Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер



бет29/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

3.2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

  1. ДАЖПАРК автоматтандырылған жүйесі

Кешеннің толық атауы - «Нөмірлері бойынша есепке алу,
бақылау, дислокациялау, пайдаланылуын талдау және вагон пар-
ктерін реттеудің автоматтандырылған жүйесі». Қысқартылған
түрі - ДАЖПАРК, Мұндағы: Д - диалогтық, A - ақпараттық-
баскару, Ж - жүйесі, ПАРК - жүк вагондарының паркі.
Жүйе құрамына ТМД мен Балтия елдері вагондарының
пайдаланылуын, жүктерді жеткізу мерзімдерінің сақталуын,
мемлекетаралық түйіспелердің жұмысын, кіреберіс жолдар-
да вагондардың болуын, бос вагондардың дислокациялануын
бақылауды камтамасыз ететін жүк вагондарын басқару міндет-
терінің кешені кіреді.
ДАЖПАРК жүйесі 1995 ж. бастап кезеңдер бойынша жасал-
ды. Сол кезеңде парк бөлінгеннен кейінгі жук вагондарын бірлесе
пайдалануда орын алған жағдай жедел және координацияланған
әрекеттерді талап етті. 1995 ж. санак деректері көрсеткендей,
парк ескіруде және қысқаруда, жаңа вагондар жеткілікті дәрежеде
сатылып алынбайды. Бұзылған вагондар үлесі үнемі өсіп отырды:
1995 жылдың мамыр айында ол 24 % құрады. Бұл санақ деполық
жөндеу мерзімі өтіп кеткен 325 мың вагон және күрделі жөндеу
мерзімі өтіп кеткен 42,6 мың вагондарды анықтады.
Вагондарды пайдалану практикасын өзгерту қажеттілігі ту-
ындады. Бастысы жауапсыз және осымен байланысты иесіз пай-
Далануды тоқтатып, вагон иесінің оларды сауықтыру максатында
қажетті қаражатты салуына түрткі болатын экономикалық тетік
жасау еді.
«Бөтен» вагондарды пайдалану үшін нөмір бойынша есеп-
теулер жүйесі тиімді экономикалық механизмге айналуы тиіс
еді, нәтижесінде теміржол әкімшіліктері мемлекеттік тасы-
малдарда өзіндік вагон паркін пайдалануға тырысатын бола-
ды, ал мемлекетаралық қатынаста босатылған вагонды иесіне
жақындату ережесін басшылыққа алады.
Өзіндік вагондардың электронды картотекасы жасалған, оған
олардың әрқайсысы туралы мәліметтер кіреді: тиістілігі, жазы-
лу жолы, түрі, жасалған жылы, айналымның рұксат етілген по-
лигоны және т.б. Жүйені пайдаланудың алғашқы күндері тәулік
сайын 12 мыңға жуық вагон «елестер» анықталды, кейін олардың
саны 30 ece азайды, 1995 ж. соңына қарай бірліктер ғана қалды.
1999 ж. ғана 1800 вагон-егіздерге қайта нөмірлер қойылды. Co-
нымен, өте маңызды, жылжымалы құрамның осы түрін автомат-
ты түрде сәйкестендіру мәселесі шешімін тапты, ал кейін оларды
қадағалау да шешілді.
Бұл бүдан да күрделі жүйеге өту мүмкіндерінің тексеруі
сияқты болды — вагондардың күллі инвентарлы паркін автоматты
түрде басқару.
ДАЖПАРК жүйесінің қызметтік құрамы 3.8 суретге көрсетілген.


3.8-сурет. ДАЖПАРК жүйесінің қызметтік к.ұрамы




Енгізуден кейін бір жылға жетпей жатып жүйеде әрбір


жүк вагоны үшін 56 техникалық көрсеткіштер бойынша де-
ректердің автоматтандырылған банкі (электронды картотека)
қалыптастырылды. Бұл мәселенің бірінші кезеңін шешу үшін
қажет болды - паркті сауықтыру және оның күтімін нөмірлері
бойынша бақылау, Бұл жүйені жасаудың басты максаттарының
бірі болып табылады.
Екінші кезеңнің мәні вагон қай жерде болмасын, оны қа-
дағалауды жүзеге асыру болды — пойызда, бекеттік немесе
кіреберіс жолдарда, сонымен қатар, қатынау жолында вагонмен
орындалатын барлық операцияларды қадағалау болды.
Екінші кезеңде техникалық, технологиялық және геогра-
фиялық белгілер бойынша шынайы уақыт масштабында мәліметтердің нақтылану дәрежесі өте жоғары вагон туралы деректер
базасы жасалды.
Осы негізде вагон паркін жедел баскарудың тиімділігі жоғары
жол-желілік технологиясын жасау және жүзеге асыру міндеті
койылды, оған келесідей тақырыптық бөлімдер кіруі тиіс:

  • максималды тиеуге қол жеткізу мақсатымен тиеу ресурста-
    рын басқару;

  • паркті дислокациялау және вагондар мен жүктерді қадағалау;

  • бағыттар мен тағайындалулар бойынша жүк тиелген вагон-
    дардың болуын бақылау және талдау;

  • вагон паркінің жұмысы және реттеу тапсырмаларын орын-

дау;

  • темір жолдар мен олардың бөлімшелерінің пайдалану жұ-
    мысының талдауы;

  • вагон паркінің техникалық жағдайының, сонымен қатар, ва-
    гон шаруашылығы кәсіпорындарының қызметтерінің жедел тал-
    дауы.

Үшінші кезеңнің қызметтері жол деңгейінде жалпы пайда-
лану жұмысын басқару әдісін түрлендірумен байланысты. Бұл
үшін жүйеде желілік деңгейде тауар кассирлерінің АЖО, жол
және желі деңгейлерінде жол ведомствосын біріктіре өңдеу жү-
йесі (тиеу, түсіру), фирмалық көліктік қызмет көрсету орталык-
тары жасақталады. Барлық деңгейлерде бірыңғай ақпараттық-
баскару жүйесі жасалған.
Төртінші кезеңнің қызметтері негізінен тасымалдау құжат-
тарын дайындау және орнын ауыстырудың қолданыстағы жүйесін
түбегейлі түрлендірумен және осы негізінде орындалған тасы-
малдар үшін иілгіш, нақты және мобильді есептеулер жүйесін
жасаумен байланысты.
Сонымен, ДАЖПАРК жүйесі - Бұл басқару механизмі. Оның
көмегімен вагондар парктерін басқаруда тек қана өндірістік емес,
сонымен қатар, экономикалық шешімдерді темір жолдарда және
«ҚТЖ» ААҚ-да сэтті жүзеге асыру үшін алғышарттар жасалған.
Бұл ретте, тиеу ресурстарына деген минималды қажеттіліктер
жағдайында максимум тиеуді қамтамасыз ететіндей жасалған,
бұл жүйені жасаудың екінші басты мақсатын анықтайды.
Жүйені енгізу тасымал кұжаттарын дайындау кезінде жаңа
қағазсыз технологияларды пайдалануға, мамандандырылған ва-
гондар мен мұнай, бензин цистерналарының инвентарлы паркін
темір жолға бекіту міндетін тиімді шешуге және сол арқылы олар
күтіміндегі жауапсыздықты жоюға мүмкіндік береді.
ДАЖПАРК жүйесі теміржол көлігінің кызметтерін пайда-
ланушыларға фирмалық көліктік қызмет көрсету үшін ақпараттық-
техникалық қамтамасыздық үсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет