Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет58/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95
 
АРМАНДАУ ЖӘНЕ ҚИЯЛДAУ 
АСПАННАН ТҮСЕТІН 
НӘPСЕЛЕР ЕМЕС 
 
 
     Бізде қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен 
көпшілігіміз ұятқа қалудан және ұялудан қорқа- 
мыз. Ал осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды. 
 
     Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төле- 
мейміз, кез келген жерде, кез келген уақытта армандай- 
мыз. 
     Өкініштісі, адамдардың көбі өз армандарынан өздері 
қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол жеткізуді 
қалаймыз, ал шын мәнінде белгілі бір жеңіске жетпеген 
соң, қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз. 
     «Rumi»-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесiм Ай- 
дос Телжанмен көп армандайтынбыз, оны кітаптың алғы 
сөзінде де жазғанмын. Оннан аса мейрамханамыз бола- 
ды, нарыққа енгізетін жаңалықтарымызды, бізде жұмыс 
істейтін қызметкерлердің қандай болатынын, барлығын 
да ойластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым 
жылда өз армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан 
мырза – «Rumi»-дің атқарушы директоры: «Қуаныш, 
армандамай тұра тұршы. .. Сенің ойыңа бірдеңе келсе
міндетті түрде біз оны жүзеге асырамыз. Бірақ күте тұр- 
шы, шаршадық, мына он мейрамхананың тірлігін бітіріп 
алайық»,
 
– дейді. 
     Шынында жоспарларымның, армандарымның бар- 
лығы орындалады және әлі де армандаудан қорықпай- 
мын. Керісінше әр ұсақ-түйегіне дейін ойластырамын, 
 
 


 
134
 
елестетемін. Оны Батыста визуализация деп атайды. 
Өзіңнің образыңды, компанияңды елестетесің, қандай 
болатынын армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға 
белгі жібересің. Байқағаным, армандаудан, қиялдаудан 
қорықпау керек, олардың көбі орындалады, өзім де со- 
ның дәлелімін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет