылық, инабаттылық, т.б. ұлттық намыс пен адамдық абыройдан туатынын, бұлардың ұлттық психологиямен байланысты екендігін дәлелдей отыра, өзара қарым-қатынас, бауырмашылдық, қайырымдылық пен мейірімділіктің өзіндік ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсете білді. Бинарлық лекция студенттеге әр түрлі ғылым салаларының байланысын көрсете білді және шындық пен ақиқаттың да бірлігін, бірізділігін танытты. Лекция соңында студенттер тақырыпта қаралған мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды.
Лекцияға жатпайтын барлық сабақ түрлерін оқыту мен тәрбиелеудің практикалық формасына жатқызуға болады, оның басты мақсаты – теориялық білімін бекіту, алған білімдерін практикада қолдану, өз бетінше білім алу, танымдық белсенділігін, дүниеге көзқарасын қалыптастыру және білімдерді сенімге айналдыру. Практикалық сабақтарда лекцияда өтілген материалдар кеңейтіліп, тереңдетіліп, студенттер олар бойынша нақты практикалық жұмыстар істейді. Семинарға даярлануда студенттердің өздік жұмысы үлкен орын алады. Онда олар семинардың жоспарындағы сұрауларға қажетті әдебиеттерді іздеп табады, оларды оқиды, сұрақтарға жауап жазады, семинарда сөйлейді, тыңдаушылар сұрағына жауап береді, өз қорытындыларын жасайды. Қалыптастыру эксперименті барысында семинар сабақтарының әртүрлі формалары мен әдістері пайдаланылды. Атап айтсақ: диспуттар, семинар-зерттеулер.
Үлгі ретінде «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты тақырыпта 3-курс студеттерімен өткізілген диспуттан үзінді келтірейік. Талқылауға төмендегідей сұрақтар қамтылды:

  1. Педагогикалық деонтологияға сай ұстаздың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің іргелі қасиеттерін атаңыз?

  2. Ұстаз қандай болу керек? Мұғалімдік қызметті атқару үшін ерекше дарындылық қажет пе?

  3. Оқытушы мамандығы сізге ұнайды ма және қандай жақтарымен тартымды?

  4. Халық педагогикасының мұғалім тұлғасын қалыптастыруға тигізер әсері қандай?

Талқылау барысында студеттер әртүрлі пікірлер айтты солардың кейбіріне тоқталсақ:
Әнуар: Мен өз сөзімді Л. Н. Толстойдың «Мұғалім өз бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол – нағыз ұстаз», - деген қанатты сөзімен бастағым келеді. Ар-ождан алдындағы басты парыз мамандықтың басты шарты болғандықтан, төзімділікті, ұстамдылықты, қайырымдылықты талап етеді. Мұғалімге қажетті қасиеттер: білімділік, жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, сүйіспеншілдік деп ойлаймын. Мен еш уақытта мұғалімдік мамандықты басқа мамандыққа алмастымаған болар едім. Жақсы мұғалім болу үшін ізгілікті көзқарастағы ата-баба дәстүрі қажет.
Назира: Шын педагог болу үшін терең біліммен қатар, жоғары моральдық қасиет қажет. Өзінің кәсіптік борышын білумен қатар, борышты түсіну мұғалімнің бұлжымас сеніміне айналып, ішкі қасиеттеріне, яғни моральдық сапаға айналуға тиіс. Мұғалімдік мамандық біздің жанұяның дәстүрі, маған ата-анам бала кезімнен бастап осы мамандықты сүюді үйреткен болатын. Жоғары моральдық қасиеттерді міндетті түрде ұлттық тәлім-тәрбие негізінде қалыптастыру қажет.
Қайрат: Менің ойымша мұғалімде үш маңызды қасиеттің болуы шарт. Біріншіден, балаларға білім беруге ынтызарлық, екіншіден, баланың жан дүниесін жақсы түсіну, үшіншіден, қажетті жағдайда артист сияқты баланың бейнесіне көше білуі. Педагогикалық практика кезінде мен білім дәрежесі орташа, оқушыларға немқұрайлы қарайтын оқытушыларды көрдім. Мұғалім болу үшін ең маңызды қасиет – балаларға деген сүйіспеншілік. Мен өз білімімді бала оқытуға арнап, оның өмір сұлулығын түсініп, ұғынуы үшін жұмыс істегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет