І-кезең Таныстыру.
Қызыл түсті таңдағандар « Абай» ауылы,
Көк түсті таңдағадар «Ыбырай» ауылы,
Сары түсті таңдағандар «Мұқағали» ауылы,
Жасыл түсті таңдағандар «Шәкәрім» ауылы болады.
А3 форматтағы қағазға ақын туралы не білесіңдер ? Топтастыру.
ІІ-кезең . Тіл туралы мақал –мәтелдер. Жалғасын тап!
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
ІІІ-кезең. Поэзия минуты.
Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.
ІV-кезең.Сұрақ-жауап.
1. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
2. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
3. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
4. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
5. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
6. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
7. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
8. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
9. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
10. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
Ақын –жазушылардың тіл туралы пікірлеріне көңіл бөлейік.
V-кезең. Тілге байланысты төрт жолды өлең құрастыру.
А4 қағазына топ болып өлең құрастыру.
Қорыту:
1.Қазақ әліппесінде неше әріп бар?
2.Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан кім?
3. «Кел,балалар,оқылық!»кімнің өлеңі?
4 .Төрт түлікті ата.
Бекіту:
Тілші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Альбина?
Достарыңызбен бөлісу: |