Жүйені дамыту концепциясы негізінде барлық негізгі бас-
қару функциялары автоматтандырылатын автоматтандырылған
кешенді жүйе ретінде АБЖ туралы түсінік тұрады. АБЖ-ның
функционалды бөлігінде 18 негізгі (ғаламдык) басқару функция-
ларын бөліп көрсету қабылданған, ал әрбір ғаламдық функция-
ны белгілі бір функционалдық іші жүйе орындайды. АБЖ-дағы
басым көп ғаламдық функциялар белгілі бір шаруашылық ca-
ласына, эксплуатациялық қызметке басшылық ету тапсырылған
теміржол көлігінін кұрылымдык бөлімшелерінің басқару функ-
цияларына сәйкес келеді.
Функционалдық ішкі жүйелер арасында үш негізгі топты
бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топқа біздіц саламызға тән емес функцияларды орын-
дайтын салааралык ішкі жүйелер кіреді.
Күрделі құрылысты басқару - теміржол нысандары құрылы-
сының барысын есепке алу және бақылау, сонымен қатар, құры-
лыс ресурстарын үлестіру және жобалык-сметалык құжаттаманы
дайындау үшін арналған функционалдык ішкі жүйе.
Теміржол статистикасын автоматтандырылған түрде құру -
статистикалық деректерді жинаумен және есептік кезеңде темір-
жол көлігінің қызметін талдаумен камтамасыз ететін ішкі жүйе.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді баскару - мате-
риалдық ресурстарды есепке алу және бақылау, сонымен қатар,
материалдық қамтамасыз етуді жоспарлау функциясын орындай-
тын ішкі жүйе.
Қаржы қызметін баскару - қаржы есебі, бөлімшелердің қаржы
кызметін жоспарлау және ол туралы жиынтық ақпарат алу бой-
ынша ішкі жүйе.
Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп және есептілік -
негізгі және айналымдық кұралдарды, қаржы операцияларын
есепке алу, бухгалтерлік балансты жасақтау, еңбекті есепке алу
және барлық жұмыскерлерге жалақы есептеу функцияларын
орындайтын ішкі жүйе.
Кадрларды басқару - кадрларды есепке алу, кадрлар қоз-
ғалысын талдау, сонымен қатар, кадрларды жоспарлау мен дай-
ындау функциясын орындайтын ішкі жүйе.
Ғылыми-техникалық ақпаратты автоматты түрде есепке алу,
сақтау және қолдану, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конс-
трукторлық жұмыстарды басқару теміржол көлігі жұмыскер-
лерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, со-
нымен қатар, салалык ғылыми-техникалық, жобалык және оку
институттарында жұмыстарды жоспарлау мен есепке алу үшін арналады.
Теміржол өнеркәсібін басқару - өндірістік-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты автоматты түрде жинау және өңдеу негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен теміржол көлігі сала- сындағы бірлестіктерді басқару үшін арналған.
Функционалды ішкі жүйелердің екінші тобы - эксплуа-
тациялық жұмыстармен: локомотивтік шаруашылықты басқару,
вагондарды пайдалану мен жөндеуді басқару, энергетика және
электрмен қамтамасыз ету кұрылғыларын баскару, жолдарды,
құрылыстарды және жылжымалы кұрамды пайдалану және
жөндеуді баскару жұмыстарымен камтамасыз ететін теміржол
көлігіне тән функцияларды орындайтын ішкі жүйелер. Бұл ішкі
жүйелердің негізгі функциясы техникалык кұрылғылар мен жыл-
жымалы құрамның ағымдағы ұсталуы мен оларды жөндеуді
оперативтік есепке алу және жоспарлау болып табылады.
Функционалдық ішкі жүйелердің осы тобына мына ішкі жүйелер
жатады: метрополитендерді басқару, өнеркәсіптік көлікті басқару.
Үшінші топқа теміржолды пайдалану жұмыстарын қатысты
функцияларды орындайтын ішкі жүйелер жатады. Жоспарлы
есептер — теміржол жұмыстары мен оларды дамытуды техни-
калық-экномикалық жоспарлау функдиясын жүзеге асыратын
ішкі жүйе. Бұл ішкі жүйеге техникалық құралдардың эксплуа-
гациялық жұмысы мен оларды дамытуды ұзақ мерзімдік болжау,
соның ішінде тасымалдаулар көлемін, линиялардың, жылжыма-
лы құрам паркінің өткізу қабілетін дамытуды жылдық және бес
жылдық жоспарлау кіреді. Тасымалдау процесін басқару - aca
маңызды АБЖ ішкі жүйесі, оған екі ішкі жүйе кіреді: техникалык
және технологиялық нормалау, тасымалдауларды оперативті
басқару.
Техникалық және технологиялық нормалау — эксплуатация-
лык жұмыстарды реттейтін негізгі нормативтік технологиялық
кұжаттарды: кұру жоспарын, пойыздар қозғалысы кестесін, ай-
лық техникалық нормаларды т.б. эзірлеу функцияларын автомат-
тандырушы ішкі жүйе.
Тасымалдауларды оперативтік басқару - ішкі жүйеде жүкпен,
вагондармен, кұрамдармен, пойыздармен, локомотивтермен, ло-
комотивтік бригадалармен жүргізілетін технологиялық опера-
цияларды оперативті есепке алу және бакылау бойынша функ-
ционалды ішкі жүйе. Мұның үстіне, ішкі жүйеде пайдалану
ситуацияларын оперативті талдау және болжау, ескертуші реттеу
бойынша шешімдер шығару бойынша функцияларды автомат-
тандыру көзделеді.
Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқаруға екі функ-
ционалды ішкі жүйе кіреді: тиеу-түсіру операцияларын баска-
ру, контейнерлік тасымалдауларды басқару. Бірінші ішкі жүйе
бекеттер мен өнеркәсіптәк кәсіпорындардың подъездік жолда-
рындағы жүк операцияларын есепке алу және жоспарлауды
автоматтандыруға арналса, екіншісі контейнерлерді жылжыту
мсн қолдануды бакылау функцияларын автоматтандыру үшін ap-
налған.
Жолаушылар тасымалын баскару — жолаушылар тасыма-
иын басқару бойынша бүкіл функциялар кешенін, соның ішінде
құру жоспарын, жолаушылар пойыздары қозғалысынын кестесін
озірдеуді, жолаушылар билеттерін резервтеу мен сатуды автомат-
тандыру үшін арналған функционалдык ішкі жүйе.
АБЖ функционалды схемасы 1.2-суретте берілген.
1.2-суреттегі АБЖ функционалдык ішкі жүйелері:
1 - жоспарлы есептер; 2 - жүктеу процесін басқару, соның
ішінде техникалык және технологиялық нормалау (2.1), тасымал-
дауларды оперативті басқару (2.2); 3 - жүк және коммерциялық
жұмыстарды, соның ішінде тиеу-түсіру операцияларын баскару
(3.1), контейнерлік тасымалдаулар (3.2); 4 - жолаушылар тасы-
малдарын басқару; 5 — локомотивтік шаруашылықты баскару,
б - вагондарды пайдалану және жөндеуді басқару; 7 - энерге-
тика және электрмен камтамасыз ету кұрылғыларын баскару;
8 - энергетика және электрмен қамтамасыз ету құрылгыларын
басқару; 9 - күрделі кұрылысты басқару; 10 - теміржол статисти-
касын басқару; 11 - материалдық-техникалық қамтамасыз етуді
басқару; 12 - қаржы қызметін басқару; 13 - автоматтандырыл-
ған бухгалтерлік есеп және есептілік; 14 - кадрларды баскару;
15 - ғылыми-техникалық ақпаратты есепке алу, сақтау және
қолдану, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жү-
мыстардыбасқару; 16-теміржолөнеркәсібінбасқару; 17-метро-
политендерді басқару; 18 - өнеркәсіптік көлікті басқару
Саланы басқарудың төрт деңгейлі ұйымдык құрылымынан
ерекшелігі, АБЖ өз дамуының басынан бастап үш деңгейлі
автоматтандырылған жүйе ретінде кұрылады.
АБЖ бірінші (төменгі) деңгейінде торап, сұрыптау (ССАБЖ)
және ЖСАБЖ бекеті АБЖ жүйелері жұмыс істейді. Дәл осы
жерде АБЖ-да өңделетін негізгі бастапқы ақпарат туындайды.
Бұл ақпарат автоматтандырылған жұмыс орындарында жұмыс-
керлер арқылы енгізіледі немесе автоматты режимде тіркеледі.
АБЖ екінші деңгейінде жол АБЖ-і жұмыс істейді. Бұл дең-
гейле негізінен жол қызметтері функциялары автоматтандырыла-
ды. Қазіргі кезде жол деңгейінде автоматтандырылған диспетчер-
лік басқарудың бірнеше орталығы құрылған, әсіресе пойыздарды
диспетчерлік басқару орталықтандырылған. Екінші деңгейлі ішкі
жүйелер жолдардың ақпараттық-есептеу орталықтары ЭЕМ-н
пайдаланады.
Келешекте бөлімдердің жол бөлімшелерінде орындайтын
барлық функциялары жол немесе тораптық деңгейде автомат-
тандырылады. Ақпараттық - есептеу орталықтарын жол бөлім-
шелері үшін арнайы салу тиімсіз болып табылады.
АБЖ үшінші (жоғарғы) деңгейінде ҚЖМ негізгі басқарма-
ларының функциялары автоматтандырылады. Мұнда тасымал-
дау үрдісі мен жүк жұмыстарын басқару бойынша диспетчерлік
басшылықты автоматтандыруға арналған автоматтандырылған
диспетчерлік басқару орталығы (АДБО ҚЖМ) құрылған. Op-
талықта жол желілері бойынша пайдалану жағдайларына, соны-
мен қатар, бөлінген нысандардың: экспорттық маршруггардың,
транзиттік контейнерлердің т.б. қозғалысына бақылау жүзеге
асырылады. Үшінші деңгейлі ішкі жүйелері ҚЖМ БЕО ЭЕМ пай-
даланады.
Қазіргі кезде АБЖ-ның барлық функционалдық ішкі жүйе-
лері дами қойған жоқ. Алайда, тасымалдау үрдісін, жүк және
коммерциялық жұм ыстарды, жолаушыларды тасымалдауларды
басқарудың накты автоматтандыру саласы мен локомотивтік,
вагондық, жол және энергетикалық шаруашылықтың функцио-
иалды ішкі жүйелеріндегі шектелген тапсырмалар тізбесі айқын-
далды. Қазіргі замандағы АБЖ маңызды элементі экономикалық
басқарудың функционалдық ішкі жүйелері, соның ішінде бух-
галтерлік есеп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және
қаржы қызметін басқару болып табылады.
Жасақталған теміржол көлігіндегі АБЖ-лардын басым
көпшілігі кешенді болып табылады. Олар түрлі функционал-
дык ішкі жүйелердің функцияларын атқарады. Мысалы, жол
деңгейіндегі тасымалдарды оперативтік басқарудың автомат-
тандырылған жүйесі (ТОБАЖ) келесі міндеттерге ие: пойыздар-
дың, вагондардың және контейнерлердің түрлі тоғысу пунктері
арқылы өтуін есепке алу; пойыздарға технологиялық құжаттар-
ды беру; локомотивтердің бар болуы мен орналастырылуы; локо-
мотивтерді ағымдағы жөндеуге қоюдын, тәуліктік жоспарын есеп-
теу; вагондарды тиеу-түсіруді толық көлемде оперативті бақылау.
Бұл міңдеттер түрлі функционалдык ішкі жүйелерге жатады:
тасымалдауларды оперативті басқару, жүк және коммерциялық
жұмыстарды басқару, локомотивтік шаруашылықты басқару
және т.б.
Кешендік АБЖ құру үрдісі деректерді интеграциялық өңдеу
кажеттігінен туындайды. Мұндай өңдеу кезінде вагондармен,
пойыздармен, жөнелтулермен т.б. болатын технологиялық опера-
циялар туралы ақпарат бір рет енгізіледі және Бұл түрлі функ-
ционалдык мақсаттармен өңдеуге жарамды деректер базасын
құру мүмкіндігін береді.
Бүкіл саланың екінші кезектегі АБЖ шеңберінде қазіргі
заманғы автоматтандырылған басқаруға өтуі АБЖ функционал-
ды схемасына түзетулер енгізеді. Теміржол көлігі мен орталық-
тандырылған технологиялық басқарудың спецификалық ерек-
шеліктерін ескеретін функционалдық ішкі жүйелер мәні сактала
ды. Ішкі жүйелердің мазмұны өзгереді: жоспарлау міндеттері,
автоматтандырылған жұмыс орындарындағы диалогтык режим,
ақпарат жинаудың жаңа технологиялары т.б. дамытылады.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒAH ЖҮЙЕЛЕРДІҢ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІБӨЛІГІ