Ақпараттық қамтамасыз ету — АБЖ-ның aca маңызды қам-
тамасыз етуші бөлігі. Ол қағаз және басқа тасымалдағыштармен
ЭЕМ-де сақталатын деректердің жиынтығын жасау мен қолдану
әдістерін қамтиды.
АБЖ ақпараттық қамтамасыз етілуі деректерді сипаттау-
шы тілдердің, ақпараттық массивтерді өңдеудің бағдарламалық
құралдарының, сонымен қатар, деректерді сақтау, жинау және
АБЖ абонентінің АБЖ функционалдық міндеттерін және анық-
тамалық ақпараттарды беру барысында барлық кажетті ақ-
параттармен қамтамасыз ететін әдістердің жиынтығы болып
табылады. Ақпараттық қамтамасыз етуге келесі маңызды эле-
менттер кіреді: деректер, деректерді формалды сипаттау құрал-
дары, бағдарламалық жасактамалар, сонымен қатар деректер
массивтерін құру мен жүргізудің ұйымдық принциптері. Дерек-
тер жүйеленеді және арнайы массивтер түрінде реттеледі. Осы
ақпараттық база немесе АБЖ-нің ақпараттық қоры болып табы-
лады.
Деректерді формалды сипаттау құралдары массивтердегі қа-
жетті ақпаратты іздеу және идентификациялау үшін, сондай-
ақ, АБЖ сыртқы абоненттерінің деректеріне қатынасты ұйым-
дастыру үшін қолданылады. Бұл құралдар нысандарды жіктеу
мен кодтаудың колданыстағы құралдары (қарапайым деректер)
және ақпараттық қорға жасалатын сұрау мен жүйе жауаптарын
сипаттауға арналған ақпараттық тілдерді қамтиды.
Бағдарламалық құралдар енгізілетін деректерді бақылауды
ұйымдастыру, ақпараттық базаны енгізу, яғни, АБЖ-не деректер-
ді сақтау, жинақтау, оларға өз алдына өзгерістер мен бақылау
енгізу үшін арналған. Ұйымдық принциптер массивтерді сактау,
оған өзгерістер мен қосымшаларды енгізу, деректер массивтеріне
катынаспен камтамасыз ету және олардың сақталушылығын
бақылау кезінде қолданылады. Осылайша, ақпараттық камтама-
сыз етудің негізгі мақсаты басқару нысаны туралы ақпаратты
сақтау, оны ұдайы жаңартудан, сонымен қатар, АБЖ функцио-
малды міндеттерін шешу немесе жүйенің сыртқы абоненттерінін
сұраулары бойынша оны беруден түрады.
Жоғарыда айтылған мақсатты ескере отырып АБЖ ақпарат-
і ық қамтамасыз етуге келесі негізгі талаптар қоюға болады:
Басқарылатын жүйе күйін көрсетудің толықтығы және
АБЖ міндеттерін шешу үшін қажетті әрі абоненттер сұраулары
бойынша берілетін ақпараттың дүрыстығы.
Деректерді жинау, сақтау, жаңарту, іздеу және беру әдістері
мен құралдарының жоғары тиімділігі.
Ауыспалы ақпарат пен оның көп мақсатты қолданылуының
бір реттік тіркелуі және бір реттік енгізілуі.
Ақпараттық база деректерін пайдаланудың қарапайым-
дылығы мен ыңғайлылығы.
Ақпараттық базаға деректердің қайталануын барынша
азайта отырып, негізінен базалық ақпаратты және базалық көр-
сеткіштерді енгізу және жинақтау.
Құжат-айналымының жүйесін ұйымдастыру.
Ақпараттың пайдалылығы түрлі шараларды басқарудың сан
алуан деңгейлеріне немесе түрлеріне жауап береді.
Дифференциалды пайдалылық - ағымдағы бақсаруға сәйкес
келеді, себебі Мұнда ағымдағы уақыт сэтіндегі басқару нысаны
туралы ақпарат есепке алынады.
Интегралды пайдалылық - бірнеше қадаммен орташа мәні
анықталған тактикалық басқаруға жауап береді.
Жалпыландырылған пайдалылық - ең жаксы оператордың
стратегиялық басқаруына жауап береді.
Ақпарат пайдалылығы шараларын жасақтау және қолдану
басқару процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуінің ең маңыз-
ды міндеттерінін бірін калыптастыру және шешу мүмкіндігін
береді. Бұл - оператор-адамның немесе ақларат беру мен өңдеу-
дің техникалық құрылғылардың өткізу қабілеттігіне шектеу қо-
йылғанда оңтайлы ақпараттық ағымды қалыптастыру.
АБЖ кұру барысында басқару кезіндегі ақпараттың фор-
мальдық (синтаксистік) және мазмұндық (семантикалық, бағдар-
ламалық) қасиеттерінің қатынасы мәселесі туындайды, ал ақпа-
раттың бұл қасиеттері ақпараттық процестің түрлі кезеңде-
рінде зерттеледі.
Сонымен, ақпараттың синтаксистік қасиеттері бастапқы де-
ректерді қалыптастыру кезеңінде қарастырылады. Бұл кезеңде
бастапқы құжаттар ақпараттық тілдің таңбалары мен белгіле-
рінен жасалады. Ақпаратты тіркеу мен арналар арқылы берілу
жылдамдығын арттыру, сонымен қатар қажетті нақтылық пен
сенімділікпен қамтамасыз ету мәселелері зерттеледі.
Ақпараттың семантикалық қасиеттері ақпаратты өңдеу ке-
зеңінде қарастырылады, бул ретте жүйе үшін ақпарат қүндылығы
мәселелері маңызды болады. Алынған ақпараттың мазМұны тал-
данады, параметрлердің ic жүзіндегі мәндері жоспарланған iiapa-
метрлер мәндерімен салыстырылады және ауытқуларға талдау-
лар жасалады.
Бағдарламалық қасиеттер (яғни нақты тұтынушыдан есеп-
теледі) шешімдер қабылдау кезеңінде қарастырылады, бұл рет-
те ақпараттың қүндылығы мен пайдалылығы ғана емес, оны
нақты пайдаланушының тәжірибеде пайдалануы да маңызды
болады, сондықтан, оны талдау, синтездеу, интерпретациялау
және қолдануға қатысты басқарушылық шешімдер шығаратын
тұлғаның ақпаратты кабылдауы зерттеледі.
АБЖ ақпараттық қамтамасыз етілуі - жүйеде қабылданған
базалық сипаттамалардың (жіктеушілер, типтік үлгілер, авто-
маттандыру элементтері т.б.) және автоматтандырылған басқару
нысанының бүкіл қызмет мерзіміндегі (ҢМ) күйі туралы өзекті
деректерді сипаттайтын жүйеге бағытталған деректер жиынтығы.
Бұл анықтама бойынша деректер деп ЭЕМ немесе адамның
өңдеуі үшін қабылданатын формада ұсынылагын ақпарат тү-
сініледі. ЭЕМ-де деректер бағдарламалар сияқты нөлдердің 11
дана реті түрінде сақталады. Жұмыс барысында Бұл реттіліктер
интерпретацияланады, яғни сандарға, таңбаларға, кестелерге ay-
дарылады. ЭЕМ-нен тыс деректер қағазда схемалар, кестелер т.б.
түрінде сақталады. Бұл деректер әр түрлі өңделеді, сондықтан,
ақгіараттық жасақтаманы машинада және машинадан тыс деп
бөлу қабылданған.
Ішкі машиналық ақпараттық қамтамасыз ету - Бұл ең ал-
дымен ЭЕМ-ның «сыртқы» жадында сақталатын деректердің
жиынтығы. ЭЕМ-дегі деректердің басым көпшілігі деректер
базасы (ДБ) деп аталатын ұғымға ие. Біз ДБ-ға «көптеген пай-
даланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет
ететін, машиналық өңдеуге арналған деректер жиынтығы» деген
анықтама берейік. Деректер базасы динамикалық (айнымалы)
және статикалық (оперативті жұмыс барысында өзгермейтін)
бөліктерден тұрады. Динамикалық бөлік «ағымдағы» жағдай
мен технологиялық процестің «тарихын» қамтыса, статикалық
бөлік - түрлі нормативтік-анықтамалық ақпаратты (HAA) қам-
тиды. НАА-ға, мысалы, деректерді кодтарды интерпретациялау
үшін қолданылатын ЭЕМ жадында берілетін жалпы одақтық
және салалық жіктелулер жатады.
Деректер базасы ұғымы автоматтандырылған жүйелерде
бірден пайда бола қойған жоқ. Басында мамандар «файл» және
«файлдар жүйесі» терминдерін қолданған. Біртүтас нәрсе ретін-
де файлдар тек накты бағдарламалау тілі көмегімен үйымдас-
тырылды. Ақпарат алу үшін құрылымы жағынан әртүрлі бірнеше
файлды өңдейтін қолданбалы бағдарламаны жазу қажет болады.
Файлдык жүйелердегі ақпарат айкын түрде емес, «бағдарлама-
файл» тіркесінде жасырын сақталады. Файлдық жүйелердегі
деректердің логикалық түтастығын сақтау қиын, себебі деректер
түрлі файлдарда косарланады және бір мезгілде жаңартылмайды.
Біртіндеп деректерді орталықтандырылған басқару қажет-
тігі туындады. Деректер базасы интеграцияланған сақтау орны
болып табылады. Түрлі міндеттер үшін жалпы болып табыла-
тын деректер ДБ-да бір рет беріледі, оларды жаңарту ретті түрде
өткізіледі, Бұл деректердің қарама-қайшылығын жояды. Мұ-
ның үстіне, ДБ сақталатын деректер құрылымдарының өңдеуші
бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) атауына ие болған
бағдарламалық жүйелер жасакталған. Қазіргі заманғы әмбебап
ДББЖ мыналарды қамтамасыз етеді: деректерді жинау, деректерді
сақтау және деректерді іздеу мен өңдеу, барлық пайдаланушылар
мен ДБ арасындағы өзара әрекеттестік, деректерді аппараттың
бұзылуы мен рүксатсыз кіруден сақтау. Сәйкес алгоритмдер де-
ректер мен сұрауларды сипаттаудың мамандандырылған тілдері
көмегімен ДББЖ-ға беріледі.
АБЖ ішкі жүйелері әдетте көп деңгейлі болады, олардың
деректер базасы үлестірілген болып табылады, яғни есептеу
желісінің ЭЕМ-не қатысты болады. Сондықтан, бірнеше өзара
байланысты, бір-бірін қайталамайтын динамикалық бөліктерді
жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланыс ішкі машина-
лык ақпараттық қамтамасыз ету деректер алмасуға арналған ішкі
машиналық хабарлар кешенін қамтиды.
Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз ету - пайдала-
нушылардың жүйемен қатынас жасауын қамтамасыз ететін құ-
ралдар кешені. Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етудің
негізгі элементтері деректерді кодтау жүйесі мен қатынас жа-
саудың тіл құралдары болып табылады.
Деректерді ЭЕМ-ге қосуға дайындау кезінде пайдаланушы
әдетте мәтіндік хабарларды кодтайды. ЭЕМ жадындағы дерек-
тер де кодталған түрде сакталады. Бұл деректерді тиімді өңдеу
және шағын етіп сақтау үшін қажетті шарт болып табылады.
Мәтіндік хабарларды кодтау барысында басқару нысандарының,
технологиялық процестер атаулары т.б. код түрінде беріледі.
ЭЕМ-нен пайдаланушыға ақпарат берілген кезде кодтар мәтіндік
атаулармен ауыстырыла отырып, кері кодтау жүзеге асуы мүмкін.
Пайдаланушының ЭЕМ-мен катынасының тілі деп ЭЕМ-ге
деректерді жіберу мен қабылдауға арналған кез келген таңбалық
жүйені атауға болады. Басқа кез келген тіл сияқты, қатынас
тілінің семантикасы мен синтаксисі бар. Қатынас тілі семан-
тикасы - тіл сипаттамасының мәтін мағынасын анықтау үшін
және оны адам мен ЭЕМ-нің интерпретациялауы үшін бекітетін
келісімдер жиынтығы. Семантикадан ерекшелігі қатынас тілі
синтаксисі мағынасынан тәуелсіз формасы жағынан «дұрыс»
мәтінді құруға арналған ережелер жиыны болып табылады.
Пайдаланушының есептеуіш жүйеге жіберетін кез келген хаба-
ры синтаксис (форматтық бақылау) пен семантика (логикалық
бақылау) тексеруінен өтеді.
АБЖ-да қазір негізінен машинаға бағытталған хабарлар, co-
нымен қатар, «мәзір» және «анкеталар» сияқты диалогтық тілдер
қолданылады. Бұл типтегі тілдер регламенттелген болып табыла-
ды, себебі оларға алдын ала жоспарланған және жадқа салынған
катынас сценариі тән болады. Регламенттелген тілдер қатынас
үшін салыстырмалы түрде асаүлкен емес қатынас мүмкіндіктерін
береді: бастамашылык қатынасқа қатысушылардың біріне қатаң
бекітіледі; пайдаланушыдан толық және қарама-қайшы емес
ақпаратты енгізу талап етіледі; пайдаланушының қатынас тіліне
арнайы оқуы талап етіледі. Икемді әрі сәйкес катынас үшін кәсіби
катынас тілін құру жұмыстары жүргізіледі.
Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етуге қағаз бас-
палары мен дисплей экранындағы бейнеграммалар түріндегі
шығыс құжаттар, сонымен катар, автоматтандырылған жүйеде
азайтылған және түрі өзгертілген дәстүрлі «қағаз» құжат айна-
лымы жатады. Жүйенің ақгіараттық қамтамасыз етілуі келесі
принциптерге сай құрылуы тиіс: технологиялық оқиғалар туралы
ақпаратты бір рет енгізу және оны технологиялық процестер ба-
рысында көп рет пайдалану негізіндегі акпараттық ағымдар ин-
теграциясы; ақпаратты рұқсатсыз кіруден қорғаумен қамтамасыз
ету; деректерді сырткы тасымалдағыштарда қосарланған сақтау
жолымен акпараттык қамтамасыз ету жұмысының сенімділігін
арттыру.
АБЖ адам осы процеске белсенді қатысатын деректерді өң-
деу жүйелерінің (ДӨЖ) бір түрі болып табылады, сондықтан
соңғы пайдаланушылардың ЭЕМ-мен өзара әрекеттестігін анық-
тау маңызды болып табылады, өйткені жұмыс технологиясы мен
пайдаланушының ақпараттык қажеттіліктері акырында сакта-
латын деректер құрамы мен пайдаланушының ДӨЖ-мен өзара
әрекеттестігінің сипатына қойылатын талаптарды анықтайды.
Бұл үшін пайдаланушылардың автоматтандырылған жүйемен
жұмысы технологиясының сөзбен берілетін сипаттамасы жа-
салады. Бұл сипаттама әдетте «Технологиялық процесс» (ТП)
деп аталатын құжат түрінде рәсімделеді. Бұл құжат деректерді
жүйеге енгізу және шығару тәртібінің сипаттамасын қамтиды.
Онда технологиялық операцияларды тіркеу мен шығыс кұжат-
тардың басылып шығуы ретіне егжей-тегжейлі сипаттамалар
беріледі. Автоматтандырылған жүйедегі жұмыс технологиясы
автоматтандыруға дейін жүйеде болмаған түбегейлі жаңа эле-
менттерге ие болуы мүмкін.
Ақпараттық қамтамасыз етуді жобалау кезінде жасақтала-
ды: ақпараттық хабарлардың, сұраулардың, шығыс құжаттар-
дың құрылымы сипаттамасы; енгізілетін деректердің логика-
лық және форматтық бақылау сипаттамасы; ақпарат енгізудің
технологиялық тізбегін тексеруді көздейтін «технологиялық»
бақылау сипаттамасы; деректерді кодтау жүйесінің сипаттама-
сы, сондаи-ақ, кодтау кезінде қолданылатын классификаторлар-
ақпараттық хабарлар мен жобаланатын жүйедегі хабар-сұрау-
лардың интенсивтілігін бағалау.
Концептуалды үлгілер бағдарламалық та, техникалық та қам-
тамасыз етуді ескермейтін болса да, деректер базасын жобалау
мен талдаудың қажетті құралы болып табылады. Концептуалды
үлгілер АБЖ динамикалық деректер базалары үшін пәндік сала-
лаР болып табылатын технологиялық үрдістерді сипаттау үшін
қолданылады. Бұл сипаттама технолог маманның позициясынан
беріледі. Концептуалды үлгілер көмегімен негізгі нысандар мен
тасымалдаулардың нақты үрдісі байланыстарының, сонымен
ДӨЖ-дщ барлық деңгейлеріндегі пайдаланушылардың біріккен
ақпараттық талаптарының сипаттамасы құжатталады. Концеп-
туалды үлгі бойынша кіріс және шығыс деректер арасындағы
сәикестік тексеріледі және мұның негізінде хабарлар кешені
дэлденеді.
Концептуалды үлгілер деректер базасын эзірлеу және сүйе-
мелдеу үшін қажет. Концептуалды үлгілер негізінде нақты ДББЖ
бағдарламалық құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын де-
ректер базасының логикалық құрылымы әзірленеді.
АБЖ құру басқару нысанын талдаумен, басқаруды таңдаумен,
жүие құрылымы мен функцияларын анықтаумен теңестіріледі’
Функциялардың өз параметрлері нысан ерекшеліктеріне байла-
нысты анықталады. Жекелеген басқару функциялары техникалық
құралдар кешені базасы (ТҚКБ) негізінде автоматтандыруға
жатқызылады. ТҚК қасиеттері мен топологиясын анықтау ең
алдымен функционалдық-ақпараттық талаптарды орындаумен
аиланысты болады. Осылайша, басқару жүйесі параметрлерінің
басқарылатын нысан параметрлеріне тәуелділігі механизмінің
жалпы логикасы айқын болады. Қазіргі кездегі АБЖ термино-
ногиялық түсіндірмелерінің көптігі оқушы үшін, әсіресе осы ca-
иада тәжірибесі жоқ адам үшін қиын болуы мүмкін.
Бірқатар әдебиет көздері АБЖ терминін тауар қозғалысын
уйымдастырудың кешенді әдістерінен түратын автомобиль
колігіндегі АЖБ-ның жеке міндеттерінің бірі болып табыла-
тын «логистика» терминімен ауыстырады. АБЖ-ның орнын
басатын және навигациялық жүйелерді қолдана отырып, авто-
көлікті басқаруды білдіретін тағы бір термин «телематика»
саналады. АБӨАЖ анықтамасы уақыт сынынан өткен АБЖ-
иың интеграцияланған анықтамасымен сабақтастықты сақтай
отырып, кез келген пәндік саладағы, сонымен қатар, автомо-
биль көлігіндегі ақпаратты өңдеу үрдісі негізге алатын түрлі
басқару үрдістерінің бар болуын сәтті көрсетеді. АБӨАЖ нақты
пайдаланушының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін жасалады және ол оның жұмысына тікелей қатысады.
Бұл жағдайда АБӨАЖ жұмысы деп жобалаушылар мен басқа
да мамандар ақпаратты қайта түрлендіруді автоматтандыру про-
цесін жобалау және ендіру кезінде жасап шығарған ақпараттық,
бағдарламалық қамтамасыз етудің негізінде пайдаланушының
тапсырмаларды шешуі алынады. Алғашқы АБЖ жасақтамалар-
дың түбегейлі жаңа әдістемесі болмады, олар басқару міндетте-
рін шешудің дәстүрлі технологиясындағы операцияларды орын-
дауға жұмсалатын еңбек көлемін қысқарту үшін үлкен арифмо-
метр ретінде қымбат есептеу техникасын қолданады. Ұйымдық
басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру кезіндегі кең
таралған кемшілік тапсырмаларды қоюдың төменгі деңгейі бол-
ды. Мұның себептерінің бірі - бөлімдер мен басқару қызметтері
мамандарының зерттеулер барысында ақпарат ағымын, тапсыр-
малардың экономикалық-ұйымдық мәнінің, шығыс ақпаратты
жобалаудың сипттамасын жеткіліксіз түрде пайдалануы болып
табылады. Мұның үстіне, автоматтандырылған режимде қандай
да бір маман шешетін тапсырмалар кешені толық өңделмеген,
сондықтан пайдаланушы жаңа технологияны құруға қатысуға aca
көп қызығушылық таныта бермеген. АБӨАЖ күру тәжірибесі
тек маман ғана орындайтын жұмыстардың, кіріс және шығыс
ақпараттың сипаттамасын толык әрі білікті түрде бере ала-
тынын көрсетеді. Пайдаланушының қатысуы тек тапсырма-
ларды қоюмен шектелмеуі тиіс, ол жүйені сынақ пайдаланып
көруі тиіс. Компьютер алдындағы пайдаланушы тапсырмалар-
ды кою кемшіліктерін байқай алады, қажет болса, кіріс және
шығыс ақпаратты, нәтижелер беру формаларын, олардың құжат
түрінде рәсімделуін түзете алады. Сынак пайдалануға қатысу
- пайдаланушының компьютермен жұмысқа белсенді үйренуі-
нің, бағдарламалық құралдармен танысуы формасы ғана емес,
пайдаланушының жаңа жұмыс талаптарына, жаңа технологияға,
жаңа әрі барған сайын күрделене түсетін техникаға бейімделуі
үрдісі болып табылады. Eгер АБӨАЖ құру маманның орындай-
тын функцияларын автоматтандыруды барынша көп қамтуды
көздейтін жағдайда маманның АБӨАЖ жағдайындағы жұмысқа
деген қатынас мүлде басқаша қалыптасуы тиістігін тәжірибе
көрсетті. Пайдаланушының АБӨАЖ жасауға қатысуы перспек-
тивада тапсырмалардың оперативті әрі сапалы шешімімен, сол
сияқты жаңа технологияларды ендіруге жұмсалатын уақыт-
ты қысқартумен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте пайдалану-
шы белсенді түрде окуға араласады, оның қоюшы, жасақтаушы
ретінде біліктілігі артады. Түтынушыға қажетті жаңа техноло-
гиялық ортада жұмыс істеудің барлық дағдылары жетілдіріледі
және АБӨАЖ тәжірибелік пайдаланылуы барысында бекітіледі.
Алайда, Бұл үшін пайдаланушы нысанды зерттеу әдістемесімен,
оның нәтижелерін қорытындылау тәртібімен таныс болуы тиіс.
Бұл, оған автоматтандырылған түрде өңделетін тапсырмалар-
ды, функцияларды анықтау және бөліп көрсетуге, оларды білікті
қолдануға көмектеседі.
Тапсырманы қою - Бұл тапсырманың белгілі бір ережелер
бойынша оның мәнін, нәтиже алу үшін ақпаратты түрлендіру
логикасы туралы толыққанды түсінік беретін сипаттамасы. Тап-
сырманы қою негізінде бағдарламашы оның шешімінің логика-
сын ұсынуы және оны жүзеге асыруы үшін жарамды стандартты
бағдарламалық құралдар туралы кеңес беруі тиіс. Тапсырманы
қоя отырып, оның мазмұнын баяндауды регламенттеу арқылы
«пайдаланушы -қолданбалы бағдарламашы» әрекеттестігінің
қиындықтары жойылып, Бұл әрекеттестікті әлдеқайда логикалык
тұрғыдан жүйелі етеді. Тапсырманы қою үшін оның логикалық
және ақпараттық мәнін толық ұсынуға қажетті және жеткілікті
мәліметтер қолданылады. Мұндай, мәліметтерге сәйкес қызмет
бөліміндегі ескі технологиямен тапсырмаларды шешуді жүзеге
асыратын кызметкер ие болады (қолмен өңдеумен және компь-
ютерлік техниканы қолдана отырып). Тапсырманы қою пайда-
ланушының тапсырмаға катысты саладағы білімі болуын ғана
емес, компьютерлік-ақпараттық технология білімдерін де талап
етеді. Пайдаланушы әдетте функциялары белгілі бір қызмет
түрлеріне (бухгалтерлік, каржылық, жоспарлау т.б.) бағдарланған
озінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын дайын багдарлама-
лык пакеттерді сатып алады және қолданады. Мұндай бағыт
бүгінде пайдаланушыларға қызмет көрсетуді компьютерлендіру
мен ақпараттандыру саласында жетекші болады. Ол бірегей
қолданбалы бағдарламаларды эзірлеумен толықтырылады. Алай-
да, қандай жағдайда да тапсырманьт қою кажет болады. Tan-
сырма қоюды сипаттау барысында оның көлемдік-уақыттық
сипаттамаларына назар аударылады. Олар кіріс және шығыс
акпараттың көлемін (уақыт бірлігінде өңделетін құжаттар, жол-
дар саны), ақпараттың келіп түсуі, өңделуі мен берілуінің уақыт
ерекшеліктерін көрсетеді. Тапсырма қоюды сипаттау барысын-
да барлық ақпараттық бірліктер мен олардың жиынтыктары
атауларының дэлдігі мен толықтығын салыстыру маңызды бо-
лып табылады. Автоматтандырылған өңдеу жағдайларында құ-
жаттардағы үйреншікті көрсеткіштер атаулардан (жолдар мен
кестелер атауы) басқа ақпаратты үсынудың дәстүрлі емес жолда-
ры орын алады. Ақпараттық жиынтықтар мен олардың иденти-
фикациялары атауларының дэлдігі, экономикалык көрсеткіштер-
дегі синонимдер мен омонимдерді жою өңдеу нәтижелерінің
анағұрлым жоғары сапасымен қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар бүгінгі қоғам өмі-
ріне дендеп енген және оларсыз өмір мүмкін емес. Өндірістік
процесті жетілдіру жұмсалған ресурстардың (өндірістік схема-
лар кірісі) көлемі мен алынған тауарлар мен кызметтер көлемінің
(жүйе шығысы) қатынасының анағұрлым жоғары нәтижелі
нұсқасын үдайы іздеусіз мүмкін болмайды. Осылайша, өндірістік
жүйе жұмысын интенсификациялау туралы айта келе жүйе күйі
туралы ақпарат негізінде кұрылатын басқарушы ықпалды еле-
меуге болмайды. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың
қамтамасыз ететін мұндай шешімдердің уақытқа сәйкес бо-
луына және дэлдігіне кез келген өндірістік жүйенің тиімділігі,
оның нәтижесінде ұзак мерзімділігі тәуелді болады. Дербес
компьютердің пайда болуы ақпараттык төңкеріс жасады. ЭЕМ
алдына бағдарламалаушы емес кез келген адам отырды. Ақпарат
материалдармен, энергиямен, капиталмен тең ресурсқа айнал-
ды. Жаңа экономикалық санат - ұлттық ақпараттық орталықтар
пайда болды. Табиғи ресурстардың сарқылуы ғылыми білімдерді
қолдануға негізделе отырып, қайта қалпына келетін ресурстарды
қолдануға әкелді. Дербес компьютерлер негізінде ғылыми әдісті
көп қажет ететін бұйымдар өндірісінде қолданылатын білімдер
алуға жұмсалатын шығындар өзіндік құнның шамамен 70 пайы-
зын құрайды, ал ақпарат өңдеу саласында еңбек етушілер саны
индустриалды дамыған елдердегі экономикалық белсенділік
халықтың 60-90 пайызын құрайды. Автомобиль көлігінің рөлі
жолаушылар мен жүк тасымалы тұрғысынан қарағанда, соны-
мыен қатар жылжымалы құрамды енгізу және жөндеу бойынша
айтарлықтай жоғары.
Бүгінде автомобиль көлік жүйесінің элементі ретінде қа-
растырылады. Дэл осы түрғыдан оның жұмысы ақпараттык қам-
тамасыз ету жүйелеріне тәуелді болады. Автомобильдін өзі де
уақыт өткен сайын электроника және информатика құралдарымен
көп жасақталуда. Сондықтан, қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін
ақпараттық және коммуникациялық мүмкіндіктерді пайдалану
керек.
Бүгінде жол қозғалысыньщ қауіпсіздігін басқаруды авто-
маттык қолдауды камтамасыз ететін бірқатар жүйелер бар. Бұ-
лар: ЖҚҚМИ құрамында әрекет ететін арнайы жүйелер, ЖКО
анықтауға және 27 МГц диапазонында жолдарда көмек көрсетуге
арналған СИ-БИ жүйесі. Көлік құралдарын, жолаушылар мен
жүктерді ақпараттық сүйемелдеу жүйесі шеңберінде көптеген
телекоммуникациялық кешендер жылдам дамуда.
Жердегі көлікпен тасымалдау кауіпсіздігін арттырудың не-
гізгі бағыттарының бірі жер серігі навигациясы мен радиобайла-
ныс, электрондық картография және компьютерлік бағдарлама-
лык технологияларға негізделген жаңа ақпараттық технология-
ларды енгізу болып табылады.
Қазіргі техникалық құралдар автокөлік қозғалысын басқару
және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеріне жаңаша
қарауға мүмкіндік береді. Жерсеріктік навигациялық жүйелерді
(ЖНЖ) және географиялық ақпараттық технологиялар (ГАТ)
аппаратурасын қолдану жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) және кө-
ліктегі төтенше оқиғаларды (TO) анықтаудың әлдеқайда жақсы
жетілген автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру міндетін
жаңа деңгейде шешуге көмектеседі. Бұл жүйе жол-көлік немесе
төтенше оқиға туралы хабарды бір мезгілде ЖҚҚМИ, қауіпсіздік
кызметіне және кұтқару қызметіне (жедел жәрдем, ІІБ, ТЖМ)
ретрансляция жасау мүмкіндігімен диспетчерлік қызметке мак-
сималды түрде жылдам, көбінесе лезде жіберуді қамтамасыз
етеді. Бұл ретте бұзылған автомобиль немесе ЖКО орын алған
жер диспетчерге тек бірнеше метр айырмашылықпен дэл белгі-
лі болады. ЖКО учаскесі мен орнын қаланың, қала сыртының
маршруттық желісінің электрондық картасынан көруге, тіпті
көлік құралы орналасқан жолақты анықтауға болады. Сондай-ақ,
диспетчер орналасу орны бойынша оңтайландыра отырып, aca
қысқа мерзімде техникалық, медициналық және арнайы көмек-
ті жіберу мүмкіндігіне ие болады. Бұл көмекші бригадалардың
келуі уақытын кысқартады. Компьютер жадында барлық келіс-
сөздердің жазбасы, сонымен қатар, трассаны, көлік құралы мар-
шрутын, бағытын, жылдамдығын және қозғалыс уақытын оқиға
орны ауданындағы картадан көрсететін жазба жүргізіледі. Бұл
жүйе бар болған жағдайда автомобильдің негізгі жүйелерінің
кірістірілген диагностикасы қауіпсіздік параметрлері (тежегіш
жүйесі, руль басқаруы, жарық техникасы) бұзылған жағдайда
пайдалануға тыйым сала отырып, маршруттағы техникалық жай-
күйді бақылай алады.
Барлық түрдегі ЖКО, апаттар, төтенше оқиғалардың орны
және уақыты көрсетілген деректер банкі қалыптастырылады.
Жолдардың жекелеген учаскелері туралы талдау деректері
негізінде көлік ағымының ic жүзіндегі жылдамдығын, жол-кө-
лік оқиғаларының санын бағалауға, сонымен қатар, мысалы,
ЖҚҚМИ үшін рүқсат етілген жылдамдықтың өзгеруі, косым-
ша бағдаршамдар орнату бойынша кеңестер беруге, ал жог
қызметгеріне қозғалыс жолақтарын арттыру туралы үсыныО
жасауға болады.
Көлік жұмысының қауіпсіздігін арттыру жолда толығымей
көлік процесін үздіксіз қадағалау, ЖКО және TO орындарын дер
кезінде анықтау, террористік акт немесе төтенше жағдай орыгі
алуы қаупі туғанда жүргізушінің уақытты, автобус координата-
ларын автоматгы тіркей және оны маршруттық желінің электрон-
дық картасына орналасу орнын шығара отырып, жасырын апат
жағдайы сигналын беруі, маршруттардағы автобустардың және
жүк автомобильдерінің жылдамдық режимін бақылау, жүргізу-
шілердің еңбек режимін және демалысын бақылау, жергілікті
оперативті қызметтердің ЖКО мен төтенше окиғалар салдарла-
рын жою кезіндегі ақпараттық компьютерлік өзара әрекеттестігі
арқылы қамтамасыз етіледі.
Жердегі көлікте ақпараттык, радионавигациялық және теле-
коммуникациялық технологияларды қолдану Қазақстан қала-
лары көшелерінде және автожолдарында көлік құралдарын сүйе-
мелдеудің бірегей жүйесін құрумен қамтамасыз етеді. Мұндай
үлестірілген жүйе оған кіретін түрлі деңгейдегі жүйелердің өзара
әрекеттестігі негізінде жұмыс істей алады:
көлік түрлері (жүк, жолаушылар, такси, арнайы тасымалдау-
лар) бойынша жергілікті басқару жүйелері;
көліктің барлық түрлерін (жолаушылар, жүк, мамандан-
дырылған) жергілікті басқару жүйелерінің арасында ақпарат ал-
масумен қамтамасыз ететін аймақтық жүйелер;
қалааралық және халықаралық жолаушылар мен жүк тасы-
малдарында ақпарат алмасумен қамтамасыз ететін аймақаралық
жүйе.