Теміржол көлігіндегі байланыс жүйелері мен
құралдарының мақсаты мен түрлері
Теміржол жүйелерінің ақпараттық жүйелері теміржол көлігін
баскарудың автоматтандырылған жүйесі (ТКБАЖ) концепциясы
шеңберінде қарастырылады. Бұл концепция негізінде ТКБАЖ
барлық негізгі функциялары автоматтандырылатын кешенді жүйе
іуралы түсінік тұр. Бұл ретте ТКБАЖ бөлігі болып табылатын,
(іслгілі бір қызмет аспектісі бойынша бөлініп көрсетілетін жүйе
иикі жүйе деп аталады.
Жекелеген АЖ басқару нысанына (оның қасиеттері мен эле-
мснттері) немесе басқарудың ғаламдық функцияларына (жос-
парлау, нормалау, есепке алу, өндірісті материалдық-техникалық,
қаржылық, кадрлік қамтамасыз ету, өндірісті оперативті басқару
і.б.) немесе басқару деңгейіне немесе осы белгілердің комби-
пациясына бағытталады. Мысалы, тасымалдарды оперативті
басқару АБЖ-ы басқару нысанымен (тасымалдау процесі), бас-
кару функциясымен (оперативті басқару) және басқару деңге-
йімен («ҚТЖ» ААҚ, жол, жол бөлімшесі, басқару ауданы, дис-
петчерлік учаске, торап, станция) сипатталады.
ТКБАЖ функционалдык бөлігінде 18 негізгі (ғаламдык)
басқару функциясы жіктеледі, олардың әрқайсысын белгіленген
ішкі жүйе орындайды. ТКБАЖ негізгі функцияларыньщ басым
көпшілігі белгілі бір шаруашылық саласын, эксплуатациялық
кызметін баскару тапсырылған теміржол көліктің құрылымдық
бөлімшелерінің баскару функцияларына сәйкес келеді.
Функционалды ішкі жүйелердің үш негізгі тобы бар.
Бірінші топқа теміржолдардын эксплуатациялық жұмысына
қатысты функцияларды орындайтын АЖ жатады.
Жоспарлы есептер-темір жол жұмыстарын жоспарлау мен да-
мыту функцияларын жүзеге асыратын ішкі жүйе. Бұл ішкі жүйеге
техникалык кұралдардың эксплуатациялық жұмысы меы дамуын
үзак мерзімдік болжау, соның ішінде, тасымалдаулар көлемін,
линиялардың өткізу қабілетін, жылжымалы құрам паркін дамы-
тудың жылдық және бес жылдық жоспарлауы жатады.
Тасымалдау үрдісін басқару - aca маңызды функционалдық
ішкі жүйе, оған екі ішкі жүйе кіреді: жоспарлау, техникалық нор-
малау; тасымалдарды оперативті басқару.
Техникалык және технологиялық нормалау - эксплуатациялық
жұмысты регламенттейтін негізгі нормативтік технологиялық
құжаттарды: құру жоспарын, пойыздар қозғалыстары кестесін,
айлық техникалық нормаларды т.б. әзірлеу процесін автоматтан-
дыратын ішкі жүйе.
Тасымалдарды оперативті басқару - жүктермен, вагондар*
мен, кұрамдармен, пойыздармен, локомотивтермен, локомотив*
тік бригадалармен жүргізілетін технологиялық операцияларды
есепке алу мен бақылаудың функционалды ішкі жүйесі. Мұның
үстіне, ішкі жүйеде оперативті жоспарлауды, есепке алуды,
эксплуатациялық жағдайларды талдау және болжауды автомат-
тандыру, ескертуші реттеу бойынша шешімдер шығару көзделеді.
Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқаруға екі функ-
ционалды ішкі жүйе кіреді: тиеу-түсіру операцияларын басқару,
контейнерлік тасымалдауларды басқару. Бірінші ішкі жүйе бе-
кеттер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың подъездік жолда-
рындағы жүк операцияларын есепке алу және жоспарлауды
автоматтандыруға арналса, екіншісі контейнерлерді жылжыту
мен қолдануды бақылау функцияларын автоматтандыру үшін
арналған.
Жолаушылар тасымалын басқару - жолаушылар тасыма-
лын басқару бойынша бүкіл функциялар кешенін, соның ішінде
құру жоспарын, жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесін
әзірлеуді, жолаушылар билеттерін резервтеу мен сатуды автомат-
тандыру үшін арналған функционалдық ішкі жүйе.
Функционалдық ішкі жүйелердің екінші тобы - теміржол
көлігіне тән функцияларды орындайтын АБЖ:
локомотивтік шаруашылық;
вагондарды пайдалану және жөндеу;
энергетика және электрмен қамтамасыз ету құрылғылары;
жол, құрылыстар мен құрылғыларды пайдалану және жөн-
деу;
сигналдау, орталықтандыру, блоктау шаруашылығы;
байланыс және есептеуіш техника шаруашылығы.
Бұл ішкі жүйелердің негізгі функциялары техникалық құ-
рылғылар мен жылжымалы құрамды ағымдағы ұстау мен жөн-
деуді есепке алу мен жоспарлау болып табылады.
Үшінші топқа салааралық ішкі жүйелер кіреді.
Қаржы қызметін басқару - қаржылық есепке алу, жоспарлау
және бөлімшелердің қаржы қызметі туралы жиынтық деректерді
алудың ішкі жүйесі.
Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп пен есептілік - не-
гіігі және айналымдық қаражаттарды есепке алумен, қаржы
оиерацияларымен, бухгалтерлік балансты әзірлеумен, барлық
санаттағы жумыскерлердің еңбегін есепке алумен және жала-
қысын есептеумен айналысатын ішкі жүйе.
Кадрларды басқару - кадрларды есепке алу, кадрлар қозға-
лысын талдау, сонымен қатар, кадрларға қажеттілікті жоспарлау
мен оларды кәсіби дайындау функциясын орындайтын ішкі жүйе.
Теміржол статистикасын автоматтандырылған түрде құру -
статистикалық деректерді жинаумен және есептік кезеңде темір-
жол көлігінің қызметін талдаумен қамтамасыз ететін ішкі жүйе.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару - мате-
риалдық ресурстарды есепке алу және бақылау, сонымен қатар,
материалдық қамтамасыз етуді жоспарлау функциясын орындай-
тын ішкі жүйе.
Ғылыми-техникалық ақпаратты автоматты түрде есепке алу,
сақтау және қолдану, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конс-
трукторлық жұмыстарды басқару теміржол көлігі жұмыскер-
лерін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, со-
нымен қатар, салалық ғылыми-техникалық, жобалық және оқу
институттарында жұмыстарды жоспарлау мен есепке алу үшін
арналады.
Теміржол өнеркәсібін басқару - өндірістік-шаруашылық
қызмет туралы ақпаратты автоматты түрде жинау және өңдеу
негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен теміржол көлігі сала-
сындағы бірлестіктерді басқару үшін арналған.