Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы



бет31/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

3.9-сурет. ДИСКОР-ды ақпараттық жабдықтаудың типтік
бағдарламалық кешендері


«ДИСКОР» жол бөлігінің хабарламасы түрінде, сәйкес деректер


базасына көрсеткіштерді енгізу арқылы калыптасады.
«ДИСКОР» жүйесінің қызметтеріне мүмкіндік жүйенің
клиенттік бөлігінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жүйенің
басты мүмкіндіктерінің бірі тұтынушыға күн сайын жаңаратын
шығыс формаларын жеткізу және өңдеу болып табылады.
Формаларды көру үшін тұтынушыға бағдарламаның бас-
ты терезесінен қажетті форманы таңдап «Сүраныс» пернесін
басудың өзі жеткілікті немесе «ЕхсеІ»: форма бағдарламаның
жаңа терезесінде ашылады (Web немесе Excel). Формаларды құру
үшін кең тараған электрондык кестелерді құру бағдарламалары-
на ұқсас арнайы қолданбалы құралдар пайдаланылады. Негізгі
айырмашылық «ДИСКОР» деректер базасындағы белгілерді және
олардың туындыларын (орташа тәуліктік, жинақтаушы және т.б.)
қолдану мүмкіндігі болып табылады. Формалардың жазылу
тілі «ДИСКОР» mainframe тіліне негізделген, бұл mainframe-де
«ДИСКОР» мен жұмыс жасау тәжірибесі бар технологтарға осы
жүйе үшін форма өңдеуге мүмкіндік береді.
Жол жұмысы көрсеткішінің ретроспективті талдау мүмкінді-
гін «ДИСКОР» талдау көрсеткішінің бағдарламасы береді. «Ана-
лиз» пернесін басканнан соң аталған бағдарлама тұтынушыға
талданатын параметрді, тәуелділік параметрі мен уақыттық ин-
тервалды таңдауға мүмкіндік береді. Шығатын ақпаратқа жоғары
талап қоятын тұтынушылар үшін өздерінін жеке шығыс форма-
ларын құру мүмкіндігі беріледі. Формалар орталықтандырылған
түрде серверде сақталады және оларға кіру мүмкіндігі жұмыс
орнына қатыссыз жүзеге асырылады. Жеке формаларды редак-
циялау терезесінің интерфейсі жалпы түрде шығыс формала-
рын редакциялау бағдарламасының интерфейсін қайталайды.
Басты айырмашылық - жүйе көрсеткіштерін ДИСКОР-дың ескі
көріністегі тізімінен таңдап алу ғана емес, сонымен қатар оларды
тұтынушыларға түсінікті түрде беру болып табылады.
Жеке формаларды жергілікті сақтау мүмкіндігі (тұтынушылар
арасында алмасу үшін), сондай-ақ оларды жүйенің жалпы фор-
масы ретінде қолдану мүмкіндігі бар. Бұл жүйе формаларының
жинағын сәтті жеке формалармен толықтыруға мүмкіндік береді.
ДИСКОР жүйесі мүмкіндіктерінің бірі оның анықтамалық
қызметі. Бұл қызмет бір немесе басқа көрсеткіш (немесе
көрсеткіштер тобы) мәні туралы оперативті ақпарат алуға, co-
нымен қатар көрсеткіштер иерархиясының анализін жүргізуге
мүмкіндік береді.
Мәндерді көрсету және көрсеткіштерді талдаудан бөлек
анықтамалық түрлі көрсеткіштер есебі нәтижелерін топтау
жолымен шығыс формаларын құру мүмкіндігін де жасайды.
Құрылған формаларды ары қарай өңдеу үшін жеке формаларға
сақтауға болады.
«Анализ», «Жеке формалар» және «Анықтамалық» форма-
ларындағы ескі түрдегі көрсеткіштер тізімін редакциялау және
құру үшін арнайы бағдарлама қолданылады. Бұл бағдарлама
түтынушыға түсінікті, ДИСКОР тілі формуласына сәйкес атау-
ды қоюға (мысал үшін - «НОД-1 бойынша вагондар тиел-
ген») мүмкіндік береді. Осыған байланысты, анықтамалықта
шығыс формаларын құру және оларды іздеуді жеңілдету үшін
көрсеткіштерді логикалык иерархияларға біріктіру мүмкіндігі
пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет