У практикасы бойынша

бет7/17
Дата07.09.2023
өлшемі4,53 Mb.
#106594
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Теле жүргізуші: Рахмет Аяулым.Құрметті көрермендер бүгінгі хабарымызды аяқтаймыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!

«Ана – күннің шуағы» атты Ахмет Байтұрсыновқа арналған арналған әдеби-танымдық кеш.
«Ана – күннің шуағы».
Танымдық кештің мақсаты: Ана –өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға
тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға
деген бала махаббатын ояту. «Әдеби
Ақжайық» жобасы аясында жерлес
ақындарымыздың аяулы аналарға арналған
шығармаларымен таныстыру. Ананы сүю
арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілік-
терін арттыру. Оқушылардың кітап оқуға
қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: «Алып анадан туады» атты кітап көрмесі, слайдты көрсетілім,
ару аналар портреттері, гүлдер мен шарлар.
Сазды музыка. Слайд.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар, кеш қонақтары ауылдық кітапхана меңгерушісі мен кітапханашысы! Мына жарық дүниеде ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2-жүргізуші: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың», «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Иә, өте дұрыс айтылған. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең ыстық жан ол - Анамыз. Ендеше бүгінгі « Ана- күннің шуағы» атты әдеби – танымдық кешімізді аяулы аналар тақырыбына арнаймыз. Аналарға арналған бейнебаян көрсетіледі.
1-жүргізуші: Ана өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
2-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана тауып, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы!
1-жүргізуші: Өз шығармаларына аяулы аналарды жазбаған ақын да, жазушы да жоқ шығар . Қазақтың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов өз шығармасын-да « Құрметтейік, көтерейік те әйелді. Ана - әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе!? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ» деген болатын.
2-жүргізуші: Ал жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиев -
Жоқ, жоқ, енді, анажан, айналайын,
Сен бала бол, мен сені аялайын.
Ана деген атыңды елге берген,
Сенен немді аяйын, аянайын - деп анасына жыр арнаған.
Кітапханашы: жерлес ақындардың өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелеп берді.
1-жүргізуші: Ал енді жерлес ақындардың аналар жайында жазған шығармаларына кезек берейік.
А.Бақтыгереева: «Бәрі де бір анадан басталады» өлеңі Серік.Ш
А.Бақтыгереева : «Анама бірінші хат» - Кенжеғалиева С
А.Таубаева: «Жетелеп әжем жүргендей» - Абаева Ш
Ж.Молдағалиев: «Сен бала бол енді , ана» - Тұрынғалиева Г
Б.Халиолла: «Анам еске түскенде» - Халиолла А
Қ.Жұмағалиев:«Есен сау жүрсін аналар» - Бөкеев С
Қ.Жұмағалиев:«Анашым» - Мұқанбетжанов Рамиль
А.Бақтыгереева: « Анама екінші хат» - Ғабиден Г
Қ. Мырзалиев: «Ана» - Мұқанбетжанова М.
2-жүргізуші: Қазақтың ақын – жазушылары аяулы аналар мен қыздарға көптеген шығармалар арнаған. Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», «Ананың анасы», «Ақлима», « Ер ана», С.Мұқанов «Сұлушаш», «Ботакөз», Б. Момышұлы «Музей апа», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», «Күлпаш» т.б көптеген шығармалар жарық көрді.
1-жүргізуші: Ал енді Б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасынан 8 сынып оқушысы Меркулова Құралай үзінді айтып береді.
Кітапхана меңгерушісі Райфа Асылбекқызы «Ойлан тап» танымдық ойыны, «Әдеби көкпар» ойындарын ойнатып өтті.
«Ойлан тап» ойынында тақтаға бір-бір бет қағазға кез-келген шығарманың бір беті көшіріліп ілінеді. Ол бетте тікелей бас кейіпкерлердің аттары болмауы керек. Оқушылар келіп ашып қай шығарма, авторы кім екендігін табулары тиіс.
«Әдеби көкпар» ойынында керілген жіпке жіңішке тілім қағаздарға қазақ әдебиетіндегі шығармалардан, ертегі, жыр, эпостардан әйел, қыздардың есімдері жазылып, жасырылынып ілінеді. Оқушы суырып өзіне қандай есім түссе сол есімнің кім екені туралы айтуы тиіс. Егер оқушы кім екенін тауып айтса, көкпар «қазандығына» салады. Егер таба алмаса «қазандықтың» сыртына тастайды. Тапқан оқушыларға екі ойында да тәтті сый-сияпат үлестірілді. Оқушылар өте қызығушылық танытып, барлығы белсене қатысты.
2-жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана . Ана - аяулы да, мейірімді жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Бойымыздағы ең асыл қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
1-жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
«Менің анам...» (Оқушылар кезекпен қолдарына үлкен жүректің макетін ұстап тұрып өз аналары жайында бірер ауыз жылы сөздер айтады)
Кітапханашы: « Алып анадан туады » атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасап өтті. «Мейлі ол көсем болсын, мейлі ол шешен болсын, батыр болсын, алып болсын бәрі де анадан туады. Ананы құрметтеу, қадірлеу әр адамның парызы» деп сөзін қорыта келе оқушыларды аналар туралы шығармаларды оқуға шақырды.
2-жүргізуші: Осыменен «Ана - күннің шуағы» атты әдеби – танымдық кешіміз аяқталды. Бізге өмір сыйлаған аяулы аналарымыз аман болсын . Қатынасқан оқушыларға көп рахмет айтамыз. Хош сау болыңыздар

№6 тапсырма. Пән мұғалімінің қызметі мен міндеттері.

№7 тапсырма. Жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімдігі мен ерекшелігі.

№8 тапсырма. Негізгі және жоғары орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) туралы. Қазақ тілі 8-сынып.

9 тапсырма. Сабақтың календарлық-тақырыптық жоспары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет