Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата28.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#611
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

 
 
17-
САБАҚ
 
 
ГРАММАТИКА: Ауыспалы өткен шақ  
Переходное  прошедшее  время,  в  отличие  от  очевидно-прошедшего 
(жедел өткен шақ), выражает действие более длительное и не имеет оттенка 
категоричности. 
Переходное  прошедшее  время  используется  для 
обозначениядлительного,  повторяющегося  или  привычного  действия  в 
прошлом.
 
Переходное  прошедшее  время  создается  путем  присоединения  к 
основе  глагола  аффиксов
 
-
атын,  -етін,  -йтын,  -йтін
 
и  образует  прошедшее 
или будущее время. Поэтому его называют переходно-прошедшим временем. 
Переходное  прошедшее  время  очень  часто  употребляется  в  сочетании  со 
вспомогательным  глаголом
 
еді.
 
Например:
 
жаз-атын-мын  (я  писал  давно), 
білетін едім (я знал когда-то).
 
 
Отрицательная форма переходного прошедщего времени образуется при 
помощи отрицательных суффиксов 
ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пеНапример: Мен 
ешқашан таңертең жүгірмейтінмін. – Я никогда по утрам не бегал. Сен көп 
оқымайтынсың. – Ты много не читал. 

80 
 
После согласных в твердом 
слоге 
-
атын  Жаз  сайын  мен  әжеме  қонаққа  бар
атынмын 
/
бар
майтынмын. 
После согласных в мягком 
слоге 
-
етін  Сен 
әрқашан 
жұмысқа 
кешікпей 
кел
етінсің/келмейтінсің. 
После гласных в твердом 
слоге 
-
йтын  Сіз ешқашан өтірік сөйле
мейтінсіз/сөйлейтінсіз 
После гласных в мягком слоге  -йтiн  Ол көлікті жақсы жөнде
йтін/жөндемейтін 
 
1-
жаттығу.  Үлгі  бойынша  көп  нүкте  орнына  ауыспалы  өткен 
шақтың жұрнағын және керекті жіктік жалғауын қойып, аударыңыз.  
Үлгі: Бала кезімізде өзенге шомылуға жиі баратынбыз
 
1.
Сіз былтыр көп жұмыс істе... .   2.Сен күнде таңертең жүгір… .   3.Мен 
Сәулеге мереке сайын раушан гүлін сыйла... . 4.Сіз жұмыстан әрқашан ерте 
кел...  .  5.Біз  осы  дәріханадан  дәрі  ал...  .  6.Сендер  кешкі  астан  кейін  ыдыс-
аяқты  жу...  .  7.Сіз  оқушылармен  ұзақ  сөйлес...  .  8.Біз  сабақта  жақсы  жауап 
бер... . 9.Сен барлық жиналысқа қатыс… .? 10.Олар бірге доппен ойна... .    
 
2-
жаттығу. Үлгі бойынша сұрақтарға ауыспалы өткен шақпен жауап 
беріңіз. 
Үлгі: Сіз Абай өлеңдерін жатқа білесіз бе? 

Мектепте оқып жүргенде Абайдың өлеңдерін жатқа оқитынмын, қазір 
есіме түсірсем, оқып берейін.  
 
1
. Көлік жүргізе аласыз ба? 
2
. Ол жақсы ән сала ала ма? 
3
. Қолшатыр қайда тұр? 
4
Алматыда қыс суық болады ма? 
5
. Биыл күн ыстық емес, былтыр қалай еді? 
 
3-
жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті етістікті таңдап жазыңыз.  
1
.Мен мектепте оқып жүргенімде,  домбыраны жақсы ... . 
2.
Әміре Қашаубаевты жұршылық ән салдырмай  ... . 
3.
Өнерпаз  жастардардан  жасақталған  «Айгөлек»  ән-би  музыкалық  тобы 
ауыл-ауылды аралап өнер ... . 
4.
Кеңес заманында студенттер  күзде егін жинасуға ауылға көмекке … . 
5
.Жазды күні балалар осы көлде күн сайын … . 
Керекті  сөздер:  көрсететін,  келетін,  тартатынмын,  жібермейтін, 
шомылатын. 
 
4-
жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз. 
1
. Вы встретили их на вокзале? 2. Ты не проводил подругу моей старшей 
сестры. 3. Она сегодня не кушала? 4. Мы их не видели.5.  Вы меня хорошо 
поняли?  6.  Он  получил  новое  удостоверение.7.    В  нашем  управлении  он 
работал два года.8.  На собрании выступили председатель, его заместитель и 

81 
 
гости. 9. Оказывается, они не знали его имени. 10. Пусть он расскажет свою 
автобиографию.  11.    Давайте,  пойдём  в  эту  субботу  в  театр.  12.  Пусть  она 
переведёт  два  текста.  13.  Вы  хорошие  друзья.14.    Начальник  отдела  – 
молодой, умный человек. 
 
5-
жаттығу.  Сөйлемдерді  болымсыз  формаға  айналдырыңыз, 
аударыңыз.  
Үлгі:  Ол  ылғи  да  бізге  ақыл  айтатын.  –  Ол  ешқашан  бізге  ақыл 
айтпайтын. 
 
1
.Біз  үйге  қажетті  заттарды  алу  үшін  осы  базарға  келетінбіз.  2.  Кешкі 
тамаққа  ылғи  да  бәріміз  жиналатынбыз.  3.Әжем  әр  кеш  сайын  бізге  ертегі 
оқып беретін. 4. Әкем жұмысқа  ерте кетіп қалатын. 5.Біз сенбі күні жұмыс 
істейтінбіз. 6.Бұл кісі бізге қазақ тілі пәнінен сабақ беретін. 7. Кеңес кезінде 
әр адам  жұмыс істеуге міндетті болатын. 8.Ол бала кезінде ұшқыш болуды 
армандайтын. 9. Сен қазақ тілі бойынша жаттығуларды тез орындайтынсың.  
 
6-
жаттығу.  Берілген  сөйлемдерді    ауыспалы  өткен  шақ  формасына 
қойыңыз.  
1
.Ол  сабаққа  аз  дайындалады.  2.Ол  емтиханды  тапсыра  алмады.  3.Мен 
жаңа  сөздерді  білемін.  4.Мен  мәтінді  жақсы  түсінемін.  5.Ол  көп  жұмыс 
істеді.  6.Досына  хат  жазбады.  7.Біз  киноға  барған  жоқпыз.  8.Қосымша 
тапсырманы  жасауға  уақытымыз  болмады.  9.Ермек  кеше  сабаққа 
дайындалмады. 10.Студент сұраққа жауап бермеді. 11.Мен кілтімді жоғалтып 
алдым. 12.Ол ауырып қалды. 13.Әкесі дәрігерді шақыртты. 
 
7-
жаттығу. Сөйлемдерді кеңейтіңіз. 
Үлгі:  Біз  баратынбыз.  Біз  көлге  баратынбыз.  Біз  бала  кезімізде  көлге 
баратынбыз.  Біз  бала  кезімізде  көлге  шомылуға  баратынбыз.  Біз  бала 
кезімізде көлге шомылуға жиі баратынбыз.  
 
1
Ол қыдыратын. 2. Олар кітап оқитын. 3. Сендер қонаққа келетінсіңдер. 
4.
Сен  бала бағатынсың. 5.Сіз дәріс оқитынсыз. 6. Мен мәтін аударатынмын. 
7
. Сіздер ерте келетінсіздер.  
 
ЛЕКСИКА: Адам және табиғат 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. 
Адам және табиғат 
Біздің  бүкіл  өміріміз  табиғатпен  тығыз  байланысты.  Біз  ауамен  дем 
аламыз,  сумен  шөл  қандырамыз.  Табиғат  бізге  тамақ  та,  киім  де,  қоныс  та 
береді. Жерден қазба байлықтар алсақ, егістіктерде егін өсіреміз. Орманнан 
ағаш  дайындасақ  әрі  жеміс-жидек  аламыз.  Құстардың  әнін,  бұлақтың 
сылдырын,  орманның  құпия  сыбдырын  сүйіспеншілікпен  тыңдасаң, 

82 
 
бұлттарға жететін  таулардың, айнадай жайылған өзендердің, кең  жазық  көз 
жеткісіз далалардың сымбатына сүйсінеміз. 
Табиғат – адамды сауықтырудың таусылмас қайнар көзі. Дәл біздің шулы 
ғасырымызда  адам  тек  табиғатпен  оңаша  қалғанда  ғана  шын  мәнінде 
демалып,  күшін  қалпына  келтіре  алады.  Тірі  табиғатпен  қарым-қатынасқа 
түскендегідей,  еш  нәрсе  адамға  рухани  күш  бере  алмайды,  жан  дүниесін 
асқақтата алмайды. Табиғат сұлулығы арқылы жан жарасын емдеуге болады. 
Адамның  көз  жанары  жасыл  түсті  көргенде  демалады  екен.  Демек,  табиғат 
тән жарасын да емдейді деген сөз.  Адамдардың,  әсіресе  қалалықтардың 
табиғатқа ұмтылысы осыдан болса керек. 
 
Сөздік 
табиғат - природа 
ауа - воздух 
дем алу – дышать, отдыхать 
қоныс – место расположение 
көз жанары - глаза 
егістік - посевы 
орман - лес 
жеміс-жидек – фрукты и ягоды 
бұлақ - родник 
құпия - секрет 
сүйіспеншілік - любовь 
бұлт - облако 
жазық – равнина, степь 
сымбат - красота 
сүйсіну - любоваться 
сауықтыру -  оздоровление 
шын мәнінде  - на самом деле 
қалпына келтіру - восстановить 
қарым-қатынас - отношение 
рухани күш – духовная сила 
жан дүние – духовный мир 
жан жарасы - душевная рана 
тән жарасы – физическая рана 
шөл қандыру  – утолять жажду 
егін өсіру – выращивать урожай 
бұлақтың сылдыры – журчание ручья 
орманның құпия сыбдыры – тайный шепот лесов 
сүйіспеншілікпен -  с любовью  
табиғатқа ұмтылу – стремление к природе 
оңаша – индивидуально 
қазба байлық - полезные ископаемые 
 
 
2-
тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз. Жай сөйлемдер құрыңыз. 
Үлгі: Біздің өміріміз бізді қоршаған табиғатпен тығыз байланыста тұр. 
 
Табиғатпен  байланысты,  ауамен  дем  алу,  сумен  шөл  қандыу,  табиғат 
тамақ    береді,  киім  береді,  қазба  байлықтары,  егін  өсіру,  жеміс-жидек, 
құстардың  әні,  бұлақтың  сылдыры,  орманның  сыбдыры,  бұлттарға  жететін 
таулар,  кең  жазық  далалар,  таусылмас  қайнар  көз,    күшті  қалпына  келтіру, 
рухани күш беру, табиғат сұлулығы,  тән жарасын да емдеу.  
 
3-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
.Неге адам өмірін табиғатпен байланыстырамыз? 
2
.Табиғат адамды  қалай асырайды? 
3
. «Табиғат адамды суықтырудың қайнар көзі» дегенді қалай түсінесіз? 
4
.Жасыл түс адамға қалай әсер етеді? 
5
.Табиғатқа шыққанды ұнатасыз ба? Неге? 
 
 

83 
 
4-
тапсырма. Көп нүктенің орнын мәтіннен толтырыңыз. 
1
.Табиғат  бізге  ...  та,  киім  де,  ...  та  береді.  2.Жерден  қазба  ...  алсақ, 
егістіктерде  ...  өсіреміз.  3.Құстардың  ...,  бұлақтың  ...,  орманның  құпия  ... 
сүйіспеншілікпен тыңдасаң, бұлттарға жететін ..., айнадай жайылған ..., кең 
жазық  көз  жеткісіз  ...  сымбатына  сүйсінеміз.  4.Табиғат  –  адамды  ... 
таусылмас  қайнар  көзі.  5.Табиғат  сұлулығы  арқылы  ...  ...  емдеуге  болады. 
Біздің бүкіл өміріміз ... тығыз байланысты. 6.Біз ауамен ... дем аламыз, ... шөл 
қандырамыз. 7.Адамның көз жанары ... ... көргенде демалады екен.  
 
5-
тапсырма.  Мағынасына сәйкес тіркесті көрсетіңіз. 
ұлпа 
Орман 
көк 
Тау 
таза 
Ауа 
жазық 
Қар 
ойлы 
Жаңбыр 
ұзын 
Дала 
айдын 
Қырат 
биік 
Өзен 
ақ 
Көл 
кішкентай 
Теңіз 
сусыз 
Шөл 
қалың 
Арал 
 
6-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Табиғат - біздің анамыз 
Табиғат-біздің  анамыз,  досымыз  және  сырласамыз.  Біз  анамызды  қалай 
сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, табиғатқа да солай қарауға тиістіміз. 
Адам-табиғаттың  бір  бөлшегі,  табиғатсыз   өмір  сүре  алмайды.  Себебі  керекті, 
қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Ендеше адам баласы табиғатқа зиян 
келтірмеу керек. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзуға болмайды. 
Үйлесімділік бұзылса,екеуінің біреуі апатқа ұшырауы мүмкін. 
  
Ақын-жазушыларымыз  табиғатқа  арнап  көптеген  әңгімелер,  өлең-жырлар 
жазды.  Табиғат  өзінің  әсемдігімен,  сұлулығымен,  тазалылығымен  адамдарды, 
әсіресе  ақындарды,  баурап,  сырына  сыр,  жырына  жыр  қосып,  көңілін 
тебірентеді,  сезімін  тербейді,  толқытады.  Сол  тебіреніс,  сол  толқыныс   жаңа 
туындының  дүниеге  келуіне  септігін  тигізеді.  Осындай  құдіреті,  қасиеті  бар 
табиғатты кей адамдар бағаламайды, қорғап күтпейді. 
   
Қазіргі  таңда  экологиялық   зардаптар   мәселесі  өзекті  мәселенің  бірі. 
Семей полигоны  мен Арал теңізін айтпаған күннің өзінде, күнделікті ауа мен 
судың  ластануы,  ормандардың  отқа  орануы,  кейбір   жануарлар  мен 
өсімдік   түрлерінің  жоғалып  кету  қаупі  -  осының  барлығы  кезек  күттірмейтін 
үлкен  экологиялық  проблемалар.  Адам  табиғатқа  тәуелді  болғандықтан,  осы 
мәселелерді  шешіп,  өзі  өмір  сүріп  отырған  табиғат-үйіне   қамқорлық  жасауы 
тиіс.   
«
Табиғаттың бауырысың, досысың, 
Аянбау да керек шығар дос үшін. 

84 
 
Екеуіңнің араңдағы байланыс 
Өмір бақи үзілмесін, қосылсын» 

дей  отырып,  біз  -  табиғат  қорғаны,  өз  табиғатымызды   өз  анамыздай,  өз 
Отанымыздай құрметтей, қастерлей, аялай білейік, достар дегім келеді. 
 
7-
тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз және керекті қосымшасын 
қойыңыз. 
1.
Табиғат-біздің  (мать  и  друг).  2.Біз  (мать)  сүйеміз.  3.Біз  (друг) 
құрметтейміз.  4.Ендеше  біз  (природа)  да  солай  сүйіп,  құрметтеуіміз  керек. 
5.
Адам  –  табиғаттың  (одна  часть),  өйткені  адам    (без  природы)   өмір  сүре 
алмайды.  6.Себебі,  адам    керекті    заттардың  бәрін  (от  природы)  алады.  
7.
Ендеше  адам  баласы  (природа)  зиян  келтірмеу  керек.  8.Адам  мен  табиғат 
арасындағы  (гармоничность)  бұзуға  болмайды.  9.Үйлесімділік  бұзылса, 
екеуінің біреуі (бедствие) ұшырауы мүмкін. 
 
8-
тапсырма.  Жақшаны  ашып,  аударыңыз  және  керекті  шақ 
формасына қойыңыз. 
1
.Ақындарымыз  табиғатқа  арнап  көптеген  өлең-жырлар  (написать). 
2
.Табиғат  ақындарды  өзінің  әсемдігімен,  сұлулығымен,  тазалылығымен 
(привлекать). 3.Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігі  жаңа туындының дүниеге 
келуіне  (влиять).  4.Өкінішке  орай,  табиғатты  кей  адамдар  (не  ценить). 
5
.Табиғатты бағаламаушылық экологиялық  зардаптарға (приводить). 6.Адам 
табиғатқа  тәуелді  болғандықтан,  осы  мәселелерді  (решить),  өзі  өмір  сүріп 
отырған  табиғат  үйіне   қамқорлық  жасауы  (должен).  7.Отанымыздай 
құрметтей, қастерлей, аялай білейік (хочу сказать). 
 
9-
тапсырма. Оқыңыз, аударыңыз. Табиғат жайында сұхбат құрыңыз.  
Кемпірқосақ 
Кемпірқосақ  –  жаңбыр  жауғаннан  кейін  көрінетін  таңғажайып  сұлу 
табиғат  көрінісі.  Ежелгі  түріктер  оны  жаман  нышан  ретінде  қабылдаған. 
Кемпірқосақ  –  Көк  пен  Жердің  арасына  тартылған  көпір,  өлгендердің 
жандары соның бойымен басқа әлемге көтеріледі. Бұл сөз кемпірдің қосағы 
дегенді  білдіреді.  Кемпірдің  қосағы  –  ұзын  арқанмен  мойындарынан  бір-
біріне  тіркеп  байлаған  қой,  ешкілер  тобы.  Әлі  күнге  дейін  жайлауда,  қой-
ешкілерді  саумас  бұрын  жан-жаққа  бытырап  қашып  кетпес  үшін  оларды 
матастырып  байлайды.  Аспан  елінде  тұратын  бай  кемпір  қосағындағы 
қойларын  осылай  жинап,  ылғи  жауыннан  кейін  сауады  деп  есептеледі.  Ол 
кемпірқосақтың  көмегімен  қойларды  екі  жағынан  ілгекке  іліп,  қосақтап, 
жерге  байлап  қояды.  Қосақталған  қойлардың  түр-түсі  сан  алуан 
болғандықтан, кемпірқосақ та түрлі-түсті.  
[
Ежелгі Қазақстан мифтері, 212 б.] 
 
 
 

85 
 
18-
САБАҚ
 
 
ГРАММАТИКА:  Бұрынғы өткен шақ 
Давно  прошедшее  время  выражает  действие,  завершившееся  в  прежние 
времена или до начала другого действия в прошлом. Оно образуется двумя 
способами: первая форма образуется путем прибавления к корню или основе 
глагола  суффиксов  причастия  прошедшего  времени
 
-
қан,
 
-
кен,  -ған,  -ген
 
и 
личных  окончаний  глагола.  Например:
 
Мен  бар-ған-мын.  -  Я  ходил.  Ол 
көрген. - Он видел. Сен бұл кітапты окы-ған-сың. - Ты читал эту книгу.  
основа глагола  + 
-
ған 
-
ген 
-
қан 
-
кен 
+ личные  окончания 
Отрицательная форма: 
основа глагола  + 
-
ған 
-
ген 
-
қан 
-
кен 
 
+жоқ 
+ личные  окончания 
Пример: 
Мен бар+ған+мын 
бар+ма+ған+мын 
бар+ған жоқ+пын 
Сен кел+ген+сің 
Кел+ме+ген+сің 
Кел+ген жоқ+сың 
Сіз айт+қан+сыз 
Айт+па+ған+сыз 
Айт+қан жоқ+сыз 
Ол кет+кен 
Кет+пе+ген 
Кет+кен жоқ 
Біз жаз+ған+быз 
Жаз+ба+ған+быз 
Жаз+ан жоқ+пыз 
Сендер бер+ген+сіңдер 
Бер+ме+ген+сіңдер 
Бер+ген жоқ+сыңдар 
Сіздер қайт+қан+сыздар 
Қайт+па+ған+сыздар 
Қайт+қан жоқ+сыздар 
Олар іш+кен 
Ішреген 
Іш+кен жоқ 
Вторая форма давно прошедщего времени образуется  путем прибавления 
к  основе  глагола  суффиксов  деепричастия  -
ып,  -іп,  -п,  к  которым 
добавляются  личные  окончания  глагола.  Например:
 
Ол  бар-ып-ты  (Он 
ходил).
 
Давно  прошедшее  время  употребляется  в  тех  случаях,  когда 
говорящий сам не является очевидцем совершенного действия, а узнает о них 
из  других  источников  или  восстанавливает  в  памяти.  Например:
 
Мүрат 
киноға  барды  или  Мүрат  қиноға  барыпты.
 
Оба  варианта  переводятся 
одинаково
 
(Мурат  ходил  в  кино).
 
Первый  вариант  употребляется,  если 
говорящий сам лично видел, что Мурат ходил в кино, а второй вариант, если 
говорящий узнал об этом от другого лица.
 
Бейбітгүл кеше Жамбылға кет-іп-
ті  (Говорят,  Бейбитгуль  вчера  уехала  в  Джамбул).  Сен  жазда  лагерьде 
демал-ьіп-сың (Ты, оказывается, летом отдыхал в лагере). 
 
основа глагола  + 
-
ып 
-
іп 
-
п 
+ личные  окончания 
 
 

86 
 
Отрицательная форма: 
основа  глагола  +  -ба/бе 
-
ма/ме 
-
па/пе 
  -
ып 
+-
іп 
  -
п 
+ Личные  
 
окочания 
Примеры: 
Мен бар+ып+пын 
бар+ма+п+пын 
Сен кел+іп+сің 
кел+ме+п+сің 
Сіз айт+ып+сыз 
айт+па+п+сыз 
Ол кет+іп+ті 
кет+пе+п+ті 
Біз жаз+ып+пыз 
жаз+ба+п+пыз 
Сендер бер+іп+сіздер 
бер+ме+п+сіңдер 
Сіздер қайт+ып+сыздар 
қайт+па+п+сыздар 
Олар іш+іп+ті 
іш+пе+п+ті 
Сложная  форма  давно  прошедшего  времени  образуется  путем 
прибавления  к  причастиям
 
-
қан,  -кен,  -ған,  -ген
 
вспомогательных 
глаголов
 
еді,  екен,  к  деепричастиям
 
-
ып,  -іп,  -п  вспомогательного 
глагола
 
еді.
 
Например:
 
Мен  бол-ған  едім  (Я  был  когда-то).  Сен  бол-ған 
екенсің (Ты был оказывается). Сен бол-ып едің (Ты был когда-то). 
 
1-
жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына    бұрынғы  өткен  шақ  жұрнағын 
және тиісті жіктік жалғауын жалғаңыз, аударыңыз. 
Үлгі:  Ол  кеше  үйге  құрбысын  ертіп  кел...  .  –  Ол  кеше  үйге  құрбысын 
ертіп келген
 
1
.Оның  досы  осы  мектепте  оқы...  .  2.Мен  Абайдың  өмірі  мен 
шығармашылығы  туралы  көп  зертте...  .  3.Біз  қазақ  тілі  сабағында  бұл 
тақырыпты өт... . 4.Біз заңгерлердің жиынында таныс... . 5.Осыдан бес жыл 
бұрын,  сен  Мәскеу  қаласында  бол...  .    6.Біз  былтыр  Шымкент  облысында 
орналасқан  Қапалы  қорығына  бар...  .  7.Студенттер  былтыр  «Наурыз  той» 
атты  концерт ұйымдастыр... .  8. Мен қазақ тілі пәнінен емтиханды жақсы 
тапсыр...  .  9.Сіздің  мақалаңыз  осы  журналда  жарық  көр...  .  10.Абай 
Құнанбаев 1845 жылы дүниеге кел... .  
 
2-
жаттығу.  Берілген  сөйлемдерді  үлгі  бойынша  болымсыз  түрге 
айналдырыңыз.  
Үлгі:  Қазақ  зергерлері  тек  қана  күміспен  жұмыс  істеген.  –  Қазақ 
зергерлері тек күміспен ғана жұмыс істеген жоқ. 
 
1.
Сіз  бұл  қалаға  20  жыл  келмепсіз.2.  Мен  түнде  ұйықтап  жатып 
сөйлеппін.  3.Ол  бала  кезінде  музыкамен  айналысқан.  4.Сендер    мектепті 
былтыр  бітіргенсіңдер.  5.Сіздер  Наурыз  тойын  өткен  аптада  өткізіпсіздер. 
6
.Оқушылар  9  мамырда  соғыс  ардагерлеріне  арнап  концерт  қойған.  7.  Сен 
қазақ  тілінде  әнді  жақсы  айтыпсың.  8.Біз  Қастеев  атындағы  мұражайға 
барғанбыз. 9.Жамбыл ақын жастайынан өнерлі болған. 10.Күләш Байсейітова 
10
жасынан ән салған.  

87 
 
3-
жаттығу.  Үлгі  бойынша  көп  нүктенің  орнына  –ып/іп/п 
жұрнақтарын жалғаңыз. 
Үлгі: Сен бүгін сабаққа ерте келіпсің. 
 
1.
Сен жаттығуды дұрыс орында... . 2.Ол кітабын кітапханаға өткізіп қой... 
3
.Сіздер  бастыққа  өтініш  айт...  .  4.Сіздер  бізге  былтыр  хат  жаз...  .  5.Ол 
жиналыста  біздің  мәселеміз  туралы  сөз  қозға...  6.Біз  дәрісханадан  ерте 
шығып  кет...  .  7.Сен  сабақтан  сұранып  кет...  .  8.Мен  оқулығымды  Маратқа 
бер... . 9.Олар қағаздарын кеңсеге өткіз... . 10.Мен жұмысқа ерте келіп қой... . 
 
4-
жаттығу.  Диалогты толықтырыңыз. 

Мемлекеттік Елтаңбада нелер бейнеленген? 
- .................................................................................................... ............ 

Қазақ Республикасы егемендігін қай жылы алған? 
- .................................................................................................... ............ 

Әнұранның сөзін кімдер жазған? 
- .................................................................................................... ............ 

Қазақ мемлекеті қандай елдермен шектескен? 
- .................................................................................................... ............ 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет