2.8-сурет. Мэліметтер банкінің компоненттері
Деректердің корпоративті қорлары консолидацияланған талдау жасау үшін бүкіл корпорацияға қатысты және көптеген оперативті көздерден жинақталған ақпараттан құралады. Әдетте мұндай қорлар корпорация қызметі аспектілерінің жалпы қатарын құрайды және тактикалық, стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.
Деректер киоскілері көптеген корпоративтік деректерден тұрады және ұйым ішілік бөлімдер үшін құрылады. Деректер киоскілері бөлімнің өз күшімен күрылады және бөлім қызметкерлерін қызықтыратын нақты аспектілерден тұрады. Деректер киоскісі деректерді корпоративтік қордан (тәуелді киоскілер) ала алады, немесе деректер оперативті көздерден (тәуелді киоск) тікелей түсуі мүмкін. Киоскілер және деректер қоры сәйкестік принципі арқылы құрылып, тәжірибеде сол бір ғана технологияларды қолданады. Тұтынушылармен өзара байланыс орнату сипаты бойынша қолданушының іс-әрекет мінездемесіне сәйкес деректер банкі активті және пассивті болып бөлінеді. Пассивті деректер банкінде басты рөл тұтынушыға беріледі, ал белсенді деректер банкінде жүйе өз бетінше қалпын өзгертуіне болады. Соңғы кезде «белсенді деректер базасы» термині триггерлерді қолданушы жүйелерде жиі қолданыла бастады. Жеке меншік формасы бойынша деректер банкі мемлекеттік және мемлекеттік емес (жеке меншік, топтық және жеке) болып бөлінеді.
КӨЛІКТІК ӨНДІРІСТЕГІ САЛАЛЫҚ АБЖ
3.1 Теміржол көлігін АБЖ (ТКАБЖ) және оның
құрылымы
3.1.1 Негізгі мәліметтер
Теміржол көлігі - локомотивті немесе моторвагондык тартым
арқылы рельс жолдары бойынша вагондармен жолаушылар және
жуктер тасымалын орындайтын көлік түрі.
Көліктің барлық түрлері ішінде көптеген елдерде жетекші
орынды теміржол көлігі иеленеді, бұл оның әмбебаптылығымен
түсіндіріледі. Ол экономиканың барлық салаларында қызмет
көрсетеді және барлық климаттық зоналарда және жылдың кез-
келген мезгілінде халықтың тасымалға деген қажеттіліктерін
қанағаттандырады.
Теміржол көлігінің негізгі артықшылықтары:
жоғары тасымалдау қабілеттілігі;
салмақты жүктерді үлкен қашықтықтарға тасымалдау
тиімділігі;
салыстырмалы жоғары жылдамдыктар;
сенімділік пен қауіпсіздік;
тасымалдаудың өзіндік құнының төмендігі;
басқа көлік түрлерімен салыстырғанда, қоршаған ортаға
әсері аз.
Әрбір ел тасымалдарының жалпы көлеміндегі теміржол кө-
лігінің үлесі экономикалық-географиялық, демографиялық және
басқа да факторларды ескере отырып қалыптасады:
табиғи ресурстар мен өндіру күштерінің орналасуы;
халықтың саны;
аумақ көлемдері,
қатпайтын cy жолдарының болуы.
Қазақстан мемлекеті 7 млн км2 ауқымды аумақты камтиды,
халық төмен тығыздықпен шоғырланған, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылық орталықтары бытыраңқы орналасқан, сонымен
қатар, әлемдік нарықтан алыс. Сондықтан, дамыған көлік жүйесін
иелену Қазақстан үшін өте маңызды.
Қазақстандағы теміржол көлігінің маңызы өте жоғары. Қа-
зақстанның темір жолдары елдің жүк айналымының 68 % және
жолаушылар ағымының 57 % жоғары пайызын қамтамасыз етеді.
Қазақстандағытеміржолдардыңұзындығы 15мыңкмасады. 15
түйіспе пункттер (Ресеймен 11, Өзбекстанмен 2, Қырғызстанмен
1, Қытаймен 1) Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес мемле-
кетгермен байланыстырады. Ресей мен Қазақстанның теміржол
жүйелері өте тығыз байланысты.
Қазақстан жалпы ұзындығы шамамен 15 мың километрді
құрайтын темір жолдың тарамдалған желісіне ие; олардың 6
мыңы екі жолды және шамамен 5 мыңы - электрлендірілген. Ба-
сты жолдардың ұзындығы - 18,8 мың км, бекеттік және арнайы
жолдар - 6,7 мың км. Теміржол саласында 125 мыңнан астам адам
қызмет етеді, бұл шамамен Қазақстан халқының 1%-ын құрайды.
Желінің үлкен бөлігі Қазақстан темір жолдарының басқаруында,
қалған бөлігі Оңтүстік-Орал темір жолдарының басқаруында.
Қазақстанның темір жолдарының сүлбасы 3.1-суретте көрсе-
тілген.
Достарыңызбен бөлісу: |