Уарлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4


НЕКРОЗ  (жергілікті өлім)



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата03.03.2017
өлшемі1,75 Mb.
#6980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

НЕКРОЗ 
(жергілікті өлім) 
 
Жоспар 
1.
 
Некроздың этиологиясы және патогенезі 
2.
 
Некроздың морфологиялық ерекшеліктері 
3.
 
Некроздың ақыры  
 
1.Некроздың этиологиясы және патогенезі 
 
 
 
 
  Некроз (necros – өлі) – ағзаның жеке торшалары мен ауқымды дене 
бөліктерінің жойылуы. 
Шығу тегі бойынша некроз бөлінеді: 
 
                              1.Физиологиялық                         
тірі ағзадағы торшалардың заңды 
жойылуы, торшалардың жаңа түзілуі 
арқылы ауысымен сүйемелденеді 
(эпидермис торшалары, эпителиальді 
кілегей қабықшалары, сүт бездері, 
май бездері) 
 
2.Патологиялық 
зиянды факторлардың әсерінен 
тірі ағза бөліктерінің жой
Патологиялық 
 
тура некроз 
патологиялық факторлардың тікелей 
әсер ету орынындағы дене 
бөліктерінің жойылуы 
физикалық   химиялық  биологиялық 
 
 
тура емес некроз 
зақымдалған аумақтан тыс әсер етуші 
факторлармен тудырылған жойылуы 
нейрогенді               циркуляторлы 
 
 
 
Механикалы
қ, электірлік 
күйіктер, үсу 
және т.б. 
Сілтілер, 
қышқыл, 
күйдіргіш 
заттар 
Микробтар, 
саңырау – 
құлақтар, 
паразиттер 
(олардың 
таралуы 
орындарында) 
Орталық немесе 
перефериялық 
жүйке жүйесінің 
зақымдлауымен 
тудырылған 
(тері, ішек, 
асқазан 
жаралары,) 
Сол немесе басқа дене 
бөлігінің қандандырылуының 
тоқтауымен тудырылған 
(тамыр артерияларының 
құрысуы мен бітелуі кезінде 
жүрек, бүйрек,  инфарктісі, 
ішек айналуы, жарық кезінде 
тамырлардың жойылуы) 

33 
 
 
Одан басқа кездеседі: 
1)
 
аллергиялық некроздар 
2)
 
ұлпалардың сезімталдылығы көтерілген кезде – идиосинкразия 
3)
 
марантикалық  некроздар  –  тәбеттің  төмендеуімен,  ағзаның  күйзелуімен 
және  перифериялық  тамырларды  кан  айналысының  қиындалуымен 
тудырылған. 
 
2.Некроздың морфологиялық сипаттамасы   
 
 
 
 
Некроз  ағзаны  немесе  жеке  бөліктерін  қамтуы  мүмкін,  жеке  торшаларға 
немесе  көкнәр  және  егілген  дән  өлшеміндей  барлық  ағзаға  тиюі  мүмкін. 
Некротикалық ағзалардың сыртқы түрі некрозды тудыру себептеріне байланысты.  
Морфологиялық белгілеріне байланысты бөлінеді: 
 
 
құрғақ (коагуляциялық)            ылғалды (колликвациялық)            гангрена 
 
Құрғақ  некроз  (коагуляциялық)  ұлпалық  сұйықтық  пен  торшалық 
протоплазманың тығыздалуы және іруімен сипатталады. Құрғақ некроздың дамуы 
көптеген  белгілерге  байланысты:  торша  некрозын  қоршаған  аумаққа  ылғалдың 
берілуі,  қан  ағымының  тоқтауы,  микробтық  токсиндердің  спецификалық  әсері 
жаәне басқада факторлар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрғақ  некроздың  юелгілері:  көлемінің  ұлғаюы,  өлі  еттенген  аумақтың 
шеттері  анық,  бозғылт,  сары  –  жасыл,  балшық  –  сары  түсті.  Кескінінің  беткейі 
құрғақ,ұлпа  көрінісі  түсініксіз,  ірі  анатомиялық  құрылысты  болады.  Микроскоп 
арқылы  қарағанда  ядросының  өзгергені  байқалады.  Ары  қарай,  ұлпа  құрылысы 
жоғалады және біркелкі массаға айналады (мысалы – бүйректің ақы эмболикалық 
инфарктісі).  Бүйрек  инфарктісі  кезінде  каналдық  саңылаулары  пішінсіз  дәнді 
көлем түрінде өлген эпителилермен толып қалған. Ұлпа диффузды және сәл ғана 
боялады.             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балауыз  трізді  некроз  (ценкерлік  зақымдалуы)  –  жүрек  және  қаңқа  бұлшық 
еттерінде (бұлшық еттер ісінген, жиылған, бозғылт, күңгірт түсті).  
 
 
 
Іртікті  өлі  еттенуі  (казеозды  некроз).  Туберкулез  бен  маңқа  ошақтарында 
торшаның  ақуыздық  –  майлы  ыдырауы  жүреді.  Ол  ошақтар  үгінді  тәрізді  сұр  – 
ақшыл, сары ірімшікті қоспадан тұрады.   
 
 
 
 
 
 
 
Ылғалды  (колликвациялық)  некроз  (colliguare  –  сұйылту)  ылғалға  толы 
ұлпаларда  дамиды  (бас  миы  немесе  өлгеннен  кейін  сұйықтық  жиналған  басқада 
ұлпалар).  Ылғалды  езілу  жатыр  қуысында,  өлген  ұрықта  кездеседі.  Ылғалды 

34 
 
некроздың  аумақтарының  сарысулы  ісік  түрінде  болады,  олардың  құрамында 
күңгірт  ботқа  тәрізді  лайлы  қоспа  болады  (мысалы:  мидың  жұмсаруы  – 
энцефаломаляция). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гангрена  –  өзгеріске  ұшырайтын және қоршаған ортамен жанасқан ұлпалар 
мен ағзалардың өлуі. 
 
   
Гангрена 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрғақ  гангрена  –  gangrene  sicca  –  ылғалды  қоршаған  ортаға  шығару 
нәтежиесінде, ұлпалардың кебуіне ұшырауынан болатын коануляциондық некроз. 
Некроздалған  ұлпалар  ыдырамайды,  бір-ақ,  құрылысын  сақтай  отырып  кебеді. 
Олар  бырысады,  көлемі  жағынан  кішірейеді,  тығыздалады,  көмірленеді  (қара  – 
қоңыр түске айналады). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ылғалды  гангрена  –  аутолиз  үрдістері  мен  іріңді  микрофлораның  әсерінен 
ұлпаның іріңді ыдырауымен асқынған колликвационды некроздан тұрады.   
 
Сыртқы түрі бойынша зақымдалған ұлпалар жұмсақ, ыдыраушы, лайлы – сұр 
немесе  лайлы  –  жасыл  түсті,  кейде  жағымсыз  иісті,  қара  түсті  болады. 
Ядроларының  гистологиялық  өзгерісі:  а)  кариопикноз  (грек.  pykhos  –  тығыз)  – 
ядролары бырысқан,  көлемі кішірейген; б)  кариоресис  (грек.  rhexus – ыдырау) – 
ядролардың жеке храмотинді үйіндіге ыдырауы; в) кариолизис (грек.  lijsis – еру) 
ядроларда  қуыстардың  пайда  болуы  (вакуольдер)  және  вакуолдердің  бірігуіне 
байланысты ядролары көрінбей қалады.   
 
 
 
 
 
 
 
  Цитоплазмада  байқалады:  а)  плзморексис  –  ақуыздар  коагуляцияланады 
және  ақуыздық  дәндерге  дейін  ыдырайды;  б)  плазмолизис  –  цитоплазманың 
сұйылуы.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  Газды гангрена – кұшті газ түзілумен сипатталады, газ көпіршіктері тек өлі 
ұлпа  түрінде  ғана  емес,  сондай-ақ,  оны  қоршаған  сау  ұлпа  түрінде  де  кездеседі. 
Пальпация  және  гангреналы  ошақты  кескен  кезде  жарылған  көпіршіктердің 
шуылы естіледі – крепитация. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өлген ұлпалардан басқа, олардың әр түрлі ыдырау өнімдері кездеседі.   
 
Құрғақ 
 (мумификация) шошқа 
тілмесі, үсу, лептоспироз 
кездерінде 
 
Ылғалды  
(септикалық) жатырдың, 
ішектің, өкпенің 
жойылған аумақтарында 
дамиды 
 
Газды 
өлі шоғырды кескен кезде 
газ көпіршіктері 
жиналады 
 

35 
 
 
3.Некроздың ақыры      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Некроздық  ошақтардың  айналасында  ыдырау  өнімдерінің  тітіркендіруші 
әсерінің  нәтежиесінде  реакетивті  қабыну  –  демаркациялық  қабыну  дамиды 
(demarcation – шектелу) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оның  даму  дәрежесі  ағзаның  реактивтілігіне  (әлсіз  жануарларда  мүлдем 
болмауы  мүмкін)  және  некроздың  сипатына,  оның  орналасуына,  себебіне 
байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оған тән: қабынулы гиперемия, экссудация, эмиграция және лейкоциттердің, 
ретикулоэндотелилердің, жасушалардың пролиферациясы.  
 
 
 
 
Ұсақ  некротикалық  ошақтардың  бірігуі  (өлі  аумақтың  дәнекер  ұлпамен 
бірігуі – тыртықталу) және езілуі (немесе сорылуы) мүмкін. Сұйылмайтын, құрғақ 
некроз  ошағының  түзілуі  инкапсулденеді,  яғни,  олардың  айналасында  дәнекер 
ұлпалы  капсула  түзіледі.  Егер  сындай  үрдіс  ылғал  некроздың  маңайында  пайда 
болса, қуыстарда серозды сұйықтығы бар сарысулы ісік пайда болады.  
 
 
Құрғақ  некроз  кезінде  зақымдалу  ошақтарында  кальций  тұздары  оңай 
жиналады,  ол  кальцинация  немесе  әктену  (петрификация)  деп  аталады. 
Туберкулез, маңқа, инфаркт, паразиттердің өлген орындарында түзіледі. 
 
 
Кейбір  уақытта,  демаркционды  қабыну  ақыры  некротикалық  ошақтардың 
периферияларының  іріңды  іруімен  және  оның  айналассындағы  тірі  ұлпалардын 
бөлінуімен жалғасатын лейкоциттердің кенет эмиграциясымен сүйемелденеді. Өлі 
ұлпалардың осындай шеттелуісеквестрация деп, ал шеттелген ошақ секвестор деп 
аталады.  Секвестрдың  аумағында  грануляциялық  ұлпа  дамиды  жән  капсула 
түзіледі.  Егер  үрдіс  беткейінде  таралатын  болса,  өлген  ұлпалардың  толық 
шеттелуі мүмкін – мутиляция (mutilation – шеттелу, кесу).   
 
 
 
 
Ыдырау  өнімдерінің  сорылуы  интоксикация  деп  аталады.  Септикалық 
гангренозды  ошақтардан  микроағзалар  мен  ыдырау  өнімдерінің  сорылуы 
септицемияға және семтикопиемияға алып келеді.   
 
 
 
 
 
Некроз  –  бұл  ұлпаның  немесе  дене  бөлігінің  өміршеңділігінің  толық 
тоқталуы.  Жүрек  бұлшық  еті  мен  бас  миы  аумағының  өлуі  ағзаның  өлімімен 
аяқталады. 
ӨЛІМ ЖӘНЕ ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР 
 
Жоспар 
1.
 
Өлім, түрлері, себептері, өлім кезеңдері. 
2.
 
Өлімнен кейінгі өзгерістер (сууы, сіресуі, өлік дақтары, өліктің шіруі) 
 
1.Өлім, түрлері, себептері, өлім кезеңдері. 
 
 
 
 
 
Өлім – ағзаның өмірлік функциясының қайтымсыз тоқтауы. 

36 
 
Өлім түрлері 
 
Табиғи (физиологияық) – барлық 
өмірлік функцияның бірте – бірте 
тоқтауы салдарынан 
 
 
 
 
Уақытынан бұрын (табиғи емес)  
жиі адамдар мен жануарларда 
болады. Тіпті, кәрі адамдар жиі 
ауруып өледі. Жабайы табиғаттағы 
жануарлар – жыртқыш аңдардан 
өлуі немесе ауылшаруашылық 
жануарларының аурулары – сойыс. 
 
 
Өлімнің себептері болуы мүмкін:  
1)
 
Өлімнің біріншілік шала салдануы (жүректің зақымдалуы немесе орталық 
жүйке  жүйесінің  тамыр  қозғалтқыш  орталығының  шала  салдануы 
салдарынан). 
2)
 
Тыныстың  тоқтауы  (мидың  тыныс  орталығының  шала  салдануы 
нәтежиесінде) 
 
Өлімнің  бірінші  себептері  (тыныстың  тоқтауы  мен  жүрек  жиырылуының 
тоқтауы 
салдарынан 
болады).
Өлім кезеңдері 
    
 
 
 
 
 
 
 
 
1,Агония – өлу үрдісі 
бірнеше секундтардан 
бірнеше сағаттарға дейін 
жалғасуы мүмкін. 
Клиникалық: депрессия, 
қысқа уақыттық қозу, 
тыныс ырғағының 
күйзелісі, жүректің 
жиырылуы, рефлекторлық 
реакцияның әлсізденуі 
мен болмауы 
2. Клиникалық өлім. Оның 
шартты кезеңі жүректің тоқтауы 
болып табылады, бірақ, ағзалар 
біраз сағат бойы өздерінің 
өміршеңділігін сақтай алады. 
3.Биологиялық өлім. 
Ағзаның барлық 
элементтерінің өлуі 

37 
 
 
2.
 
Өлімнен кейінгі өзгерістер (сууы, сіресуі, өлік дақтары, өліктің шіруі) 
 
Өлгеннен кейін өзгерістер немесе өліктің белгілері пайда бола бастады.  
 
1. Өліктің сууы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Өліктің сіресуі   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3. Өлік дақтарының пайда болуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
4. Өліктің шіруі   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Өліктің  сууы  –  өлік  қоршаған  ортаның  температурасын  тез  қабылдайды 
(18-20
0
С болған кезде температурасы 1
0
-қа төмендейді). 
 
 
 
 
 
Өлік тез салқындайды:   
 
 
 
 
 
 
 
 
1)қоршаған орта температурасы төмен болғанда; 
 
 
2)жануарлар жүдеу болғанда;   
 
 
 
 
 
 
 
3) жануарлардың қансыздануында. 
 
Өлік ақырын салқындайды:   
 
 
 
 
 
 
 
 
1)қоршаған ортаның жоғарғы температурасында; 
 
 
 
 
 
2)жануар өлер алдында температурасы жоғары болғанда;   
 
 
 
 
Өліктің температурасы өлгеннен кейінгі бірінші сағаттарда көтерілуі мүмкін: 
 
1)септикалық аурулардан өлгенде;   
 
 
 
 
 
 
 
2)орталық  йке  жүйесінің  қайта  қозуында  (құтырық,  стрихнинмен  улану 
кезінде). 
 
2.Өліктің сіресуі – бұлшық еттерінің сіресуі мен буындарының қозғалмауы. 
Жануар өлгеннен соң бұлшық еттері босаңсиды, 2-4 сағат өткеннен кейін жұмсақ 
болады.  Кейін,  сіресу  белгілері  пайда  болады  және  ол  өлгеннен  кейін  24  сағат 
өткен  соң  аяқталады.  1-2  тәулік  өткеннен  кейін,  сіресу  белгілері  жоғалады. 
Өліктің  сіресуі  бірте-бірте  пайда  болады:  жақ,  мойын,  алдыңғы  аяқтарының, 
артқы аяқтарының бұлшық еттері. Бұлшық еттердің жұмсаруыда осылай болады. 
 
  Ішкі  ағзалардың  нәзік  бұлшық  ет  ұлпаларыда  өліктік  сіресуге  ұшырайды 
(тұлкейген немесе зақымдалған жүрек бұлшық еттері). 
 
 
 
 
 
3.Өлік  дақтарының  пайда  болуы.  Гипостазаның  1-ші  сатысы  қан  күшінің 
ауырлығы  әсерінен  төмен  жатқан  дене  бөліктері  мен  ағзаларға  барады.  Ол 
өлгеннен кейін 3-4 сағат өткен соң пайда болады. Жиі теріні кескенде байқалады. 
 
Гипостатикалық  имбиацияның  екінші  сатысы  (сорылуы).  Төменгі  дене 
бөліктеріне лимфада араласады. Лимфамен араласып, гемоглабинмен боялған қан 
плазмасы  ұлпада,  маңайындағы  қан  тамырларында  диффундирленеді  (8-10 
сағаттан кейін). Ұлпаларды кескен кезде ұлпалық сұйықтық бөлінеді.   
 
 
Агония  үрдісі  ұзаққа  созылғанда  қан  құрамында  ақшыл  түсті  ұйындылар 

38 
 
болады, асфиксиядан өлген кезде қан ұюымайды. Өлімнен кейінгі ұюындыларды 
кескен  кезде  беткейі  нәзік,  серпімді,  ылғалды,  тамырлардан  оңай  ажырайтын 
болады. 
 
4.Өліктің 
шіруі  күрделі  органикалық  қосылыстарды  қарапайым, 
қосылыстарға,  күкірт  сутектерге,  аммиакка,  көмір  қышқыл  газына  дейін 
ыдырататын,  микроағзалардың өміршеңділігі  мен  ұлпалардағы  аутолиз  үрдісінің 
әсер ету нәтежиесінде пайда болады (сондықтан иіс болады). 
 
 
 
 
Аутолиз – ішек – қарын шырынының, ұйқы безі секретінің және т.б. әсерінен 
ішек  пен  қарының  кілегей  қабықтарының  өліктік  қортылуы.  Ол,  торшалар 
бұзылған кезде ферменттердің босауына байланысты. 
 
 
 
 
 
Өліктің шіруінің белгілері: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Ұлпа мен ағзаның көлемі ұлғаяды.  
 
 
 
 
 
 
2. Құрсақ және шат қуыстары аумағындағы ұлпалардың түсі лайлы  – қоңыр 
түске айналады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3. Ұлпалар жұмсақ, борпылдақ болады.   
 
 
 
 
 
 
Өліктің  шіру  жылдамдылығын  салқын  температура,  құрғақ  орта, 
консервирлеу,  бальзамирлеу  ақырындатады.  Жануарлардың  тез  шіруіне  оның 
сепситен өлуі, ылғал, жылу әсер етеді.   
 
ҚАБЫНУ 
 
Жоспары   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Қабынудың морфологиялық сипаттамасы 
 
 
 
 
 
 
2.Альтернативті қабыну  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.Экссудативті қабыну   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.Пролиферативті қабыну 
 
1.Қабынудың морфологиялық сипаттамасы   
 
 
 
Қабыну  (лат.inflamatio)  –  биологиялық,  химиялық,  физикалық  және  басқада 
факторлардың  әсерінен  туындаған,  ағзаның  функционалдық  және  биохимиялық 
бұзылысымен  сүйемелденетін,  альтерациямен,  тамырлы  реакциямен  және 
пролиферациямен сипатталатын ұлпаның зақымдалуына деген күрделі тамырлық-
ұлпалық, жергілікті жауап реакциясы.    
 
 
 
 
 
 
 
1.Қызару қабыну ошағында артериальді гиперемияның дамуына байланысты. 
 
2.Қызу  жылы  қан  күшінің  ұлғаюына,  метобализмнің  активациясына, 
биологиялық ашу үрдісінің бөлектенуіне негізделген  
 
 
 
 
 
3.Ісік  (ісіну)  қабыну  ошағында  эксудация  мен  ісінудің  дамуынан,  ұлпалық 
элементтердің ісінуінен және тамыр арнасының сумарлық диаметрінің ұдғаюынан 

39 
 
туындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.Ауыруы  –  жүйке  ұштарының  әр  түрлі  биологиялық  белсенді  заттардан 
тітіркенуі  (гистамин,  серотин,  брадикинин  және  т.б.)  ортаның  белсенді 
реакциясын  қышқыл  ортаға  жылжыту,  осмостық  қысымның    көтерілуі  мен 
ұлпалардың механикалық созылуы немесе жылжуы салдарынан дамиды. 
 
 
5.Қабынған  ағза  функциясының  бұзылуы  оның  нейроэндокриндік 
регуляциясының  бұзылуына,  аурудың  дамуына,  құрылыстық  зақымдалуға 
байланысты. 
ЭКЗОГЕНДІК ФАКТОРЛАР 
                                                                                    
 
                                                                                                                                                  
 
 
 
 
 
 
        Ағзадағы  қабыну  ағзаның  латын  атауына  –ит  жалғауын  қосу  арқылы 
аталады.  Мысалы,  ішектің  қабынуын  энтерит  дейді.  Бірақ,  бұдан  басқалары  да 
бар. Мысалы, жұтқыншақтың қабыну ангина («ангис» - жан деген сөзден) дегенді 
білдіреді,  өкпенің  қабынуы  –  пневмония.  Ірің  жиналған  бірнеше  қуыстардың 
қабынуын эмпиема дейді. Мысалы, бүйрек астауының эмпиемасы және т.б.   
 
Лимфа  түйіндерінің  қабынуын    лимфаденит,  ал  лимфа  тамырларының 
қабынуын лимфангит деп атайды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер  қабыну  тамырдың  ішкі  қабығының  ғана  қабынуымен  шектелсе, 
артерияның  қабынуын  –  эндоартериит  деп  атайды.  Артерияның  ортаңғы 
қабатының қабынуы – мезоартериит, венаның қабынуы – флебит.          
 
 
Сүт  безінің  қабынуы  –  мастит,  жатырдың  кілегей  қабығының  қабынуы  – 
метрит.  Ағзаның  кілегей  қабатының  зақымдалуы  пери  жұрнағымен  аталады: 
перинефрит,  периметрит,  перигепатит.  Ағзаның  маңайындағы  ұлпалардың 
зақымдалу  ауруларына  пара  жұрнағын  қосу  арқылы  атайды:  паранефрит, 
парагепатит және т.б. Сүйек пен сүйек кемігінің қабынуын остеомиелит дейді.  
 
Түкті  фолликулалардың,  май  безінің  және  оған  жақын  жатқан  ұлпалардың 
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ  
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ 
ЕМЕС  
Физикалық            
Химиялық   
Биологиялық 
Бактериялар      Вирустар  
Қарапйымдыла 
Саңырауқұлақтар 

40 
 
іріңді қабынуын фрункула, ал бірнеше фурункулалардың бірігуін карбункула деп 
атайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қабыну  үрдісі  өткір,  өткірлеу  және  созылмалы  ағымды  болуы  мүмкін. 
Өткірлеу  ағымы  –  аралық  формасы  –  өткір  үрдіске  жақын.  Өткір  қабыну  үрдісі 
кезінде барлық клиникалық белгілер байқалады, оның цикілі тез өтеді. Өткірелу 
ағым  кезінде  барлық  клиникалық  белгілері  білінеді,  бірақ  кейбіреулері  болмауы 
мүмкін.  Қабынудың  созылмалы  үрдісі  кезінде    кейбір  белгілер  (қызару,  дене 
температурасының көтерілуі) болмайды, ал қалғандары анық көрінеді.  
 
 
Зақымдалудың  ауқымдылығына  байланысты  пролиферативті  қабынуды  екі 
түрге бөледі: диффузды және гранулематозды. Диффузды пролиферативті қабыну 
үрдісі ағзаның ауқымды аумақтарына таралады.  Гранулематозды қабыну ошақты 
зақымдалумен  сипатталады.  Диффузды  пролиферативті  қабынудың  себебі  – 
біркелкі  әлсіз.  Созлымалы  әсер  етуші  факторлар:  шіріген,  ашыған,  қышқыл 
азықтық  өнімдер,  бруцеллез,  актиномикоз,  гельминт  қоздырғыштары  және  т.б. 
Гранулематозды  қабыну  инфекциялық  –  аллергиялық  (туберкулез,  маңқа, 
бруцеллез, 
сальмонеллез 
және 
басқалары), 
инвазиялық 
(трихинеллез, 
строгилидоз, және т.б.) аурулар кезінде байқалады.    
 
 
 
 
 
Қабыну  үш  түрлі  компоненттерден  тұрады:  альтерация,  экссудация  және 
прлиферация. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Альтерация (лат.Alteratio - өзгеріс) деструкция, ұлпаның зақымдалуы.   
 
Біріншілік  альтерация  –  бұл  ауру  тудырғыш  (физикалық,  химиялық, 
биологиялық)  факторлардың  әсер  ету  нәтежиесінде  болатын  зақымдалу.  Оның 
нәтежиесінде  ақуыздарға,  майларға,  көмірсуларға  бұзушы  әсер  ететін  лизоцим 
босайды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Екіншілік  альтерация  –  бұл  зат  алмасудың  бұзылуына  әкеп  соқтыратын, 
ұлпаларға  ыдырау  өнімдерінің,  қабыну      медиаторларының  үлкен  мөлшерде 
жинаоуы нәтежиесінде болатын ұлпаның зақымдалуы.  
 
 
 
 
 
Қабыну ошағында тамырлы реакция дамиды, ол сипатталады: 
 
 
 
-  норадреналин  медиаторларының  бөлінуі,  симпатикалық  жүйкенің  қозуы 
(тітіркенуі)  нәтежиесінде  тамырлардың  қысқа  уақыттық  рефлекторлы 
құрысуымен; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
- қабыну медиаторларының жиналуына байланысты, қан ағысының баяулауы 
салдарынан тамырлардың кеңеюі;   
 
 
 
 
 
 
 
 
- тамыр қабырғасы мөлдірлігінің ұлғаюы:  
 
 
 
 
 
 
- қан айналымдағы лейкоциттердің қайта бөлінуімен, ол сүйемелденеді:  
 
а) олардың тамыр қабырғаларына жақындауы;   
 
 
 
 
 
б) олардың биологиялық белсенді заттармен активациялануы; 
 
 
 
в)  тамыр  қабырғалар  арасындағы  қуат  айырмашылықтарының  туындауы 
және кальцилі көпірдің пайда болуы.      
 
 
 
 
 
 

41 
 
 
Экссудация  (лат.exsudare  -  терлеу)  –  құрамында  ақуызы  бар  қанның  сұйық 
бөлімдерінің тамыр қабырғасы арқылы қабынған ұлпаға ағуы.   
 
 
 
Экссудация механизмі:   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Қабыну  медиаторларының  әсер  етуі  нәтежиесінде  тамырдардың  (вена, 
капиллярлар) өткізгіштігінің жоғарлауы;  
 
 
 
 
 
 
 
2.Гиперемия салдарынан қабыну ошағындағы тамырлардың қан қысымының 
(фильтрациялық) ұлғаюы; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.Альтерация  нәтежиесінде  қабынған  ұлпаларда  осмотикалық  және 
онкотикалық қысымның өсуі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет