Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т


- жаттығу.  Етістіктердің  аналитикалық  формасын  жасап,  орыс



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата28.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#611
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2-
жаттығу.  Етістіктердің  аналитикалық  формасын  жасап,  орыс 
тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз. 
Үлгі: жаза алу – смочь написать;... 

71 
 
алу 
Көшіру,  айту,  жату,  ұйықтау,  көтеру,  жуу,  оқу,  кіру,  пісіру,  жету,  салу, 
босату,  көру,  тарту,  тігу,  көрсету,  танысу,  таңдау,  жүру,  санау,  өту,  басу, 
киіну, істеу, аудару, ашу, бұзу, ішу, жеу, жабу, түсіру, кесу, жасау. 
 
3-
жаттығу.  Етістіктердің  аналитикалық  формасын  жасап,  орыс 
тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз. 
Үлгі: жаза салу - записать на всякий случай;... 
салу 
Айту, жуу, өшіру, тоқу, қуыру, шығу, көрсету, әперу, кіру, пісіру, жету, 
алу,  босату,  көру,  тарту,  тігу,  танысу,  таңдау,  жүру,  санау,  өту,  ашу,  көну, 
емдеу, беру, басу, киіну, істеу, аудару, бұзу, ішу, жеу, жасау, жабу. 
 
4-
жаттығу.  Беру  етістігімен  етістіктердің  аналитикалық  формасын 
жасап, орыс тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз. 
Үлгі: жаза беру – продолжать писать; ... 
беру 
Төгу,  секіру,  жүгіру,  ойнау,  сөйлеу,  үйрету,  үйрену,  әкелу,  айту,  жату, 
үйықтау,  жуу,  тоңу,  отыру,  жағу,  тойлау,  жету,  алу,  тігу,  есептеу,  байқау, 
қарау, жану, жату, сөндіру, жүзу, жүру, санау, тазалау. 
 
5-
жаттығу.  Шығу  етістігімен  етістіктердің  аналитикалық  формасын 
жасап, орыс тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз. 
Үлгі: жазып шығу – закончить писать;... 
шығу 
Тексеру, айту, қалау, жату, жуу, оқу, кіру, сыпыру, сүрту, алу, бару, тоқу, 
көру, тігу, жапсыру, көрсету, өту, таңдау, жүгіру, санау, киіну, істеу, аудару, 
бұзу, жабу, тоңу, кесу, тарау, жасау. 
 
6-
жаттығу. Бастау етістігімен етістіктердің аналитикалық формасын 
жасап, орыс тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз. 
Үлгі: жаза бастау - начать писать;... 
бастау 
Бұзу,  секіру,  жүгіру,  ойнау,  ойлау,  сөйлеу,  үйрету,  үйрену,  сүрту,  айту, 
киіну,  пісіру,  жуу,  тоңу,  отыру,  жөндеу,  дайындау,  көшіру,  алу,  тігу,  тұру, 
есептеу, беру, қарау, көну, жарау, төгу, емдеу, жазылу, санау, шығу. 
 
7-
жаттығу. Жаздау етістігімен етістіктердің аналитикалық формасын 
жасап, орыс тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз. 
Үлгі: жаза жаздау – чуть не написать;... 
жаздау 
Тоқтау, сындыру, жылау, төбелесу, сөйлеу, төгу, жуу, сүрту, айту, киіну, 
пісіру,  беру,  апару,  отыру,  қалу,  қою,  келу,  алу,  ашу,  кесу,  тұру,  төңкеру, 
әкелу, тексеру, көну, лақтыру, күлу, міну, жүгіру, оқу, шешіну. 

72 
 
8-
жаттығу. Мына сөз тіркестерімен жазбаша сөйлемдер құраңыз. 
Үлгі: Мен «Абай жолы» романын оқып шықтым. 
 
Оқып  шығу,  шаршап  қалу,  күле  беру,  бере  салу  сөйлей  бастау,  ұмытып 
кету, жазып болу, істеп көру, ұйықтай жаздау, әңгімелесіп бару, жөндеп біту, 
көшіп келу, жуып қою, төгіп алу, айта жөнелу, мақтай түсу, күте тұру, алып 
қашу, жұмыс істей алу, бара қою.  
 
9-
жаттығу. Берілген сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіз. 
Үлгі: Мына жерді сүрт. – Мына жерді сүртіп ал. 
 
1
Ағамды шақырмадым. 2.Қонақтарды күтейік. 3.Жазда олар жағажайға 
барды.  4.Тамағыңды  же.  5.Ертең  біз  үйді  жинаймыз.  6.Оның  мекен-жайын 
жаздың  ба?  7.Көйлекті    Жаңа  жылға  дейін  тоқиын.  8.Мен  онда  азық-түлік 
дүкеніне  барайын.  9.Әуелі  етті  пісіру  керек.  10.Бауырсақты  қалай 
жасайтынын көр. 11.Баланы көтер! 
 
10-
жаттығу.  Ертегіні  өзіңіз  жалғастырыңыз.  Оқып  шығып,  күрделі 
етістіктерді табыңыз. 
Кіші  баласы  бақыт  іздеп  шықса,  бір  теректің  түбінде  жылап  отырған 
шалға  тап  болады.  Жігіт:  -  О,  не  қылған  жансың,  неге  жылайсың?  -дейді. 
Сонда шал: - Мен не заманнан бері осы терекпен күн көріп келе жатыр едім. 
Қазір  терегім  қуарып,  жапырағы  түсіп,  жеміс  беруден  қалды.  Мен  соған 
жылап  отырмын,  ал  өзің  қайда  барасың?  -  дейді.  Жігіт:  -  Бақыт  іздеп 
барамын,-дейді. Сонда шал: -Егер сен бақытты тапсаң: не себептен менің бұл 
терегім  жеміс  бермей  қалды  екен,  соны  сұрашы,  -  дейді.  Жігіт:  -  Жарайды 
ата, егер көрсем міндетті түрде сұрайын, -деп жауап қатады.
 
 
ЛЕКСИКА: Қоғам және жастар 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз. 
Мемлекетіміздің жарқын болашағы жастардың қолында 
Еліміздің ертеңі  мемлекетіміздің жарқын болашағы жастардың қолында. 
Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінгі еліміздің 
бас  мәселелердің  бірі  -  жас  адамдар  туралы  мәселе.  Бүгінгі  жастар  қандай 
болса  —  болашақ  та  сондай  болмақ.  Сондықтан  да  мемлекет  жастардың 
санасын қалыптастыруға күш жұмсауы қажет.  
Жастар  —  қоғамның  ең  басты  стратегиялық  ресурсы.    Статистикаға 
сенсек,  мемлекетімізде  4,5  миллионнан  астамы  жастар  болып  табылады. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың:  «Мен,  сіздер,  бүгінгі  жастар  ерекше 
ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз  Қазақстанда 
өмірге  келдіңіздер  және  сонда  ержетіп  келесіздер.  Сіздердің  жастық 
шақтарыңыздың  уақыты  –  біздің  еліміздің  көтерілу  және  гүлдену  уақыты. 
Сіздер  осы  жетістіктер  рухын  және  табысқа  деген  ұмтылушылықты 

73 
 
бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар 
болашағымен тікелей байланысты екендігін білдіреді.  
Астанада «Жастар – халық бірлігі үшін» атты жалпы ұлттық форум өтті. 
Форумда  белсенді  қазақ  жастарының  басы  қосылды.  Халық  игілігіне  үлес 
қосып  жүрген  жастар    жұртшылық  алдында  баяндама  жасады.  Олар 
ұлтаралық татулық туралы,  қазақ халқының мәдениетін, тілін, салт дәстүрін 
сақтауға  шақырды.  Сонымен  қатар,  форумға  қатысушылар  патриоттық 
тәрбие,  тарихи-мәдени  құндылықтарды  құрметтеу,  жастар  арасында 
салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттады.  
Форумда сөз сөйлеген қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан жастарға рух 
беретін  мынандай  тілек  айтты:  «Жастар  –  жас  шыбық  сияқты.  Жастар  – 
жердің,  елдің  иесі,  қазақ  елінің  рухани  тәуелсіздігінің  биік  тұғыры.  Бүгінгі 
жастарға  айтарым,  әрбір  жас  жүрек  өзінің  туған  Отаны  –  Қазақстанын 
жанындай  сүйіп,  танып,  оған  табынып  өсуі  қажет.  Сонда  жас  ұрпақтың 
бойында патриоттық сезім ұялайды».    
 
Сөздік 
қоғам - общество 
жастар - молодежь 
төзгісіз – нестерпимый 
жағдай - положение, ситуация 
қалыптастыру - устанавливать 
түп – происхождение, род 
жасөспірім - подросток  
құндылық - ценность 
саясат – политика 
жалығу – уставать 
құқықтық - правомочный, правовой 
қозғаушы - двигатель, побудительный 
көтерілу - подниматься 
ұмтылу - стремиться, ринуться вперед 
орынбасар - заместитель 
жұртшылық - общественность 
жалғастыру - соединить, продолжить 
мүгедек - инвалид, нетрудоспособный человек 
лайық – соответствующий, подходящий 
қабылдау - принимать 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1.
Еліміздің жастары туралы не ойлайсыз? 
2
.Еліміздің болашағы жастарымыздың қолында дегенді қалай түсінесіз? 
3
.Мемлекетімізде жастарға қандай қолдау көрсетіп жатыр? 
4.
Жастар – халық бірлігі үшін дегенді қалай түсінесіз? 
 
3-
тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.  
-  
Қазіргі жастар туралы не ойлайсыз? 

Қазіргі жастар -  қоғамымыздың ең басты стратегиялық ресурсы. 
Мемлекетіміздің   болашағы  жастардың  қолында.  Бүгінгі  жастар  қандай 
болса  —  болашақ  та  сондай  болмақ.  Өйткені  қоғамның  қозғаушы  күші  – 
жастар. 

Егер  еліміздің  болашағы  қазіргі  жастарымыздың  қолында  болса,  онда 
мемлекетіміз  жастардың  дұрыс  тәрбиеленуіне,  дұрыс  білім  алуына  қандай 
көмек беріп жатыр? 

74 
 

Ең алдымен мемлекетіміз мүгедек, жетім, әлеуметтік жағдайлары төмен 
отбасынан  шыққан  балаларға  әлеуметтік  көмек  көрсету  мақсатында 
бағдарламалар қабылдады.  
 
4-
тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз, жай сөйлемдер құрыңыз. 
Үлгі: Еліміздің ертеңі жастарымыздың қолында. 
 
Мемлекетіміздің жарқын  болашағы,  қоғамның  қозғаушы  күші,  жас 
адамдар, күш жұмсау, стратегиялық ресурс, тәуелсіз Қазақстан, жастық шақ,  
ұлт  болашағы,  ұлттық  форум,  ұлтаралық  татулық,  салт  дәстүрді  сақтау, 
патриоттық тәрбие, тарихи-мәдени құндылықтар, рухани тәуелсіздігінің биік 
тұғыры, патриоттық сезім.  
 
5-
тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрыңыз.  
еліміздің  
Сезім 
жарқын  
ертеңі 
стратегиялық  
құндылықтар 
елбасымыз  
Нұрсұлтан Назарбаев 
тәуелсіз  
болашақ 
халық  
Қазақстан 
мәдени  
ресурс 
патриоттық  
бірлігі 
 
6-
тапсырма. Көп нүктенің орнын мәтіннен толықтырыңыз. 
1.
Астанада  «...  –  халық  ...  үшін»  атты  жалпы  ұлттық  форум  өтті.  2.Қай 
заманда  болмасын  ... ... ... –  жастар.  3.Бүгінгі  жастар  қандай  болса  —  ...  та 
сондай болмақ. 4.Жастар — қоғамның ең басты ... ресурсы.  5.Статистикаға 
сенсек, мемлекетімізде ... ... астамы жастар болып табылады.  6.Еліміздің ..., 
мемлекетіміздің ...  болашағы  жастардың  қолында.  7.Форумға  қатысушылар 
патриоттық тәрбие, ...-...  құндылықтарды ..., жастар арасында салауатты өмір 
салтын ... насихаттады. 8.Бүгінгі еліміздің бас мәселелердің бірі— ...  туралы 
мәселе. 
 
 
16-
САБАҚ
 
 
ГРАММАТИКА: Көмекшi есiмдер 
Служебные,  вспомогательные  имена  представляют  собой  особый  класс 
знаменательных слов  -  имен,  способных  (частично  сохраняя  лексическое 
значение) выполнять роль служебных (вспомогательных) слов. 
Служебные  имена  описывают  расположение  предмета  в  пространстве  и 
часто соответствуют предлогам русского языка.  

75 
 
Употребляются  всегда  в  притяжательной  форме  3-его  лица  и  затем 
присоединяются  окончания  пространственных  падежей,  чаще  местного 
падежа (окончания -
нда/-нде).  
Например,  служебные  имена  (в  притяжательной  форме  3-го  лица  и  в 
местном падеже):  
үстінде - над 
астында - под 
алдында - перед 
артында - за 
ішінде - в 
среди - арасында 
қарсы - напротив 
қасында – возле 
қасында - возле 
түбінде- на дне 
маңында - около 
арасында - между 
К служебным именам могут также присоединяться окончания исходного 
(-
н
ан/-нен) или дательно-направительного (-на/-не) падежей.  
К примеруiш+i+нен – изнутри (исходный падеж), iш+i+не – вовнутрь 
(дательно-направительный  падеж)  или  окончания  могут  отсутствовать 
(
бөлменiң iшi қараңғы – внутри комнаты темно).  
Служебные  имена  сочетаются  с  существительными  в  родительном 
падеже.  
Напримерсандықтың iшiнде  –  внутри  сундука;  үстелдiң артында – 
позади стола;  орындықтың алдында - перед стулом.  
Кроме  вышеперечисленных  служебных  имён  есть  немало  слов,  которые 
также  используются  для  описания  расположения  предмета  в  пространстве. 
Принцип  построения  с  ними  словосочетаний  тот  же  самый: ортасында –в 
середине;  орталығында –  в  центре; шетiнде –  на  окраине;  айналасында – 
вокруг;  оң  жағында –  справа;  сол  жағында –  слева;  бетiнде –  на 
поверхности; басында – в начале; аяғында – в конце; бойында – вдоль. 
Примеры: 
Диванның қарсысында екi  кресло  тұр. –  Напротив  дивана  два  кресла 
стоят.      
Үстелдiң үстiнде журнал жатыр. – На столе журнал лежит.      
Сөрелердiң артында ештеме жоқ. – За полками ничего нет.      
Үйдiң сыртында алма бағы бар. – Снаружи дома есть яблоневый сад.      
Бақтың iшiнде балалар жүр. – Внутри сада дети бегают.      
Үйдiң оң жағында сауда үйi тұр. – Справа от дома торговый дом стоит.      
Бала ағаштың түбiнде отыр. – Ребёнок у дерева сидит.      
Диван  мен  теледидардың арасында кресло  тұр. –  Между  диваном  и 
телевизором кресло стоит.   
Қаланың шетiнде үлкен саябақ бар. – На окраине города большой парк есть. 
Көлдiң айналасында гүлдер бар. – Вокруг озера цветы есть.   
Қаланың орталығында қонақ үйi тұр. – В центре города гостиница стоит.   
  
1-
жаттығу.  Жақша  ішіндегі  сөздерді  аударыңыз.  Сұрақтарға  үлгі 
бойынша жауап беріңіз.  
Үлгі: Сіз Әуезов атындағы театрдың алдында тұрсыз ба? 

Иә,  мен театрдың алдында тұрмын. 

Жоқ, мен театрдың алдында тұрған жоқпын
 

76 
 
1.
Ойыншықтар диванның (возле) жатыр ма? 2.Кітаптар үстелдің (на) ме? 
3
.Сурет  үстелдің  (над)  ілініп  тұр  ма?  4.Дүкеннің  (за)  үлкен  алаң  бар  ма? 
5
.Ағаштың  (на)  құстар  отыр  ма?  6.Университеттің  (перед)  гүлдер  өсіп  тұр 
ма?  7.Қаланың  (в)  көліктер  көп  пе?  8.Үстелдің  (под)  кітап  жатыр  ма? 
9
.Терезенің (у) кресло тұр ма? 10. Жейдені шкафтың (внутри) алдың ба? 
 
2-
жаттығу.    Көп  нүктенің  орнына  керекті  жалғауларды  қойыңыз, 
аударыңыз. 
Үлгі:  Үстелдің  жанында  екі  орындық  тұр.  -  Возле  стола  два  кресла 
стоят. 
 
1
.Үстел...  үсті...  кітап  ал.  2.Кереует...  үсті...  киім  жатыр.  3.Кітаптарды 
шкаф... іші... сал.  4. Үстел... үсті... тазала. 5.Ұйықтайтын бөлме... бұрышы... 
төсек тұр. 6.Шкаф... іші... керекті затарды ал.  7. Диван... алды... кілем жатыр. 
8
. Үстел... үсті... қаламды қой. 9. Қала... сырты... әдемі алаң бар. 10. Сағатты 
есік... үсті... іл. 
 
3-
жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз. 
1.
На  берегу  озера  есть  хороший  дом  отдыха.  2.Ты  встретился  со  мной 
около  театра.  3.Мы  были  за  городом.  4.Напротив  нашего  дома  есть 
остановка. 5.Возле нашего общежития очень красиво. 6.Он стоял возле меня. 
7
. За школой есть большой стадион. 8.Они были возле нашего дома. 9. Сестра 
взяла  посуду  из  шкафа.  10.В  книжном  шкафу  много  интересных  книг.  11
Среди  них  есть  мой  друг.  12.В  середине  зимы  у  нас  будет  сессия.  13.  В 
начале этого месяца я поеду в деревню. 
 
4-
жаттығу. Үлгі бойынша диалог жасаңыз. 
Үлгі: - Айтыңызшы, сіздің университетіңіз қай жерде орналасқан? 

Менің университетім Абай көшесінде орналасқан.  

Қандай көшенің қиылысында орналасқан. 

Абай  көшесі  және  Байтұрсынов  көшесінің  қиылысында  орналасқан. 
Университет  Абай  көшесінің  солтүстік  жағында,  ал  Байтұрсынов 
көшесінің  батыс  жағында,  яғни  Абай  және  Байтұрсынов  қиылысының 
солтүстік  батыс  бұрышында  орналасқан.  Нақтырақ  айтар  болсам, 
Байтұрсынов және Шәріпов көшелерінің ортасында орналасқан. 
 
5-
жаттығу. Үлгі бойынша өз үйіңіздің айналасын сипаттап беріңіз. 
Үлгі:  Мен  бес  қабатты  үйдің  екінші  қабатында  тұрамын.  Менің  үйім 
Құрманғазы  көшесінде  орналасқан.  Біздің  үй  Мұқанов  және  Шагабудин 
көшелерінің ортасында тұр.  Үйімнің алдында үлкен аула бар. Аула таза әрі 
жасылдандырылған.  Ауланың  сол  жағында  балар  ойнайтын  арнайы  алаң 
бар.  Үйіміздің  артында,  яғни  Құрманғазы  көшесінің  оңтүстік  жағында 
сауда  орталығы  бар.  Үйге  қажет  заттарды  біз  сол  сауда  орталығынан 
аламыз.  Бұл  -  өте  ыңғайлы.  Сонымен  қатар,  үйіміздің  айналасында  сән 

77 
 
салоны, интернет клуб, жеміс-жидек дүкені, наубайхана бар. Үйімізден бір 
көше  әрі  жүрсең,  дәлірек  айтсам,  Абай  көшесі  мен  Құрманғазы  көшесінің 
арасында  жүзу  орталығы  бар.  Жүзу  орталығының  іші    кең  әрі  ыңғайлы, 
таза
 
6-
жаттығу. Берілген көмекші есімдермен сөйлем құрыңыз.  
Үлгі: ішінде – Қонақтар үйдің ішінде отыр.  
 
үстінде - над 
астында - под 
алдында - перед 
артында - за 
ішінде - в 
среди - арасында  қарсы - напротив  қасында – возле 
қасында - возле 
түбінде- на дне 
маңында - около  арасында - между 
 
7-
жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
.Үйіңіздің оң жағында саябақ бар ма? 2. Сіз оқитын оқу орны қай көшеде 
орналасқан?  3.Қостанай  қаласы  Қазақстан  Республикасының  қай  жерінде 
орналасқан? 4. Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағасында орналасқан ба? 5
Студенттер университеттің алдына жинала ма? 
 
ЛЕКСИКА: Қолжетімді тұрғын үй 
 
1-
тапсырма.  Мәтінді оқып, жаңа сөздерді есте сақтаңыз.  
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 
2012 жылғы 21 маусымда «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 
қабылданды.  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасының  мақсаты  – 
біріншіден,  халықты  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету,  екіншіден,  нарық 
экономикасының  дұрыс  дамуына  ықпал  ету.    Қазақстан  Республикасының 
кәмелетке жеткен әрбір азаматы баспана сатып алуға мүмкіндігі болуы үшін 
осындай  бағдарламаны  қабылдаудың  қажеттілігі  зор  болды.  Бағдарламаны 
іске асыру мерзімдері - 2012 - 2020 жылдар.  
2012 

2020  жылдарға  арналған  бағдарламаны  іске  асыруға 
Республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, даму институттарының 
қаражаты  жұмсалатын  болады.  Сондай-ақ  аталған  бағдарламаны  іске  асыру 
үшін  ішкі  және  шетелдік  инвестициялар  бағытталатын  болады. 
Республикалық бюджет есебінен кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін 
жалға берілетін тұрғын үйлерді салу да жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама 
іске  асқан  жағдайда,  көптеген  азаматтардың,  әсіресе  жас  отбасылардың 
баспана мәселесі шешімін табатыны даусыз.   
 
Сөздік 
дамыту - развиваться  
міндет - обязанность 
жергілікті - местный 
бұзу - ломать 
жоба - проект 
қаражат - средства, финансы 
серіктес - единомышленник, партнер 
мүлік - имущество 
қолжетім тұрған үй - доступное жилье 
ынталандыру - стимулировать, повышать интерес 

78 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз. 
1.
 
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы қашан қабылданды? 
2.
 
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының мақсаты қандай? 
3.
 
Қолжетімді деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз? 
4.
 
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру үшін қаражатты 
қайдан алады? 
5.
 
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы халыққа қандай көмек бере 
алады? 
 
3-
тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құраңыз. 
«Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасы,  бағдарламаның  мақсаты, 
қамтамасыз ету, нарық экономикасы, дұрыс даму, ықпал ету, кәмелетке жету, 
баспана  сатып  алу,  мүмкіндігі  болу,  бағдарламаны  іске  асыру,  жергілікті 
бюджет,  даму  институты,  қаражаты  жұмсау,  бюджет  есебінен,  жас 
отбасылар, тұрғын үй, баспана мәселесі. 
 
4-
тапсырма. Көп нүктенің орнын мәтіннен толтырыңыз. 
1.
Қазақстан  Республикасының  кәмелетке  жеткен  әрбір  ...  баспана  сатып 
алуға мүмкіндігі болуы үшін осындай ... қабылдаудың қажеттілігі ... болды.  
2.
2012  жылғы  21  маусымда  «...  ...  ...    -  2020»  бағдарламасы  қабылданды. 
3.
«Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасының  мақсаты  –  біріншіден, 
халықты  ...  ...    қамтамасыз  ету,  екіншіден,  нарық  ...  дұрыс  дамуына  ...  ету. 
4.2012  -  2020 
жылдарға  арналған  бағдарламаны  іске  асыруға  ...  және  ... 
бюджеттің қаражаты, даму институттарының ... жұмсалатын болады.  
 
5-
тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрыңыз. 
қолжетімді  
Мәселесі 
Қазақстан  
тұрғын үй 
халықты тұрғын үймен  
Республикасы 
бағдарламаны  
экономикасы 
мемлекет  
қамтамасыз ету 
баспана  
Жұмсау 
нарық  
іске асыру мерзімі 
қаражат  
Бюджеті 
 
6-
тапсырма. Мәтінді оқып шығып, қазақша ойларыңызды бөлісіңіз. 
Частный дом или квартира? 
Так  что  же  лучше,  частный  дом  или  квартира?  Преимущества  жизни  в 
частном доме:  
1.
 
Живописная  природа,  чистый  воздух  и  благоприятная  экология.  В 
современное время многие задумываются о своем здоровье, поэтому вопрос 
хорошей экологии района проживания очень важен.  
2.
 
Вы можете делать пристройки, тем самым расширить жилую площадь 
дома.  

79 
 
3.
 
Возможность  вести  собственное  хозяйство.  На  прилегающем  к  дому 
участке Вы можете  посадить огород и вырастить фруктовые деревья.  
4.
 
Вы  можете    благоустроить  территорию:  построить    бассейн,  летние 
террасы, площадки для отдыха и др.  
5.
 
Относительно 
низкие 
коммунальные 
расходы 
благодаря 
индивидуальному отоплению.  
Недостатки жизни в частном доме:  
1.
 
Транспорт. Для того, чтобы добраться до работы (крупного магазина, 
школы, детского садика),  чаще  Вам придется затратить больше времени.  
2.
 
Если  отсутствует  газовое  отопление,  тодля  того,  чтобы  согреть  дом, 
нужно нарубить дрова и растопить печь.  
3.
 
Вы сами решаете проблемы, связанные с домом. 
Преимущества жизни в квартире:  
1.
 
Наличие  регулярного  транспорта:  автобусы,  троллейбусы,  трамваи, 
метро. 
2.
 
Наличие  развитой  инфраструктуры:  магазины,  торговые  центры, 
детские сады, школы, поликлиники и др.  
3.
 
Коммунальные услуги: отопление, вода, газ. 
Недостатки жизни в квартире:  
1.
 
Сравнительно плохая экология.  
2.
 
Шумные соседи за стеной.  
3.
 
Большие коммунальные платежи.  
И у дома, и у квартиры есть свои плюсы и минусы. Соответственно выбор 
всегда  остается  за  человеком,  так  как  он  выбирает  себе  жилье  по  душеили 
чаще всего по карману.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет