Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


-сурет. Трансказақстандық теміржол магистралі 111



бет26/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

3.2-сурет. Трансказақстандық теміржол магистралі
111


1950 жылға қарай Мойынты-Шу (440 км) учаскесі салынды.


Сонымен, Транссібір магистралі Түркістан-Сібір магистралімен
бірігіп, күллі Қазақстан аумағы бойынша өткен алғашқы мериди-
ан жолы пайда болды - Трансқазақстандық теміржол магистралі
(Петропавловск-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу).
1950 жылдары Қазақстанның солтүстік және орталық аймақ-
тарында темір жол кұрылысы карқынды жүріп жатты. 1955-1961
жылдары Есіл-Арқалық (224 км) жолы төселді, 1959 жылға ка-
рай - Қостанай-Тобол, 1960 жылға қарай - Тобол-Жетіқара. 1950
жылдары Қазақстанның теміржол желісінің тығыздығы екі ece
артты.
1960 жылдары Макат-Маңғышлак және Маңғышлак-Узень
(жалпы үзындығы 900 км-ге жуық) учаскелері төселді.
1964 жылы Қазақстанда алғашкы жол учаскесі электрленді
(Целиноград-Қарағанды). Осыдан кейін қазакстандық теміржол-
дарды белсенді электрлендіру басталды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның жекелеген
аймақтары арасындағы қатынас көршілес мемлекеттердің шека-
раларын кесіп өту қажеттілігіне байланысты қиындады. Мұндай
қиындықтарды болдырмас үшін Қазақстанда толығымен респу-
блика аумағы бойынша төселген үш жол учаскелері төселді:

  • Олардың алғашқысы 2001 жылдың маусымында Ақсу бекетін
    (Павлодар облысындағы қала) Конечная (Дегелен) бекетімен бай-
    ланыстырды. «Аксу-Конечная» желісінің 184 километрі 2,5 жыл-
    да салынды. Бұл желі Қазакстанның Солтүстігін Шығыспен бай-
    ланыстырды.

  • Олардың екіншісі Қазақстанның Солтүстігін оның Батысы-
    мен байланыстырды. Хромтау-Алтынсарин (Қостанай облысы)
    учаскесінің құрылысы 2003 жылдың 18 қазанында аяқталды.
    Магистраль жолдарының үзындығы 402,5 км құрайды, станция
    жолдарының үзындығы - 40,22 км. Мұнда 13 станция және разъ-
    ездтер, 11 көпір, 151 cy өткізу құбырлары орналастырылған.

  • Үшіншісі Өскеменді Шар (Түрксіб) бекетімен байланыс-
    тырды, бұл Ресей шекарасын екі рет кесіп өту қажеттілігін жой-
    ды. Бұрын Шығыс Қазақстан елдің басқа аймақтарымен тек кана
    Ресейдің Локоть бекеті арқылы теміржолмен қатынайтын, яғни
    құрамдар Защита (Өскемен)-Локоть-Семей бағдары бойынша
    өтетін. Құрылысқа 60-тан астам мердігерлік ұйымдар тарты-
    лып, бас теміржол төсемі және 14 км-ден астам бекеттік жолдар
    төселді. Көпір салушылар барлығы 13 көпір, 4 жолқүбырларын, 5
    мал өткелдерін салып, 95-тен астам cy өткізу кұбырларын төседі.
    2008 жылдың 9 казанында «Шар бекеті - Өскемен» теміржол
    желісінің құрылысы аяқталды.

3.1.2 Жалпы ережелер
«Тасымалдау үрдісін нормалау» түсінігі нормалаудың екі
түрін біріктіреді: технологиялық және техникалық. Техноло-
гиялық нормалау дегеніміз бекеттерді, учаскелерді, бөлімше-
лерді, темір жолдар мен жалпы желіні пайдалану жұмысын
ұйымдастыру үшін қажетті ұзақ және орта мерзімді әрекет ететін
технологиялык құжаттарды жасау болып табылады. Бұл рет-
те тасымалдау үрдісінің прогрессивті технологиясы тасымал-
дарды минималды шығындармен орындауды қамтамасыз етеді.
Бұған вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесі мен жөнелту және
техникалық маршруттау, және барлық категориялы пойыздар
қозғалысының кестесін жасауды косқанда, пойыздарды қа-
лыптастыру жоспарының есебі кіреді, Кейде «тасымалдау үрдісін
технологиялык нормалау» ішкі жүйесіне үшінші күраушы да
жатқызылады: темір жолдардың өткізу қабілетін дамыту және
пайдалану.
Вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесін жасау үрдісінде
келесі міндеттер шешіледі:

  • есептік вагон ағындарын анықтау;

  • айналмалылыкты ескере отырып. вагон ағындарының жүру
    маршруттарын аныктау;

  • тиеу орындарынан жүктер тасымалдарын маршруттауды
    есептеу (жөнелту және сатылы маршруттау, күнтізбелік жоспар-
    лау негізінде маршруттау және т.б.);

  • техникалық бекеттерде жүк пойыздарын құрастыру жоспа-
    рының есептері (техникалық маршруттау), оның көрсеткіштерін
    аныктау;

  • пойыздарды жоларалық және жолішілік қалыптастыру жо-
    спарлары кітаптарын кұрастыру, рәсімдеу, оларды жұмысшы-
    ларға жеткізу және бірқатар басқа міндеттер.

Пойыздар қозғалысы кестелерін (ПҚК) автоматты түрде жа-
cay кезінде келесі міндеттер шешіледі:

  • барлық категориялы пойыздар қозғалыстарының көлем-
    дерін анықтау;

  • ПҚК автоматты түрде жасауға арналған бастапқы деректерді
    дайындау;

  • барлық категориялы алыс жолаушылар пойыздарының
    қатынау сұлбаларын күрастыру және олардың қозғалысының
    қысқартылған кестелерін жасау;

  • әрбір темір жолы бөлігі бойынша, ал содан кейін жүк пойыз-
    дарының ПҚК есептеулері, олардың көрсеткіштерін анықтау;

  • локомотив айналымы кестелерін жасау (біруақытта ПҚК
    жасай отырып), локомотивтер мен локомотив бригадаларына де-
    ген қажеттілікті анықтау;

  • ПҚК және оларға түсініктеме хатты (әрбір темір жол бой-
    ынша) құрастыру және рәсімдеу.

Тасымалдау үрдісін техникалық нормалауға тасымалдау құ-
ралдарын тиімді пайдалану кезінде жалпы желі, темір жолдар,
бөлімшелер мен бекеттер бойынша пайдалану жұмысының айлық
техникалық нормаларын жасау және талдау кіреді.
Техникалық нормалар тасымалдардың айлық жоспары, жос-
парланып отырған айдың басында желіде қалыптасқан жағдай,
өткен жылдың осы айындағы нормалардың орындалуы туралы
статистикалық деректер негізінде және жоспарланып отырған
айдың алдыңғы айынан 20 тәулік бұрын жасалады. Жоларалық
хат-хабарлар көлемдері және олардың негізінде әрбір жол үшін
тиеу және түсіру, жүк артылған және бос вагондарды қабылдау
және тапсыру нормалары есептеледі.
Алынған «жұмыс» және «вагон айналымы» мәндері негі-
зінде жолдардың вагон паркіне деген қажеттілігі есептеледі. Қол-
даныстағы вагондар паркінде қажеттілік резервті ескере отырып,
пропорционалды жолдар арасында үлестіріледі. Осыдан кейін
әрбір жолдың жұмыс көрсеткіштерінің сандық және сапалық
көрсеткіштерінің нормалары есептеледі. Темір жол деңгейінде
вагон паркі жұмыының нормалары вагон жағдайы мен қатынау
түріне (жүк тиелген, бос, жергілікті, транзитті), вагон айналымы
элементтеріне (қозғалыста, жүк операцияларында, техникалық
бекеттерде), вагондар түріне байланысты нақтыланады.
Темір жол басқармалары жолға арналған техникалық норма-
ларды ескере отырып тапсырмалар негізінде бөлімшелер (бө-
лінген бекеттер мен диспетчерлік учаскелер) үшін техникалық
нормаларды есептейді.

  1. Вагон ағындарын үйымдастырудың
    автоматтандырылған ақпараттық технологиялары


Вагон ағындарын ұйымдастыру үрдісі жүк ағындарын ұйым-
дастыру үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан,
автоматтандыру нысаны жүк ағындарын вагондармен тасымал-
дау үрдісіне бірнеше көлік түрлерінің қатысатындығын ескере от-
ырып, темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау үрдісі болып
табылуы заңды деп есептеген жөн.
Аталмыш үрдіске көптеген технологиялық операциялар кі-
реді - тасымалға өтініш беру және қызметтерді көрсетуден бастап
тасымалданған жүктерді жүкті алушыларға тапсыруға дейін.
Операциялардың кешені негізгі үш топтарды құрайды:

  • жүктің вагонға тиелуіне дейінгі технологиялық операциялар;

  • вагондағы жүкті түсіру пунктіне дейін жеткізу немесе басқа жылжымалы құрамға (көлік түрі) қайта тиеу үрдісіндегі тех-
    нологиялық үрдістер;

  • жүк түсірілгеннен кейінгі немесе басқа көлік түріне қайта
    тиелгеннен кейінгі технологиялық операциялар.

Eгер тек қана екінші күраушыны алсақ, онда вагон ағындарын
ұйымдастыру міндетін жүк тиелген вагондардың жүкті түсіру
немесе тағайындалған орындарына оңтайлы орын ауыстыруы
ретінде тұжырымдауға болады. Бірақ тиеуді қамтамасыз ету
үшін қажетті бос жылжымалы құрамды таңдауды жүзеге асы-
рып, таңдалған жылжымалы құрамның тиеу орындарына тасы-
малдануын ұйымдастыру қажет. Сондықтан вагон ағындарын
ұйымдастыру міндетін жүк тиелген, сонымен қатар бос вагон-
дарды жүкті түсіру және тиеу орындарына алып баруды ескере
отырып кешенді түрде қарастыру қажет.
«Теміржол көлігін ақпараттандыру концепциясын» жасау ке-
зінде тасымалдау үрдісін басқару мәселесі теміржол көлігінің
бірінші кезекті глобальды қызметтерінің бірі ретінде анықталған.
Тасымалдарды ұйымдастыру бойынша технологиялар кешенінде келесі басқару нысандары белгіленген:

  • тасымалдауға қабылданған жүктер (жүктер жөнелтілімі);

  • тасымалдаушы иелігіндегі вагондар мен контейнерлер;

  • барлық категориялы пойыздар;

  • пайдаланылып отырған парктің локомотивтері;

  • локомотив бригадалары.

Басқару нысандарына, сонымен қатар, жүктерді тасымалдауға
қажетті операцияларды орындауға қатысатын темір жолдардың
барлық аумақтық бірліктері жатады:

  • тиеу бекеттері, кіреберіс жолдар, тиеу-түсіру жұмыстарының
    механизацияланған қашықтықтары, жүк алаңдары, контейнерлік
    және жүктерді сұрыптау платформалары және т.б.;

  • жүк, порт маңындағы және шекаралық бекеттер;

  • вагон ағындарын қайта өңдеу бекеттері;

  • локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысымдары;

  • техникалық бекеттер;

  • диспетчерлік учаскелер;

  • вагондарды техникалық және коммерциялық тексеру орын-
    дары;

  • негізгі және айналмалы локомотив деполары.

Вагон ағындарын ұйымдастырудың автоматтандырылған тех-
нологиясы жалпы желілік және жалпы жолдық сипатқа ие және
өтпелі ақпараттық технологиялар кешендерінің бірі болып табы-
лады.
Вагон ағындарын пойыздарға ұйымдастыру - теміржол көлі-
гін пайдалану жұмысының негізгі және күрделі технологиялық
міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе вагон паркінің әр-
түрлі қожайындары бар қазіргі заманда.
Вагон ағындарын ұйымдастыру ЭЕМ-ды теміржол көлігіне
енгізуді бастаған алғашқы салалардың бірі болды.
ЭЕМ-да құрастыру жоспарын есептеудің алғашқы талпыны-
стары 1961ж. орындалған. Аталмыш міндетті шешу кезіндегі
негізгі кемшіліктер: бастапқы деректерді кодтау қиындығы, есеп-
теу полигонының 24 бекетпен шектелуі және ЭЕМ-да тікелей
есептеудің үлкен ұзақтығы.
ПҚЖ бағалаудың негізгі критерийі ретінде вагон ағындарын
ұйымдастыру шығындары қабылданған, ол вагондарды жина-
стыру және оларды қайта өңдеусіз жіберуге келтірілген вагон-
сағаттармен есептеледі.
1969 ж. профессор С.В.Дувалян ПҚЖ-ның бірізді есептеулері
үшін алгоритм жасады, ол жалпылық теориясын, графтар және
ЭЕМ теориясын пайдалана отырып орындалатын құрастыру жо-
спарын есептеу әдістері теориясының дамуына маңызды әсерін
тигізді. Учаскеде жұмысты ұйымдастыру тәсілдері келесілер бой-
ынша бағаланды: вагон, локомотив және бригада сағаттарының
шығыны, учаскенің өткізу қабілетінің пайдаланылу дәрежесі,
пайдалану шығындары.
1990 жылдардың басынан бастап темір жолдар мен жүк жі-
берушілер арасындағы нарықтық қарым-қатынастардың дамуы,
көліктің алуан түрлерінің жүк тасымалындағы бәсекелестігінің
күшеюі, өндірістің құлдырауы және бірқатар басқа да себептер ва-
гон ағындарын ұйымдастыру міндетіне экономикалық тұрғыдан
қарауға, ал ПҚЖ-ны қолданыстағы автоматтандырылған ақпарат-
тық жүйелер негізінде жүргізуге мәжбүрледі.
Профессор В.И.Ковалев келтірілген вагон-сағаттарды үнемдеу
нормативтері орнына вагондардың тұрып қалуымен және манерв
жұмысымен байланысты меншікті (өзіндік күрастыру пойызда-
рында жіберілетін бір вагонға келетін) пайдалану шығындарын
пайдалануды үсынды. Бұл шығындар пойыздарды орналастыру
мен құрастырудың технологиялық желілеріндегі локомотивтер
санының оңтайландырылуын ескере отырып анықталады, ал
міндетті шешу негізі - пойыздарды күрастырудың жолішілік жо-
спарын есептеудің типтік әдістемесі және бағдарламалық кешен.
Профессор А.Т.Осьминин осы саладағы басқару шешімдерін
бағалау үшін қаржылық шығынсыздық талдауын қолдануды
ұсынды және вагон ағындарын үйымдастыру нұсқалары кейбір
критерийлердің жиынтығымен жан-жақты бағаланады деп бол-
жады: вагон-километрлер, вагон-сағаттар, локомотивтердің қа-
жетті саны, энергошығындар.
Ол жасаған теория көп критериялы оңтайландыру әдісі не-
гізінде вагон ағындарының оңтайлы ұйымдастырылуын таңдау
міндетіне жалпы тәсілді қарастырады. Оған бірнеше кезеңдер
кіреді:

  • жүк тиелген және бос вагон ағындарын анықтау;

  • вагон ағындарын ұйымдастырудың модельдерін жасау және
    нұсқаларын құрастыру;

  • осы нұсқаларды жан-жақты сипаттайтын және бағалық кри-
    терийге келтірілуі қиындық туғызатын критерийлерді анықтау;

  • жасалған аналитикалық модельді пайдалана отырып, бар-
    лық ықтимал нұсқалар үшін критерийлерді есептеу және оң-
    тайландыру матрицасын кұрастыру;

  • белгілі бір критерийлерді таңдау жағдайында ЭЕМ-мен жұ-
    мыс жасаудың интерактивті режимінде вагон ағындарын ұйым-
    дастыру бойынша үнемді шешімдерді (Парето бойынша) таңдау;

  • қаржылық шығынсыздықты талдау негізінде вагон ағын-
    дарын ұйымдастыру нұсқасын нақты таңдау.

Қазіргі уақытта вагон ағындарын ұйымдастырудың автомат-
тандырылған жүйесі (В¥АЖ) - бұл нақты бағдарламалық қам-
тамасыздық немесе АЖ емес, ұғым.
В¥АЖ-ін пойыздарды құрастырудың нормативті жоспарын
жасау жүйесі мен жедел басқарудың динамикалық жүйелерін
біріктіруді қарастыратын вагон ағындарын ұйымдастыру және
басқарудың ақпараттық технологияларының кешені деп атауға
болады.
Тасымалдарды басқарудың жаңа жағдайларында В¥АЖ-ін
дамыту келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

  • пойыздарды құрастырудың нормативті жоспарын жасау
    жүйесі мен оперативті басқарудың динамикалық жүйелерін бі-
    ріктіру;

  • вагон ағындарын ұйымдастыру, қайта өңдеу және орында-
    рын ауыстырудың еңбек шығындары мен энергошығындарын
    төмендету кезінде вагон ағындарын жүргізу бойынша шешім-
    дердің негізділігін арттыру;

  • қазіргі ақпараттық орта мен бағдарламалық құралдардың
    мүмкіндіктерін ескере отырып, жолдар желісінде пойыздарды
    құрастыру жоспарының орындалуын үздіксіз жедел бақылау
    жүйесіне ауысу.

Сүрыптау бекетіның компьютерлік төлқұжатына келесілер
кіреді:

  • бекеттерді сипаттайтын деректер базаларын жүргізу кұ-
    ралдары;

  • пойыздарды құрастыру жоспарларын оны жасау және түзе-
    ту кезінде бекеттер бойынша нұскаларды бағалау үшін норма-
    тивтерді есептеу бағдарламалары;

  • вагон ағындарын ұйымдастырудың қолданбалы міндетте-
    рін шешуге арналған бағалау сипаттамаларының қорытынды
    жиынтығы: вагон ағындарын бағыттау тәртібі мен пойыздар-
    ды құрастыру жоспары, жөнелту маршруттауының жоспар
    есептеулері; жүктерді жеткізудің нормативті мерзімдерінің
    есептеулері; сұрыптау бекеттері қуатының шығарылуын негіз-
    деу (жүк операцияларын орындау бекеттеріндағы ықтимал шы-
    ғындарды ескере отырып).

  1. Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеудің
    автоматтандырылған жүйесі


Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеудің автоматтан-
дырылған жүйесі көп критериялы бағалау негізінде олардың
ішінен ең жақсысын таңдау арқылы пойыздарды құрастыру жос-
парының (ПҚЖ) әртүрлі нұсқаларын автоматты түрде құрастыру
және есептеу үшін арналған.
Есептеулер басқа автоматтандырылған жүйелерден келіп тү-
сетін қайта өңделген жергілікті және транзитті вагон ағындары
туралы деректер негізінде орындалады.
ПҚЖЕ АЖ тасымалдарды басқару департаментінің басқа-
рушы қызметкерлері мен инженерлері (жүйенің желілік дең-
гейі) және темір жол басқармаларының тасымалдау қызметтері
(жүйенің жолдық деңгейі) үшін жасалған.
ПҚЖЕ АЖ келесілерді қарастырады:

  • жолдар желісінде қолданылатын бағдарламалық кешендер
    ішінен вагон ағындарының көлемдері мен бағыттары туралы қа-
    жетті ақпаратты таңдау;

  • пайдаланушы таңдайтын белгілі уақыт кезеңіндегі хабарла-
    натын вагон ағындарын қайта өңдеу, сақтау және көрнекі ұсыну;

-пойыздарды құрастыру жоспарының әртүрлі нұсқаларын ав-
томатты түрде құрастыру;
-әрбір нұсқа бойынша пойыздарды құрастыру жоспарын ба-
ғалаудың әртүрлі критерийлерінің мәндерін есептеу;
-салалық әдістеме негізінде көп критериялы міндеттерді
шешу және техникалық ғылымдар докторы А.Т.Осьмин жасаған
теориялык ережелер негізінде вагон ағындарын үйымдастыру
нұсқаларының үнемдісін Парето бойынша іздеу жолымен пойыз-
дарды құрастырудың үнемді жоспарын таңдауды жүзеге асыру.
Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеудің автоматтанды-
рылған жүйесі «клиент-сервер» технологиясын пайдалану ap-
қылы жасалған.
ПҚЖЕ АЖ-не арналған кіріс ақпараттар келесілер:
-жолдың жөнелту моделі (жол деңгейінде) мен акпараттық
коймадан таңдалынатын (желі деңгейінде) темір жол бекеттеріне
келген және жөнелтілген вагондар туралы ақпарат;
- жол деңгейінде - сол кезеңде жиналған, түйіспе пункттері
бойынша келетін пойыздар туралы, транзиттіктер туралы дерск-
тер таңдалынатын темір жолда вагон ағындары қайта өңделетін
ТБАЖ бағдарламалық кешенінде кұрастырылатын мәтіндік 1042
хабарлар.
Деректер корын басқару жүйесі ретінде DB2 ДҚБЖ пайда-
ланылады. 3.3 - суретте жол және желі деңгейлеріндегі жүйенің
ақпараттык ағындарының сүлбасы келтірілген.
Kipic деректерді өңдеу режимі (қажетті ақпаратты іріктеу
және деректер базасының кестелерін құрастыру) жол деңгейінде
тәулігіне 1 рет және желі деңгейінде айына 1 рет іске қосылады.
Жүйенің клиенттік бөлігіне жүйе экранында есептік полигон-
ды (жолдар немесе жолдар желісі) жасау және көрсетуге арналған
графикалық редактор кіреді.
Графикалық сүлбаның (учаскелер шекаралары) тірек бекеттері
пойыздарды құрастыру бекеттері, түйіспе пункттер, сонымен
қатар, желі учаскелерінің топологиясын (әртүрлі тарамдар) дұрыс
көрсету үшін қажетті бекеттер болып табылады. Жүйе пайдала-
нушысы өзінің қалауы бойынша тірек бекеттерді қосып немесе
алып тастай алады.
Графикалық редактор картаның және барлық көрсетілетін
нысандардың түстік баптауларын өзгертуге, масштабты өзгертуге және т.б. мүмкіндіктер береді. Графикалық сұлба барлық бағыт-
тарда экран бойынша оңай жылжытылады, сондықтан пайда-
ланушыньщ жол сұлбасының фрагменттерін көру мүмкіндігі бар,
олар басында экраннан тыс қалады.



3.3-сурет. Жол және желі деңгейлеріндің ПҚЖЕ АЖ-гі


ақнараттык ағындар сұлбасы

Kipic деректер өңдеуден кейін (қажетті деректер таңдалынып


және жөнелту мен тағайындалған бірдей бекеттер үшін вагондар
санын косындылау) колданыстағы ПҚЖ-да анықталған жүру
маршруттарына тіркеледі. Вагон ағындарын учаскелер бойын-
ша үлестіруге есептеу орындалады, бұл полигонның графикалық
сұлбасында вагон ағындарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Вагон ағындарын үлестіру полигон сұлбасында желінің ca-
лыстырмалы ені бойынша вагон ағынының шамасы мен жол-
дың белгілі бір бағыттарының жүктелуіне баға беретіндей етіп
графикалық түрде ұсынылады.
Кезекпен вагон ағындарының әртүрлі түрлерін көруге бола-
ды - жергілікті, қайта өңделетін транзитті, қайта өңделмейтін
транзитті, маршруттық, косынды. «Тышканның» батырмасын
шерткен уақытта учаскеде жолдың аталмыш учаскесіндегі вагон
ағындары туралы анықтама көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда АЖ ПҚЖ-ын есептеуге дайындаудың
алдынғы кезеңінде вагон агындарының жүру маршруттарындағы
ауыткуларды көрсетуге болады, бұл ретте вагон ағындарын уча-
скелер бойынша үлестіру суреті өзгереді, Бұл ПҚЖ нұсқаларын
құрастыруға және оларды есептеуге әсер етеді.
Жеке режиммен пойыздарды құрастыру жоспарының нұсқа-
ларын құрастыру іске қосылады. Нұсқалар саны пайдаланушы
көрсететін белгілеулерге тәуелді.
Алынған ПҚЖ нұсқалары кұрастыру бекеттеріне арналған
тағайындаулар тізімі болып табылады, оны полигонның графи-
калық сұлбасында кұрастыру бекетін таңдай отырып көруге бо-
лады. Топтық пойыздар үшін топтар тағайындалуының тізімін
көруге болады.
Бағалау критерийлері ретінде натуралды көрсеткіштер таңда-
лынған: ПҚЖ жүзеге асыруға арналған пойыз локомотивтерінің
қажетті саны; салмақтық коэффициенттер қойылатын және сома-
сы бірге тең келетін вагон-сағаттар мен вагон-километрлер. АЖ
басқа да критерийлерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Әрбір нұсқа үшін таңдалынған критерийлер мәні есептеледі
және критерийлер кестесіне енгізіледі. Содан кейін көп кри-
терийлі талдау негізінде пойыздарды құрастыру жоспарының
нұскаларын бағалау орындалады.
Үнемді нұсқаларды таңдау Паретоның - оңтайландыруы
негізінде жүзеге асырылады. Үнемді нұсқалар нұскалар тізімінде
фонмен боялады.
ПҚЖЕ АЖ пайдаланушыларға алынған ПҚЖ нұскаларын
қолданыстағы ПКЖ-мен салыстыра талдай отырып, пойыздар-
ды құрастыру жоспарын түзету бойынша шешім кабылдауға
мүмкіндік береді.

  1. Пойыздардың қозғалыс кестелерін жасаудын
    автоматтандырылған технологиялары


Біздің елде темір жолдарда пойыздар қозғалысының кес-
телерін (ПҚК) автоматты түрде құрастырумен қырық жылдан
астам көптеген ұйымдар айналысқан. Осы міндетті шешуге
ең ipi үлес қосқандар ВНИИЖТ, МИИТ, ХабИИЖТ, ГВЦ МПС
ұжымдары. Алғашқы рет практикалық мақсаттар үшін ЭЕМ-да
құрастырылған жүк пойыздары қозғалысының кестелері авто-
блоктаумен жабдықталған Оңтүстік-Батыс жолдың учаскелерінде
пайдаланылды. ЭЕМ-да жасалған кестелерде пойыздар қозғалысы
көлемдерінің артуы 2-6 % құрады, учаскелік жылдамдык - 1-3 %,
көршілес жолдармен жүк пойыздарымен алмасу инженер-гра-
фистер жасаған кестелермен салыстырғанда - 3-10 % құрады.
ПҚК-ін есептеуге арналған ақпарат тақ және жұп бағыттар
үшін жеке жасалған макеттер бойынша дайындалған.
ПҚК-сі ЭЕМ-да учаскелер мен бекеттер бойынша жүріс
желілерін салу кезіндегі барлық технологиялық талаптарды, co-
нымен қатар, сөзсіз қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді
ескере отырып есептелген. Алгоритм интервалы 1 мин жүк по-
йыздарынын барлық ықтимал мәндерін есептеуді және есептел-
ген максималды мәндер жиынтығынан ең тиімдісін, козғалыс-
тың анықталған көлемдеріне ПҚК нұсқасын таңдауды қарас-
тырды.
Таңдалып отырған нұсқаның негізгі критерийлері келесілер:
максималды учаскелік жылдамдық, тәуліктер кезеңдері бойынша
қозғалыстын біркелкілігі, пойыздар техникалық бекеттерде бос
тұрған жағдайда минималды уакыт шығындары және т.б.
Есептеулер нәтижесінде пойыздардың әртүрлі категория-
лары үшін пойыз-учаскелері мен бекеттер бойынша жолау-
шылар және жүк пойыздарының кестелері басуға жіберілген
(қозғалыс бағыттары бойынша бөлу немесе бөлусіз). Магниттік
лентаға түпнұсқа мен кесте калькаларын сызуға арналған кесте
құрастырғышты басқару кодтары жазылады.
Кестенің бір парағын сызу уақыты қозғалыстың жалпы өл-
шемдеріне тәуелді 3-5 c кұрайды.
ПҚК сызуды автоматтандыру инженер-графистердің еңбек
шығындарын қысқартуға, қолмен калькалауды қолданбауға, co-
нымен қатар, кестелерді жасау мерзімдерін қысқартуға мүм-
кіндік берді.
Экономикалық бағалау бойынша, XX ғ. 70 жылдарында
машиналық кестені енгізу тиімділігі тек қана Оңтүстік-Батыс
жолда өткізу қабілетін жақсы пайдалану, нақты жүзеге асырыла-
тын жылдамдықты арттыру, пойыздардың жөнелтуді күтуін қыс-
қарту есебінен шамамен жылына 200 мың рубльді кұрады.
Кейін MEO және Оңтүстік-Батыс темір жолының AEO
екі жолды ПҚК-нің жаппай машиналық есеитеулері игерілді
және бір жолды кестелер есептеулері басталды; графисттің ав-
томаттандырылған жұмыс орны жасалды және іске қосылды,
оның көмегімен диалог режимінде кесте тұрғызушының кө-
мегімен стандартты парақтарда кестені есептеу, түзету және сызу
бойынша ЭЕМ тапсырмаларын беруге болады.
Бағдарламаларды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, кес-
те жасау үрдісін толық автоматтандыруға қол жеткізу мүмкін
емес. Бұл тапсырмалардың өте жоғары нұсқалылығымен катар,
инженер-графистер жұмыс үрдісінде пайдаланатын бірқатар
бейресми амалдардың болуымен байланысты. Е[этижесінде жа-
саушылар сызу және тираждау үшін машиналық мүрағатқа өз-
гертулер енгізе отырып, кестені қолмен жетілдіру жолымен жү-
руге мәжбүр болды.
Кейінгі жылдары MEO қазіргі компьютерлік техника мен
графикалық құрылғылар негізінде бірқатар жаңа технология-
лар жасады - елдің темір жол желісінде қозғалыс кестелерін
құрастырудың орталықтандырылған жүйесі (ПҚК ОЖ). ПҚК
автоматтандырылған есептеулерінің бөлімдері темір жолдармен
тығыз әрекет ете отырып келесілерді қамтамасыз етеді:

  • бөлінген полигондар шегінде ПҚК жасау үшін қажетті
    нормативті деректер базасын жүргізу;

  • жолдардан алынатын бастапқы акпараттын форматты
    мен логикалық бақылауы және оны аймақтық деректер қорына
    жүктеу;

  • учаскелер бойынша ПҚК есептеу, шығыс ақпаратты дайын-
    дау және рәсімдеу.

ПҚК АЖ аймақтық бөлімдері қажетті ақпаратпен алмасып,
оны MEO бөліміне жіберуі тиіс.
MEO бөлімі, сонымен қоса, деректердің желілік қорын жүр-
гізіп, ПҚК автоматтандырылған есептеу технологияларын жетіл-
діру бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс өткізіп отыруы тиіс.
ПҚК АЖ жүйесінің барлық бөлімдері жолдар өтінімдері бой-
ынша жылдың кез-келген кезеңінде кестелерді түзетуді орындауға
міндетті.
ПҚК автоматты түрде құрастыру үшін МЕО-да MS DOS 3.3
немесе басқа операциялық жүйенің басқаруымен қызмет ететін
IBM PC/AT (және онымен үйлесетін) гипті дербес ЭЕМ арналған
бағдарламалар кешені жасалған (дербес компьютерде графистінің
АЖО жасау).
Ерафист АЖО бағдарламалар кешені келесі қызметтерді
орындауға мүмкіндік береді:

  • ПҚК жасауға бастапқы акпаратты талдау және түзету;

  • қозғалыстың анықталған өлшемдеріне екі жолды және көп
    жолды учаскелер үшін ПҚК есептеулерін жүргізу;

  • ағынды орналастыру режимінде кестені жасау мен түзетуді
    жүзеге асыру;

  • анықталған формалы кестелер парақтарын, диспетчерлік
    парақтар, калькаларды құрастыру, түзету және сызу;

  • кесте көрсеткіштерін есептеу;

  • шығыс кұжаттарды құрастыру және басу және еркін учаске-
    лер бойынша көрсеткіштерді есептеу.

ПҚК жасауға арналған бастапқы ақпарат пойыз-ағындарының
техникалық жағдайын, құрылымын сипаттайтын форма-ведом-
стволар жиынтығынан және сәйкестендіру үшін кодтар берілетін
учаскелер бойынша пойыздарды орналастыруға қойылатын та-
лаптардан тұрады. Учаскелер бойынша ақпарат жиынтығы ПҚК
деректер қорын құрастырады.
Графисттің АЖО деректер қорымен жұмыс жасай отырып,
технологтың келесідей мүмкіндіктері болады:

  • ақпаратты енгізу, қарау, түзету, жою;

  • учаскелерді түрлендіруді жүзеге асыру: бірнеше учаскелерді
    тұтас біріктіру, бір учаскені бірнешеге бөлу, жеке пунктіні енгізу
    немесе жою;

  • ведомстволар түрінде бастапқы ақпарат формаларын басу;

  • учаскелер бойынша ақпарат алу, ақпаратты көшіру, сұрыптау.
    ПКК есептеу екі жолды, сонымен катар, бір жолды желілерде

де орындалады. 3.4 суретте бір жолды аралық бойынша пойыз-
дарды өткізудің төрт принципті сұлбалары ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет