Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 126
кездесетін кӛптеген мәселелерді шешудің әмбебап құралына айналдырады. Сондықтан
математиканы ғылым патшайымы деп атайды
Зерттеу әдіснамасы. Экономикалық бағыттағы әртүрлі есептер бүгінгі күні мектептің бастауыш
сыныптарынан бастап жоғары сыныптарына дейін кездеседі, сонымен бірге Ұлттық
біріңғай тестілеуде. Математикалық сауаттылық есептерінде тиімділік, ӛнімділік
турасындағы түрлі есептер бар. Мұндай есептерді шығаруға дайын болу үшін біз екі пән
арасындағы байланысты күшейтіп экономикалық есептерді математикалық жолдармен
немесе формулалармен шығаруды және оның әдістерін үйренгеніміз жӛн.
Тиімді басқару әдістеріне қатысты есептердің негізгі кластарын атап ӛтейік:
–
қорларды басқару тапсырмалары;
–
ресурстарды бӛлу тапсырмалары;
–
транспорттық тапсырмалар;
–
жаппай қызмет кӛрсету тапсырмалары;
–
жабдықты ауыстыру тапсырмалары;
–
тиімді жолын табу тапсырмалары;
–
шешімді нақты анықтайтын ақпаратты алудың ең жақсы әдісін табу
тапсырмалары;
–
оңтайландырудың кӛп ӛлшемді тапсырмалары
Бұл тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешімдер қабылдау үшін келесі әдістерді
қолдануға болады:
–
математикалық бағдарламалау (сызықтық, сызықтық емес, динамикалық);
–
жоспарлау мен басқарудың теориялық және графикалық әдістері;
–
кӛп мақсатты жүйелерді модельдеу әдістері;
–
кездейсоқ процестерді модельдеу әдістері.
Оларды шығаруда белгілі бір тапсырманы орындаудың кӛптеген жолдары болған
кезде әдістерін қолдану, барлық рұқсат етілген жоспарлардың ішінен ең тиімдісін таңдау
міндеті қойылады. Бірнеше оңтайлы шешімдер болуы мүмкін, сондықтан құрылған
математикалық әдісте кӛрсетілген ойларға сүйене отырып біреуін таңдау қажет.
Сурет 1. Транспорттық есептерді MatLAB бағдарламасында шешу
Тиімді басқару есептерін Зайцев М.Г. ӛзінің ―Басқару мен шешім қабылдауды
оңтайландыру әдістері‖ деген оқу құралында MS Excel компьютерлік бағдарламасын
қолдану арқылы тиімді басқару есептерін шығаруды кӛрсеткен. Тиімді басқару есептерін