Ubt garant 140 «Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы



бет41/63
Дата17.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#24051
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?Бірақ, солар туралы тереңірек білгісі келген оқырманға дерек тапшы болушы еді. Бір Ғабеңнен басқасының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы олқылықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты. Оның "Рухы биік тұлға" атты жаңа еңбегі атақты "бесеу-дің" бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен тереңнен танысады. Оның Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын біледі. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне "жіберіледі". Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.1938 жылы Мүкең "халық жауы" деген жаламен ұсталады… Қалған өмірін кітаптан оқыр деген ниетпен әрі қарай жазбадық. Тек оның, 1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озғанын білдіре кетелік. Аталмыш кітапта оның ата-бабасы, туған-туыстары, бала-ша-ғасы туралы да мол деректер бар. Бір сөзбен айтқанда, Алаштың бір арысын танытуда кітаптың пайдасы зор. Сонымен бірге, "Бесеудің хатының" Президент мұрағатынан алынған түпнұсқасы да осы еңбекте еш өзгеріссіз жарияланған.Әттең, осындай дерек кітаптар "сол бесеудің" басқалары туралы да болса ғой. Соның ішінде хатқа: "1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин" деп қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?..

30. С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлердің көзқарасындағы қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жазыңыз

Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев: Осы­дан жи­ыр­ма бес жыл­дан ас­там уа­қыт бұ­рын, тә­уелсіз­дік ал­май тұр­ған кез­де «Қы­зыл кі­тап­қа кі­ре­тін ха­лық» де­ген бір­не­ше бө­лім­нен  тұ­ра­тын проб­ле­ма­лық ма­қа­ла­лар жа­зып, жа­рия­ла­дым. Ол кез­де Ал­ма­ты­да бір-екі ға­на қа­зақ мек­те­бі бар еді. Қа­зақ­тар­дың өз ана ті­лі­нен, ұлт­тық ерек­ше­лік­те­рі­ненте­ріс ай­на­луы, іш­кі­лік­ке са­лы­нып, мо­раль­дық жә ғы­нан бұ­зы­луы ба­рын­ша ас­қын­даптұр­ған. Со­ған орай, қа­зақ хал­қы осы қал­пы­мен тұ­ра бер­се, азып-то­зып, ұлт ре­тін­дежойы­лып ке­те­ді де­ген мә­се­ле кө­тер­дім.Бұл ой­ым­ды «Қа­зақ­ша біл­мейт­ін қа­зақ қай ұлт­қа жа­та­ды?», «Іл­ге­рі бас­па­ған ин­тел­ли­ген­ция», «Қа­зақ же­ңе ме, арақ же­ңе  ме?!», «Қа­зақ­тан шық­қан бас­шы­лар қа­зақ хал­қын қадір­лей ме екен?!» де­ген та­қырып­тар­мен же­ке-же­ке тал­дап, дә­лел­деу­ге ты­рыс­тым. Бұл жаз­ған­да­рым бі­реу­лер­ге  ұна­ды, бі­реу­лер­ге ұна­ма­ды. Де­сек те, со­дан бе­рі за­ман да, ел мен адам да өз­гер­ді.  Ең бас­ты­сы, бұ­рын Ал­ма­ты қа­ла­сын­да бір-екі ға­на қа­зақ мек­те­бі бол­ған, қа­зір та­за  ана ті­лін­де бі­лім бе­ре­тін 60-тан ас­там оқу ор­да­сы бар. Кө­ше­де кез­дес­кен қа­ра­көз бүл­дір­шін­дер тү­гел дер­лік (олар­дың ара­сын­да өзім­нің не­ме­ре­ле­рім де бар) май­ын  та­мы­зып, әде­мі­леп қа­зақ­ша сөй­лей­ді. Осы­лар­ды көр­ген­де өзім­ді кә­дім­гі­дей ба­қыт­ты  се­зі­не­мін. Бір кез­де­гі айт­қан­да­рым­ның жер­де қал­май, күн­дер­дің кү­ні жү­зе­ге ас­қа­нын  көр­ген­де бой­ым­ды ри­за­шы­лық се­зім би­лей­ді.Міне, қызық! Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев­тың бел­гі­лі бір өнер ие­сі­не ар­нап жаз­ған сах­на­лық шы­ғарма­ла­ры бар. Мә­се­лен, «Ға­шық­сыз ға­сыр» пьеса­сы КСРО ха­лық әр­ті­сі Фа­ри­да Шә­ріпо­ва­ға, ал «Той­дан қайт­қан қа­зақ­тар» дра­ма­сы Қа­зақ­стан­ның ха­лық әр­ті­сі Жұ­ма­бай Ме­дет­ба­ев­қа ар­нал­ған екен.Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев  көптеген пьесалар жазды. Ол қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері – тіл, руханият, ұлттық  мүдде және отбасылық-тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық  сипаттағы реалистік туындылар жасады. Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма заман тынысымен үндесіп жатыр.Солардың бірі – «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия.Бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды.  Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері, мінез құлықтарына  олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн  көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын  «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем  болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған. Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп  жағымпаздана көпіртіп мақтауы – біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай.  Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич – өз қызметін асыра   айдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқоршенеуніктердің жинақталғанбейнесі.  Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңызкерек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!..Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен аңғарылады.Жолсерік келіншек. Мәке! Мэлис ағай, сіз маған… әлгі айтқаныңыз… Уәдеңіз…Мэлис Әлібаевич. /оны енді байқап/ А, сіз маған бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? Арызыңыз бар ма еді?!.. Оны кеңсеге әкеліңіз!.. Канцелярияға апарып  тіркетсеңіз, маған жібереді… Көреміз сосын… Ал, сау болыңыздар!Өзі ерігіп, қыдырып, қызық қуып жүрсе де, жұртқа «Жұмыс істеу керек!..  Той тойлап, жүре бермей, жұмыс істеу керек!» деп ұрысып кетеді.  Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз  қысты, екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел – сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу  мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздеген адамдар.Билетсіз жолаушы – алыпсатарлықтың құрбаны. Көліктердің билет сату  қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе. Дегенмен автор билетсіз жолаушының ата-баба басына құран оқыту үшін жүргенін келтіру арқылы бір үміттің бар екенін де білдіреді.

31. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл).

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.  Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың  қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

«Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, – дейді Сара Алпысқызы – өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін келдік?» және «қайда барамыз?» – деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» адамгершілік жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны…»

Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас-қағым уақыт қана. Бізге берілген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?!

Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті пары­зымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». [2]

Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады.

«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады.

Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы. [3]



Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында  адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне  грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.

Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отыр.Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттіктәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен терезе міз тең,

дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып жатқаны аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның шешуші елі.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ұлы мақсаттарға жетелейтін – «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Барша қазақстандық бұл идеяны үлкен қуанышпен қабылдады.«Мәңгілік Ел» сөзі біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан белгілі. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған. Елбасымыз Тоныкөк бабамыздың өсиетін тілге тиек ете келіп: «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр»,– деген болатын. Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі – бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң – еліміздің басты алаңы. Болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мұраттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» идеясының ұғымын, оның мазмұнын, мәңгілік мұраттарға қол жеткізудің құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың санасына сіңіру – қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет