күрделі объектілерді тікелей моделдейтін деректер базасының
жеткілікті дәрежеде қуатты мүмкіндіктерге ие объектіге бағыт-
талған деректер жүйесі болып табылады.
ДББЖ қуаттылығы бойынша үстелдік және корпоративті к бо-
лып бөлінеді.
Корпоративтік ДББЖ бөлінген ортада жұмыс жасауды қам-
тиды, жүйелерді жобалауда ұжымдық жұмысты қолдайды, жо-
ғарғы нәтижелілікке ие болуға ұмтылады. Басқарудың әр түрлі
құралдарына және бүтіндікті сақтаудың кең мүмкіндіктеріне ие.
Бұл жүйелер күрделі, қымбат және белгілі мөлшерде есептеуіш
ресурстарды талап етеді.
Корпоративтік ДББЖ ішіндегі ең танымалдары Oracle, DB2,
Sybase, MS SQL Server, Progress және басқалар болып табылады.
ДББЖ классы мен қолданбалы операциялық жүйе арасын-
да байланыс бар. UNIX ішіндегі жүйелер корпоративтік бөлгіш
жүйелер ретінде позицияланады. Қазіргі кезде бұл секторға
Windows NT және оның орнын алмастыратын Windows2000
«кіргізіліп жатыр».
Иелік ету категориясына деген ұмтылысы бойынша ДББЖ-
ін жасаушыларға және тұтынушыларға бөлуге болады. Бірінші
классқа жататын жүйелер сапалы компиляторға ие болула-
ры және «оқшаулағыш» бағдарлама өнімдерін жасауға рүқсаг
беруі, болдырмаудың дамыған құралдарын баскаруы, жобаны
құжаттандыру құралдарын қосу және тиімді күрделі жүйелерді
құрудың басқа да мүмкіндіктеріне ие болуы қажет. Соңғы
түтынушыға бағдарланған жүйелерге қойылатын басты талаптар мыналар: интерфейстің колайлылығы, тілдік құралдардың
жоғарғы деңгейі, жауаптардың зияткерлік модульдерінің болуы,
ойға келмейтін қателерден белсенді қорғау ( «есуастан қорғау»)
және т.б.
Келесідей топтастыру белгілерінің тобы жалпы алғанда дерек-
тер банкімен байланысқан. Қызмет көрсету шарттары бойынша
деректер базасының тегін және ақылы түрлері бар. Деректердің
ақылы банктері, өз кезегінде, кіріссіз және коммерциялық болып
бөлінеді. Кіріссіз деректер банкі пайда табу максатын коймайды
және өзін өзі ептеу ұстанымымен қызмет көрсетеді. Бұл негізінен
ғылыми немесе кітапханалық, элеуметтік мәндегі акпараттың
кең көлемдегі тұтынушыларына ие деректер банкі деректер
банкі. Коммерциялық деректер банкін құрудың басты мақсаты
ақпараттық қызметтен пайда алу.
Ақпараттық желілер ақпаратты өңдеу сипаты бойынша ерек-
шеленеді. Кейбіреуінде негізінен карапайым сұраныстар жү-
зеге асырылады. Мұндай жүйелер OLTP (On-Line Transaction
Processing - транзакцияны оперативті өңдеу жүйелері) де-
ген атауға ие болды. Басқасында, керісінше, деректер күрделі
аналитикалық тәсілмен өңделеді. Жүйелердің Мұндай классына
OLAP (On-Line Analytical Processing) термині қолданылады.
OLAP термині - салыстырмалы түрде жаңа және әр түрлі әде-
биет көздерінде түрліше түсініктеме беріліп жүр. Оны көбіне
шешім қабылдауды қолдау (DSS (Decision Support Systems) -
шешім қабылдауды қолдау жүйелері) арқылы жүзеге асырады.
Соңғы терминге синоним ретінде Data Warehousing - деректер
қоры есептеледі, ол ұйымдастырушылық шешімдердің жинағьш
түсінеді.
«Деректер қоры» ұзақ мерзім ішінде жиналған деректерді
өңдеуге жол береді. Бұл деректер әр түрлі типтес болып келеді.
«Деректер қоры» үшін көпөлшемді сүраныс сипаты тән. Деректер-
дің және сұраныстардың үлкен көлемі, құрылым күрделілігі ap-
найы әдістерді қолдануды талап етеді.
Деректер банкі - деректерді орталықтандырылған сақтау
және ұжымдык қолданудың автоматтандырылғап акпараттық
жүйесі. Деректер банкінің құрамына бір немесе екі деректер базасы, деректер базасының анықтамалылығы, ДББЖ, сондай-ақ,сұраныстар және қолданбалы бағдарламалар кітапханасы көреді.Басқаша айтқанда, деректер банкі - бұл деректерді қолданудың ұжымдық және орталықтандырылған қорын құруға бағытталған арнайы үйымдастырылған бағдарламалық, техника лық, тілдік және ұйымдастырушы-әдістемелік құралдардың жүйесі.Деректер банкінің компоненттері:
- Техникалық құралдар: компьютерлер, шығарылатын ақпаратгы көрсету және енгізу құралдары;
- ¥йымдастырушы-әдістемелік кұралдар: ақпаратты алуға рұқсаты бар әр түрлі тұтынушыларға арналған көрсетпелер, әдістемелік және регламенттеуші кұжаттар.
- Деректер банкінің администраторы: деректер банкін құру, жүзеге асыру және дамыту жұмыстарын атқаратын мамандар тобы. 2.8-суретте деректер банкінің компоненттері көрсетілген.